Азақстан территориясындағы ертеортағасырлық мемлекеттер
(ҮІ-ХІІ ғғ. түрік кезеңі)
Түрік қағанаты (552-603 жж.). Еуразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Түркілердің шығу тегі туралы деректер мен зерттеулер. ІІІ-Ү ғғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай. Түркі ақсүйектерін құраған Ашин руы. «Түркі» этнонимі. Түркілердің Алтайға қоныстануы. Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары. Түркілер Жужань империясының құрамында. Бұмын қаған және Түркі қағанатының құрылуы. Батыс Вэй патшалығымен жасырын одақтастық. Анахуаньға қарсы күрес. Шығыс саясаты.
ҮІІ ғ. Мұқан қағанның тұсында Түрік қағанатының күшеюі. Естемістің батысқа жорықтары. Түрік қағанатының Орталық Азияда саяси үстемдікке жетуі. Таспар қаған тұсындағы қағанаттың күшеюі. Византиямен, Иранмен және Қытаймен қатынасы. 582-603 жылдар аралығындағы жұт, билік үшін қырқыс. ҮІ ғасырдың соңында қытайлықтардан жеңіліс табуы. Қағанаттың әлсіреуі, Батыс және Шығыс болып екіге бөлінуі.
Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Территориясы, тайпалары. Саяси тарихы. Жегуй және Түн-Жабғы қағандар тұсында қағанаттың күшеюі. Ішкі құрылымы: «он оқ бұдұн». Батыс Түрік қағанатының астанасы. Соғдылықтар Батыс Түркі қағанаты өмірінде. Дулу және нушиби тайпалары арасындағы күрес. Қытай шапқыншылығының Батыс-Түрік қағанатының құлауына әсері. Батыс Түрік қағанатындағы дағдарыс және оның ыдырауы. Әулеттердің ауысуы.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.). Түргеш қағанатының құрылуы. Үш-Елік қаған және түргештердің Батыс Түрік мемлекеттігін қайта қалпына келтіруі. Суяб қаласы қағанаттың саяси орталығы. Ішкі құрылымы: қара және сары түргештер, тұтықтарға бөлінуі. Қағанаттың Сақал тұсындағы нығаюы, оның жүргізген шаралары. Шығыс түркілерінің түргеш мемлекетіне басып кіруі, қағанаттың уақытша құлдырауы. Қапағанның батысқа жорығы туралы Орхон жазбаларының мәліметтері. Сұлу (Сұлұқ) қағанның билік құрған кездегі Түргеш қағанаты. Түргештердің Орта Азиядағы Таң әулетімен, арабтармен күресі. Арабтар Оңтүстік Қазақстанда. Қытай шапқыншылығы. 751 ж. «Атлах шайқасы». Сары және қара түргештер арасындағы күрес. Қағанттағы саяси дағдарыс. Түргеш қағанатының құлауы.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларының шығу тегі туралы жазба деректер. Қарлықтардың 746 жылы Алтай және Тарбағатайдан Жетісуға орналасуы. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы, оның сыртқы саясаты. Қарлұқ бірлестігінің құрамына енген тайпалар. Қарлұқтар мен оғыздар. Ұйғыр қағанатымен күрес. Қарлұқ билеушілерінің қаған лауазымен қабылдауы. Саманилерге қарсы күрес. Испиджаб, Тараз қалаларын алуы. Қарлұқтардың мұсылман дінін қабылдауы. Қарлұқтар мен қарахандар әулеті. Қарлұқтардың шаруашылығы, сауда-саттық қатынастары. Қалалар және Жібек жолы.
Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). «Қарахандар әулеті» туралы ғылыми көзқарастар. Әулеттің этникалық негізін салған яғма, шігіл тайпалары. Сатұқ Боғрахан – Қарахандар әулетінің негізін салушы. Территориялық аймағы. Қарахандар мемлекетінің астаналары Қашғар және Баласағұн қалаларының мемлекет тарихындағы орны. Қарахандықтардың саяси билігінің Мәуереннахрға таралуы. Селжұқтармен, хорезмшахтармен, қыпшақтармен саяси байланыстары. Үкімет құрылысының иерархиялық жүйесі. Қарахан мемлекетінде Мұса ханның тұсында исламды мемлекеттік дін етіп жариялануы.
Қарахан мемлекетінің ішкі құрылымы. Жер иеленудің сойырғал, уакф (вакф), коммендация түрлері. Салық жүйесі. Иқта. Мемлекеттің Батыс және Шығыс қағанаттарға бөлінуі. Қағанаттағы дағдарыс. Салжұқтардың көтерілуі. Қарақытай шапқыншылығы. Қарахандар мемлекетінің құлауы
Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы).Қимақ тайпалары туралы араб-парсы тарихшыларының мәліметтері. Қимақтардың шығу тегі, орналасуы, этникалық құрамы. Қимақ мемлекетінің құрылуы. Қимақ-қыпшақ тайпаларының конфедерациясы. Қағанаттың сыртқы саяси жағдайы. Қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, қалалары. Көрші тайпалардың басқыншылығы, қағанаттың әлсіреуі. Қыпшақтардың әскери ақсүйектерінің күшеюі. Қағанаттың құлауы.
Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы). Оғыз тайпалары туралы жазба деректер. М.Қашғари оғыздар жөнінде. Оғыздардың печенег тайпаларын Сырдария аңғарынан, Арал жағалауларынан ығыстыруы. Оғыз мемлекетінің құрылуы. Янгикент қаласы мемлекеттің астанасы. Қоғамдық-саяси құрылысы. Оғыздардың тайпалық құрамы және екі фратрияға бөлінуі (бұзықтар және ұшықтар). Оғыз-қыпшақ қатынастары. Оғыз тайпаларының шаруашылығы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері. «Кітаби Қорқыт». Селжұқтармен күрес және өзара қырқысудың күшеюі. Оғыз мемлекетінің құлдырауы мен құлауы.
Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы – 1224 ж.). Қимақ мемлекетінің мұрагерлері Қыпшақ тайпалары туралы араб-парсы, қытай, европалық, орыс деректерінің мәліметтері. Оғыздарды Сырдариядан ығыстыру. ХІ ғ. қыпшақтардың орналасуы, олардың батысқа және оңтүстікке жылжуы. «Дешті Қыпшақ» термині. Қыпшақ хандығының құрылуы (ХІ-ХІІІ ғғ). Шығыс Дешті-Қыпшақ хандарының шыққан әулеті. Қыпшақтардың тайпалық құрамы және иерархиясы. Қыпшақ хандығы мен Хорезм мемлекеті арасындағы байланыстар. Мемлекеттің екі бірлестікке бөлінуі. Рулық-тайпалық құрамы. Қыпшақтардың қазақ және басқа түркі халықтарының қалыптасуындағы рөлі. Қыпшақтардың шаруашылығы, әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы. Шаруашылығы. Тілі. Мәдениеті. Монғол шапқыншылығы. Қыпшақ хандығының құлауы.
Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.). Шығыс Қарахан қағанатын қарақытайлардың басып алуы. Қарақытайлардың саяси ықпалының Мәуереннахрға тарауы. Қоғамдық құрылысы және шаруашылығы. Қарақытай мемлекетінің құлауы.
Найман, керей ұлыстары (Х-ХІІІ ғғ.). Найман, керей тайпалық одақтары жөніндегі деректер. «Моңғолдардың құпия шежіресі». Қытай дерегі – «Юань-Ши». Рашид ад-Диннің «Жылнамалар Жинағы» - ХІҮ ғасырға дейінгі түркі моңғол халықтарының жазба түрінде және жадта сақталған тарих айту дәстүрлерінің көрінісі. Найман, керейлердің бастапқы орналасқан жері, олардың тегі мен тілі жөніндегі тарихнамалық мәселе. Х ғ. Керей мемлекетінің құрылуы. Найман тайпалық одағының қалаптасуы.
Найман, керейлердің тұрмысы, шаруашылығы, ертефеодалдық мемлекеттік құрылымы. Көрші халықтармен өзара қатынастары. Саяси тарихы. Шыңғыс хан бастаған моғол мемлекетінің құрылуы және бұл жағдайдың найман, керейлердің тағдырына ықпалы.