Экономикалық жоспарлаудың нысандандырылған әдістері

Нысандандырылған әдістергеэкстрополиция әдістері мен үлгілеу әдістер жатады.Олар математикалық теорияға негізделеді.

Әдістемелік жоспарда кез келген жоспардың негізгі құралы экстраполяция схемасы болып табылады.Экстраполяцияның мәні жоспарлау обьектісінің бұрын және қалыптасқан дамудың тұрақты тенденцияларын зерттеуден тұрады.

Экстраполяцияның формалдық және болжамдық түрлерін ажыратады.Формалдықэкстраполяция жоспарлау обьектісі дамуының бұрынғы және қазіргі тенденцияларын болашақта сақтау туралы ұйғарымнан тұрады,болжамдық экстраполяция кезінде іс жүзіндегі даму келешектегі түрлі факторлар әсерінің өзгеруін ескере отырып зерттелетін үдерістің динамикасы туралы болжаммен байланыстырылады.

Экстраполяция әдістеріарасында ең аз квадраттар әдісіне ЕАКӘ негізделген функцияны таңдау әдісі кең өріс алды.Қазіргі жағдайда ЕАКӘ модификацияларына реттелетін тренді бар экспоненциалды тегістеу әдісіне және бейімделме тегістеу әдісіне барған сайын көп мән бере бастады.

Экстраполяция әдістері барынша таралған және пысықталған болып табылады.Экстраполяциялық әдістердің негізін эмпирикалық қатарды зерттеу құрайды.Эмпирикалық қатар бұл уақыт бойынша бірізділікпен алынған көптеген байқаулар кеңінен қолданылады.Математикалық тұрғыдан ол функцияның өзгеру заңының оны байқау аясынан байқау кесіндісінен тыс жатқан өріске таралуын білдіреді.

Функцияларды іріктеу әдісі экстраполяцияның таралған әдістерінің бірі.Тренд экстраполяцияның басты кезеңі эмпирикалық қатарды бейнелейтін функцияның оңтайлы түрін таңдау болып табылады.Ол үшін уақыттық қатарды тегістеу арқылы тәуелділік түрін таңдауды жеңілдету мақсатымен бастапқы мәліметтер алдын ала түрлендіру өткізіледі.Әдіс көрсеткіштердің факторларға тәуелдңлігінің балама нысандары болуын ұйғарады.

Функцияларды іріктеуәдісімен экстраполяциялау салмағы бірдей бастапқы қатардың барлық мәліметтерін ескереді.Ең аз квадраттардың классикалық әдісі үлгідегі бастапқы ақпараттың бірдейлігін ұйғарады.Алайда тәжірибе көрсеткеніндей экономикалық көрсеткіштердің ескеру тенденциясы бар.Барынша кейінгі байқаулардың болашақтағы үдерістің дамуына әсері ертедегілеріне қарағанда елеулірек.Динамикалық қатарлар мәліметінің ескіру мәселесін реттелетін тренді бар экспоненциалдық тегістеу әдісі шешеді.Ол барынша кейінгі байқауларға ертедегілеріне қарағанда көбірек салмақ берілетін сонымен бірге байқаулар салмақтары экспонент бойынша кеміп отыратын үдерістің бейнесін құруға мүмкіндік береді.Нәтижесінде үдерістің орташа деңгейін емес соңғы байқау сәтінде қалыптасқан тенденцияны сипаттайтын тәуелділік параметрлерінің бағасын алуға мүмкіндік туады.

Үлгілеу әдістері жоспарлау үдерісінде математикаклық тәуелділіктер мен қатынастар түрінде зерттелетін экономикалық үдерістің нысандандырылған бейнелеуін білдіретін алуан түрлі экономика математикалық үлгілер пайдалануды ұйғарады.Келесі үлгілерді ажыратады: матрицалық ,оңтайлы жоспарлау , экономика статистикалық трендтік,факторлық, эконометриялық түйсіктік шешімдер қабылдау.

Үлгілеу обьектіні немесе үдерісті алдын ала зерттеу негізінде үлгіні құруды ,оның елеулі сипаттамаларын немесе белгілерін ажыратуды ұйғарады.Үлгілерді пайдалана отырып экономтикалық және әлеуметтік үдерістерді жоспарлауға үлгілерді әзірлеу оны тәжірибелік талдау үлгілер негізіндегі болжамдық есептер нәтижелерін обьекті немесе үдеріс күйінің іс жүзіндегі мәліметтерімен салыстыру кіреді.

Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді басқару деңгейіне байланысты макроэкономикалық ,салааралық ,ауданаралық ,салалық,аймақтық үлгілерді және микродеңгей үлгілерін фирма дамуының үлгілерін ажыратады.

Экономика дамуының аспектілері бойынша негізгі қорлардың ұдайы өндірісін еңбек ресурстарын бағаларды және т.б. жоспарлау үлгілерін ажыратады.Үлгілерді жіктеудің бірқатар өзге белгілері де бар:уақыттық,көлік,өндірістік.

Наши рекомендации