Химиялық факторлар – органикалық және неорганикалық қосындылар
Жоспары
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.1…Жалпы этиология. Патогенез.
1.2…Аурудың өршуі және оның белгілері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Нозология (гректің поsos — ауру, дерт, Іоgоз —- ілім) ауру туралы жалпы ілім. Бүл медицина ғылымының ең бір көне күрделі мәселесі.
Аурудың мәнін түсіну үшін денсаулықтың не екенін түсіну қажет. Бүгінгі күнге дейін денсаулық толық зерттелмеген. Дені сау адам деген түсініктің нағыз белгілері әлі жинақталмаған Егер организімнің сыртқы қоршаған орта (адам үшін әлеуметтік орта) жағдайларына бейімделу қабілеті бұзылмаса, онда олар дені сау адамдар қатарына жатады. Денсаулықтың физиологиялық өлшемі балып қалыптылық немесе белгілі бір түрақты өлшем (норма) есептеледі. Қалыптылық (қан қысымы-ның деңгейіг дененің температурасыг қан жасушаларының саны, қандағы әртүрлі заттардың глюкозаның, нәруыздың ж. б. деңгейі т. с. с.) көрсеткіштердің көпшілікке тән арифметикалық орташа деңгейімен анықталады. Ал, бұл көрсеткіштер әр жерде әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, таулы жерлердің тұрғындарының қанында эритроциттердің саны орташа арифметикалық деңгейден көп болуы мүмкін. Емтихан тапсырар алдында студенттердің қанында глюкозаның мөлшері мен кан қысымы көтерілуі байқалады. Тамақ ішкеннен кейін шеткі қанда лейкоциттердің саны көбейеді. Міне осындай ж. б. жағдайларда бүларды ауру адамның қатарына жатқызуға болмайды. Сондықтан орташа арифметикалық көрсеткіштермен денсаулық жайлы қорытынды жасау кейде ауыр қателіктерге әкеулі мүмкін
Негізгі бөлім
Жалпы этиология. Патогенез.
Этиология – себеп туралы ғылым (aitia-себеп, logos-ғылым). Медицинада этиология – аурудың себебі, пайда болу жағдайы, дамуы туралы ғылым.
Аурудың себебі – ауру тудыратын фактор.
Мысалы: сәуле ауруының себебі – радиация, инфекциялық аурудың себебі – патогенді микробтар.
Сыртқы ортаның ауру тудыратын себептерінің жіктелуі:
Механикалық күштердің әсері (соғу, қысу, кесу).
2.Физикалық факторлар
А) дыбыстың және шудың әсері
Б) барометрлік қысымның өзгеруі
В) жоғары және төменгі температураның әсері
Г) күн сәулесі, лазерлік сәуле
Д) электрлік ток
Е) радиация
Ж) космосқа ұшудағы факторлар (үдеу, салмақсыздық).
Химиялық факторлар – органикалық және неорганикалық қосындылар
А) алкоголь
Б) дәрілік препараттарды жөнсіз қолдану
В) ауыр металдар және тұздар
Г) организмде витаминдердің, микроэлементтердің, ақуыздың, көмірсудың, майлардың
жетіспеушілігі немесе артықшылығы
Д) пестицидтер (инсектицидтер, гербицидтер т.б.)
Е) өнеркәсіп шаңдары
Ж) қышқылдар мен сілтілер
З) ароматты (иісті) көмірсутегілер.
4.Биологиялық факторлар
А) микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, хламидиялар, микоплазма, саңырауқұлақтар) және олардың өмір сүру заттары
Б) гельминттер, қарапайым паразиттер
В) бунақ неделілер (шаян, скорпион) насекомдар
Г) биологиялық препараттар – антитоксикалық сарысулар, вакциналар, қан т.б.
5.Әлеуметтік факторлар
А) қоғамдық қатар (общественный строй) – оның халыққа қамқорлығы, медициналық көмегі, санитарлық-гигиеналық жұмыстары
Б) ақпараттар мазмұны
В) ятрогения – дәрігердің абайсызда айтқан сөздерінен туған психосоматикалық бұзылыстар.
Бұл аталған факторлар сыртқы себептерге жатады. Ішкі себептер – конституция, тұқым қуалаушылық, жасы, жынысы.
Аурулардың пайда болуына, дамуына әсер ететін факторлар – аурудың даму жағдайы деп аталады.
Аурудың ішкі даму жағдайы – патологиялық конституция (диатез),ерте балалық және кәрілік шақ, тұқым қуалаушылыққа бейімділік.
Аурудың сыртқы даму жағдайы – тамақтанудың бұзылуы, шаршағандық, невротикалық жағдай, науқастың нашар күтімі, бұрынғы аурулар.
Патогенез – (pathos - қиналу, genesis - ата тегі) – патологиялық физиологияның аурудың даму механизімін зерттейтін бөлімі, ол алғашқы зақымданудан басталады. Алғашқы зақымдану айқын, анық (травмалар, жарақаттар), және арнайы зерттеу тәсілдерінсіз көрінбейтін (молекулярлық деңгейдегі) болуы мүмкін.
Аурудың дамуында жарақаттану және қалпына келу үрдістері тығыз байланысты. Аурудың әр кезеңінде қорғаныс – компенсаторлы үрдістер молекулярлы және жасуша деңгейінде дамиды. Патологиялық үрдістер мен аурулардың дамуында негізгі тізбекті анықтаудың маңызы өте зор, өйткені осы тізбектің бөлігін жойғанда сауығуға әкелуі мүмкін.
Патогенез тізбегінің негізгі буыны білмей патогенетикалық ем жүргізу мүмкін емес. Патологиялық үрдіс кезінде пайда болатын ағзалар мен жүйелердегі өзгерістер «кері айналып соғу шеңбері» принципі бойынша дамитын зақымданудың прогрессиясына әкеліп соғуы мүмкін.Мысалы: қан кеткенде пайда болатын оттегі тасымалдануының нашарлауы жүрек жетіспеушілігіне әкеледі, ал ол оттегінің тасымалдауының нашарлауын күшейтеді. Аурудың даму жолдарын зерттейтін патфизиологиянвың тарауын патогенез (гр. раtһо — бүліну, ауру, genesis — даму) дейді. Ол ауру этиологиясымен өте тығыз байланысты. Қандай да болмасын этиологиялық әсер әрқашан аурудың даму жолдарының басталуына әкеледі. Бүл үшін дене мүшелерінің кез-келген бөлшектерінде алғашқы бүліністер пайда болуы қажет. Алғашқы бүліністер әртүрлі дәрежеде және деңгейлерде болуы мүмкін. Олар кейде қарапайым көзбен байқалатын үлкен дәрежеде болса (мысалы, жарақат, күйік, сынық, қанқүйылу т. б.) көпшілік жағдайларда жай кезбен көрінбейтін, анықтау үшін арнайы тәсілдер қолдануды қажет ететін болады. Олар молекулаішілік, субжасушалық, ағзалық, тіндік, жасушалық, жүйелік деңгейлерде болуы мүмкін. Сондықтан, оларды анықтау үшін әртүрлі биохимиялвіқ, гистологиялық, иммунологиялық және басқа да тәсілдерді қолданады. Бүл бүліністерге организмде жауап ретінде қорғану-икемделу үрдістері дамиды. Мысалы, атмосфералық ауада оттегі жетіспегенде тыныс алу жиілейді және тереңдейді, жүрек соғысы жиілеп, айналымдағы кан ағымын: Жылдамдатады, эритроциттердің, сонымен бірге гемоглобиннің деңгейі көтеріледі т. с. с. Бұлардың барлығы организмге жетіспейтін оттегін толтыруға бағытталған организмнің икемделістік шаралары Ауру - нозологияның және жалпы дерттанудың (патологияның) негізін қалайтын түсінік. Ол жекелеген ауру түрлерін (нозологиялық бірлікті) ажырату үшін қолданылатын атаусөз. Сонымен бірге, бұл атаусөз жалпылама ауру туралы түсінікті де береді. Кезкелген ауру гендік реттелулердің негізінде жүйкелік-эндокриндік және иммундық реттелулердің өзгерістерімен сипатталатын тұтас организмнің жаңа сапалы жағдайы. Бүгінгі таңда организмнің дертке деген тұқым қуатын бейімділігі болмайтын ауру жоқ деуге болады. Сол себепті бір аурудың өзі әр адамда оның тектік ерекшеліктеріне, жас мөлшеріне, өмір сүру ортасы мен салт-дәстұріне т.с.с. байланысты әртүрлі өтеді. Тұқым қуалаушылыққа бейімділік жүзеге асу үшін ауру туындататын қоршаған ортаның (экзогендік) немесе организмнің өзінде болатын (эндогендік) ықпалдармен оның өзара әрекеттесуі болуы шарт.. Бұл кезде тұқым қуалаушылыққа бейімділіктің нәтижесінде дерт туындататын ықпалға организмнің қарсы тұру қабілеті азаюынан, оның төзімділігі төмендейді. Ондай жағдай гендердің қадағалауымен түзілетін, организмнің дерт туындататын ықпалға төзімділігін қамтамасыз етуге бағытталған, қорғаныстық ферменттердің немесе нәруыздардың қалыптыдан ауытқып кетуінен байқалады. Мәселен, туберкулез таяқшалары әр адамда болуына қарамай, елдің бәрі бұл аурумен сырқаттана бермейді.
.
1.2… Аурудың өршуі және оның белгілері Эндемиялық бұғақ ауруларының негізгі этиологиялық факторы болып белгілі бір географиялық ауданда йод жетіспеуі және сонымен байланысты организімде йод алмасуының бұзылуы болып саналады. Мұнымен қатар барлық эндемиялық ошақтарда, бұғақта қай түрінде болмасын тұрмыстағы санитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлауы да негізгі себепкердің бірі. Ауасы жеткілікті тазартылып отырмайтын, суық, ылғалды баспаналар, таза ауаның жетіспеуі, кірленген, былғанған ішетін сумен қамтамасыз етілетін жерлер, сапасы нашар тағамдар организміне зиянды әсер тигізеді. Солардың зардабынан адамның организімі йодтың жетіспеуне, инфекцияларға, бұғақ ауруларының босқа да этнологиялық факторларына өте сезгіш-қабылдағыш болып келеді.
Қалқанша без қызметінің гипо -немесе гиперсекреция жағдайларында түрлі ауытқулары салдарынан әртүрлі потологиялық жағдайлар және аурулар пайда болады. Гребс ауруы деп аталатын синдром көптен және баршаға белгілі. Аталған ауру көпшілік жағдайларда психикалық жарақат негізінле пайда болады. Ми қыртысынан келіп жататын импульстар енді аденогипофизде түзелатін тиреотропты гормондардың үздіксіз бөлінуін туғызады. Бұл процесс кері байланыс принципіне қарама-қарсы жүретіндіктен, қалқанша без гормондарының түзелуі мен секрециясы күшейе түседі. Гипертиреоздың асқынған формасын тиреотоксикоз немесе Базедов ауруы деп атайды. Бұл аурудың өзіне тән белгілері болады. Без көлемі ұлғайып (зоб), тахикардия пайда болады, көз шарасынан шығып (экзофтальм), зат алмасу қарқыны жоғарылайды, дене қызуы көтеріліп, адамның жұмыс қабілеті төмендейді. ТТГ тоқтаусыз болінуі иммундық жүйеге де әсерін тигізіп, оның қалыпты қызметін өзгертеді. Организімнің жүдеуі байқалады. (сурет 4)
Жіктеу. Қалқанша без ауруларының ішінде ең жиі кездесетін патология — ол бұғақ ауруы.
Бұғақ ауруы деген потология қабыну процестеріне немесе ісіктерге жатпайды. Бұл аурудың дамуы, себептері, тканьдердің потологиялық өзгерістері мүлде басқаша.Мұнда қалқанша бездің эпитемалды патенхималық тканьдерінің өсіп, өнуі (итерплазия) ғана байқалады. Мұндай гиперплазия ісікке, қабыну процесіне жатпайды. Бұл процесте тканьдердің потологиялық өзгерістері мүлде басқаша, ал аурудың этиологиясы мен потогенезі және клиникасы да ерекше, ісіктер мен қабынулар патологияларына ұқсамайды. Бұл аурудың клиникалық көріністері бездің эндрокриндік атқаратын қызметінің өзгерістерімен байланысты болады.
Сонымен струма (бұғақ) ауруы дегеніміз қалғанша бездің эпителиінің қалың өсіп өнуімен бірге организімде әртүрлі функциялық бұзылыстардың пайда болуы, бірақ бұл өзгерістер қабыну процестерімен, қан құйылуымен, қатерлі ісіктердің дамуымен байланысты емес.
Қалқанша безінің пішінінің, көлемінің, қызметінің өзгерулеріне қарай оның аурулары төмендегідей жіктеледі. (сурет 5)
1. Туа біткен аномалиялар (кемістіктер); А) аплазия Б) иптоплазия В) эктопия. 2 Эндомиялық (жергілікті) бұғақ ауруы;
а) Қалқаншабездің ұлғаюына қарай бес дәрежеге бөлінеді
(0, 1, 2, 3, 4, 5).
0 — бездің ұлғайғанына білінбейді,
1 - көзге ұлғайғаны көрінбейді, бірақ пальпацияда бездің мөлшері білінеді. 2 — жұтынғанда білінеді. 3 — көзге жақсы байқалып тұрады; 4 - мойынның формасын бұзып тұрады. 5 — мөлшерлері тым үлкен болады.
Б) формасына қара (диффузды, арасал, түйінді)
В) функциясының өзгеруіне қарай (эутиреоз, гипотиреоз).
Гипертиреоидті түйінді бұғақ токсикалық аденома деп аталады.
3 Спорадикалық (ілуде бір кездесетін кездейсоқ) бұғақ (эндемиялық бұғақ сияқты бұл да ұлғаюына, түрінің және функциясының өзгерулеріне қарай бөлінеді).
4. Диффуздық, токсикалық (уландыратын) бұғақ яки Базедов ауруы (жеңіл, орташа, ауыр түрлеріне бөлінеді).
5.Гипотериоз (женіл, орташа, ауыр түрлері) Ауыр гипотериоз миксидема деп аталады.
6 Бездің қабынды аурулары;
а) жедел, қатал басталатын тиреиодит (струмит);
б) қаталдығы, жеделдігі бәсендеу (подострый) басталып, дамитын тиреоидит де Кервен-Крайльдың ауруы)
г) басқалары (құрт ауруы, мерез, актиномикоз, эхинококкоз т. с. с.)
7. Травмалар жабық және ашық түрлері.
8. Қатерлі ісіктер (рак, саркома тағы басқалар). Зарттеу әдістері. Аурудың анамнезін жиыстырғанда бұғақ ауруының жергілікті (эндемиялық) ошағын анықтау қажет. Бірсыпыра жағдайларда бет әлпетіне, терісінің қүйіне, саусақтардың дірілімен тамырдың соғуына ерекше назар аудару қажет. Объективті зерттегенде жергілікті (локальді) мәліметтер аса бағалы болып есептеледі. Науқас адамның алқымын артқы жағына түрегеліп тұрып, сондай ақ науқастың жауырының астында жастық қойып, басын жастықтан төмен түсіріп жатқызып, пальпациямен қарағанда бездің ұлғайғанына жақсы анықталады. Төстің аржағындағы бұғаққа күдіктенгенде көмекейді мұның орнынан ығысқандығын анықтау үшін ренгенография мен томография арқылы зерттеу қажет. Бездің шамасын, оның гиперфункциясы мен гипофункциясын, бездің немесе оның бөлігінің бұрынғы орнынан ауытқуын, ісіктің, кейде метостаздың бар екендігін анықтауға мүмкіндік беретін сканография мен сцинтиграфия болып табылады. Сау адамда радиоактивті йодтың сіңуі 24-72 сағаттан кейін, ал тиреотоксикоз кезінде 6-24 сағаттан кейін байқалады. Қалқанша без қызметінің қүйін белокты байланыстыратын йод (ББИ) дәрежесі бойынша да анықтауға болады. Ол нормасында 3,5-7,5 мкг-ға тең. Бір сыпыра жғдайларда пункция, ларингоскопия және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) бағалы диагноздық мәліметтер береді.
Гипертериоз. Қалқанша бездің гипертериоздық функциясы гормонды канға жеткіліксіз бөлуі кезінде байқалады.
Организімде йод жетіспеген жағдайда без шырышты сектетті көп бөліп, фолликулалар қабырғалары керіліп кетеді де бездің көлемі өседі, бірақ секреторлық клеткалар қызметі нашарлап, гормондар түзелуі бұзылады. Бұл — йодтың жетіспеушілігіне байланысты организімде қалыптасатын компенсаторлық бейімдеушілік процесс. Бұл ауруды жем сау (зоб) деп атайды. Кретинизм (бұл дерт бала кезінен дамыса) және микседема (операциядан кейінгі гипотиреозды айқын көрсетеді. Кретинизм кезінде ақыл-ой және дененің дамуы құрт төмендеп, психикалық реакциялар баяулайды. Ауру балалардың бойы өспей, тілі ұзарып, ісік қаптап, терісі құрғап кетеді.
Егер без қызметі бір жола тоқтап қалса микседема ауруы байқалады. Ауру балалардың өсуі тоқтап, сүйектің өсіп-жетілуі тежеледі, жүрек қызметі сиреп, зат алмасу процесі нашарлайды, дене температурасы төмендейді. Осының салдарынан организмнің суыққа сезімталдығы жоғарылап, әлсіздік, тез шаршаулық пен психиканың бұзылуы пайда болады. Ондай балалардың бойы өспей, жарымес болып қалады. Бұл көбіне йод жетіспейтін таулы аймақтарда байқалады.
Адамға тәуліктік йодттың мөлшері 0,15-20 мг. Қажетті йодтың мөлшері үнемі жетіспесе тиреоидты гормондар секрециясы бұзылады. Йод мөлшері жетіспейтін аймақтарда эндемикалық зобтан сақтандыру мақсатында тамаққа иодталған ас тұзы қолданылады (100 кг. тұзға 2,5 г. йодты калий қосады).
Аурудың өршуі және оның белгілері Шошқаның обасы (Pestis suum,чума свиней) – аса жұғымтал, жіті байқалғанда өлетеніп, гаморрагиялық диатезбен, ал жітілеу және созылмалы түрде өткенде өкпеннің крупозды, ішектің крупозды-дифтериттік қабынумен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – European shwinefever pestivirus, құрамында РНҚ бар Togoviridae тұқымдастығына pestivirus туыстастығына жатады. Көлемі 35-40 нм. Тұратын бір типке жатады. А тобына барлық жастағы шошқаларда жіті өтетін індет қоздыратын, қоянға бейімделген және төменгі температурада торша өсінділерінде өсетін вакциналық штаммдар жатады. В тобына жататын штаммдар негізінен торайларды ауыртады, ал басқа топтарда созылмалы немесе телімсіз емес түрін қоздырады. Бұл топтарды бір бірінен ажырату үшін қыздыру арқылы белсенділігін жою әдісін, өзара бейтараптау, иммунофлуоресценция реакцияларын кешенді түрде қолдану және торайларға қойылатын биосынама пайдаланылады. Шошқа обасының вирусы мен сиырдың диареясы вирусының антигендік туыстығы бар.
Зертханалық жануарлар шошқа обасының вирусына төзімді. Бұл вирусқа тек қана шошқа бейім. Ауырып жазылған жануарлардың қанында вирусты бейтараптайтын, агглютинациялайтын және комплементті байланыстыратын антиденелерді кездестіруге болады [1,2,4].
Вирус шошқа эмбрионының алғашқы торша өсінінде және қайталап егілетін ПК-15 торшасының өсінінде өсіп-өнеді, ЦПӘ тудырмайды. Вирустың өсінде бар-жоғын және індеттік белсенділігін ИФР арқылы анықтайды.
Шошқа обасының вирусын қоян организміне бейімдеп өсіруге болады, соның негізінде олардың шошқаға уыттылығы төмендеп вакцина дайындайтын штаммдар (SFA, К) алынады. Сондай-ақ вирустың торша өсіндерінде өсуге бейімделген штаммдары да бар.
Төзімділігі. Вирус 60°С 10 минутта, ал қайнатқанда сол сәтте күшін жояды. Шошқа қораларда 1 жылға дейін уыттылығын жоймайды. Төменгі температурада жақсы сақталады -5°С-та қандағы вирус 6 ай, ал оған 0,5% карбол қышқылын қосқанда 1 жылдан артық уыттылығын жоймайды. Тоңазытылған етте 2-4 ай, тұздалған етте 10 айдан артық, ысталғын етте 3 ай, мұздатылған етте бірнеше жылға дейін уыттылығын сақтайды. Өлексе мен көңде 3-5 күнде, топырақта 1-2 аптада күшін жояды. Дезинфекция жасау үшін күйдіргіш натрийдің 2-3%, формальдегидтің 2,5% ерітінділері, хлорлы әктің судағы 15-20% тұңбасы пайдаланылады. Олар вирусты 1 сағатта өлтіреді.
Өтуі және симптомдары.Аурудың жасырын кезеңі 5-8 тәулік. Көбінесе жіті, жітіден төмен, созылмалы, ал сейрегірек оба аса жіті түрде өтеді.Аса жіті түрінде жануарлардың қызуы көтеріліп (41 және одан жоғары), жүрек соғуы және тынысы жиілеп, құсып, теріде ақ-қызыл дақтар пайда болып, жылдам әлсіреп, 1-2 күнде өледі. Обаның бұл түрі көбінесе ауруға сезімтал жас малдарға тән.
Аурудың жіті түрі негізінен індет жаңа басталған кезде байқалады. Мұндағы инфекцияның басты белгілерінің бірі - дене қызуының тұрақты түрде жоғары болуы (40-41°С). Жануардың күйі кетіп, әлсіреп, 2-3 күннен кейін құсып, іші қатып, кейіннен іші өтіп (кейде қан аралас), көздің қасаң қабығы қабынып, кілегейлі-іріңді сора ағады. Буаз мегежіндер іш тастайды. Танаудың кілегейлі қабығы қабынып, кейде қан ағады. Ауру шошқалар көбінесе жатады, селқостанып, шөліркейді, жүргенде белі бүкірейіп, артқы аяқтарын нық баса алмай, шатқаяқтайды. Санның ішкі бетінің, мойынның, кұлақ түбі, іштің төменгі жағы терісінде сарғыш, сұйыққа толы күлдіреуіктер пайда болады, оларға кейіннен қан құйылып, бір-біріне қосылып, қолмен басқанда кетпейтін қара-қошқыл дақтарға айналады.
Ауру шошқаның жалпы әлсіреуіне оның тынысының жиілеп, қиналып
демалуы, журек жұмысының нашарлауы қосылып, кейіннен аяқтың, іштің,
күлақтың терісі көкшіл тартады. Қанда ликопения байқалады. Көбінесе ауру
7-10 күннің ішінде өліммен аяқталады. Өлердің алдында шошқаның дене
кызуы 35-36°С-қа дейін төмендейді [1,2,4].
Ауру аса жіті, жіті түрде өрбігенде, кейбір жануарда жүйке жүйесінің зақымдану белгілері басым болады (аурудың жүйкедегі түрі). Ондайда шошқаның аяғын шалыс басуы, бұлшық еттері дірілдеп, құрысуымен қатар кейде кенеттен эпилепсиялық ұстамасы қозып, одан кейін қатты әлсіреп қалады. Мұңдайда ауру жануар жылдам титықтап, тез өледі.
Шошқаның обасы (Pestis suum,чума свиней) – аса жұғымтал, жіті байқалғанда өлітиіп, гаморрагиялық диатезбен, ал жітілеу және созылмалы түрде өткенде өкпеннің крупозды, ішектің крупозды-дифтериттік қабынумен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Обаның жітіден төмен түрі 2-3 аптаға созылып, негізінен тыныс алу (кеудедегі түрі) және ас қорыту (ішектегі түрі) жүйелері зақымданады. Егер өкпе зақымданса крупозды қабыну өрбіп, шошқа қиналып, сырылдап дем алып, ышқынып жөтеліп, кеудесін басқанда ауырсынады. Аурудың ішектегі түрінде тоқ ішектің кілегейлі қабаты крупозды-дифтеритті қабынып, іші өтеді. Дененің мезгіл-мезгіл қызуы көтеріліп, арықтап, әлсіреп, әрең қозғалып, көбінесе бір орында жатып, негізінен өліммен аяқталады. Аурудың ақыры сәтті болған жағдайда шошқа жемге қарап, іші өтуі тоқтап, бірте-бірте жазылады, бірақ, жазылғаннан кейін 10 айға дейін вирус алып жүруші болып қалады.Обаның созылмолы түрі екі айға және одан да ұзақ уақытқа жетеді. Шошқаның оқтын-оқтын іші өтіп, мезгіл-мезгіл қызуы көтеріліп, жөтеліп,рықтап, терісі қыртыстанып, қабыршақтанады. Кейде қүлағы мен құйрығының ұшатары өліеттенеді.Аурудың жітіден төмен және созылмалы түрлерді қосымша инфекциялармен асқынған жағдайда аурудың клиникалық белгілері өзгерістерге өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Бірақ, қалай болғанда да ауру жануарлар қатарынан қалып өспей қалады. Мұндай шошқалар толық жазылмай, айлар бойына вирус алып жүруші болып, айналасындағы сау малдарға қауіп туғызады.Жіті өткенде дененің ыстығы үнемі жоғары болып, тек өлерден 2-3 сағат бұрын 37-35°С-қа төмендейді. Ауырған шошқаның танауы мен көзінен қоймалжың сора ағып, кейде танауынан қан кетеді. Өкпенің қабынған белгілері байқалады. Терісі, әсіресе, құлақта, талпақ танауында, кеудесінде, төсінде, құрсақ тұсында, құйрығында қөкшіл түске енеді. Аурудың соңғы кезеңінде бұл жерлері қанталайды. Өлерінен 1-2 күн бұрын кей жануарларда менин-гоэнцефалит белгілері байқалады. Буаз мегежіндер іш тастайды. Ауру 4-10 күнге созылып, өліммен аяқталады. Жітіден төмен өткенде, 15-25 күнге созылады да, көбінесе өліммен тынады. Тірі қалған жануарларда ауру созылмалы түрге ауысады да, 2 айдан 1 жылға дейінгі уақыт аралығында бронхопнеманияға тән белгілерімен әбден арықтап барып өледі
Бронхопневмония - бронхылар мен өкпенің қабынуы (катаральді қабыну, ошақты қабыну, нақтыланбаған қабыну). Бұл бронхылардың куыстарына катаральді экссудаттың толуымен сипатталатын дерт. Бронхопневмониямен көбінесе төлдер және бордақыда тұрған жас мал ауырады.
Малдың бронхопневмониясы - барлық мал шараушылықтарында кең тараған дерт. Бұл ауру республика ауыл шаруашылығына бірталай экономикалық нұқсаны келтiрiлетiні мәлім. Тыныстану жүйесінің аурулары, соның ішінде пневмониялар, бронхиттер және бронхопневмониялар барлық шаруашылықтарда кеңінен таралған, олардың емі және алдын алу шаралары ветеринария саласының өзекті мәселелері болып табылады.
Мал арасында тыныстану ауруларының шығу факторлары полиэтиологиялық болады. Ауру патогенезінің негізінде терең функционалдық және құрамдық өзгерістер жатады, олар өкпе ұлпаларында ауру ошақтарын өршітіп, зақымдауды келтіреді, дерт тұрақты қалыпта өтіп, ұзақ уақытқа созылып, көбінде өлімге әкеп соғады.
Тыныстану ағзалары ауруларының малға келтіретін экономикалық зияны: ауруға душар болған жануарлардың қауырт өлімге ұшырауынан немесе лажсыздан сойылуынан; одан алатын өнімнің сапасы төмендеуінен; малдың күйі нашарлауынан; тірілей салмағын жоғалтуынан құрылады. Жалпы барлық жұқпайтын аурулар арасында, тыныстану жүйесінің аурулары 32-ден 64 %-ға дейін жетеді. Тыныстану ағзалары ауруларына көбінесе малдың жас төлдері душар болады.
Қазіргі кезде малдың бронхопневмония ауруымен күресу мақсатында оны ерте мезгілде клиникалық белгілеріне қарап диагноз қойып, оған қарсы тиімді ем қолдану және алдын алу мәселелері әлі өз шешімдерін толық тапқан жоқ.
Ветеринариялық тәжірибеде тыныс алу жүйесі ауруларына, оның ішінде бронхопневмонияға қарсы емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің тиімділігі біршама төмен екені байқалады, көп жағдайда олардың емдік нәтижесі аз болып, олар дерттен болатын зардаптарды толық жоя алмайды. Антибиотиктерге микрофлоралар сезімталдығы аз болатындықтан және ауру малдың организміндегі ферметативтік жүйкесін зақымдау әсерінен, оның тыныс жолы ауруларына болған пайдасына қарағанда зияны артық болып шығады [1,2,4].
Бронхопневмония. [bronchopneumonia subolis]Өкпедегі бронхылар мен альвеолдардың бір мезетте қабынуы. Қабынудың дәрежесіне қарай бронхылар мен өкпе альвеолдары жалаяққа толады, газ алмасу бұзылып, малдың тынысы тарылады. Бронхопневмониямен малдың барлық түліктері, әсіресе төл ( бұзау, торай, қозы) өте жиі ауырады.Ауру төлдердің ішінде жиі кездесетіндіктен,көбінесе төл ауруларында дәрістеледі.Тыныс алу жүйесінің ауруларының сексен пайызы осы ауруға келеді.
Жіті,жітілеу,созылмалы,катаральды,фибринді,іріңді түрлерін ажыратады.