Септеуліктер арҚылы ҚҰрылҒан етістікті сӨз тіркестері
Сөз тіркестерін кұрауға мына септеуліктер катысады: арқылы, үшін, соң, кейін, қарай, таман, сайын, әрі, бері, дейін, шейін, құрлы, туралы.
Септеуліктер зат есім, есімше сөздерге жалғасып,
оларды етістікпен тіркестіреді: келген соң сөйлесеміз,
келгені үшін риза болды.
Септеуліктердің көпшілігі мекендік, мезгілдік қатынасты білдіру үшін жұмсалады. Олар мыналар: соң, кейін, қарай, таман, сайын, дейін, бері.
Қой дүркіреп үркіп, қойшыға қарай қашты (М. Ә.). Содан соң бұл адырға кіріп, бір-екі бел асңан соң қуғыншыны адастырып, құтылып алды (М. Ә.).
Бағыныңқы сөз (зат есім) арқылы септеулігі арқылы етістікпен тіркесіп, іс-әрекеттің құралы ретіндегі объектіні қатыстырады: телефон арқылы хабарласты.
Бағыныңқы сөз үшін септеулігі арқылы етістікпен тіркескенде мақсаттық қатынас білдіріледі: колхоз мына жолды салу үшін көп еңбектенді. -ған формалы.есімше соң, кейін септеуліктері арқылы етістікпен тіркесіп, мезгілдік, себеп-салдарлық қатынасқа түседі. Жолыққан соң оралады.
Қазақ тілінде себеп-салдарлық қатынасты білдіретін тағы бір форма бар. Ол — дықтан. Себептік катынасты білдіру үшін жүмсалатын осы екі форманың ара салмағына қарай ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдің ерекшелігін байқауға болады. Себеп-салдарлық мағынаны білдіруге арнайы бейімделген форма -дықтан. Бұл форманың басқа мағынасы жоқ. Жазба тіл себеп-салдарлық қатынасты білдіру үшін осы форманы басым қолданады.
Ауызекі сөйлеу тілі бұл форманы аз жұмсайды, оны ол созалаңқы, әрі ауызекі сөйлеу тілінің негізгі тәсілдерінен шет көретін болуға тиіс. Өйткені ауызекі сөйлеу тілі сын есім, есімше сөздерді -дық (алғандық) жұрна-ынын қатысуынсыз синтаксистік жолмен тікелей субстантивтендіріп жұмсайды:Сенен жасыратыны жоқ, мен осы қатынды басқа зар болғаннан соң алып отырғаным -жоқ (Б. М.). Ол құрығырды қай жетіскеннен айтады дейсің (Қ. М.). Ауызекі сөйлеу тілінің есімше сөзді субстан-тивтендіру тәсілін жасыратыным, жетіскеннен деген сөздердің жұмсалуынан көруге болады. Екіншіден, -ған -соң бір өзі әрі себеп-салдарлық, әрі мезгілдік қатынасты білдіретін универсал форма болған соң, ауызекі сөйлеу тілі оны жиі колда ұстайтын болуға тиіс. Қолдағы жалғыз бала болғасын Бөбекті кішкентайынан үл ғып өсірді (Ә. Н.).
— Нагандарың ңайда?
Үсталатын болған соң далаға лақтырып жібердім (Ғ. Мұст.).
Септеуліктердің ішінде ауызекі сөйлеу тіліне тән сөз тіркесін құрайтыны құрльш. Бұл септеулік кейбір ғылыми еңбектерде кызметі жағынан -дай,-дей қосымшасы, секілді, сияқты септеуліктерімен тең амал ретінде танылады. Шығу тегі, жасалуы секілді, сияқты сөздеріне ұқсас болғанмен құрлы — жұмсалу ерекшелігі бар септеулік. Келген құрлы болмадым, көрген құрлы болмадым деген тұлға кұрамында аталған септеулік секілді, сияқты, -дай, -дей тәрізді кызмет атқарады. Дегенмен құрлым негізінен эмоциялы сөз тіркестерінде жұмсалады. Етістікті басым компонентке бұл септеулік арқылы мына сөздер тіркеседі.
1. Есімшелер. Ол істеген құрлым міндет қылып бол-
ды, Болыс болған құрлы зықым шығып болды. Әліштің
қатыны ауылнай болған құрлы бүлдірді (Б. М).
2. Есім сөздер. Жуасбай қурлы бағамыз болмаса, кө-
мекке несін шақырдың (Ғ. Мұст.). Лақ қурлы бақырмай,
өлгенім бе, япырмай! (Б. М.).
Курлы аркылы кұрылған сез тіркесінде бағыныңкы сөз (сен құрлы, кісі құрлы) пысықтауыштық қатынасқа тусіп, негізгі сөз (етістік) атаған істің мөлшерін, сапа-сын білдіреді.
Сөз тіркесін кұрауға катысатын де көмекші етістігі бар. Ауызекі сөйлеу тілінде бұл етістік сөз тіркесін құрайтын тәсіл ретінде екі формада катысады: десе, деп. Және екеуі де себеп-салдарлык катынасты білдіретін сөз тіркестерін кұрау үшін жұмсалады.
Науқан кезінде жұрт шай десе жатпайды. Осы жалғыз бала деп бармаған жерім жоқ.[42-44-б]
Етістікті сөз тіркестері— грамматикалық тірегі етістік болатын сөз тіркесі. Тіркес кұрамындағы басқа сөздер тірек етістіктің маңына топталады. Етістікті сөз тіркестері: а) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері (Қожа кеш келіп, ерте кетуші еді (С. Көбеев); ә) меңгеріле байланысқан Е. с. т. (Байжан іске кірісті (Г. Мүсірепов) болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өз ішінен бірнеше топқа таралады. Қабыса байланысқан Етістікті сөз тіркестері: үстеулі сөз тіркестері, еліктеуіш сөз тіркестері, көсемшелі сөз тіркестері, сын есімді сөз тіркестері. сан есімді сөз тіркестері, зат есімді сөз тіркестері сияқты 6 топтан тұрады. меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері: табыс жалғаулы сөз тіркестері, барыс жалғаулы сөз тіркестері, шығыс жалғаулы сөз тіркестері, жатыс жалғаулы сөз тіркестері, көмектес жалғаулы сөз тіркестері, шылау сөзді тіркестер сияқты 6 топтан тұрады.[1]
Етістіктің райлары
Сөйлемде етістік кимылды, іс-әрекетті, жай-күйді білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге сол кимылдың, іс-әрекеттің, жай-күйдін өтуі, бір жағынан, айтушының я сөйлеушінің пкірімен екінші жағынан, ол пікірдің ақикат шындыққа қатысын білдірумен байланысты болып отырады. Мысалы: Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай, темір кессең, қыска кес, ұзартуың онай (мақал). Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (А). Жүзі жылы жандарды құшақтағым келеді (Қ. Б.).
Бұл мысалдағы кессең және кес, жазбаймын, құшақтағым келеді деген етістіктер кесу, жазбау, құшақтау кимылын, іс-әрекетін білдіріп қана тұрған жоқ, сонымен бірге сол қимыл, іс әрекеттің орындалу шартын (кессең), орындалуын талап етуін (кес), белгілі бір мезгілде, шақта іске асуын, орындалуын хабарлауды (жазбаймын), орындалу ниетін, жүзеге асуда ықыласын (кұшақтағым келеді) білдіріп, сөйлеушінің шындыққа, болмысқа деген пікірін, көзқарасын айқындап тұр. Бұл мағыналар белгілі грамматикалық тұлғалар аркылы берілген. Мысалдағы кессең де-гендегі шарттылық — се жұрнағы арқылы, кес дегендегі талап ету, бұйрық мәні 2-жақ бұйрықтық тұлға (формасыз тұлға немесе нольдік форма) арқылы, жазбаймын дегеңдегі қимылдың белгілі шақта орындалуы көсемшенің -й жұрнағы арқылы, құшақтағым келеді дегендегі қимылдың болу ниеті, ықыласы етістік түбіріне -ғы жұрнағы және одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып, оған кел көмекші етістігі тіркесу арқылы жасалған.
Сөйтіп, сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа катысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі рай категориясы деп аталады.
Етістіктің райлары кимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай және қалау рай.
1) Сөздің түбірі білдіретін грамматикалық мағынадан өзгеше басқа грамматикалық мағынаның арнайы грамматикалық формасыз, сырттай түбір мен немесе басқа тұлғамен сәйкес түрде берілуін формасыз тұлға немесе нольдік форма деп атайды. Оған мысалы, жіктік жалғаудың 3-жағы (мен келсе-м, ол келсе-), бұйрық райдың 2-жағы (сен кел-,) жатады. Бала, келді, келген деген сөздерді жіктесек (жекеше: мен бала-мын, келді-м, келген-мін 2-ж. сен бала-сың, келді-ң, келген-сің, 3-ж. ол бала-, келді-, келген-,) III жақта жалғанған жалғау жоқ, сен кел, сен оқы дегендегі бұйрықтық мағына арнайы формасыз (жалғаусыз) сырттай етістік түбірімен сәйкес тұлға арқылы беріліп тұр. Ал шынында етістіктің түбірінде бұйрықтык мағына болмайды: келген, келіпті дегенде түбірі — кел, онда ешқандай бұйрықтық мағына жоқ.
Әдеби тіл — жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.
Әдеби тілдің жүйелік сипат алып, тұрақты нормаланып қалыптасуында, сұрыпталып, икемделіп, жетіле түсуінде, жанрлық-стильдік тармақтарының қалыптасып, дамуында жазба әдебиеттің алатын орны ерекше. Бірақ Әдеби тіл деген ұғымды, бір жағынан, тек жазба әдебиетпен байланыстырып, жазба тілмен балама деп тану, екінші жағынан, Әдеби тіл тарихын сол халықтың қоғамдық, әлеум., экон., мәдени тарихынан бөліп алып, соның нәтижесінде жазуы болмаған я кеш дамыған халықтың, бай ауыз әдебиеті, ауызша тарап келген әр жанрдағы халықтық әдебиеті болса да, Әдеби тілі жоқ, я болмаса кеш қалыптасқан деген үзіледі-кесілді пікір айту шындыққа жанасымды бола бермейді. Әдеби тіл тек жазба әдебиет негізінде ғана қалыптасып, дамып қоймайды, бұл процесте, мыс., қазақтың шешендік сөздерінің, ақын-жырлаулар шығармашылығының, айтыс ақындарының, лиро-эпик., батырлар жырларының, жалпы ауызша әдебиет түрлерінің де өз орындары бар. Оның үстініне Әдеби тілдің орфогр. нормасымен бірге орфоэп. та нормасы бар екенін мойындасақ, ауызша әдебиеттің те Әдеби тілді қалыптастырып, дамытуда орны бар екенін байқаймыз. Сондықтан, біріншіден, Әдеби тіл деген ұғым мен жазба тіл, жазба әдебиет тілі деген ұғымдар бір-бірімен қарым-қатынасты, байланысты болып келгенмен, тепе-тең, бір емес, екіншіден, жазба тіл әдебиліктің бірден-бір негізгі критериі, мәнді қасиеті бола алмайды, ол тек Әдеби тілдің даму дәрежесінің көрсеткіші, демек, жазба тіл мен ауыз екі тіл жалпы тілдің, соның ішінде Әдеби тілдің өмір сүру формасы болып табылады. Сол сияқты Әдеби тілді стильдік-жанрлық тармақтары бар деген белгі де әдебиліктің емес, Әдеби тілдің даму дәрежесінің сапалық көрсеткіші. Тілдің әдебилігінің мәнді сипаты, бірден-бір көрсеткіші — халықтың белгілі кезеңдегі қоғамдық, рухани, мәдени өмірінің құралы бола алуы, халықтың рухани байлығын, сөз өнерін жеткізудің, мәдени талап-тілектің қоғамдық көрінісі, құралы мен оны іске асырудың амалы бола алуы. Осындай міндетті атқаратын тіл ғана Әдеби тіл болмақ. Сонда ғана ол жалпы халықтық тіл деген ұғымнан өзінің жүйелілігімен, тұрақты нормалылығымен, сұрыпталып, өңделген қасиеттерімен, даму сатысының жоғары дәрежесімен, қоғамдық қызметінің айқындылығымен, сан алуандығымен ерекшеліне алады және өзі қызмет ететін халықтың қоғамдық даму тарихымен, саяси-әлеум., экономика, мәдени ерекшеліктерімен байланысты әр түрлі формада өмір сүруге икемделеді.
Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы, сөз мәдениеті өндірісінің құралы болуы оның жүйелік сипатымен, сұрыпталған, сымбатталған тұрақты нормаларымен, сол халыққа әрі ортақ, әрі түсінікті қасиеттерімен анықталады. Өйткені тілдің әдебилігі сол тілдің иесі боып табылатын халық өкілдерінің баршасына түсінікті және ортақтығы, яғни олардың арасындағы бір-бірімен тікелей де, жанама да қарым-қатынас құралының ең жоғарғы сатысы болуы сол тілдің орныққан жүйелі нормалары яғни тілдік элементтердің жүйелігі мен қалыптығы негізінде ғана жүзеге аспақ. Ол нормалар — бір күннің, тіпті бір жылдың жемісі емес, тілдің даму барысындағы көптеген ғасырдың жемісі. Және олар тілдік деңгейлерде (фонетика, лексика, сөзжасам, грамматика, морфология және синтаксис) жеке-жеке тілдік бөлшектердің ішкі мәні, мазмұны (семантикасы) мен сыртқы дыбыстық, тұлғалық жағының сәйкестіктері және олардың қолданыстық-қызметтік сипатының диалектик. бірлікте болуы арқылы ұғынылып, әрі айқындалып отырады. Сондықтан да морфол. нормалар, синтаксистік нормалар, тілдік элементтердің (сөздердің) комбинаторлық, конструктивтік нормаларымен әрқайсысының мазмұны (мәні), түр-тұлғалық жиынтығы мен қолданыстық қалыптасу жүйелері болады. Сөз жоқ, ол нормалар да өзгеріп, дамып отырады.
Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі — адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Сондықтан жалпы тіл атаулыға тән қасиет-коммуникативтік қызмет Ә. т-ге де тән. Әдеби тіл арқылы айтушының, жазып қалдырған адамның ойын, пікірін ұғамыз, сұрағына жауап береміз. Ә. т. арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз. Яғни пікір алысу, ой жеткізу, адамдардың бір-бірімен ұғысуы, білмегенді білу, білім, тәлім-тәрбие, тағлым алу Ә. т-дің осы коммуникативтік қызметі арқылы жүзеге асады. Бірақ Әдеби тілдің коммуникативтік қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының басқа түрлерінен қалыптасқан белгілі тіл заңдылықтары, тілдік элементтер жүйесінің құралдық, құрылымдық, қолданыстық жағынан тұрақты нормаларының болуы арқылы ажырытылады. Мыс., ойды білдірудің ең кіші тілдік бөлшегі сөйлем болса, ол белгілі тәртіппен орналасқан, белгілі тұлғалар арқылы грамматик. байланысқа түскен, мағыналары сәйкес сөздерден, ал сөздер дәл сол сияқты морфемалар мен дыбыстардан тұрады, сөйтіп сөйлем жүйелі құрылым құрайды да, ерекше коммуникативтік қызмет атқарады. Сол арқылы қате құрылған сөйлемді, орынсыз қолданылған жеке сөзді, сәйкессіз тіркестерді, кейбір дыбыстық ауытқуларды тауып, анықтай аламыз. Сонымен бірге Ә. тіл арқылы белгілі бір оқиғаны оқушыға жеткізіп қана қоймай, сезіміне әсер етуге де болады, яғни оқушысын бірде күлдіріп, рахаттандырып, көңіліне нұр сеуіп, өсіреді, бірде жылатып, көңілін күйдіріп, қайғыртады. Бұл — Әдеби тілдің экспрессивтік-эстетик. қызметі болып табылады.[1] Ә. т-дің қалыптасу жолын нақты көрсете алатын ерекшеліктерге назар аударсақ, әр түрлі Әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде Ә. т-дің қалыптасуының негізгі үш жолын көрсетуге болады:
1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады. Ондайға бұл диалектінің не геогр., не экон., не лингвистика, не тектік-этник., не мәдени дәрежесі т.б. жағынан артықшылығы болады. Орыс Әдеби тіл Мәскеу диалектісінің, татар Ә. т. Қазан (орта) диалектісінің негізінде қалыптасты деген қорытынды осындай ерекшеліктерге сүйенеді.
2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің Әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа бір елге бағынышты болуымен, мәдениетінің мешеу қалуымен байланысты. Кейде ондай Әдеби тіл ол халық үшін белгілі бір мерзім ішінде өмір сүріп, кейін ол қасиетінен айрылып қалуы мүмкін, немесе жергілікті халық тілімен қатар өмір сүріп, көбіне тек ресми әдеби тіл шеңберінде қалып та қояды, немесе жергілікті халық тілімен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде әр түрлі өзгерістерге ұшырауы да ықтимал.
3. Көп жағдайда Әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық, я бірнеше диалектісінің негізінде немесе жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасады. Қазақ Әдеби тіл, соңғы кезде тіл мамандарының көрсетуінше, жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасты деп саналады қ. Қазақ әдеби тілі.
Әріп—дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп — шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді. Е, ю, я әріптері екі дыбысты, ал ъ — қатаңдықты, ь — жіңішкелікті белгілейді. Қазіргіқазақ тілінде 37 дыбыс, 42 әріп бар. Бұл 1940 жылы кирилл графикасына көшуге орай қазақ әліпбиінің негізінде бекітілді. Әріптің баспахана ісіне бейімделген баспа түрі және қолмен жазуға бейімделген жазба түрі болады. Әріп қағаз не жазуға келетін затқа жазу құралымен түсірілетін таңба болғандықтан, оны көзбен көруге болады. Әріпте құбылмалық қасиет жоқ, ол тұрақты, бірақ ғалымдардың өзара келісімімен оны өзгертуге болады. Қазақ жазуының тарихында мұндай өзгертулер болған. [1]
Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді.
Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.
Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді.
Жақсыз сөйлем - бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрі.
Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді:
1. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді.
2. Тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, айтуы тиіс т.б.
3. –ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды.
4. Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек сілесі қатты, шарасы қалмады.
Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.
Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі.
Мысалы: Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. Күпі сыртынан қайыс белбеуін буып алды. Көзінен жасы ыршып кетті. Осы үш сөйлемнің алдыңғысы – толымды cөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді? - шықты) да, бастауышы (кім шықты? – Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты? – сыртқа және қалай шықты – бір ытқып ) та жұмсалған. Сондықтан бұл - толымды сөйлем. Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді? – буып алды) иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалған, бірақ оны табуға болады: кім буып алды? – ол (Кәлен). Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп қалған. Сондықтан екінші, үшінші сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады.
Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі.
Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан, шартты түрде сөйлем деп танылады. Бірақ оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді.
Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кезі. Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы Көлшүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрғақтар айнаның жиегіне салынған салынған әдемі өрнек сияқты. Мұнда алғашқы 4 сөйлем мезгілді (1-2 сөйлемдері кеш және ымырт жабылған кез) және мекенді (3-4 сөйлемдер: Көкшетау маңы және айнадай Көлшүмектің қасы) атап қана тұр.
Мысалдан көргеніміз атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді.
Сөйлем мүшелерінің қатысуына қарай жай сөйлем бірнеше түрге бөлінеді: 1) жақты жәнежақсыз сөйлем; 2) жалаң және жайылмасөйлем; 3) толымды және толымсыз сөйлем; 4)атаулы сөйлем.
Бастауыштың қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем жақты және жақсыз болып бөлінеді.
Бастауышы қатысқан немесе жасырын тұрғанда баяндауышы арқылы қиыстыра байланыстырып табуға болатын сөйлем жақты сөйлем депаталады.
Жақты сөйлемнің негізгі белгілері:1)баяндауыштары бастауышпен
жақ жағынан қиыса байланысады. Мысалы, Бұл кезде тоғай да кемеліне келіп толықсып тұрады. Қайсардың шешесі Бәден апай – шалқып сөйлейтін адам.
2) жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмаса да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Мысалы, Бір кезде қасқа атты қалт тоқтатып, артына бұрылды. Былтыр жазда демалыс алып, ауылға бардым. Біріншісөйлемде бастауыш ашық айтылмағанмен, баяндуышына қарап ол, ал екінші сөйлемде мендеген жіктеу есімдігі екенін тауып алуға болады. Сонымен, жақты сөйлемнің құрамында бастауышболады.
Бастауыш қатыспайтын, сөйлемгебаяндауыш негіз болатын сөйлем