Йым қызметінің саласы ескерумен классификациясы
Инновация қызметінің саласын ескерумен келесіге бөлінеді:
- өндірістік – жаңа технологиялар, құралда, жабдықтар;
- саудалық – сатып алушыны күтудің жаңа фомалары, тауарды қоймаға қойып сақтауды жаңадан ұйымдастыру, тауарды жарнамалаудың жаңа тәсілі. Тауарларды несиеге сату – радикальды саудалық инновацияның мысалы.
- әлеуметтік – әлеуметтік жанжалдарды шешудің жаңа тәсілдері, әлеуметтік көмектің түрі, жаңа қызметкердің бейімделу тәсілі;
- басқармалық – басқарудың жаңа жүйесі, шешім қабылдаудың тәсілі, жоспарлау тәсілі.
1.5 сурет – Инновация классификациясы
Инновацияны пайдалану сипатына қарай классификациясы
Инновациялар қандау да бір жеке сұраныстарды қанағаттандыру үшін пайдаланылуы мүмкін – тұтынушылық инновациялары. Бұл жағдайа тұтынушылар жее тұлғалар, отбасылар болып табылады. Тұтынушылық инновацияның белгісі – тауарды пайдаланудың экономикалық, әлеуметтік, психологиялық әсерінің артуы. Тұтынушылық инновацияның мысалдары – киімнің, азыө-түліктің, тұрмыстық жабдықтардың, қызметтердің, дәрі-дәрмекетердің және т.б. жаңа түрлері. Ғылыми-техникалық және өндірістік қызметтерде мұндай инновациялар қолданылмайды.
Инновацияның басқа түрінің атауы өндірістік (инвестициялық) инновация деп аталады. Өндірістік инновацияның тұтынушылары өндрістік кәсіпорындар, ғылыми ұйымдар, жеке кәсіпкерлер бола алады. Өндірістік инновацияның белгісі – инновацияны сатып алған кәсіпорынның өнімін шығару кезіңдегі экономикалық әсерінің артуы. Өндірістік инновацияның мысалдары – құрылғылардың жаңа түрлері, құралдар, жабдықтар, сонымен қатар ғылыми, жаңа технологиялар және т.б.
Йымның иерархиялық деңгейі бойынша инновациялардың классификациясы
Ұйымды үш деңгей бойынша талдауға болады (1.6 сурет), әр деңгейге менеджменттің белгілі бір түрі сәйкес келеді:
- бірінші деңгейде ұйым біртұтас болып қаралады – корпорация. Бұл деңгейге стратегиялық менеджмент сәйкес келеді;
- екінші төменгі деңгейде ұйым бір-бірімен өзара байланысты түрлі бөлімшелердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұл деңгейге фирмаішілік (өндірістік) менеджмент сәйкес келеді;
- үшінші деңгейде ұйым адамдардың, жеке тұлғалардың жүйесі ретінде қаралады. Бұл деңгейге жеке менеджмент сәйкес келеді.
Әр деңгейге белгілі инновация түрлері сәйкес келеді:
- стратегиялық деңгей үшін – инновациялар миссияларда, стратегияларда, сыртқы экономикалық қызметте, байланыс үрдістерінде;
- фирмаішілік деңгей үшін – инновациялар өндірістік үрдісте, ұйым құрылымында, бақылау жүйесінде;
- жеке деңгей үшін – бұл инновация жеке еңбек техникасында, жеке бастың шығармашылық потенциалын дамыту әдістерінде, іскерлік мәнсапты құру әдістерінде, оқыту жүйесінде.
1.6 сурет – Ұйымның үш деңгейі