Жүйелер түсінігі

Дәріс №1

Экономикалық теория курсынан,экономикада қалыптасқан сандық

заңдылықтар қызметтер атқаратындығын көрдік. Сондықтан да, оны формальды түрде математикалық сипаттаулар орын алады. Мұндай математикалық сипаттауларды математикалық экономика аталатын пән біріктіріп ,ол экономика мен оның құрамдас бөліктерін зерттеуге арналған.Қазіргі уақытта бұл пән «Мәліметтерді талдау және экономикалық үрдістерді үлгілеу» деген атпен оқытыла бастады.Аталған пәннің түсініктеріне қатысты кейбір терминдерге тоқталайық.

Модель (үлгі) – түп нұсқаны ауыстыратын және оның зерттеуге қатысты

маңызды сипаттары мен қасиеттерін бейнелейтін объект.

Математикалық қатынастардың жиынтығын көрсететін үлгі (модель) –

математикалық деп аталады. Математикалық экономика – нақты экономикалық объектілердің математикалық үлгілерін зерттейді.

Математикалық экономикалық әдісі – экономиканы күрделі серпімді

жүйе (динамическая система) ретінде жүйелік талдау.

Жүйе - өзара байланыстағы, белгілі бір мақсатты жүзеге асыратын

элементтер бірлестігі.

Экономикадан тыс жүйе – жүйе қызметі жүргізілетін, оны қоршаған

орта.

Ішкі жүйе(подсистема) – жүйенің мақсатымен үйлестірілген, ол мақсатты

іске асыратын, ішкі жиынның элементтері ( мысалы, ішкі жүйе негізгі жүйенің қызметтерінің белгілі бір бөліктерін іске асырады.

Экономиканың негізгі мақсаты – қоғамды тұтыну заттарымен

қамтамасыз ету. Оның ішінде қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндері де бар.

Экономиканың элементтері – шаруашылық бірліктері оларғы форма,

банка, кәсіпорын жатады.

Экономиканың жүйелік ортасы – табиғат және қоғам, ал ішкі

жүйелері - өндірістік және қаржы несиелік жүйелер.

Экономиканың үлгілеу объектісі ретінде атап өтілетін екі қасиеттер бар:

1. Техникада жиі қолданылатын, ұқсайтың үлгілерін экономикада қолдану

мүмкін емес. Өйткені, белгілі-бір масштабы сәйкестендіріп,

экономиканың дәл көшірмесін құрып, сол бойынша экономикалық

саясаттың әртүрлі варианттарын байқап көруге болмайды.

2. Экономикада «таза» эксперимент жасау мүмкін емес. Өйткені,

экономиканың барлық бөліктері өзара тығыз байланыста, сондықтан да

жергілікті (локальных) экономикалық эксперимент жасау мүмкіндіктері

шектеулі. Олай болса, өткендегі өз тәжірибелеріміз бен өзге елдер тәжірибелерін зерттеп, барлық ел экономикасына тура эксперимент жасап, оның математикалық үлгісіне сүйену ғана қалады. Математикалық үлгілеу туралы жекелеген түсініктер бұрын келтірілген.

Мұнда, өткен кезең тәжірибелерін қазіргі экономика жағдайына тура

көшіруге болмайтынын ескерген жөн. Ал, тікелей эксперимент жасаудың

пайдалы да, пайдасыз да жақтары бар. Сондықтан да экономикалық дұрыс шешімдер қабылдау үшін өткен іс-тәжірибелерді қазіргі жағдайға сәйкес математикалық үлгілеулермен үштастыра жүргізген дұрыс.

а) Енді экономиканың құрылымын математикалық үлгілеу объектісі ретінде қарастырайық.

Экономикалық жүйе өзінің негізгі қызметін атқарған кезде мынадай

әрекеттер орындайды: ресурстарды орналастырады, өнім шығарады, тұтыну заттарын жайғастырады немесе үлестіреді және жинақтайды .

Адамзат қоғамының ішкі жүйесі бола тұра экономиканың өзі - өндірістік

тауар өндіретін) және өндірістік емес бөліктерден немесе шаруашылық

бірліктерінен тұрады. Олар бір – бірімен өндірісті-технологиялық және

ұйымдастыру – шаруашылықты байланыстарда болады.

Экономикалық жүйеге қатысты, қоғамдағы әрбір адам бір жағынан

тұтынушы ретінде болса, екінші жағынан жұмысшы ретінде болады. Жұмыс

күшінен басқа, материальды ресурстарға табиғи ресурстар мен өндіріс

құралдары жатады.

Өндіріс құралдары еңбек саймандары мен еңбек заттарынан тұрады.

Бұлардың біріншісі бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланатын, әбден

тозғанша жұмыс жасаса, екіншісі бір ғана өндірістік циклде пайдаланылады.

Өндіріс құралдары ішінен жердің алатын орны зор. Шаруашылыққа

пайдаланылмаған жерлер табиғи ресурстарға жатады. Жердің атқаратын

негізгі қызметтерінің бірі ауылшаруашылық өнімдерін шығару. Сондықтан да ол өндірістік циклдерде еңбек құралы ретінде пайдаланылады.

Жинақталған өндіріс құралдары - өндірістік қор құрайды да, мынадай

екі бөліктерден тұрады: негізгі өндірістік қор (жинақталған еңбек құралдары) және айналымдағы өндірістік қор (еңбек заттары жиынтығы ).

Негізгі өндірістік қорлар (ОПВ – основные производственные фонды)

ұзақ уақыттар бойы өндірістік процестерді қамтамасыз етеді.

Экономиканың қызметі нәтижесінде материалдық өндірістің барлық

салалары жыл бойы (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік қатынасы т.б. ) ішкі өнім жинақтайды.

ІЖӨ - натурал заттың күйінде еңбек құралдары мен тұтыну заттарынан

тұрады, ал төлемақылық формасында амортизациялық қор және ұлттық

қорлардан тұрады.

ІЖӨ құру процесінде экономиканың ішкі жүйелік өндірісі қайтадан

аралық өнім пайдаланады және өндіреді.

Аралық өнімге жанармай, энергия, шикізат, материалдар т.б. жатады.

Материалды емес ресурстарға қаржымен қатар, қоғамның кәсіби –

интелектуальды потенциалы жатады.

Экономикалық жүйенің негізін өндірістік ұяшықтар құрайды. Оларға

завод, фабрика, шахты рудник, электр станциялары, ауылшаруашылық және өндірістік кәсіпорындар, фирмалар жатады. Олардың әрқайсысының еңбек құралдары бар. Олар бір немесе бірнеше өндірістік процестерді жүргізуді қамтамасыз етеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Математикалық экономика дегеніміз не?

2. Жүйе дегеніміз не?

3. Экономикадан тыс жүйе дегеніміз не?

4. Экономиканың элементтері?

5. Экономиканың жүйелік ортасы?

6. Жинақталған өндіріс құралдары қандай бөліктерден тұрады?

Наши рекомендации