Азақстан инвестициялық қорының қызметі, оның Қазақстанның инвестиция нарығындағы орны мен рөлі
Инвестициялық қордың мақсаты қайта құрылған және күшіндегі ұйымдардың жарғы капиталына қатысу жолымен экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндіріс ашу туралы жеке сектор ынтасына қаржылай қолдау көрсету болып табылады.
Қор қызметінің концептуалдық жағдайы
Қор тура инвестор жобасына 49% акцияны иелене отырып шыға алады. Инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатының неғұрлым тиімдірек жолы жобаның технико-технологиялық жағын және 50 проценттік акцияны бақылауды жүзеге асыру үшін жеткілікті маркетингтік және технологиялық тәжірибесі бар жобаны орындаушы ұйымдардың сәйкес деңгейін қамтамасыз ететін стратегиялық инвестор болуы тиіс кәсіпорындардың жарғы капиталына қатысу болып табылады.
Кәсіпорынның жарғы капиталына қатыса отырып, Қор инвестор сияқты жобаны іске асырумен байланысты тәуекел мен түсімдерді бөледі. Қор стратегиялық инвесторларға локальды қауіптерді азайту мен мемлекеттік мекемелермен және сол аймақтағы инвестициялық индустрияның басқа да қатысушыларымен қарым-қатынасты үйлестіруді қамтиды.
Инвестициялық жобалар
• Қаржыландырушы жобалар
• Перспективалық жобалар
Жоба инициаторына қарауына инвестициялық жоба бойынша ұсынысты қабылдау үшін бірінші кезекті міндетті түрде бекітілген формада өтініш толтырып беруі тиіс.
Инвестициялық жобаларды қарау мен іске асыру регламенті
Инвестициялық құжаттар жинағы
Бүгінгі күні Қор қызметінің акценті құрылымтудырушы маңызы бар ірі перспективалық жобалардың кезеңдік қаржылануына ауыстырылған және ол жаңа әрі жималық экономикалық кластерді толтыруға әсер ететін болады.
«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ
«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ Қазақстанның даму институты ретінде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №501 қаулысымен 2003 жылдың 30 мамырында құрылған.
«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ ның Жалғыз акционері – «Самрук-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ.
Қордың мақсаты – перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға ықпал ету, экономиканың шикізаттық емес секторындағы жеке секторының бастамасына қаржылық көмек көрсету.
Қордың мәселелері:
1. Шикізат пен материалдарды толығымен қайта өндіретін, жаңа технологияларды пайдаланып, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаратын, сонымен бірге келешегі бар ұйымдарға өндірістік қызмет көрсететін, өздерінің іс әрекеттерін өнеркәсіпте жүзеге асыратын жаңадан құрылған, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру;
2. Инвестициялық жобаларды Қормен қаржыландыру арқылы экономиканың шикізат емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру (ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы жобаларды басқаруға қатысу;
3. Қосымша, аралас өндірістерді дамытатын, отандық және шетелдік ұйымдар арасында өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі инвестициялық жобаларды бірлескен қаржыландыру арқылы шетелдегі қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігін көтеруге ықпал ету;
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы « Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және « Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қ аулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры ұ лттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.
Қор қызметінің негізгі мақсаттары:
1) ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
2) экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға жәрдемдесу;
3) компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы н, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын, компаниялардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде жаңғырту мен әртараптандыру Қордың және компаниялар қызметінің негізгі бағыты болып табылады.
Қор экономиканың шынайы секторына инвестициялар тарту, өңірлерде жұмыстарды жандандыру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту жөніндегі мәселелерді жылдам әрі шұғыл шеше отырып және бар басымдықтар мен мүмкіндіктерді барынша қолдана отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша жәрдемдесу үшін танылған.
Ұлттық экономиканы тиімді әртараптандыру және жаңғырту, әсіресе, мынадай экономиканың басым секторларында белсенді инвестициялық қызметті іске асыру арқылы жүзеге асырылады:
- мұнай- газ секторы ; – электр энергетикасы ; – металлургия; – химия,
мұнай- химия; – инфра құрылым .
Қор қызметінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады :
1. Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау ;
2. Қордың және оның компаниялары қызметінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі ;
3. шешімдер қабылдауда және оларды іске асыруда кезінде жүйелілік және шұғылдық;
4. жауаптылық және есептілікте болу .
Қор қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады :
1. ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу ;
2. елдің экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу ;
3. компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру .
Қордың міндеттері:
1. өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету ;
2. Қордың компаниялары топтарының қолданыстағы активтерін қолдау және жаңғырту ;
3. өңірлерді дамытуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу ;
4. отандық тауар өндірушілерді, отандық тауарлар мен қызметтерді қолдау .