Дыбыстың сипаттамалары. Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буынжалаң ашықбуын деп аталады

Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буынжалаң ашықбуын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.

Тұйық буын дауысты дыбыстанбасталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.

Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқааяқталған, яғни ортасы дауысты дыбысекі шеті дауыссыз дыбысболып келген буынбітеу буын деп аталады. Мысалы, Бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.

Буын
Сөздегі бір дауысты немесе дауысты мен дауыссыз дыбыстар дауыс толқынымен бөлшектеніп, топталып айтылады. Мысалы, бала, әке, жақсылык, сияқты сөздер ба-ла, ә-ке, жақ-сы-лық болып, дауыс толқыны бөлшектеніп айтыла алады. Міне, осындай сөздегі фонациялық (дыбыс жасайтын) ауаның қарқынымен үзіліп, бөлшектеніп шығатын бір дауысты немесе бірнеше дыбыс тобы буын деп аталады.
Қазақ тілінде тек дауысты дыбыс буын құрай алады, ал дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды, тек дауысты дыбыстармен тіөзбектеліп келгенде ғана буын құралады. Сондықтан сөздің құрамында неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, көк, жер, ал, ел, от деген сөздерде бір ғана дауысты бар, олар бір ғана буын құрайды: жа-са, о-рын, қы-зыл, деген сөздер екі дауыстыдан тұрады, олар екі буыннан құралган; жол-дас-тық, ба-зар-лық, бас-қар-ма деген сөздер үш дауыстыдан тұрады, бұлар — үш буынды сөздер т. б.
Қазақ тіліндегі сөздер бір буынды, екі буынды және көп буынды бола береді. Әдетте түбір сөз бір буынды, екі буынды болады да, көп буыңды сөздер туынды түбір не сөз формалары болып келеді.
Буын құрайтын дауысты дыбыс болғандықтан, буын ішіңде дауысты және дауыссыз дыбыстардың орнына байланысты қазақ тілінде буынның үш түрі көрсетіліп жүр: 1) ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын.
1. Ашық буын бір ғана дауысты дыбыстан тұрады немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауыстыға бітеді. Мысалы, а, ға, а, ба, ла, ке, ле деген буындар ашық буын болып табылады.
2. Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: от, ар-ба, өрт, ант, ас—тық деген сөздердегі от, ар, өрт, ант, ас тәрізді буындар тұйық буын болып табылады.
3. Бітеу буын дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді. Бітеу буында кем дегенде үш дыбыс болады: дауыссыз+дауысты+дауыссыз. Кейде ортасында бір дауысты басында я соңында екі дауыссыз болады:
Мысалы, қант, мек-теп, жас-тық, сүрт, көз, тақ-тай т. б.

Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі.

Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет атқарады. Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. Грамматикалық категорияны анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны бірінші қатарға шығару кең тараған. Шынында, грамматикалық категорияның ен басты белгісі мағынасы мен тұлғасының бірлігі болып табылады. Одан грамматикалық категорияның екі жақты сипаты көрінеді.[1]

Грамматикалық категория морфологиялық және синтаксистік болып бөлінеді. Морфологиялық категорияларға етіс, түр, шақ, жақ, рай, септік т. б. жатады. Бұл категориялардың жүйелі түрлері сөздердін ірі грамматикалық топтарын (сөз таптарын) жасайды. Тілдерде грамматикалық категориялардың саны бірдей емес. Мысалы, қазақ тілінде орыс тіліндегідей вид, род категориялары жоқ.

Синтаксистік категориялар тұлғалардың сөз тіркесі мен сөйлем құрамында тіркесу қабілетіне қарай жіктеледі. Грамматикалық категория ұғымы негізінен морфологиялық материал негізінде қалыптасқан да, ал синтаксистік материал негізінде жетімсіз талданған, Грамматикалық категория ұғымының синтаксиске қатысты қолдану шегі әлі айқын емес деген пікір бар. Грамматикалық категория ұғымына байланысты әлем тілдері бір-бірінен:

1. Грамматикалық категорияның саны мен құрамына карай;

2. Бір грамматикалық категорияның ішіндегі қарама-қарсы тұрған мүшелер санына қарай (мысалы, септік жалғаулары орыс тілінде — 6, қазақ тілінде — 7, кейбір дағыстан тілдерінде 40-ка дейін);

3. Белгілі бір категориялардың қандай сөз таптарына кіретініне қарай жіктеледі.

Грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единица) деген ұғым грамматикалық категориямен тікелей байланысты. Бұл мәселе жөнінде тіл білімінде эр түрлі көзқарас бар. Бірқатар ғалымдар грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единицасы) морфема деп, енді бірсыпырасы — сөз деп пайымдайды. Ал, A.M.Пешковский, Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, А. И. Смирниикий еңбектерінде грамматикалық құрылыстын бірлігі грамматикалық категориялар деген пікір қалыптаскан.[2]

Грамматикалық мағына орыс. грамматическое значение — тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинакты, дерексіз тілдік мағына. Морфология саласында сөз таптарынын жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлгалары мен сөздердін жеке мағыналары болсынморфологиялық категориялар дәрежесін сактай отырып, бір-бірінен езгеше болып келеді. Синтаксис саласында Грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-аксөз тіркестері мен сөйлем компоненттерінін әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді. Мысалы: семантикалық субъект пенобъектінін мағынасы, құрмалас сәйлемдердін шылау аркылы байланысы т. б. Грамматикалық мағынаға сөз таптарында қалыптаскан жалпы сөзжасамдық мағыналарда жатады. Грамматикалық мағына сөздерге немесе сөздердін белгілі топтарына ғана тән, дерексіздігі әлсіз лексикалык мағыналардан өзгеше.Грамматикалық мағыналар жүйесі болмыстағы заггар мен құбылыстардын және олардын өзара байланыстары мен қатынастары туралы ұғымдардың дерексізденуі аркылы қалыптасады. Мысалы, қимыл ұғымы етістіктін жалпы мағынасымен бірге неғұрлым шағын категориялық мағыналарынын (шақ, жақ, етіс) дерексізденуінен туады.[1]

Грамматикалық мағына референциялық (синтаксистік емес) және Реляциялық (синтаксистік) болып бөлінеді. Референциялық мағына тілден тыс болмыстағы заттар мен кұбылыстардың касиеттерін білдіреді, мысалы, көлемдік, мөлшерлік, қимыл-әрекеттік сиякты мағыналар. Ал реляциялық мағына сөз тіркесі мен сөйлем құрамындағы байланысты білдіреді.[2]

Дифтонг (гр. δίφθογγος, (diphthongos) - дыбыс) — буынға бөлінетін немесе бөлінбейтін екі дауысты дыбыстың қосындысынан тұратын дыбыс (и, у). Сөйлеу процесінде екі дауысты түйіскен жерде Дифтонг тіркесі жасалады. Дифтонг шынайы және жалған болып екіге бөлінеді.[1]

· Шынайы Дифтонгтің құрамындағы екі сынары айтылу күші жағынан да, буын құрауы жағынан да тен түседі. Шынайы Дифтонг тілдерде сирек кездеседі. Мысалы,латыш тіліндегі meitci(кыз), tauta(халык) дегендегі еі, аи осыған жатады.

· Жалған Дифтонг сынарларының бірі буын жасай алады, біреуі буын жасай алмайды. Еғер алғашкы сынары буын жасап, екінші сынары көмекшілік қызмет атқарса,тұйық дифтонг деп аталады. Мысалы: кійім—киім, жұуар — жуар, сұуат — суат дегендегі ій, ұу дыбыстары. Ал егер алғашкы сынары буын жасай алмай, кейінгі сынары буын жасай алса, ашық дифтонг деп аталады. Мысалы: сөз басындағы е, о, ө дыбыстарының құрамында й, у дыбыстары естіліп, йэ (ел — йэл), уо (ол — уол), уо (ор — уор) болып айтылады. Шын мәнінде, қазақ тіліндегі жалған Дифтонгтің аталған түрлерін дифтонгойд дауыстылар деуге болады.

Дифтонгоид — дифтонгке жақын дауысты дыбыстың ерекше түрі. Оған и, у, ие, уо, уө дыбыстары жатады.[2]

Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс.

Жалпы мәліметтер

Адам 16 Гц-тен 20 кГц-ке дейінгі жиіліктегі дыбысты ести алады. Дыбыс жөніндегі физикалық ұғым адам құлағына естілетін, естілмейтін дыбыстардың барлығын қамтиды. Жиілігі 16 Гц-тен төмен болатын дыбыс инфрадыбыс деп, 20 кГц-тен жоғары болатын дыбыс ультрадыбыс деп аталады. Ал 109 Гц-тен 1012 – 1013 Гц-ке дейінгі ең жоғары жиіліктегі серпімді толқындар гипердыбысқа жатады. Дыбысты қарапайым гармониялық тербелістерге жіктеу (жиіліктік дыбыс талдау) нәтижесінде алынатын спектр – дыбыстың маңызды сипаттамасы болып табылады. Егер дыбыс тербелісінің энергиясы жиіліктің кең аймағында таралып жатса, онда ол тұтас спектр деп, алдискретті (үзілісті) жиілік құраушыларының жиынтығы болса, онда ол сызық спектр деп аталады. Тұтас спектрі бар дыбыс шу (мысалы, ағаштардың желдің әсерінен болатын сыбдыры, механизмдер дыбысы) ретінде қабылданады. Музыкалық дыбыс еселі жиіліктері бар сызықты спектрге жатады; мұнда естілетін дыбыстың негізгі жиілігі – дыбыс биіктігін, ал оның гармониялық құраушыларының жиыны – дыбыс тембрін анықтайды. Сөйлеу кезіндегі дыбыс спектрінде форманттар болады.

Дыбыс көздерінің тербелісін қоздыру, көбінесе, соққы (мысалы, қоңырау, шектер) арқылы жүзеге асырылады. Мұнда автотербеліс режимі (мысалы, үрлемелі музыкалық аспаптарда ауа ағыны есебінен) ұсталуы мүмкін. Табиғаттағы дыбыс, ауа ағыны қатты денелерді орай аққанда, құйындардың түзілуі және құйындардың сол денелерден бөлінуі (мысалы, жел соққан кездегі сымдар мен құбырлардағы дыбыс, т.б.) кезінде пайда болады. Төменгі және инфратөменгі жиіліктегі дыбыс жарылыс, опырылыс кезінде туады. Қазіргі кезде адам организміне және техникалық жабдықтарға зиянды әсері болатын өнеркәсіптік, көліктік шуларды жәнеаэродинамикалық шу көздерін зерттеуге үлкен көңіл аударылып отыр. Дыбыс қабылдағыштар қабылдаған дыбыс энергиясынэнергияның басқа түрлеріне түрлендіреді. Мысалы, адамдар мен жануарлардың есіту аппараты дыбыс қабылдағышқа жатады. Техникада дыбысты қабылдау үшін, көбінесе, электр акустикалық түрлендіргіштер (мысалы, ауада микрофон, суда гидрофон, ал жер қыртысында геофон) пайдаланылады. Дыбыс толқындарының таралуы, ең алдымен, дыбыс жылдамдығымен сипатталады. Газдар мен қатты денелерде қума толқындар (бөлшектердің тербеліс бағыты толқынның таралу бағытымен бағыттас) тарай алады. Ортаның біртекті болмауы да дыбыс толқындарын (мысалы, су көпіршігіндегі, теңіздің толқынданған бетіндегі, т.б. дыбыстың шашырауы) шашыратады. Дыбыстың таралуына атмосфера, теңіздегі қысым, температура, желдің күші мен жылдамдығы да әсер етеді.

Дыбыстың сипаттамалары

Толық мақаласы: Дыбыстың сипаттамалары

Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі.

Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. Камертон — доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.

Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.

Камертонның бір тармағын таяқшамен ұрсақ, белгілі бір дыбыс естиміз. Камертонның екі тармағы да тербеліп, қоршаған ауада дыбыс толқынын тудырады. Енді оның тармақтарының біріне инені бекітейік, осыдан кейін оның ине бекітілген тармағын қарайтылған әйнек үстімен жүргізсек, дыбыс шығарып тұрған камертонның гармоникалық (синусоидалық) тербелісінің графигін аламыз. Гармоникалық тербеліс —тербелістердің ең қарапайым түрі болып табылады, сондықтан камертонның гармоникалық дыбысын да қарапайым дыбыс деп санаймыз. Әдетте, мектеп камертондары бірінші октаваның "ля" нотасына сәйкес келетін дыбыс шығарады.[1]

Дыбыстың шағылуы

Дыбыс көзінен шыққан дыбыс толқындары барлық бағытта тарайтыны өздеріңе жақсы таныс. Ал осы дыбыс толқындары тарала отырып, өзінің жолында қандай да бір бөгетті кезіктірсе, онда олар шағылады. Дыбыс толқындарының таралуы материялық бөлшектердің қозғалысына ұқсас болғандықтан, оның шағылуы серпімді соққыдан (мысалы, қабырғаға соғылған доптың кері серпілуінен) онша ерекшеленбейді. Қарапайым бақылау дыбыстың шағылуы кезінде а түсу бұрышы оның в шағылу бұрышына тең болатынын көрсетеді.

Жаңғырық

Тауда естілетін жаңғырық та дыбыстың бөгеттен шағылу нәтижесі болып табылады.

Жаңғырық — қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.

Дыбыс кедергілерден шағыла отырып, бақылаушыға сәл кідіріп жетеді. Шағылған дыбысты біз дыбыс көзі мен кедергі арасындағы қашықтықты дыбыс толқындары екі рет (дыбыс көзінен кедергіге жетуі және қайтып оралуы) жүріп өткен кезде естиміз. Шағылған дыбыстың барлығын біз жаңғырық ретінде қабылдай бермейді екенбіз. Адам құлағы алғашқы дыбыс пен шағылған дыбысты жеке-жеке қабылдаған кезде ғана жаңғырық пайда болады. Бұл екі дыбыстың қабылдану уақытының арасы 0,1 с-тан кем болмаған кезде ғана дыбыстар жеке-жеке қабылданады екен. Бұдан біз жаңғырықты дыбыс кезі мен бөгеттің арасы едәуір алыс болған кезде ғана ести алатынымыз байқалады.

Егер ауада дыбыс жылдамдығы 340 м/с болса, онда дыбыс 0,1 с аралығында бөгетке дейін және одан қайтып оралғанша 2s-ке тең жол жүреді. Онда бұл қашықтық шамамен

s = vt/2 ; s = (340м/с * 0,1с) /2 = 17 м.

Дыбыс жақын аралықтағы кедергілерден шағылған кезде, ол алғашқы дыбыспен қосылады да, оны күшейтеді. Сондықтан үйдің ішіндегі дыбыс сырттағы дыбыстан қаттырақ болып естіледі.

Тыңдаушылар аз жиналған кең залда баяндамашының сөзі жаңғырып, түсініксіз болады. Қабырғалардан, орындықтардан шағылған дыбыс тындаушыларға бір мезгілде жетпейді. Осының нәтижесінде, алғашқы дыбысқа қарағанда тыңдаушыларға естілетін дыбыс ұзағырақ болып естіледі.

Наши рекомендации