Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 4 страница
Корпорацияның инновациялық жоспарының сипаттамасы, мазмұны. Инновациялық жоба түсінігі екі мағынада қолданылады:
Қандай да бір мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қандай да бір әрекеттердің жиынтығын қарастыратын іс, іс-әрекет, шара ретінде;
Қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті ұйымдастырушылық-құқықтық, есеп-қаржылық құжаттар жүйесі ретінде.
Әр инновациялық жоба, күрделілігі мен жұмыс көлеміне қарамастан, өзінің даму барысында қандай да бір жағдайлардан өтеді: «жоба әлі жоқ» жағдайдан, «жоба енді жоқ» жағдайға дейін. Қалыптасқан тәжрибеге сәйкес, жобалар өтетін жағдайлар кезең (фаза) деп аталады. Жобаны құру мен жүзеге асырудың әр кезеңінің өз мақсаттары мен міндеттері бар. Инновациялық идеяны таңдау және қандай да бір инновациялық жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылдау кезінде бірқатар жағдайларды анықтап алу керек::
-егер тауарлық инновация туралы сөз болса – ол тауар нарықта жақсы қабылдана ма;
-егер кез келген инновацилық жоба туралы сөз болса – нақты табыс алу (жобадан келетін табыс, оған жұмсалған шығындардан елеулі жоғары болу керек) және нақты қатерді бағалау (жобаға қатысты қатер оны жүзеге асырудан түсетін табыспен шекті мүмкін қатынаста болуы керек).
Қойылған мақсаттарға жету және инновациялық жобадан монополиялық жоғары табыс алу үшін келесі қажетті шарттар мен талаптарды сақтау керек:
-мүмкін тұтынушылардың жаңалыққа деген сұраныс көлемін, оның осы қажаттілікті өтеуде қолданыстағы әдістен экономикалық сипатталған артықшылықтарын анық білу керек;
Корпорацмяның негізінде инновациялық жобаны жалпы құру мен жүзеге асырудың келесі негізгі кезеңдерін жүйелеуге болады:
1Инновациялық ойды (идеяны) қалыптастыру;
2Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу;
3Келісімшарттық құжаттарды дайындау;
4Жобалық құжаттарды дайындау;
5Құрылыс-монтаж жұмыстары;
6Объектті пайдалану;
7Экономикалық көрсеткіштер мониторингі.
Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау Кәсіпорын қаржысының жағдайын бағалау әдістемесі талдаудың мына блогынан құралады: 1.Қаржының жәй күйін есепті кезеңде оның өзгеруін жалпы бағалау мүлікті және оның қаржыландыру көзінің құрамымен серпінін талдау және бағалау; 2.Кәсіпорын қаржысының тұрақтылығын талдау; 3.Кәсіпорын қаржысының нәтижесін, іскерлік белсенділігін төлем қабылеттілігін талдау; 4.Баланстың өтімділігін талдау; Салыстырмалы талдау балансы бойынша қаржының жәй-күйін есепті кезеңде оның өзгерісін бағалау, сондай ақ қаржының тұрақтылық көрсеткішін талдау қаржының жәй күйін талдаудың қорытынды блогы қисынды түрде дамуы тиіс бастапқы пункті болып табылады. Баланстың өтімділігін талдау кезінде ағымдағы төлем қабылеттілігін бағалануы және келешекте қаржының тепе-теңдігі мен төлем қабылеттілігін сақтау мүмкіндігі жөнінде қорытынды берілуі тиіс. Салыстырмалы талдау балансы мен қаржының тұрақтылық көрсеткіші қаржының жәй күйінің мәнін көрсетеді. Баланстың өтімділігі қаржының жәй күйінің мәніне байланысты қаржының жәй күйінің сыртқы көрінісін сипаттайды. Талдау есеп деректерімен тереңдетілген жағдайда ішкі талдауға жататын мәселеге де үңілу қажет болады. Мәселен,қаржының тұрақтылық факторын зерттегеннен кейін запас пен шығынды ішкі талдау қажет болады, ал баланстың өтімділігінің бағасы дебиторлық және кредиторлық берешектің жәй күйін ішкі талдаудың көмегімен нақтыланады. Қаржының жәй күйінің әр түрлі аспектісін сипаттау үшін талдау барысында абсолюттік көрсеткіште де,қаржының жәй күйінің салыстырмалы көрсеткіші болып табылатын қаржы көрсеткіші де қолданылады. Салыстырмалы көрсеткіш қаржының жәй күйінің абсолюттік көрсеткішінің немесе оның сызықтық құрамдасының қатынасы түрінде есептеледі. Баланс жүргізудің негізін қалаушылардың бірі Н.А.Блатовтың жіктемесіне сәйкес қаржының жәй күйінің салыстырмалы көрсеткішін бөлу коэффициенті мен үйлестіру коэффициентіне бөлінеді. Бөлу коэффициенті қаржының жәй күйінің абсолюттік көрсеткіші өзі кіретін абсолюттік көрсеткіш тобының сол немесе басқа бөлігін құрайтынын анықтау қажет болған жағдайда қолданылады. Бөлу коэффициенті мен есепті кезеңде оның өзгеруі төменде көрсетілген қаржының жәй күйінімен салыстырмалы талдау нетто бойынша алдын ала таныстыру барысында маңызды рөл атқарады. Үйлестіру коэффициенті қаржының жәй күйінің немесе оның құрамдастырымының мәні бойынша әр алуан экономикалық маңызы түрлі көрсеткіштерінің қатынасын көрсету үшін пайдаланылады. Қаржы коффициентін талдағанда оның мағынасы базистік мөлшермен салыстырылады, сондай ақ оның есепті кезеңдегі және бірқатар жылдағы серпіні зерттеледі. Базистік мөлшер ретінде осы кәсіпорынның уақыт қатары бойынша қаржысының жәй күйі бойынша қолайлы өткен кезеңдегі орташаланған көрсеткішінің мағынасы; орташы салалық көрсеткішінің мағынасы;ең басты бәсекелестің есеп қисап дерегі бойынша есептелген көрсеткішінің мағынасы пайдаланылады. Сонымен бірге салыстыру базасы ретінде теориялық жағынан негізделген неме сарапттық сұрату нәтижесінде алынған сондай ақ қаржының тұрақты жәй күйі жағынан алып қарағанда салыстырма көрсеткіштің оңтайлы немесе сыни мағынасын сипаттайтын мөлшер алынуы мүмкін. Мұндай мөлшер іс жүзінде қаржы коэффициентінің нормативінің рөлін атқарады.Кәсіпорын қаржысының жәй күйін және оның өзгеру үрдісін талдау үшін қаржы коэффициентінің біршама шағын саны жеткілікті болады. Тек осы көрсеткіштің әр қайсысы қаржының жәй күйінің ең елеулі жағын көрсету маңызды.
Корпорацияның қаржылық тұрақтылығы: оның көрсеткіштері Компания қаржысын басқарудың мақсаты – компанияның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтығын қамтамасыз ету және қолдау. Өзінің кең мағынасында қаржылық тұрақтылық дегеніміз ұдайы өндірісті кеңейту үшін қажетті табыс ала отырып және төлемдер бойынша барлық міндеттемелерді өтей отырып кәсіпорынның қызмет ету қабілеті болып табылады. Бұл мағынада шаруашылық субъектісі қаржылық тұрақты болып табылады, егер:активтердің табыстылығы банктік несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемеден төмен болмаса;меншікті капиталдық табыстылығы активтердің рентабельділігінен төмен болмаса; түсімдер мен төлемдер тең болса немесе орта мерзімдегі таза ақша ағыны оң нәтижелі болса; компанияның ондірістік патенциялын қамтамасыз ету үшін таза табыс пен амортизациялық аударымдар жеткілікті болса. Қаржылық тұрақтылық интегралды шаруашылық субъект қызметінің жағдайы мен нәтижелерін қорытындылаушы көрсеткіш болып табылады. Қаржылық тұрақты болу үшін қадағалануы тиіс шарттар жүйесін қалптастыруға болады. Бұл ең алдымен практикалық жағынан маңызды, өйткені мұңсыз қаржылық талдау да, қаржылық жоспарлау да, жалпы қаржылық бсқару да өзінің бағытынан, тіпті мағынасынан да айырылады. Алайда, қаржылық жағдайды және қызмет нәтижелерін сипаттайтын нақты көрсеткіштерді немен салыстыруға болады, қандай жағдай «қолайлы» болып саналады? Әрине түрлі уақыт аралығындағы қаржылық тұрақтылықты бағалау әр түрлі блады. Шынында да, айналым активтерінің құрылымында үлкен көлемінде ақша қаражаттарының болуы қысқа мерзімді қаржылық тұрақтылықтың маңызды факторы болып табылады. Алайда, жасырын емес, ақшалай активтер табыс алып келмейді (ақшаның уақыттағы құнының өзгеруіне, инфляцияға байланысты) және активтердің рентабельділігі мен компанияның ағымды төлеу қабілетіне нұқсан келтіреді. Қысқа, орта және ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылыққа әсер етуші факторларды бөлу бір нақты жағдайларда компанияның қаржысын басқару приоритеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Корпорацияның материалдық емес активтері Корпорацияның материалдық емес активтері – бұл өндірісте ұзақ мерзімі бойына пайдалану үшін немесе тауарларды сатуға әкімшілік мақсатқа ж/е басқа да субьектілерге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субьектінің күшімен бақыланады ж/е оларды пайдаланудан субьект болаашақта экон/лық олжа табады деп күтілуде. Материалдық емес активтер 4 топқа бөлінеді:
- өндіріспен байланысты материалдық емес активтер – «ноу-хау», бағдарлама жабдықтаушылары , белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі, өкіметтік үлгілер, сервитут т.б «ноу-хау» - техникалық құжаттама, білім жиынтығы. Ол лицензия бағасына ұқсас «ноу-хау» ерекшілігі –субьектінің жарғыылық капиталына құралдардың қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін. Өндірістік ақпаратты пайдалану құқығын есепке алу оған материалдық емес активтер қатарына белгіілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпараттық немесе субьектінің өнімін болаашақ кезеңдегі тұтынушылар тур, шикізат, материалдар, жабдықтаушылар тур мәліметтер жатады. Бағдарламаны жабдықтау – кәсіпорын иемденген ұзақ уақыт бойы пайда әкелуге қабілетті бағдарламаларды пайдалануға қажетті мәліметтерді талдау ж/е бағдарлама құжаттарды жинақтау жиынтығы.
- коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер: тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері, тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесілі таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтады. Тауар таңбасы құ заңдармен қорғалады. Тауардың шыққан жерінің атауы - тауарды таңбалау үшін пайдаланылатын елдің мекеннің атын қоса ж/е басқа да ерекшелігі арқ сипатталады.
- қолдану құқығымен байланысты материалдық емес активтер – патент, өндірістік үлгілер, лицензия. Патент оның ұстаушысының патент қамтыған нәрсесін, процесін немесе қызмет түрін ж/е дәл сондай әрекетті басқа тұлғаның жүзеге асыруына тиім салатын, бақылайтын, пайдалану құқықтарын б.т.. өндірістік үлгілер; модельдермен, суреттермен берілуі мүмкін. Лицензия – белгілі бір қызмет жүргізілгенге қызмет жүргзігенге құқықтық мем/тік органның берген рұқсаты басқа да түрлері, «Гудвилл», кәсіпорынның сатып алынған бағасын ж/е оның дербес бірлік болып тұрған кезіндегібаланс қалдық құнының артықшылығы айырмасын көрсетеді.
Корпорацияның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымы Корпорацияның қаржылық әлеуетінің негізін меншікті капитал құрайды. Оған: 1.Жарғылық капитал; 1.Меншікті акциялар, олар иелерінен қайта жою немесе қайта сатуға шығарылған акционерлік қоғамның сатып алған акциялары; 3.Резервтік капитал; 4.Қосымша капитал; 5.Мақсатты қаржыландыру құралдары; Жарғылық капиталмен корпорацияның кредиторларының қызығушылығын кепілдейтін корпорацияның мүлкінің минималды көлемін анықтайды. Жарғылық капитал негізгі құралдардың, басқа мүліктердің, материалдық емес активтердің жиынтығын және құрылтай шартына сай анықталған құрылтайшылар мен акционерлердің корпорацияға қосқан ақшалай сипаттағы мүліктік құқықтарын білдіреді. Жарғылық капиталдың құрылуы ҚР Азаматтық кодексі мен «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР-ң Заңына сәйкес негізделеді. Акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталы жай немесе артықшылықты акциялардың минималды құнынан тұрады. Артықшылықты акциялардың номиналды құны жарғылық капиталдың 25% көлемінен аспауы керек. Акционерлік қоғам құрғанда оның жарғылық капиталы тіркелгенннен кейін 30 күн ішінде өтелуі тиіс. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы акциялардың номиналды құнын өсіру және акционерлік қоғамның жалпы жиналысының шешімімен қабылдану арқылы акциялардың қосымша санын эмиссиялау арқылы жүзеге асады. Жарғылық капиталдың көлемі акцияның номинал құнын төмендету немесе шығару көлемін азайту арқылы азайтылады. Жарғылық капиталдың минималды көлемі 50 мың АЕК-ке және 1 миллион АЕК халықтық акционерлік қоғам бойынша болуы керек. Жарғылық капиталды көбейту мен азайту туралы шешімді жалпы жиналыс қабылдайды. Акционерлік қоғамның резервтік капиталы жарғыда көрсетілген мөлшерде таза табыстан 5% ығыстыру арқылы акционерлік қоғам жарғысында анықталған көлемге жеткенге дейінгі уақыт аралығында құрылады. Резервтік капитал өткен жылдар мен ағымдағы жылдардың шығынын жабу үшін, басқа ақша қаражаттары болмаған жағдайда акцияларды сатып алу үшін арналған. Қосымша капитал мүлікті қайта бағалағанда оның өсімін, эмиссиялық табысты, қайтарымсыз алынған құндылықтарды және басқа кірістерді білдіреді. Бөлінбеген пайда акционерлік қоғамның меншікті капиталын құрудағы маңызды көздердің бірі. Бөлінбеген пайдаға мыналар жатады: 1.Өткен жылдағы бөлінбеген пайда (шығын); 2Есепті жылдағы бөлінбеген пайда (шығын); Өткен жылдағы бөлінбеген пайда мына мақсаттарға қолданылады: 1.Резервтік капиталдың толығуы; 2.Жарғылық капиталдың көбеюі; 3.Қосымша капиталдың көбеюі; Меншікті капиталды құрудың негізгі мақсаттары: 1.Меншікті капитал негізінде айналыстан тыс активтер, яғни меншікті негізгі капитал (МНК) құру; 2.Меншікті капитал негізінде айналыс активтерінің белгілі үлесін, яғни меншікті айналыс капиталын (МАК) жасау; 3.Меншікті негізгі капитал (МНК) мөлшерін мына формуламен есептейді: МНК = АТА – ҰМ; Мұнда: АТА – кезең соңындағы (квартал, жыл) баланс бойынша айналыстан тыс активтер; ҰМ - айналыстан тыс активтерін қаржыландыру үшін қолданылатын ұзақ мерзімді міндеттемелер; Меншікті капиталдың құрылу көзі сыртқы және ішкі болып табылады. Ішкі құрылу көзі: 1.Бөлінбеген табыс. 2.Негізгі құралдарды есептегеннен кейін немесе есептегенге дейін меншікті капиталға біріктірілетін құралдар; 3.Өзге де ішкі көздер(резервтік қорлар). 4Амортизациялық аударымдар(меншікті капиталдың өсуінде ол өспейді,тек оның қайта инвестициялануына негіз ретінде қызмет етеді). Сыртқы құрылу көздері: 1.Қосымша үлестік капиталдың мобилизациялануы салынған құралдардың жарғылық капиталдағы иегерлерінің жолымен. 2.Қосымша акционерлік капиталды қайта эмиссиялауды ынталандыру және акцияларды алу. 3.Мемлекеттен және заңды тұлғалардан қайтарымсыз қаржылық көмек; 4.Корпоративтік облигацияларды акцияларға айырбастау жолында заемдық құралдарды жекеге конверсиялау. 5.Инвестициялық бағытқа түскен бағыттық құралдарды қаржыландыру. 6.Өзге де сыртқы құрылу көздері:акцияларды өзінің өзіндік құнынан жоғары сатудан түскен эмиссиондық табыс.
Корпорацияның негізгі қорлары: мазмұны, құрамы және бағалау Негізгі капитал бұл негізгі қорлардың ұзақ мерзімді қалыптастырылған материалдық құндылықтар ретіндегі ақшалай бағасы. Осыған байланысты негізгі қорлар өзінің құнын өндіретін өнімге біртіндеп қосады. Ол корпорацияның өтімді емес активтерін қалыптастыратын капиталдың бөлігін білдіреді. Экон/лық мазмұны жағынан негізгі капитал ұғымы негізінен құралатын ұғымынан кеңірек негізгі капиталдың құрамына 1 материалдық активтер, яғни еңбек құралдарына (негізгі қорларға) аванстық капиталды салымдар кіреді. Бұл еңбек құралдардыңң айналысының ерекшелігі өндіріс процесінде олармен ұсталатын құн, кейін тауар құнының бөлігі ретінде айналысқа түседі (ол сол кездегі натуралды нысанда қызмет етуін жалғастырумен түсіндіріледі. Сондықтан қолданылатын еңбек құралдардың құны жоғалмайды, яғни тауар құнына құрамдас бөлігі ретінде біртіндеп кіреді. Негзгі капиталдың бөлігі ретінде материалдық активтердің айналымы шын мәнінде олардың қызмет ету мерзімі аяқталған кезде жаңа материалдық элементтерінің келуімен тоқтатылады. Негізгі капиталдың материалдық элменттері (көліктер ж/е құрал жабдықтарды ) өндіретін өзінің физикалық тозу уақытына дейін шығарылуы мүмкін.
Негізгі капиталдың құрамына 2 материалдық емес активтер кіреді. Оған натуралды заттық формасы жоқ, бірақ кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қатысатын ж/е оған табыс әкелетін активтер жатады. Мыс;жекелеген ресурстарды (табыс, жер, ғимарат жалға алу т.т) пайда алу үшін кәсіпорынның өзі алған құқықтар; патент, ноу-хау, инновация, модельдік өқөыөтар, гудвилл ж/е т.б.
Корпорацияның негізгі капиталдың құрамына 3 қаржы активтер кіреді: ұзақ мерзімді салымдар, бағалы қағаздар, заимдар жатады. Қор рыногына үлесі көп материалдық активтер басты рөль атқарады.
Негізгі капиталды пайдалану коэффициентін есептеу және бағалау.Негізгі қорды пайдаланудың түпкілікті тиімділігі қор қайтарымы, қор сиымдылығы, пайдалылық, салыстырмалы үнемдеу қоры, өнім мөлшерін арттыру, жұмыс істеушілердің еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын және негізгі қорды ұдайы жаңарту шығынын төмендету, еңбек құралының қызмет ету мерзімін арттыру және т.б. көрсеткіштермен сипатталады.
Өнеркәсіптік кәсіпорында қор қайтарымынегізгі қордың орташа жылдық құнының бір теңгесіне шығарылған өнім мөлшері бойынша анықталады. Қор қайтарымы – өндірістік қорды пайдаланудың қорытып жинақталған көрсеткіші. Қор қайтарымының мөлшері мен серпініне кәсіпорынға байланысты және байланысты емес көптеген факторлар ықпал етеді. Сонымен бірге әрбір кәсіпорында, учаскеде, жұмыс орнында қор қайтарымын арттыру, сондай ақ техниканы тәуір пайдалану резерві бар. Шаруашылықты қарқынды жүргізу үшін машинаның, механизмдермен жабдықтың өнімділігін арттыру, сонымен бірге олар бос тұратын уақыты қысқарту, техниканы оңтайлы жіктеу, сондай ақ өндірістік негізгі қорларды техникалық жетілдіру есебінен қор қайтарымын ұдайы ұлғайтып отыру қажет. Толықтай пайдаланылмайтын резервті анықтау үшін қор қайтарылымының аталмыш көрсеткіштер моделденетін тәсілмедегі айырмашылықтардан туындайтын факторлары талданатын негізгі бағыттарда білген маңызды.
Ең қарапайым екі факторлық таңдау моделі ұсынылады:
f=N/Fоп=Fопа/FопxN/ Fопа
f-Қор қайтарымы;Fопа- негізгі қордың белсенді бөлігі; NA- қор қайтарымын есептеу үшін қабылданған өнім мөлшері;
Қор қайтарымын талдау кезінде аталмыш моделді қолдану негізгі қордың құрылымында қандай өзгеріс, яғни оның актив және пассив бөлігінің арақатынасындағы өзгеріс қор қайтарымының өзгеруіне қалай ықпал етеді деген сұраққа жауап алуға мүмкіндік береді.
Негізгі қорды пайдаланудың экстентсивтілік және қарқынды факторларының қор қайтарымына жасайтын ықпалын кеңірек білу үшін талдау барысында бұданда толық моделді пайдалану қажет.
Негізгі қордың құнындағы қор қайтарымының жалпы көрсеткішін есептегенде меншік және алынған қор ескеріледі. Консервациядағы және резервтік, сондай ақ жалға берілген қор ескерілмейді.
Егер өнімнің немесе пайданың табиғи мөлшерінің салыстырмалы өсімі негізгі қор құнының талданатын кезеңдегі салыстырмалы өсімінен асатын болса, онда негізгі қорды пайдалану тиімді деп табылады.
Қор қайтарымының өсуіөндірістік негізгі қорды біршама үнемдеуге және шығарылған өнім мөлшерінің ұлғаюына септігін тигізеді. Қор қайтарымының өсу нәтижесінде ресурстың біршама үнемі мен өнімнің өсу үлесі арнайы есептеліп анықталады.
Мәселен, негізгі қордың біршама үнеміесептегі кезеңнің негізгі қорының орташа жылдық құнының мөлшері мен базалық жылдағы негізгі қордың өнім өндірісі мөлшерінің өсуіне нақтыланған орташа жылдық құны арасындағы айырма ретінде белгіленеді.
Өнімнің қор қайтарымының өсу есебінен өсу үлесі тізбек ішінде көрсеткіштерді ауыстыру әдісі бойынша анықталады, яғни талданатын кезеңдегі қор қайтарымының өсімі негізгі өндірістік қордың орташа жылдық нақты құнына көбейтіледі.
Корпорацияның өнімдерін, жұмыстары мен қызметтерін өткізуден алынатын табысты жоспарлау.Даяр өнім – негізгі және қосалқы цехтардың сатуға арналған өнімі. Даяр өнімнің өндірісі аяқталуы? Жинап-толықтырылуы? Сонымен бірге ол стандартқа немесе техникалық шартқа сәйкес келуі тиіс. Даяр өнімді техникалық бақылау қаызметі қабылдап лауы тиіс? Сондай-ақ оның паспорты? Сертификат немесе оның сапасы мен жинақтылығын растайтын басқа да құжаты болуы тиіс. Аталмыш өнім қоймаға тапсырылуы? Ал егер тапсырыс берушіге сол жерде табыс етілуі тиіс болса? Онда ол қабылдау актісімен немесе басқа құжаттармен рәсімделуі тиіс.Бухгалтерлік есепте даяр өнімді бағалаудың келесі түрі қолданылады: 1.Өнідірістік өзіндік құн (жоспарлы, нақты), оған даяр өнімді өндіруге жұмсалатын барлық өндірістік шығын кіреді; 2.Толық өзіндік құн (жоспарлы, нақты), оған өндірістік өзіндік құн және коммерциялық шығыс (сатумен, жарнамамен байланысты және сатып алушы өтемейтін басқа да шығыс) кіреді; 3.Кәсіпорынның шартты бағасы бойынша; 4.Бөлшек сауда бағасы – кең саласы нарыққа түсетін және негізінен бөлшек сауда желісі мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны арқылы сатылатын адамның жеке басы тұтынатын тауардың бағасы бойынша.Сатып алынған даяр өнім мен тауар сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс тараптар арасындағы шартта (келісімшартта) көзделген сату құны бойынша анықталады.Сату құны деп – сатып алушы актив үшін тлейтін немесе мәмілеге осы актив дайын дербес тараптар арасында айырбасталатын құн түсініледі. Негізгі қызметтен алынатын кірістің сесебін жүргізу «Негізгі қызметтен алынған кіріс» деп аталатын 7-шаын бөлімнің шоттарында ұйымдастырылады.