Жылғы «аз эталон» аҚ-ның жалпы табысы

(мың теңге)

Көрсеткіштер Жоспар бой-ынша Нақты өткіз-ілген өнімге жоспар бойынша Нақты
1 Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыс 20850 19745 23179
2 Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны 16435 15741 16996
3 Жалпы табыс (1 қатар – 2 қатар) 4415 4004 6183

Жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен 1768 мың теңгеге көп.

Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:

1.
өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;

2.
өнім бірлігінің бағасы;

3.
өткізілген өнім көлемі (саны);

4.
өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер

Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.

1.
Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізлген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:

Пs = S QHi ×SHi - S QHi ×Sжi

QHi - өткізілген өнімнің нақты көлемі;

SHi - өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;

Sжi - өнім бірлігінң жоспарлы өзіндік құны.


Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы өзгерістері бар. Бұл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.

Өткізіліген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жоспармен салыстырғанда төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды. Біздің мысалда артық шығындалу болған, бұл жалпы табыс көлемін 1255 мың теңгеге төмендетті.

2. Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:


ПЦ = S QHi ×РHi - S QHi ×Ржi


Мұндағы РHi және Ржi - өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы бағасы.

Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.

Біздің мысалымызда жалпы баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге өсті.

3. Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.

Есептеу үшін өткізілген өнімнің көлемін әр түрлі бағалау ұсыналады: қолданыстағы өткізу бағасымен өндірістік өзіндік құны бойынша. Өткізілген өнімнің көлемі бойынша жоспардың орындалу пайызын есептеу кезінде әр қалай бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезінде айтарлықтай ауытқуларға әкеледі. Бірінші әдіс экономистермен теріске шығарылған, өнімді өткізуден түсетін табыстың өзгеруі өткізудің физикалық көлемін ғана емесе, сондай-ақ құрылымындағы өзгерістерге байланысты өткізілген өнімнің рентабельділіген де әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті күрделі өзгерістерді бастан кешіруде, сондықтан бізідің көзқарасымыз бойынша өткізу көлемін өндірістік өзіндік құн бойынша бағалау әлдеқайда дәлелі б олып табылады.

Жалпы табысқа тауарлы өнімдерді өткізу көлемінің өзгерісінің әсері келесі есеп арқылы анықталады:


1. NCЖ = SH × 100.

Sж

Мұндағы: NCЖ - өндірістік өзіндік құны бойынша өткізу көлемі жоспарының орындалу деңгейі;

SH, Sж - өткізілген өнімнің сәйкесінше нақты және жоспарлы өндірістік өзіндік құны;

2. ПП = ПЖ× NCЖ

ПП – тауарлы өнімді өткізу көлемінің табысқа тигізетін әсері;

ПЖ – жоспарлы жалпы табыс.

Біз талдап отырған кәсіпорын тауарлы өнімді өткізу бойынша жоспрады 3,4%-ға асыра орындады, нәтижесінде жоспарланған жалпы табыстан 150 мың теңге артық алынған – 4415.

Талдау жұмысның теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:

1.
«өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша» есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табыстың жоспарлы мөлшерімен салыстыру арқылы;

2.
«өткізу көлемінің өзгеруі» факторының әсер теу соммасын «өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша» есептелінеген және алынуға тиісті табысының көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру арқылы.


Тәжірибеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бұл фактордың әсер ету көлемін есептеуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды. «Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша» есептелінегн, алынуға тиісті жалпы табыс сомасы осы екі факторлардың жиынтық әсерін сипаттайтын болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің пайдаға тигізетін әсерін анықтайды.

Наши рекомендации