Рт,жер сілкінісі кезіндегі тұрғындар іс әрекеті

Жер сілкінісі ойда жоқта келгенін ескерсек, төтенше жағдай кезіндегі өз әрекеттерін алдын-ала жоспарлап қою өте маңызды. Белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін білгенде, өз өмірін сақтап қалу мүмкін. Негізінде, өлім және жер сілкінісі кезіндегі алған жарақаттардың себебі жер асты дүмпуі емес. Өлімдердің көбі ғимараттардың қирауы, сынықтар мен пеш мұржаның және көшедегі жарықтандыру бағананың сынықтары және т.б. сияқты заттардың құлауы нәтижесінде пайда болады.
ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? ҮРЕЙЛЕНБЕҢІЗ!
Ең маңыздысы - сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаныңыз жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. Балалар мен егде адамдардың қамын ойлаңыз (олардың кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға тап болуы мүмкін).
ТҰРҒЫН ЖАЙДА:

· газ, су, және жарықты сөндіріңіз;

· алдын ала таңдалған орында (іргелі ішкі қабырғалардың арасы, іргелі ішкі қабырғалардың бұрыштары, колонна жанындағы және каркас астындағы орындары) тығылыңыз;

· терезеге жақындамаңыз;

· есік жақта үрейді туғызбай, лифтіні пайдаланбаңыз.

КӨШЕДЕ:

· ғимараттардан алысырақ ашық жерге барыңыз, үзілген сымдардан абай болыңыз;

· ғимараттарға кірмеңіз.

КӨЛІКТЕ:

· мүмкіндігінше тез арада ашық жерде тоқтаңыз;

· дүмпулер аяқталғанша көліктен шықпай, орныңыздан қозғалмаңыз;

· автобус жүргізушісі есікті ашып қоюы тиіс.

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН:

· сабырлылықты сақтаңыз, зардап шеккендерге көмектесіңіз;

· радиоқабылдағышты қосыңыз, жергілікті биліктің, азаматтық қорғаныс штабының нұсқауларын қадағалаңыз;

· аса қажеттіліксіз телефонды ұстамаңыз;

· зақымдалған ғимараттарға аса қажеттіліксіз кірмеңіз;

· жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіздер, құтқарушы және басқа шұғыл жұмыстарға қатысыңыздар.


Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін арналған жалпы ұсынымдар:

· жиһаздың ауыр заттары құлайтын жерде ұйықтауға болмайды. Салмақты ауыр заттарды еденге немесе қабырғаға шегелеп қою қажет.

· биік сөрелерге ауыр заттарды қоймаңыз, өйткені олар құлап адамдарды жарақаттауы мүмкін.

· егер дежер сілкінісі түнде болса шамды даярлап қою керек.

· төтенше жағдайлар туындағанда жеткілікті көлемде ішетін сумен тағам болу керек.

• Әрбір адам әр түрлі жағдайларда әрекет ету жоспарын өзі жасау керек. Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы мүшелерінің әрекет ету жоспарын анық білу қажет. Және де жер сілкінісі кезінде сабырлылықты сақтаңыздар, лайықты іс жасап, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ! Өрт кезіндегі басты іс-әрекет

 Өртті көрген кезде, жағдайды парасатты бағалап, бар күшіңізді жинап, өзіңізге көмекші табыңыз.

 Ең алдымен өрт сөндіру қызметін (01телефоны, көршілер, радиостания, қызметтік автокөліктер, полиция, «жедел жәрдем»,авариялық қызмет т.б.) шақыртыңыз.

 Тәуекелді жағдайда мүлікті құтқаруға бекер күшіңіз бен уақытыңызды жоғалтпаңыз.

 Бастысы - кез келген тәсілмен өзіңізді және қайғыға ұшыраған басқаларды құтқаруға тырысыңыз.

 Балалар мен қарттарды құтқаруға тырысыңыз. Оларды өрт болып жатқан жерден әрі алып кетіңіз,себебі ол жерде газ баллондардың, бензобактардың атылуы және өрттің тез дамуы мүмкін.

 Өрт сөндірушілерге дұрыс ақпарат (нақты мекенжайды. қысқа келетін жолды, не өртеніп жатқанын, ішінде адамдар барм екенін) беру үшін міндеті түрде оларды алдарынан шығып, күтіп алу қажет.

 Егерде адам жанса

 Егерде үстіңізде киім жана бастаса, жүгіруші болмаңыз, себебі жалын одан сайын лапылдауы мүмкін.

 Жанып жатқан киімді үстіңізден дереу шешуге тырысыңыз.

 Маңайда көлшік немесе қалың қар болса, соған сүңгіңіз.

 Жоқ болса, жерге құлап, жалын сөнгенше аунаңыз.

 Үстіңізге қалың мата жабыңыз, бірақ басыңызды ашық қалдырыңыз.

 Дәрігерге қаралмай, күйген жерлерден киіміңізді шешуге тырыспаңыз.

 Егер де подъезде өрт болса

 Подъезге шығушы болмаңыз, себебі түтін өте улы, ал ыстық ауа өкпеңізді күйдіріп жіберуі мүмкін.

 Ең алдымен «01»телефон шалыңыз.

 Төменге қарай жіппен, ақ жаймамен,су құбырымен түсу өте қауіпті.Терезеден секіру мүлдем қауіпті.

 Үйіңізге түтін кірмес үшін кіреберіс есігіңізді су матамен мықтап жабыңыз.

 Ең қауіпті жер – балконда немесе терезенің қасында. Ең алдымен өрт сөндірушілер сізді сол жерде таба алады. Далада суық болса, жылы киініңіз, артыңыздан балконның есігін жабыңыз.

 Егер де сіз түтінге толы подъезде қалып қойсаңыз, өкінбеңіз, шыға беріске қабырғаға сүйене отырып шығыңыз.Сол арада деміңізді ішіңізге тартып тұрыңыз, ал ең жақсысы ауыз бен мұрныңызды орамал немесе мойын орағышпен жауып алыңыз.

 Лифтіні пайдаланушы болмаңыз, оны сөндіріп тастауы мүмкін.

 Өрт төменнен жоғарыға дамығанда, жоғары қабаттың тұрғындары өте сақ болуы тиіс.

 Пәтердің кіреберіс есігі өртенсе

 Оны ашпаңыз, әйтпесе от пәтеріңізге кіреді.

 Көршілерге білдіртіңіз, олар сыртынан отты сөндіруге тырысып, дереу өрт сөндіру күзетін шақырсын.

 Сол арада сіз ішінен есікке су құйғаныңыз жөн болар.
Егер де теледидар өртенсе
Ең алдымен розеткадан вилканы суырып алыңыз немесе пәтерді электр қалқанынан ажыратыңыз.
Өртеніп жатқан теледидардан көп улы заттар бөлінеді, сондықтан пәтерде бар адамдарды дереу сыртқа шығарыңыз.
Ауаның кіруін тоқтату үшін, теледидарды бір қалың матамен жабыңыз.
Бірақ теледидарға қатты жақындамаңыз, өйткені кинескоп атылуы мүмкін.

Наши рекомендации