Жоспар түрлері және олардың тәртібі

Мерзіміне байланысты жоспарлау 3-ке бөлінеді:

1. Ұзақ мерзімді - бұл кәсіпорынның компаниясының ұзақ мерзімді даму стратегиясы 5 жылдан жоғары.

2. Орта мерзімді – 2-5 жыл арасын қамтиды.

3. Қысқа мерзімді - айлық, тоқсандық, жылдық жоспарлау.

Жоспарлау екi түрге бөлiнедi:

· техника-экономикалық;

· оперативтік.

Техника-экономикалық жоспарлау – перспективті және ағымдағы жос-парлардан тұрады.

Перспективті жоспар – 5, 10 немесе одандан да көп жылға құралады. Перспективті жоспар жүйесіндегі негізгі орынды бес жылдық жоспар алады. Ол мынадай міндеттерді шешіду қамтамасыз етеді:

- саладағы өнім тұтынушылығын толық қанағаттандыру мақсатында өндірісті іске асыру және дамыту;

- өндіріс тиімділігін жалпылама жоғарлату жәнее барлық тұтыну қорларын тиімді қолдану;

- берілетін тәжірибедегі техника, ғылым жетістіктерін кең ауқымда жаңарту (өркендету);

- жоғары жетістіктегі отандық және шетелдік техникадағы техника-экономикалық көрсеткіштерге сәйкес жоғары сапалы өнім түрін шығару және жаңа өнімді игеру;

- еңбек пен басқаруды, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;

- ұжымды әлеуметтік дамытуда шаралар;

- табиғи қорларды тиімді қолддану мен табиғатты қорғау шараларын жүргізу.

Кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуындағы перспектив-тік жоспар келесі бөлімдерден тұрады:

- қызмет көрсету мен өнім өндіру;

- өндірісті жетілдіру мен басқару, ғылыми-техникалық дамыту;

- өндіріс тиімділігі жоғарлату;

- күрделі құрылыс;

- материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

- еңбек пен мамандар (кадрлар);

- өзіндік құн, пайда және өндіріс рентабельдігі;

- экономикалық ынталандыру қоры;

- қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді қолдану;

- ұжымдық әлеуметтік дамуы;

- қаржылық жоспар.

Перспективті жоспар қорытынды кесте өндірістік бірлестіктің (кәсіпорынның) әлеуметтік және экономикалық дамуындағы негізгі техника-экономикалық көрсеткіштердің бес жылдық жоспар құру бойынша аяқталады. Онда, кәсіпорынның орталықтандыруымен бекітілген экономикалық мөлшер-мен лимиттер, елдің салалық территориялық бөліктерінде әлеуметтік және экономикалық дамуды мемлекеттік жоспар құру бойынша есептеу көрсет-кіштерін қолдану қарастырылады.

Перспективті жоспар ұзақ мерзімге жасалады, бірақ тапсырмалар әрбір нақтылы жылға анықталады және олар нақтылы жылдар ағымдық жоспар құруға негіз болады.

Оперативті жоспарлау барлық өндірістік бағдарламаны орындау мақ-сатында барлық өндірістік бөлімшелер іс-әрекеті келісімін күнделікті қам-тамасыз етуде, техника-экономикалық жоспарлауды ұйымдастырудың жалғасы болып табылады. Оперативті жоспарлау өндіріс қай кезде және қай жерде, не өндіру керек деген сұрақтарға жауап береді. Жылдың ағымдық мемлекеттік жоспарды орындаудағы директивті мерзімге берілген өнім шығаруды ырғақты қамтамасыз етеді.

Қаржылық-өнеркәсіптік жоспар - өндірістің экономикасымен, ұйымдас-тыруын, техникалық дамуын кешенді қарастырады. Қойылған мақсатқа жетуге нақтылы жолдар көрсетіледі. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әреке-тіндегі үдемелі жолдар анықталады.

Қаржылық-өнеркәсіптік жоспардың басты рөлі өндірістің ішкі қорларын қолдану мен ашуды қарастыру.

4.Әрбір кәсіпорынның жылдық жоспары келесі жоспарлы көрсеткіштерін өзара байланысты жүйесін құрайды.

1. Жоспарлы кезеңдегі фирма және оның жеке бөлімшелерінің өндірістік қызметтерінің негізгі мақсаты.

2. Барлық тауар номенклатурасы бойынша сапалы және сандық көрсеткіштердің нақты айқындай отырып, өнім өндірісінің көлемімен негізгі мақсаты.

3. Жылдық өндіріс көлемі мен кәсіпорынның цех бөлімшенің сәйкестігінің есебі сұраныс пен ұсыныс тепе теңдігі.

4. Кәсіпорынның оның бөлімшелерінің жылдық өндірістік бағдарламасына ресурстардың қажеттіліктерін анықтау, жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар балансының есебі.

5. Жоспарлы жұм-ы негізгі цехтар (нарықтың тапсырысты орындаушылар) бойынша бөлу, дайындау мерзімі мен өнімді нарыққа жеткізу бойынша бөлу.

6. жоспарлы көрсеткіштерге жету құралдары мен әдістерін таңдау

7. жоспарлы тауарлар (өнім, қызмет) өндірісін ұйымдастыру әдісімен нысанын негіздеу, өндіріс және өткізу жоспарының орындалуына бақылау жасау.

Наши рекомендации