Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге жұмсалатын бюджет шығыстарын қалыптастыру
Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік әрбіреуі оз алдына дербес бірлігі бар заңнамалык (өкілдік), атқарушы және сотты үш бүтаққа бөлу арқылы іске асырылады. Мемлекеттік билік органдары мен басқару деңгейлері арасындағы уәкілдік шектеуі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен мемлекеттік басқару жөніндегі заңнамалы және нормативтік актілермен реттеледі.
Мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстауға байланысты шыгындарды қаржыландыру жыл сайын мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамында бекітіліп, бюджеттік жіктелудің 01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» атты функционалдық топ бойынша есептеледі. Республикалық бюджетте осы функционалдық топ бойынша Президенттің, Парламенттің, Конституциялық Кеңестің, Адам құқығы жөніндегі Ұлттық комиссияның, Орталың сайлау комиссияның және басқа да жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет корсетушілердің іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін бюджет шығындары қаржыландырылады.
Төмен тұрған бюджеттердің осы функционалдық топ бойынша бюджет құралдарының шығыстар бағыттары жалпы түрде келесілер:
• жергілікті өкілдік және атқарушы оргаңдарының қызметтерін қаржыландыру;
• аймақтардың әлеуметті-экономикалық дамуын орташа мерзімді жоспарлауын қаржыландыру;
• аймақтар деңгейлері бойынша бюджеттік жоспарлауды қаржыландыру;
• жергілікті бюджеттерді атқаруды үйымдастыруын қаржыландыру;
• коммуналдық меншікті басқаруды қаржыландыру.
Бюджеттік ақша құралдарын жүмсау бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша міндетгемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарлары негізінде іске асырылады. Қаржыландыру жоспарлары - ол бюджет шығыстарынын экономикалық жіктелу бойынша мемлекеттік мекемелерімен алынған міндеттемелері мен осылар арқьілы төлемдер жасаудыц ай сайынғы кестесін анықтайтын кұжаттар. Қаржыландыру жоспарлары бюджеттік бағдарламалар әкімшілігімен құрылады және бекітіледі, ал оларды құру негізі болып жылдық қаржыландыру жоспары, бағдарламалар паспорты мен біріккен бюджеттік жіктелу есептеледі.
Фундаменталдық ғылыми-зерттеу мен сыртқы саясаттық іс-әрекетке арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
Жалпы адамдық өрлеуде айрықша маңызы бар ғылымның іс-әрекетін қамтамасыз ету мен терең және қолданбалы ғылыми зерттеудің дамуы үшін республикада негізінде құқықтық, экономикалық және әлеуметтік шарттар жасалған. Әлеуметті-экономикалық саясаттың құрамдык бөлігі болып табылатын мемлекеттік ғылыми-техникалык саясат, коғамның мұқтаждығы мен әлемдік ғылымның даму деңгейі, мемлекеттік бюджеттен ғылыми зерттеуді каржыландыру мен терең және қолданбалы зерттеуге мемлекеттік жәрдем жасаудың экономикалык механизмін кұруын негізге ала отырып, ғылым мен техииканың басымды бағыттарын таңдау мен ынталандыру жолдарымен іске асырылады.
Ғылым, техника және технологияның дамуына мемлекет, көптеген қаржылаыдыру көздері мен олардың максатты бағыт-тарын қарастыра отырып, каржылық көмекті қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджет құралдары арқылы ең алдымен мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларда кұрастырылған терең ғылыми-зерттеулер мен жобалар қаржыландырылады. Бюджет шығыстарында ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға карас-тырылған құралдарды бөлу тәуелсіз сараптама негізінде өткізілетін конкурстық іріктеу арқылы іске асырылады.
Іргелі ғылыми-зерттеуді қаржыландыру - ол терен және қолданбалы зерттеулерді іске асырушы завщы және жеке тұлғаларға, мемлекеттік сыйлық пен шәкіртақы толеуге берілетін іргелі трансфертгерді үйғарады. Тәуекелді және талапты ғылыми-зерітеулер Ғылым қоры арқылы қаржыландырылады.
Ғылыни-зерттеулерге арналған шығындар көлемі және оларды қаржылаыдыру көздері әрбір ғылыми-зертгеулік мекемелер бойынша анықталады және каржыландыру жоспарларында есептеледі. Егерде бюджет құралдары қаржыландыру жоспарына сәйкес ғылыми мекеменің бәрін ұстауға бөлінсе, онда мұндай бюджеттік қаржыландыруды институционалдық әдіс деп айтылады. Бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеулік мекемелердің шығындар құрамына жалпы мәліметтер, қарамағындағы ұйымдардың тізімі, басқару аппаратты ұстауға арналған шығындар есебі, кызметкерлер санының есебі, шығыстардыц баптар бойынша есебі, тақырыптар мен жұмыс түрлері бойынша шығындарды бөлу жөніндегі мәліметтер кіреді.
Ғылыми-зерттеулерді грант немесе тапсырыс арқылы жүргізуде, тапсырыс беруші мея атқарушы арасындағы аракатынастары талаптарға сәйкес құрылған ғылыми-зерттеу немесе тәжірибелі құрастырушылық жұмыстар орындау жөиіндегі келісім шартпен хаттанады. Егерде бюджет құралдары жеке бір тақырып немесе белгілі бір жобаны орындауға белінетін болса, онда ғылыми-зерттеулердің мұндай бюджеттік қаржыландыруын багдарламалы-максатты әдіс деп айтады. Ғылымды осы әдіс арқылы каржыландыру - оны алға қарай дамыту деп есептеледі, себебі бұл арада нақты ғылыми нәтижеге жететін қабілеті бар ұжым жинауға, ең көкейкесті тақырыпты бөліп шығаруға және оны толығымен қаржыландыруға болады.
Республикалық бюджет шығыстарының функционалдық жіктелуі 04 «Іргелі ғыными-зерттеулер» атты кіші функция қарастырылған, мұида әкімгер болып Білім және ғылым минис-трлігі саналады. Шығыстарды жоспарлау және қаражаттандыру «Іргелі және колданбалы ғылыми-зерттеу» атты бюджеттік бағдарлама бойынша іске асырылады.
Бюджет шығыстары құрамында елдің саясаттың мақсаттары мен сыртқы саясаттык іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін шығындар, халықаралық ұйымдар мен басқа да халықаралык органдарда қатысу үшін шығындар, әр түрлі халықаралық органдар-да ел өкілдерін үстау үшін шығындар карастырылған. Сонымен бірге, мемлекет тарапынан қоғамдық тортіп аумағындағы елдің саясаттық мақсаттарын камтамасыз ету үшін шығындар, Сыртқы істер министрлігінің аппаратын, елшіліктер, дипломатиялың миссияларды үстау мен басқа да шараларға арналған шығындар қаражаттандырылады. Осы мақсаттарға арналған шығыстарды жоспарлау негізіне жоспарлы жылда белгіленген өзгерістер мен шығыстарды қайта күрылымдау бойынша шараларды есептей отырып, откен жылғы бюджетті атқаруының нәтижелері алынады.
Жалпы синаттағы мемлекеттік қызметтерді бюджеттен қаражаттандыру жэне оларды пайдалауын бақылау
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған шығыстар құрылымынын келесідей өз мақсаты бар:
• мемлекеттің нақты мұқтаждықтарының негізінде, уәкілдік шектеуі заңды түрде бекітілген баскарудың республикалық органдарын қаражаттандыру;
• мемлекеттік қызметтің бірыңғай жүйесі бойынша мемлекеттік қызметкерлерді ұстау үшін шығындардың қалыптасу жалпы принциптерін жасау және енгізу;
• осы мақсаттар үшін бөлінген бюджет құралдарын пайдалануының мемлекеттік қаржы бақылау жүйесін жетілдіру;
• басқарудың мемлекеттік органдар күрылымын жетілдіру.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер шығыстарына арналған бюджет кұралдарымең каражаттандыру мен оларды пайдалану үшін тұрақты ішкі және сырткы бақылау жүргізіледі. Ішкі бақылауды Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау атты Комитеті және оны жергілікті органдары мен аумақтар бойынша окілетті органдар іске асырады. Сыртқы бақылауды Есеп комитеті мен маслихаттардың ревизиялық комиссиялары атқарады. Бұл бақылаушы органдар бюджет кұралдарының мақсатты пайдалануын тексереді, оларға талдау жасап негізінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметгерге арналған шығыстарды азайту мен кайта құрылымдау жөнінде ұсыныстар енгізеді.