Банктердің экономиканы және кіші кәсіпкерлікті несиелеу динамикасы

Банктердің экономиканы және кіші кәсіпкерлікті несиелеу динамикасы - student2.ru

АО «ФОНД РАЗВИТИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА «ДАМУ»
БУХГАЛТЕРСКИЙ БАЛАНС НА 31 ДЕКАБРЯ 2007 ГОДА
(в тысячах казахстанских тенге)    
  на 31 декабря 2007 г. на 31 декабря 2006 г.
АКТИВЫ
Денежные средства и их эквиваленты 833 692 1 195 801
Ценные бумаги, приобретенные по договорам обратного РЕПО 8 058 732 1 879 832
Ссуды и средства, предоставленные банкам, за вычетом резервов под обесценение 50 119 871 2 044 081
Ссуды, предоставленные клиентам, за вычетом резервов под обесценение 16 223 235 13 121 001
Инвестиции, имеющиеся в наличии для продажи, за вычетом резервов под обесценение 8 313 413 8 951 114
Инвестиции в ассоциированные компании 22 154 22 154
Основные средства и нематериальные активы, за вычетом накопленной амортизации 600 091 587 605
Отсроченные активы по налогу на прибыль 681 757 657 888
Текущие активы по подоходному налогу 301 982 151 615
Прочие активы, за вычетом резервов под обесценение 466 253 394 665
ИТОГО АКТИВЫ 85 621 180 29 005 756
ОБЯЗАТЕЛЬСТВА И КАПИТАЛ
ОБЯЗАТЕЛЬСТВА:
Ссуды банков и иных финансовых учреждений 49 759 270 1 687 089
Выпущенные долговые ценные бумаги 3 109 123 3 128 785
Прочие обязательства 499 395 302 126
Итого обязательства 53 367 788 5 118 000
КАПИТАЛ:    
Акционерный капитал 37 120 273 28 120 273
Резерв по переоценке справедливой стоимости инвестиций -882 056 -239 107
Прочие резервы 316 430 316 430
Накопленные убытки -4 301 255 -4 309 840
Итого капитал 32 253 392 23 887 756
ИТОГО ОБЯЗАТЕЛЬСТВО И КАПИТАЛ 85 621 180 29 005 756
     
Председатель Правления   Г. Амрин
Главный бухгалтер   С. Мыншарипова
     
     
     
Финансовая отчетность подтверждена независимой международной компанией ТОО "KPMG Audit"
     

3.1. Қазақстан Республикасын дамыту жолындағы қор бағдарламалары

1. Қаражатты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кейіннен кредиттеу үшін екінші деңгейлі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы.

Бағдарлама Қордың қаржы ресурстарын (қорландыру) кейіннен ШОК субъектілеріне кредит ретінде берілетін қаражатты белгілі бір шарттармен (мақсатты және шектеуші) екінші деңгейдегі банктерге ұсынуы арқылы жүзеге асырылады. Әріптес-банктермен жұмыс істеудің негізгі қағидаттарының бірі Қордың олардың ішкі рәсімдеріне және кредит үдерісіне араласпау саясаты, сонымен қатар олардың қабылданған шешімдерінің тәуекелдігіне толық жауапкершілігі болып табылады.

2. «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаражатын кейіннен микрокредиттік ұйымдарға несие беру үшін екінші деңгейлі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы.

Бағдарлама Қор әзірлеп, бекіткен ҚР микрокредиттік ұйымдарды (одан әрі – МКҰ) 2008-2012 жылдарға дамыту жөніндегі шаралар бағдарламасына сәйкес іске асырылады. Бағдарламаның мақсаты елдің кредит жүйесінің үшінші деңгейі ретінде микрокредит секторының сапалы дамуына МКҰ ресурстық қолдау көрсету арқылы жәрдемдесу болып табылады.

Тіркелген және өз қызметін ҚР заңына сәйкес жүзеге асырып отырған МКҰ Бағдарлама аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландырылады.

Бағдарлама қаражатының жалпы сомасы 1 800 млн. теңгені құрайды.

3. «Даму - Көмек» бағдарламасы.

«Даму-Көмек» Бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер мен тұрғындарға олардың проблемалары мен оларға қажетті ресурстар (қаржылай көмек, мүлік, консультациялық қолдау, өзге қызметтер) туралы ақпарат дәрежесін арттыру жолымен қолдау көрсетуге мақсатталған.

Арақашықтықтан оқыту өз бизнесін ашу және оны әртүрлі бағытта дамыту бойынша «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы шеңберінде арнайы әзірленген оқу курстарын Қордың корпоративтік сайтына орналастыру арқылы іске асырылатын болады. Одан бөлек , мүгедек- кәсіпкерлер «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздер бойынша экспресс-курсын тыңдаушылар қатарына қосылады.

«Даму» Қоры қаржыландырмайды, алайда мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер және әлеуетті демеушілер мен кредиторлар арасында байланыстырушы буын болып әрекет етеді.

4. Қаражатты кейіннен әйелдер кәсіпкерлігіне микрокредит беру үшін екінші деңгейлі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 05.03.2009 ж. Қазақстан әйелдерінің V Форумында берген тапсырмасына сәйкес іске асырылады. Бағдарламаның мақсаты кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін жұмыс істеп жүрген және кәсібін жаңадан бастайтын әйелдер кәсіпкерлігі субъектілерінің жобаларына жеңілдікпен кредит беру арқылы ынталандыру болып табылады.

Тіркелген және өз қызметін ҚР заңына сәйкес жүзеге асырып жүрген жеке кәсіпкер әйелдер бағдарлама аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландырылады.

5. «Даму - Өндіріс» өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады, Қор Бағдарламаны іске асыру операторы болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде «Стрессті активтер қоры» АҚ 20 млрд. тенге соманы кейіннен өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін (одан әрі – ЖКС)қаржыландыруға/қайтақаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерге депозитке орналастырады. Әріптес банктер қаржыландыруға 70:30 арасалмақта (70 % - «Стрессті активтер қоры» АҚ қаражаты, 30 % - Әріптес банктер қаражаты ) өз қаражатымен қатысады.

6. Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің лизингілік мәмілелерін екінші деңгейдегі банктер және Лизингтік компаниялар арқылы қаржыландыру бағдарламасы.

Бағдарлама ҚР Үкіметінің 09.10.2009 ж. №1553 қаулысына сәйкес іске асырылады, «Стрестік активтер қоры» АҚ Бағдарламаның іске асырылуына Қорға 2,0 млрд. теңге сомасында кредит қаражатын бөлді. Қор Бағдарламаны іске асыру жөніндегі операторы болып табылады.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істеп жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің лизингтік мәмілелері Бағдарлама аясында екінші деңгейдегі банктер және Лизингтік компаниялар арқылы қаржыландырылады. Бағдарламаға келесі лизингтік компаниялар қатысады:

1. «СК Лизинг СК» АҚ;

2. «Leasing group» АҚ;

3. «Темiрлизинг» АҚ;

4. «Еуразиялық лизинг» АҚ;

5. «Цесна Банк» АҚ

7. ШОКС аймақтық қаржыландыру бағдарламасы.

Бағдарлама аймақтардағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (одан әрі- ШОКС) олардың аймақ үшін басымдықты салалардағы немесе жекелеген аймақтық бірліктердегі жобаларын қаржыландыру жолымен дамыту мақсатында әзірленді.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес осындай болып табылатын ШОКС жобалары Бағдарлама аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландырылады.

8. Шағын қалаларындағы Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің жобаларын қаржыландыру бағдарламасы.

Бағдарлама Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (одан әрі — ШОКС) қаржылай қолдау жөніндегі мемлекет саясатын іске асыру құралдарының бірі болып табылады. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Шағын қалаларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жәрдемдесу мақсатында әзірленген. Бағдарлама Қордың қаражатты Соңғы қарыз алушылардың жобаларын/ лизингтік мәмілелерін кейіннен кредиттеу үшін белгілі (мақсатты және шектеулі) шарттармен Әріптес банктерге/Лизингтік компанияларға орналастыру жолымен іске асырылады.

9. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің лизингтік мәмілелерін қаржыландыру бағдарламасы.

Бағдарлама ШОК субъектілерінің экономикалық белсенділігін қаржы лизингін ШОК субъектілерінің лизингілік мәмілелерін кейіннен жеңілдетілген талаптармен жүзеге асыру үшін қаржы құралы ретінде қолдану жолымен ынталандыру мақсатында әзірленді. Бағдарлама Қордың меншікті қаражаты есебінен іске асырылады.

Бағдарлама лизингілік компаниялар мен екінші деңгейдегі банктер арқылы іске асырылады. Бағдарлама қаражатының жалпы сомасы 4,0 млрд. теңгені құрайды.

10. Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдардағы арналған бағдарламасы.

Ø Моноқалаларды тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру.

Ø Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру әрі шағын және орта бизнесті дамыту.

Ø Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуді ынталандыру.

Ø Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санына сәйкес дамыту.


Наши рекомендации