І. Ұйымдастыру кезеңі. · Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
· Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
· Оқушыларды түгендеу.
· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1) Рим императорлары өз билігін нығайту үшін қандай шаралар қолданды ?
2) ІІ ғасырдан бастап елдің шаруашылығы не себепті құлдырай бастады ?
3) Колонндар деген кімдер ?
Жаңа сабақтың жоспары:
1) Ипериядағы ішкі қайшылықтардың шиеленісуі.
III.Жаңа сабақ.
б.з.-дың II ғасырының аяғынан бастап экономикада үлкен қиыншылықтар орын алды. Құлдар мен колондар қатты қиналды. Зорлық–зомбылық олардың еңбекке деген ынтасын жойды. Жұқпалы аурулар кеңінен тарап, оларды жаппай өлімге әкеліп соқтырды.
Б.з.–дың III ғасырында ақша айналысында құнды металдар тым азайып кетті. Бай адамдар алтын – күмістерін құпия ұстады.
Шет аймақтардың халқына орасан салық салынды. Сондықтан империяның әр жерінде көтерілістер бұрқ етіп отырды. Бұл кӛтірілістерге құлдар, колондар және қала кедейлеріде қатынасты. Осындай ірі кӛтерілістің бірі Галлияда болған. Кӛтерілісшілер қазіргі Париж қаласына жақын жерде берік қамал салған.
III ғасырда императорлар өкіметі өте тұрақсыз болды. Императорлардың өзара қырқысы және әскерлер арасындағы бүлік империяны мүлдем әлсіретіп жіберді. Императорлар екі, үш жылда, ал кейде бір, екі ай сайын ауысып отырған. III ғасырдың орта шенінде Рим империясынан Галлия, Испания, Египет және Азия мен тӛменгі Дунайдағы аймақтар түгелімен бӛлініп кетті.
Ғұн тайпаларының бптысқа қарай жылжуы б.з.б. II ғасырда басталды. Ғұндардың бұл жылжуы тарихта Халықтардың ұлы қоныс аударуы деген атпен белгілі болған тайпалар мен жаңа құрыла бастаған халықтардың қоныс аударуына әсер етті.
Олар Дунай өзені арқылы Батыс Еуропаға, Испания жеріне жеткен. Ғұндар б.з.–дың III ғасырында Скандинавиядан Солтүстік Қара теңіз маңына дейін қоныстанған готтарды бастысқа ығыстырады және готтардың бір бөлігін бағындырып алады.
Аттила мен Рим арасындағы шиеленіс жаугершілікпен ғана байланысты емес еді. Олардың бір–біріне қарсы тұруы шығыс пен батыс мәдениетіндегі ерекшеліктерге, дүниені танып білудегі көзқарас өзгешеліктеріне де тікелей байланысты болды. Ғұндар аспан құдайы Тәңірге сиынып, оған ешкімді теңгермеді.
Империяның қауіпті көршісі Қара теңіздің солтүстік маңына көшіп келіп қоныстанған германдардың готтар тайпасы болды. Олар империяың әлсіздігін пайдаланды. Готтар Италия жеріне баса- көктеп кірді. Готтардың әскеріне Аларих қолбасшылық етті.
Рим әскелері көп құрамды болғандықтан сенімсіз болып шықты. Императорды жек кӛретін құлдар мен колондар құлиеленушілердің үйрлері мен бау–бақшаларын қиратып, готтарға барып қосылды. Готтар «мәңгі қалаға» келіп тірелетін нан таситын жолдарды кесіп тастады. Соның нәтижесінде қалада аштық пен әр түрлі аурулардың эпидемиясы басталды.
410 жылы 24 шілдеде готтар Римге тікелей шабуыл жасады. Құлдар түн ішінде қаланың қақпасын ашып береді. Қалаға кірген готтар үш күн бойы қаланы тонайды.
Рим империясына бұдан кейін үлкен қауіп төндірген ғұндар болды. Ғұндардың көсемі Аттила (Еділ) V ғасырдың 30-жылдары Батыс Рим империясына қарайтын Галлияға басып кірді.
Аэций Аттилаға әскерімен қарсы шығады. Аэций шебер саясатшы да болатын. Ол біріккен көрші тайпалардан (вестготтар, франктер) жасақтар құрып, ғұндарға қарсы қояды. Ғұндар мен біріккен тайпалардың арасындағы ең ірі шайқас 451 жылы Каталун алқабында болды.
Рим әскери қызметінде жүрген көрші тайпалар әскербасыларының тақ үшін күресі шиеліністі. Сол тұста Рим көрші халықтардың шапқыншылық жорықтарынан қатты күйзелді.
Африкада қоныс тепкен германдардың вандал тайпасының шабуылдары қатты соқы болып тиді. Батыс Рим империясы билеушілерінің ішкі қырқыстарын жақсы пайдалана білген вандалдар 455 жылы Римді алады. Қаланы аяусыз тонап, қиратып ӛртейді. Халқын қырып – жояды, мыңдаған адамдарын құлдыққа айдап әкетеді. Ешбір көңілге қонбайтын осы ойрандаушылық «вандализм» деген сөзді қалыптастырды.
Герман әскербасыларының бірі Орест өзінің он бес жасар ұлын – Ромулды 475 жылы Батыс Рим империясының императоры деп жариялайды.
476 жылы германдық әскербасы Одоакр императорға қарсы соғысқа шығып, оның әскерін талқандап, өзін императорлықтан бас тартуға мәжбүр етеді.
ІV. Сабақты бекіту:
1) Октавианның енгізген жаңалықтарын жазу. Мағынасын түсіндіру.
2) Құлиеленушілік шаруашылық не себепті құлдырады ?
3) Колонналар деген кімдер ? Олар не себепті өкіметке қарсы шықты ?
4) Шет аймақтарында рим өкімет қандай өзгерістер енгізді ?
5) Мәтіннен жаңа сөздерді көшіру, мағынасын жазу.
V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.
VІ. Үйге тапсырма: параграф 30 оқу, мазмұндау.
Сынып: 6 «а». Сабақ №:______32_____ Күні:_______________
Пән: Ежелгі дүниежүзі тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Ғұндардың Батысқа жорығы. Батыс Рим империясының құлауы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ;
Дамытушылық: ;
Тәрбиелік: .
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сөз әдісі, сұрақ - жауап, ауызша, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ.
IV.Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI.Үйге тапсырма.