Оршаған ортаны қорғау мәселесіне қатысты жобалық құжаттарды жасақтау туралы түсінік беріңіз.
Ықтимал апаттар кезіндегі объектінің әсер ету болжамы.Түрлі мақсаттардағы өндірістік кәсіпорындардың объектілерінде технологиялық процестерінің істен шығуы, қызмет көрсетушілердің техникалық қателігі, өртке қарсы және техника қауіпсіздігін тәртіптерінің бұзылуы, энергиямен немесе сумен қамтамасыз ету, суды алып кету жүйесінің істен шығуы секілді жағдайлар, террорлық актілер және т.б. авариялық жағдайлардың пайда болуының негізгі себептері болуы мүмкін.
Негізі, жобалық және жобадан тыс апаттар деген ұғымдар бар.
Жобалық апаттар үш класқа бөлінеді:
- максималды экологиялық апат – нәтижесінде халық қоныстанған пунктілерге немесе табиғи ортаға үлкен, қайта қалпына келмейтіндей катастрофалық зардап алып келетін апаттар
- өндіріс элементтерінің сынуы, қызмет көрсетушілердің дұрыс жұмыс ітемеуінен ірі экологиялық апат - нәтижесі, қоныстанған халықпен табиғи орта үшін ауыр болатын апат;
- қайта қалпына келмеу жағдайы орын алмайтын және аз уақытты әсерлерімен сипатталатын технологиялы экологиялық апат - технологиялық сызбалардың элементтерінің апаты
Ндірістік ғимараттарды жобалаудың негізгі принциптері және өнеркәсіптік ғимараттардың классификациясы туралы түсінік беріңіз
Өнеркәсіптік ғимараттарды жобалаудың негізгі принциптері:
- Іргетастардың грунтты негіздерін олардың шекті күйлері бойынша есептеу
- Үйдің жер үстіндегі бөлігінің, іргетасының, грунтты негіздерінің бірге бүтіндегі бір жүйенің құрамында үйлесімді және берік жұмыс атқаратынының қажеттіліктерін ескеру
- Аз құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық және гидротеологиялық жағдайы
- Салынатын ғимараттың грунтты негізінің әркелкі шөгуінің жер бетінен жоғары орналастырылған конструкцияларға тигізетін әсерін бағалау
- Жер қазу жұмыстарын жүргізумен іргетас орнатудың тиімді тәсілдерін қолдану.
Химиялық саланың кәсіпорынының жобасын жасақтау кезінде нақты құрылған техникалық тапсырмалар негізгі құжат болып табылады. Олардың құрастырылып жасалынуы мен берілуіне жетекші ғылыми зерттеуші ұйыммен немесе құрылтайшылар кеңесімен келісілген және бекітілген тапсырыстық құжаттарға сай өнім өндіруді меңзеп отырған мемлекеттік,корпаративтік немесе қоғамдық уйым, жауапкершілігі шектеулі серіктестік жауапты болып табылады.
Өнеркәсіп ғимараттарының көлемдік жобалық және коструктивтік шешімі олардың бекітілуіне байланысты техникалық процтерінің сипаттамасын орналастыру және ерекшеліктері.
Өнеркәсіптік ғимараттардың түрлері:
- Бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттар;
- Көп қабатты өнеркәсіптік ғимараттар;
- Қосалқы көмекші ғимараттар;
- Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоймалары.
Бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттар. Химиялық өнеркәсіпте бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттар технологиялық процесі горизонтальді өндірістер үшін құрылымдалынады. Негізгі қолайлылығы – өндірісті тиімді ұйымдастыру. Сонымен қатар негізгі және қосалқы цехтардың жұмысын қадағалау, транспорт мәселесін шешуге өте қолайлы.
Көп қабатты өнеркәсіптік ғимараттар. Химия өндірісінің технологиялық процесі вертикальді болып келетін түрлерін орналастыруғы тек көп қабатты ғимарттар ғана қолданылады. Шатырларының түсіретін салмағына байланысты колонналарының торларының өлшемдері 9 ×6 м (1000 кг/м2), ал 6 ×6 м (2500 кг/м2). Көп қабатты өнеркәсіптік ғимараттардың биіктіктері ретінде қабаттың еденінің деңгейінен биік жақта орналасақан келесі қабаттың еденінің беткі деңгейіне дейінгі аралық алынады.
Қосалқы көмекші ғимараттар мен химиялық кәсіпорындардың жайлары тіршілік, сауықтыру және мәдени демалу мәселелерімен тікелей байланысты, яғни әлеуметтік немесе мәдени-сауықтыру нысандары
Қоймалар.
- Жылдам тұтанғаш, жарылғыш, улы заттардың және өртке қауіпті реактитвердің және концентрлі қышқылдарға арналған қоймалар;
- Жағар-жанар май материалдарының қоймалары және мұнай базасы;
- Пиломатериалдар, қағаз, текстиль және полимерлі материалдар қоймалары;
- Ерекше оқшауландыруды қажет ететін қоймалар (радиоактивті материалдар);
Өрт қауіптілігі тұрғысынан қауіпсіз материалдарға арналған қоймалар
Павильонды ғимарат
- Горизонтальды де, вертикальды де технологиялық процестерді жүргізуге тиімді
- Үлкен көлемді технологиялық қондырғыларды орналастыруға тиімді
- Өндірісті басқа өндіріске ауыс-ға мүмкіндік береді.
- Көпқабатты ғимаратқа қарағанда қаражатты 5-7% үнемдейді.