Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі
Қызмет көрсету мерзімі мен күйіне байланысты негізгі қорды бағалаудың келесі түрлері кездеседі:
1. толық бастапқы құны, яғни жаңа құрал - жабдықтың өндіріс жағдайында жасалынған, және іске асырылған құны.
2. толық қайтадан қалпына келтіру құны, яғни өндірістің қазіргі заманғы жағдайындағы негізгі қорлардың әрбір түрін қалпына келтіру құны.
3. тозуды алып тастағандағы бастапқы құны.
4. тозуды алып тастағандағы қайтадан қалпына келтіру құны.
Ұйымның операцияларында оларды пайдалану мазмұны мен сипаты бойынша бірдей активтер тобы жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар тобы деп аталады. Төменде жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың жекелеген топтарына мысалдар келтірілген: жер учаскелері;жер учаскелері және ғимараттар; машиналар мен жабдықтар; су кемелері; әуе кемелері; автокөлік құралдары; жиһаз және инженерлік жабдықтың салынатын элементтері; және кеңсе жабдығы. Объектілерді жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың бір тобының ішінде қайта бағалау активтерді таңдап қайта бағалауды, сондай-ақ қаржы есептілігіне шығындар мен әр күнгі құндардың қосындысы болып табылатын сомалардың қаржы есептілігіне енуін болғызбау мақсатымен бір мезгілде жүргізіледі. Алайда, егер қайта бағалау қысқа уақыт ішінде жүргізілетін болса, және нәтижелер ұдайы жаңартылып отыратын болса, активтер тобы сырғымалы кесте бойынша қайта бағалануы мүмкін.
Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде ұлғаятын болса, осы ұлғаю «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен капиталдың өзінде көрсетілуге тиіс. Алайда бұл ұлғаю пайдада немесе залалда бұрын пайдада немесе залалда танылған сол активті қайта бағалаудан залалды реверстейтін дәрежеде танылуға тиіс.
Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде кемитін болса, бұл кему пайдада немесе залалда танылуға тиіс. Алайда, қайта бағалаудан болған кему тап сол активке қатысты қайта бағалаудан болған өсімде кез келген кредиттік сальдо болған жағдайда «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен тікелей капиталға дебеттелуге тиіс.
Активті тану тоқтатылған жағдайда жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісіне қатысты капиталға енгізілген, оны қайта бағалаудан болған өсім тікелей бөлінбеген пайдаға аударылуы мүмкін. Актив пайдаланудан шығарылған немесе істен шығып қалған кезде барлық өсім толық көлемінде аудару мәні болуы мүмкін. Алайда, егер активті ұйым пайдаланатын болса, қайта бағалаудан болған өсімнің бір бөлігі ғана аударылуы мүмкін. Ондай жағдайда аударылған өсім сомасы активтің қайта бағаланған баланстық құны негізінде есептелген амортизация сомасы мен оның бастапқы құны негізінде есептелген амортизация сомасының арасындағы айырманы құрайды. Қайта бағалаудан бөлінбеген пайдаға өсімді аудару пайда немесе залал арқылы жүргізілмейді.
Негізгі қордың толық бастапқы құны тасымалдау мен монтажға жасалған шығындарды қосқандағы әрбір түрін сату немесе иемдену процесінде төленген нақты сомамен анықталады. Оған пайдалану процесінде еңбек құралдарының кеңейтілуі мен жаңартылу шығындары кіреді. Егер негізгі құралдар қаржы төлемін кейін төлеу арқылы немесе несиеге алынса, онда бастапқы құнға жабдықталуға төленетін пайыз сомасы да кіреді. Толық бастапқы құн бойынша негізгі қор кәсіпорының негізгі іс-әрекетінің балансына жатқызылады. Оның шамасы негізгі қордың кезекті қайта бағалау сәтіне дейін өзгермейді. Бағалаудың бұл түрі меншікке салынатын салықтың шамасына және амортизациялық төлемдерді анықтауға қолданылады.
Еңбек құралдарын жасауға және иеленуге кететін шығындар әр түрлі уақыттарды жүзеге асырылады және бұл өздерінің тұтыну қасиеттеріне байланысты зерзаттардың бастапқы құнын түрлендіруге әкеледі.Толық бастапқы құн бойынша ескерілген негізгі қорды сатып алу бағасы инфляция кезінде уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын ағымдағы бағамен сәйкес теңестіріледі. Бұл негізгі қордың динамикасын, өндірісін зерттеуді қиындатады, негізгі қорлардың өнім көлеміне немесе алынған табысқа қатысты алынған көрсеткіштерді сәйкессіздендіреді.
Осылайша, бастапқы құнның бағалар тұрғысынан сәйкессіздігі, бағалаудың бұл түрін негізгі қорлардың көлемдерін салыстыруға жарамсыз етеді.
Толық қалпына келтіру құны бағалауды қайта орындау процесінде негізгі қорларды жаңа түрде қайта өндіруге қажетті шығындарын анықтайды. Бұл жағдайда амортизация сомасын анықтау амортизациялық төлемдердің мөлшерін дәл анықтау, негізгі қорлардың көлемдерін және динамкасын зерттеу барысында барлық кәсіпорындарды тұтас экономикалық жағдай жасауға мүмкіншілік беретін бағалардың сәйкессіздігі жойылады.
Қалпына келтіру құны негізгі қордың іс-әрекетке келу уақытындағы бастапқы құнымен сәйкес келеді. Бұдан әрі бастапқы және қалпына келтіру құндарының айырмашылықтары негізгі қордың және элементтердің өзгеруіне байланысты болады. Әдетте іс-әрекетке келумен негізі қорды қалпына келтіру құнының алшақтығы неғұрлым айқын болған сайын, олардың баға шамаларының айырмашылығы да соғұрлым көп болады.
Тозуды алып тастағандағы бастапқы құн дәл сол кезеңде пайда болған тозудың сомасын алып тастағандағы толық бастапқы құнға сәйкес келеді, яғни негізгі қордың қызмет ету процесінде өнімге аударылған құнының бөлігіне тең. Ол қалдық құны деп аталады, оны анықтауға қажетті тозудың сомасы бухгалтерлік баланстың пассивінде көрсетіледі, негізгі қордың қалдық құны жылдық есепке енгізіледі.
Негізгі құралдарды қайта бағалау №16 ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдардың бастапқа құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі,содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады.Оның барысында негізгі құрал-жабдықтардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты қалпына келтіру құны мен тозу дәрежесі туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында ете маңызды болып табылады. Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы өндірісті жетілдіруде қажетті жағдайларды жасап, негізгі құрал-жабдықтарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.
Инфляция (ақшаның құнсыздануы) жағдайында негізгі құралдарды қайта бағалау негізгі құрал-жабдықтарды бағалауды реттеу мақсатын және де өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация үлесін реттеуді көздейді.
Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік түгелдеудегідей комиссия құрылады. Негізгі құралдарды қайта бағалауды өткізердің алдында мүліктік түгелдеу жүреді. Негізгі құраларды қайта бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады. Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жұмыс істеу жүйесіне қарамастан барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі құралдардың жыл басындағы күйі бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал-жабдықтарға жүргізіледі. Сондай-ақ әлі орнатылмаған, қоймадагы құрал-жабдық, бітпеген күрделі құрылыс та қайта бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме бағасына белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі құралдардың құнын өсіру коэффиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсыруы бойынша коэффиценттерді Статистика Агенттігі тағайындайды.
Негізгі құралдарды түгендеу.
Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктермен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді.
Бухгалтерлік есептің 24 «Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын стандартқа сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өз бетінше жүйелі түрде түгендеу жұмысын жүргізіп отыруды көздейді.
Негізгі құралдар түгендеудің негізгі міндеті болып табылатындар:
1. Есепте тіркелмегенобъектілерді қоса алғанда, негізгі құралдар нақты қолда барын анықтау;
2. Нақты қолда барын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы негізгі құралдар сақталуын бақылау;
3. Жиынтығы бұзылған және куйреудің,тозудың және басқа себептердің салдарынан бұдан әрі пайдалануға жарамсызнегізгі құралдар объектілерін анықтау;
4. Машиналарды,механнизмдерді,жабдықтарды,көлік құралдарын және негізгі құралдар басқа объектілерін ұстау және пайдалану тәртіптерін сақтауды тексеру;
Түгендеуді:
Ø Жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас бұрын,бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктерместен,
Ø Кәсіпорын мүлкін жалға бергенде,өтемін төлеп алғанда, сатқанда, сондай-ақ шаруашылық субъектісі жүргізген кезде түгендейді;
Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында,жылына ең аз дегенде 1рет қараша айында жүргізеді. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді 3 жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгендеу жүргізіледі.