Мемлекеттік несие мен мемлекеттік қарыз
Мемлекеттік несие – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да рөлінде көрінуі мүмкін. Мемлекеттік Несие – несие қатынастарының жүйесі.
Бұл қатынастарда мемлекет өз органдары арқылы қарызгер, ал жеке және заңи тұлғалар несиегерлер болып табылады. Мемлекеттік несие арқылы қайтарымдылық негізінде мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін ақшалай қаражат шоғырландырылады.
Мемлекет кредиттік ресурстарды:
• 1) бюджет тапшылығын қаржыландыру;
• 2) ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;
• 3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру;
• 4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.
Мемлекеттік несие ақша қаражаттарын қайта бөлу қызметін орындайды Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектлердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл қызметте мемлекеттік несие жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектлер арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттік бағалы қағаздардың басқада түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жеткізуге болады
Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады.
Ішкі кредитте мемлекеттік-кредиттік қатынастар жан-жақты тұрғыда - қарыз алушылар ретінде де, сондай-ақ кредиторлар ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады. Шартты мемлекеттік кредит отандық қарыз алушылар: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарыз алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша жауап береді - қарыз алушының мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджеттік қаражаттар есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мыналар:
• мемлекеттік қарыздар шығару;
• коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру;
• қазынашылық несиелер мемлекеттік кредиттің нысандары болып табылады.
Мемлекеттік қарыз (борыш) – Мемлекеттік борыш – бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналасу нарығына , қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді.
Мемлекеттік сыртқы борыш – шетелдік несиегерлер турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы.
Несие қаражатының қайдан алынғанына қарай Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыштарға, қызмет көрсету мерзіміне қарай күрделі және ағымдағы борыштарға, мерзіміне қарай
• қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;
• орта мерзімді - 1 жылдан 10 жылға дейін;
• ұзақ мерзімді - 10 жылдан аса мерзімге - борыш түрлеріне бөлінеді.
Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады.
Орналастыру әдістері бойынша:
Ø еркін айналатын
Ø жазылу бойынша орналастырылатын
Ø мәжбүрлеме
Эмиетентке байланысты займдар бөлінеді:
v орталық үкімет займдары
v жергілікті билік органдары займдары
Кіріс түрі бойынша :
• пайыздық, қарыз берушілер жыл сайын бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрақты табыс алып отырады.
• Лотереялық немесе ішкі ұтыс облегациялары шығарылады.
Й шаруашылық қаржысының түсінігі. Жеке бюджет қалыптастыру көздері.Үй шаруашылығын қаржыландыру және тұтыну бағыттары.
Үй шаруашылықтары экономикалық қызметтің маңызды субъектілерінің бірі болып келеді, олардың нәтижелерінен жеке шаруашылық бірлігінің ғана емес, жалпы елдің бүкіл халқының әл-ауқаты тәуелді болады. Экономиканың аса ірі субъекті бола отырып коммерциялық кәсіпорындармен және мемлекетпен бірге үй шаруашылықтары барлық макрореттеуші үдерістерге қатынасады. яяяктық экономикада жұмыс күші үй шаруашылығы шеңберінде жасалатын және өндіріс факторлары рыногында ұсынылатын негізгі тауар болып табылады. Өзінің ресурстарын сатудан табыс ала отырып, үй шаруашылықтары әр түрлі тұтыну игіліктерін сатып алу үшін шектелімді табыстарды бөлу туралы шешімдер қабылдайды. Үй шаруашылықтарының басты экономикалық мүддесі сатып алынатын игіліктердің пайдалылығын барынша көбейтуде болып келеді. Үй шаруашылықтарының тұтыну игіліктерін таңдауы рыноктық экономикада сұранымды қалыптастырады. Экономикада үй шаруашылықтары мен кәсіпорындардың (фирмалардың) арасында айырбас болып жатады. Үй шаруашылықтары ресурстарға иелік етеді және оларды ресурстар рыноктары арқылы фирмаларға береді. Фирмалар ресурстарды пайдаланады, өнімдер өндіреді және тауарлар мен қызметтер рыноктарына жеткізеді. Үй шаруашылықтары мен басқа субъектілер арасындағы өзара іс-қимылдар нәтижесінде экономикада өндірістің жалпы көлемі қалыптасады.Үй шаруашылығы қоғамдық өндірісте шұғылданатын және шұғылданбайтын барлық жалдамалы жұмыскерлерді, ірі және майда капиталдар, жер, бағалы қағаздар иелерін біріктіреді.Үй шаруашылығын жүргізу отбасының өндірістік қызметінің нысаны болып табылады. Үй шаруашылығында осы отбасының мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызметтер мен өнім өндіріледі. Рынокта сату және өткізу үшін үй шаруашылығында үздіксіз енім өндіру дара еңбек қызметімен шұғылданатын отбасын, ал ауыл шаруашылығы өнімін өндіру тауар бағыттылығы бар жеке қосалқы шаруашылықты сипаттайды.
Ішкі мүмкіндіктермен қамтамасыз етілетін үй шаруашылықтарының едәуір әлеуеті жөнінде ІЖӨ-дегі үй шаруашылықтары жасайтын өнім мен қызметтердің салыстырмалы жоғары және әрдайым көбейіп отырған үлесі растайды (17,6%, соның ішінде: 16,9% үй шаруашылықтарының секторы бойынша және 0,7% үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдарының секторы бойынша). ІЖӨ-ні нақты түпкілікті тұтынуға пайдалануда үй шаруашылықтарының секторы 50,7 %-ды алады.
Үй шаруашылықтары қаржысының мәні өзінің көрінісін функцияларда табады. Г.Б. Поляктың " пікірі бойынша ол екі негізгі функцияларды орындайды: отбасының қажеттіліктерін ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету; бөлу.
Бірінші функция бұл отбасы мүшенің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды. Рыноктық қатынастардың дамуы бұл функцияның көріну нысанына айтарлықтай әсер етті. Тауар-ақшалай қатынастардың, рыноктың пайда болуының, онан кейін оның ұлғаюының нәтижесінде мыналар болды:
1) отбасының материалдық, әлеуметтік, мәдени және өзге қажеттіліктерінің көбеюі;
2) үй шаруашылығының ақшалай қаражаттарының жасалуы және өсуі;
3) ақшалай қордың - материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге арналған отбасы бюджетінің пайда болуы.
Үй шаруашылықтары қаржысының бөлгіштік функциясы ұлттық табысты алғашқы бөлуді және отбасының алғашқы табысының қалыптасуын қамтиды. Үй шаруашылығының қаржылық қатынастары мынадай екі топты кіріктіреді:
1) осы шаруашылық бірлігімен қаржы жүйесінің буындары арасындағы мемлекеттің қаржысымен - бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен және коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар қаржысы арасындағы қатынастар, нәтижесінде жалақы, зейнетақылар, жәрдемақылар және т.б. түріндегі алғашқы табыстар жасалады.
2) үй шаруашылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар, бұл кезде оқшауланған ақшалай қорларды жасай отырып, қаражаттар бөлінеді және оқшауланады. Үй шаруашылығы ішінде қаражаттардың оқшаулануы әр түрлі баламалылықты жоққа шығара отырып, меншік иесін өзгертпейді.
Бұл функция үш дәйекті баспалдақты кіріктіреді: ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану. Үй шаруашылығы қаржысының екі функциясы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыра отырып бір уақытта іс-әрекет етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Шаруашылық субъектілер қаржысының мазмұны және олардың нарықтық жүйедегі дамуы.
Шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоѓамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді. Шаруашылық жүргізуші субектілердің қаржысы деп- өнім (жұмыс, қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі — жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және занды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестіктің мынадай нысандары белгіленген: 1) толыќ серіктестік; 2) сенім серіктестік; 3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік; 4) ќосымша жауапкершілігі бар серіктестік; 5) акционерлік ќоѓам. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мәні және көрінісінің сыртқы нысандары болады. Мәні деп қаржыны ерекше құндық категория-қаржылық категория ретінде анықтайтын қаржының ішкі мазмұны ұғынылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлу функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта бµлуге қатысуын айқындайды. Бөлу-өндіру мен тұтыну арасындаѓы баланыстырушы буын болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рол атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен µзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына негізгі белгілерді атауға болады:
1. қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
2. өндірістік қоралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы.
3. жоғары белсенділік шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;
4. шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесін қалыптастырудың маңызды проблема тауарларды өндіру,бөлу және олардың айналыс сфераларында, шаруашылық шешімдерді қабылдауда монополизмді жою,шаруашылықтың натуралдануына,республикалық өңірлерінің тұйықтанушылығына және өзін өзі оқшаулауына жол бермеу болып табылады