Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері

Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі компаиялардың айбынының артуы ғылыми техникалық революцияның болуымен, шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түолерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.

Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.

Жапония, үлкен тәжірибеге ие болып отыр. Жапонияда шағын бизнеске ерекше назар аударады. Себебі шағын бизнесті дамыту арқасы жапония соғыстан қираған елден жоғары техналогиялық дамыған елге айналады.

Жапонияның халық шаруашылығындағы шағын және орта бизнес субьектілерің саны, тауар айналымы басқа секторлар мен салыстырғанда саны алдынғы қатарда тұр.

Дәсүр бойынша әрбір ірі корпарация өз жанында бірнеше шағын кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорындар бос кәсіпорындарға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық құрылымың жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды. Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне: Өндірістің өнімің 50% -зы, көтерме сауда 60% -зы.

Еркін нарықты бәсеке шағын кәсіпорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Мұндай жағдайда мемлекеттік орган шағын кәсіпорынға құрал жабдықтарды жаңартуға техналогияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты дамытуы көмек береді. Жапонияның шағынбизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландыруды, әрбір министірлерін, әр ведомство өз шығындар бюжетіне шағын бизнеске жұмсайтын қаржыны кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорындарға женілдетілген салық мөлшерлемесі қолданылады.

Жапония шағын және орта кәсіпорындар ЖҰӨ 73% -ына ие болып отыр. Экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын бизнесті дамыту маңызды мәселе. Ресей Федерацяынан экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында бірқатар экономикалық шаралар жасалып , жүзеге асырылды.

1995 жылы Ресей Федерацясында «Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар 2 жылға дейін табыс салығын төлеуден басталады.

Шағын бизнесті қолдаудың Федералдық Қоры арқылы әр түрлі жобалар қаржыландырады.Бұл қорға федералдың меншіліктегі кәсіпорындарды жекелендіруден түсетін қаржының 5 % келіп түседі . Федералдық Қор арқылы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесі екі қағидаға негізделген:

- Федералдық Қордан жұмсалатын әрбір рубльге аймақтардан да бір рубль жұмсалуы керек.

- Қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асады.

1994-1995 жылдары «Шағын Кәсіпкерлікті мемілекеттік қолдаудың мемлекеттік программасы» жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама іске асырылғаннан кейін, Ресей Федерасиясында шағын кәсіпкерлікті қолдаудың біркелкі жүйесі жұмыс істей бастады . Бұл жүиеге: Ресей Федерациясының шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік комитеті, аймақтын қорлар мен орталықтар кіреді.

Шағын бизнесті қолдаудың аймақтың қорлары мен орталықтары барлық аймақтарға құрылған. Шағын кәсіпкерлік Федералдық және жергілікті бюжеттерден қаржылық көмек алады, жергіліті салықтар бойынша әр түрлі жеңілдіктерге ие. 1999 жылдың басына есептелгенде Ресей Федерациясында 900 000-нан аса шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрды.Бұл кәсіпорындардың орташа жұмысшылар саны – 7 адамнан тұрады.

Ұлыбританияда шағын бизнес субьектілеріне: жылдың тауар айналымы 2 милион фунт стерлинг аспайтың , активтер сомасы 1 милион фунт стерлинг және жыл бойы 50 адамды жұмыспне қамтитын кәсіпорындар жатады. Ұлыбритания мемлекеттік консультациялық қызмет бастаушы кәсіпкерлерге қажетті кеңестер береді. Мысалы: коммерциялық мәселеледі қалай шешу керек екенің, бухгалтерлік есепті қалай жүргізуді керектігі туралы, нарықта қалй зерттеу екендігі туралы кеңестер.

Қазақстанда шағын кәсіпорынды ашу үшін жұмсалатын күш – жігерді шет елде шағын кәсіп орын ашуға жұмсалатын уақытпен салыстыру мақсатында Франция Үкіметінің шағын кәсіпорындар үшін жасап жатқан шараларының атап өткен жөн. Франциядағы тұрақты түрде дамып жатқан саясаты жатыр. Басты назарда шағын және орта кәсіпорындар. Себебі бұл Кәсіпорындар нақты экономиканың ең динамикалық елі. Францияда шағын кәсіпорындарға жұмысшылар саны 500-ден аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми дерек бойынша Францияда шағын және орта кәсіпорындар -16500000 адам жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген. Әдетте әкімшілік процедуралар шағыын кәсіпорындар құруға кедергі келтіретін мәлім, Сондықтан Франция үкіметі формальді мәселелерді қысқаруға көшті. Францяда шағын бизнесті несиелеу негізінде пайдасыздық өсімді мемлекет бонофикацилайды. Бонификция – бұл жеңілдету.

Орталық бюджет арқылы шағын және орта бизнеске жұмыспен қамтуда да қаржыландырады. Яғни еңбек әлеуметтік шығындар бойынша жеңілдіктер беріледі.Францияда жұмысыздар өз кәсіпорның ашу үшін мемлекет көегімен сүйене алады. Азиялық қаржылық кризис көрсеткендей шағын және орта кәсіпорындар сыртқы факторға аз тәуелді. Үкіметтің шағын және орта кәсіпрындардың қолдауға бағытталған саясатты өте алуан түрлі болып келеді және бұл саясат кәсіпорындрдың ары қарай дамуын қалайды.

Германяда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы – ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады.

Екінші сипаттама – кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің шектеулігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп,өңдірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтында бірдей мүдделігін, ынталығын тудырады.

Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқкрушы рөлінің ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.

Төртіншісі – істі жанұялық негізде жүргізу,яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан болған мұра ретінде машықтану.

Бесіншіден. шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипаты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады.

Шағын кәсіпкерліктің жоғарыда аталған сапалық жақтарымен, бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар.

Германияда 80-жылдың аяғына қарай жоғарыда көрсетілген стратегиялық есептеу тәжірибесіне байланысты 1,9 милион шағын және орта кәсіпорын жұмыс істеп, олар халық шаруашылығының салалары бойынша мынандай негізге бөлінеді: қолөнерінде -537, сауда-225, өнеркәсіпте -108, қызмет көрсету саласында -665, еркін мамандық секторы 360.

Шағын кәсіпкерліктің барлық кешенде ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес.

Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип — өздігінен, мүмкіндігінше, өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнестің тиімділігі мен бәсекеге қабылетілігін артыруы. Салық салуға жеңілдіктер,концультатциялық қызмет саласында артыру. Мемлекеттік органдар, бір жағынан, кәсіпкерлерге арнайы мамандардың қызметі арқылы көмек көрсетеді; екінші жағынан, жеке концультатцияға жүргізген жағдайда фиирмалардың ол үшін жұмсайтын шығындардың айтарлықтай бөлігін өтеуді өз мойынына алады.

Шетелдік тәжірибеге қарап Республикамызда атқаратын іс-шаралар әлі көп екенің байқауға болады. «Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы » заң атқаратын іс –шаралардың бастамасы ғана, экономиканың бұл секторы көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылуы керек. Республикамызда шағын және орта кәсіпкерлікке көмек керек.

Орытынды

Жалпы қорытындылай келе, шағын кәсіпкерлік қай ел болмасын экономиканың дамуының негізгі тұтқасы деуге болады.Ол өркениетті елдерде бұл саланы дамыту басты назардағы мселені құрайды. Мысалы, АҚШ-та шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 53%, Германияда 63%, Жапонияда 73%, Ұлыбританияда 75%, Италияда 80% жетіп отыр. Ал бұл салада қазір Ресейде 10%, Беларусияда 8% шамасында, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 6%-дан аспай отыр. Жалпы бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оны қолдау ел экономикасының реформалаудың басым бағыттарының бірі. Сондықтан, бұл жұмыстар шағын кәсіпкерліктің дамыған, өркениеттегі елдердегі даму сипаты мен барысын сипаттай келіп, оның негізгі ұйымдастыру шаралары мен әдістері кеңінен талқыланды. Сонымен бірге, АҚШ-та және Германиядағы шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуы туралы мәселелер жүзеге асырылуы мен іске асыруы сияқты маңызды шаралар зерттелінді. Бұл елдердегі шағын кәсіпкерлікке көрсетілетін қолдау іс шараларының қалыптасу ерекшеліктері мен оның тиімділігі қарастырылды. Оған мысалы, АҚШ-ғы әртүрлі шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қорғауға байланысты бағдарламалар мен атқару жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, ол шағын бизнестің әкімшілігі арқылы қолдау табатындығы айқындалды.

Сонымен қорыта айтқанда шағын кәсіпкерлік – ел экономикасының дамуының негізгі тұтқасы деуге болады. Өркениетті елдерде бұл саланы дамытуға басты назар аударады және шағын кәсіпкерлік негізгі саланы құрайды. Дегенмен, бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оны қолдау Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларының басым бағыттарының бірі болып саналады. Сондықтан, бұл жұмыста еліміздегі шағын кәсіпкерліктің даму барысын, оның қалыптасудағы кездесетін негізгі бөкеттері мен оны мемлекеттік қолдау саясатынның маңызды бағыттары сипатталып, басқару тұрғысынан талданды. Сонымен қатар, осы ғылыми жұмыстың қолданбалы мәнділігі шағын кәсіпкерлік қызметті ғылыми негізде жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикасына байланыстыру мәселесі кең талқыланды. Бұл тұрғыда:

- қызметтің тиімділігі мен ұтымдылығын арттыру;

- шағын кәсіпорындар қызметінің барлық істерінің нормативтік құқықтық актілерін қалыптастыратын базаны құру;

- салық салу жүйесін тиімді тұрақтандыру;

- шағын кәсіпкерлік субьектілерінің қызметін мейлінше бақылап, басқару арқылы проблемаларын шешу, яғни тиімді менеджментті іске асыру сияқты мәселелер жатыр.

Қорытындылай келе, дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Кәсіпорындардың жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80-нен 99%-ға дейін мөлшерін қамтып, жалпы ұлттық өнімнің 50%-тен астам жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр. Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуде икемділігі оларды ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бір қозғаушы күшіне айналуда. Сондықтан да олар нарыққа өте икемді болғандықтан Қазақстанда да осы кәсіп түрін алға бастыруымыз біздің қолымызда.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ашонұлы Қ. «Шағын кәсіп және нарық»

2. Қинашева Ж. «Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі»

3. Бейсенғазиев М.Б. «Кәсіпкерлік негіздері»

4. Жатканбаева Е. Б. «Малое предпринимательство»

5. Берденалиев «Экономиканың басқару негіздері»

Наши рекомендации