Бизнес-жоспар және оны дайындау тәртібі
Бизнес-жоспар – бұл бизнестің жаңа түрін құруға, фирма қызметінің жаңа сферасын қамтуға қажетті кәсіпорынның даму жоспары.
Бизнес-жоспарды жаңадан құрылған кәсіпорындар, сонымен қатар экономикасы дамыған ұйымдар жасауы мүмкін.
Бизнес-жоспар келесі маңызды мәселелерді шешеді:
· кәсіпорынның болашақта тұрақтылығын және тіршілікке икемділік дәрежесін анықтайды, кәсіпкерлік қызметтің тәуелділігін төмендетеді;
· дамудың сандық және сапалық көрсеткіштер түріндегі бизнестің болашағын анықтайды;
· фирманың потенциалды инвесторлар жағынан көмекті қамтамасыз ете отырып, олардың ықыласын және қызығушылығын тартады;
· жоспарлаудың бағалы тәжірибесін алуға көмектеседі, мекемеге және оның жұмыс ортасына деген болашақта көзқарасын дамытады.
Бизнес-жоспар инвесторлар және кәсіпкерлер арасындағы келіссөздерді бастаудың бастапқы тармағы болып табылады. Көбінесе бизнес-жоспар шетелдік фирмалармен келіссөздер жүргізу үшін қажет.
Бизнес-жоспар кәсіпкерлік жобаны дәлелдеудің формасы ретінде бизнестің жоспарлық қызметінің саласына техникалық-экономикалық дәлелдеуді бірте-бірте ығыстырады. Онда фирма қызметінің өндірістік және нарықтық, қаржылық және техникалық, ішкі және сыртқы аспектілеріне сәйкес келетін артықшылықтар қарастырылады.
Ең алдымен бизнес-жоспарды құрастыруға кірісу үшін қажетті ақпараттың барлық жиынтығын алуымыз керек. Бизнес-жоспардың құрамы мен мазмұны шектелмеген. Ол 6, 8, 10, 18 және тағы басқа бөлімдерден түруы мүмкін. Бизнес-жоспар қаржы-экономикалық іс-әрекетте тиімді көрсеткіштерге жетуге бағытталған жоспардың бір түрі.
1 бөлім – Кәсіпкерлік іс-әрекеттің алға қойған мақсаты. Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты – пайда табу. Болашақтағы жұмысты белгілей отырып, қанша, қандай көлемде пайда табуға болатындығын есептеп шығару қажет. Сонымен бірге, бұл бөлімде басқа да мақсаттар көзделеді: әлеуметтік мақсаттар – тауарлармен атқарылатын қызметтерді көбейту, экономикалық жағдайларды жақсарту, жаңа мәдени мұралар қалыптастыру, ғылыми-техникалық, ағартушылық потенциалды үлғайту; іскерлік және халықаралық қарым-қатынасты нығайту; кәсіпкердің статусын көтеру, кәсіпкердің экономикалық потенциалын дамытып, нығайту; басқа да арнайы мақсаттар – шетелдермен қарым-қатынас жасау; әр түрлі ассоциацияларға мүше болып кіру; кәсіпкерліктің ерекше мақсаты – әр түрлі қайырымдылық жұмыстар көрсету.
II бөлім - Бизнес-жоспардың негізгі көрсеткіштері. Түйіндеме. Бұл негізгі бөлім болып есептеледі және мынадай бөліктерден тұрады:
· басты мақсат
· өнімнің қысқаша мінездемесі, айрықша ерекшеліктері
· қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістері
· жобаны орындау мерзімі
· шығындар көлемі
· болжаулы тиімділік пен соңғы нәтижелер
· нәтижелерді қолдану аясы
Негізгі жалпы көрсеткіштер:
· өндіріс пен шығарған өнімді сату көлемі
· пайда түсім көлемі
· өзіндік құнды азайту және қарызға алған қаражат
· рентабельділік
Арнайы көрсеткіштер:
· сатылған тауарлар мен атқарылған қызметтің сапасы, саны және ерекшеліктері
· салымдардың қайтарымдылық уақыты
· жоспарланған нәтижелерге жетудің кепілділігі
III бөлім – Тұтынушыларға жеткізілетін өнімдер мен атқарылатын қызметтердің мінездемесі. Бұл бөлімнің көрсеткіштері:
· өнімнің сыртқы түрі, сипаттамасы, суреті, безендірілуі және т.б.;
· кәсіпкерлік тауардың тұтынушылары туралы түсініктемелер (тауарға сұраныс, аймақ, ұйым туралы хабарлар);
· кәсіпкерлік өнімді сату бағасының болжамы
IV бөлім – Сату нарығын, сату көлемін талдап, бағалау. Бұл бөлімде өндіріс көлемі, сату көлемі анықталады. Маркетингтік зерттеулер жүргізіліп, бәсекелестер мен баға саясаты және олардың мүмкіншіліктері зерттеледі.
V бөлім – Ұйымдық шаралар мен жұмыс жасау жоспары.Кәсіпкерлік бағдарламаға – маркетинг, өнім шығару, өнімді сатып алу, сақтау, тасымалдау, сатып алушыға әртүрлі деңгейдегі қызмет көрсету жатады. Ұйымдық шараларға –бизнес-жоспардыорындауды басқару, жобаны басқарудың ұйымдық құрылымы, орындаушылардың іс-әрекетін қадағалау, еңбекақының арнайы формаларын ұйымдастыру шаралары, кадрларды дайындау, есептеу және бақылау жатады.
VI бөлім – Ресурстармен қамтамасыз ету. Бұл бөлімде ресурстардың түрлері және көлемі жайында және ресурстарды қолдану әдістері жайлы анықтама беріледі. Ресурспен қамтамасыз етуге – материалдық ресурстар, еңбек ресурстары, қаржы ресурстары, ақпарат ресурстары жатады.
VII бөлім – Жобаның тиімділігі. Бұл бизнес-жоспардың соңғы бөлімі, мұнда кәсіпкерліктен алынған тиімділік есептелінеді. Тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне – пайда және рентабельділік көрсеткіш жатады. Сонымен қатар әлеуметтік және ғылыми-техникалық тиімділік есептелінеді.