Экономикалық маңызды түрлер санын бақылау
Ауыл шаруашылығы
Экология ғылымының маңызды қолданбалы проблемаларының бірі агроэкожүйелердің қалыптасу және жұмыс істеу заңдылықтарын зерделеу болып табылады. Егін шаруашылығы орманды кесу, тың жерлерді жырту, мелиорацияның және т.б. әр түрлері түрінде ландшафттың түпкілікті өзгеруімен байланысты.
Ауыл шаруашылығының экожүйелерге жағымсыз әсері келесіден көрінеді:
1)ауыл шаруашылығы алқаптары адам қызметімен ықшамдалған экожүйелер-дің әдеттегі картинасын білдіреді. Оларда өсімдік түрлерінің саны тіпті монодақылға дейін төмендетілген; жануарлар әлемі айрықша дерлік ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен берілген. Адамның қызметі жұтаңданған түрлік құрамды қолдауға тікелей бағытталған: адам арам шөптермен және өсірілетін өсімдіктер зиянкестерімен белсенді күреседі. Осының барлығы экожүйе тұрақтылығының жоғалуына әкеледі: зиянкестердің көбеюі, өсірілетін түрлердің құрғақшылыққа немесе қатты ылғалдануға жоғары сезімталдық және т.б.;
2)мәдени дақылдардың аз төзімділігі және бәсекеге қабілеттілігі адамның ара-ласуының табиғи іріктеудің жасанды іріктеумен ауыстырылуына әкелуімен де анықталады; өсімдіктер үшін пайдалы сапаға емес, адам үшін маңызды сапаға іріктеу жүреді. Нәтижесінде агроэкожүйелер дербестілігін жоғалтады, мұндай жүйелер «жабайы» түрлер қауымдастықтарымен жылдам ығыстырылады;
3)агроэкожүйелерде айналымның толық емес болуының маңызы үлкен: жыл сайын экожүйелерден астық түрінде өнімнің көп бөлігі қайтарусыз алынады; тыңайтқыштардың жартылай ғана орны толтырылып пайдаланылатын топырақтың бағытталған жұтаңдануы байқалады;
4)агроэкожүйелер қоршаған биоценоздарға әсер етеді. Агроэкожүйелердің даму кезеңдері биомассаның жинақталу кезеңінде агроэкожүйелерге сырттан бірқатар түрлердің келуін және алқаптарды машинамен өңдеу және астық жинау кезеңдерінде олардың қоршаған пайдаланылған жерлерге кері жылыс-тауын тудырады. Бұл жылдық тіршілік әрекеті және жәндіктердің, кеміргіштер-дің және басқа жануарлардың бірқатар түрлері санының динамикасы циклдеріне елеулі түзетулер енгізеді;
5)тарихи масштабтарда ауыл шаруашылығының табиғи жүйелерге әсер етуі ландшафттар эволюциясының түбегейлі факторы болуы мүмкін;
6)сондай-ақ мал шаруашылығында экологиялық проблемалар пайда болады: түрдің биологиялық талаптарын қамтамасыз ету (қоректендіру, климат, ұдайы өсіру), үй жануарларының қоршаған экожүйелерге әсер етуі (жаюдың фитоценозға әсер етуі, жабайы түрлермен бәсекелесу, гельминттердің таралуы, инфекциялардың табиғи ошақтарына қатысу және т.б.).
Аталған проблемаларды шешу жолдары мыналар болып табылады:
1) дәнді дақылдарды аралас егу ауа-райы және басқа жағдайлар ауытқығанда астықтың төзімділігін арттырады;
2) орман жолақтарын жасау күрделі көп белдеулі өсімдіктер қауымдастығын қалыптастыруды көздейді, онда ауыл шаруашылығының дақылдары зиянкес-терінің санын бақылайтын жәндіктер мен құстардың түрлері орын табады;
3) топырақтағы қоректік элементтер мен органиканың тапшы емес балансы жүйесін пайдалану;
4) құс шаруашылығында жасанды өсіруді кеңінен ендіру құс етін шығарудың индустриялық әдістеріне жол ашты;
5) үйірлік түрлердегі өзара қатынастар ерекшеліктерін зерттеу үйірлердің өнімділігі және олардың басқарылғыштығы мәселелерін шешуге кілтті беруі мүмкін;
6) популяциялық генетика саласындағы зерттеулер.
Биодақылдар
Биологиялық өнімділік процесін тікелей басқарудың басқа түрі – бұл өнімі адамды қызықтыратын сол немесе басқа биологиялық объектілер дақылдарын жасау.
Дақылдарда тірі организмдерді өсіру эффектісі, әсіресе микробиологияда айқын көрсетіледі. Ашытқыларды, антибиотиктерді және басқа дәрі-дәрмек препараттарын өнеркәсіптік масштабтарда өндіру технологиясы биологиялық өзгешелікті және таратылатын объектілердің ұдайы өсіру мүмкіндіктерін есепке алатын әр түрлі микроорганизмдер дақылдарына негізделеді.
Жоғарғы организмдердің арасында әсіресе су дақылы кеңінен таралған – су организмдерін өнеркәсіптік өсіру. Су организмдері өнімін пайдалануды қарқындату перспективасы гидробионттардың жай пайдаланудан белсенді өсіруге, яғни су дақылына ауысуымен байланысты. Су дақылы өсірілетін организмдерді дамудың барлық сатыларында бақылау арқылы гидробионт-тарды белгілі технология бойынша өнеркәсіптік өсіруді жорамалдайды. Осы жолмен теңіздің таяз суында інжу өндіріледі, жеуге жарайтын моллюскілер, шаян тәрізділер, балдырлар өсіріледі. Сондай-ақ су дақылы табиғи су қоймаларының мелиорациясын және су организмдерінің аса құнды түрлерінің жоғары өнімін алу мақсатында олардың экожүйелерінің құрамына араласуды болжайды (балық шаруашылығында кеңінен пайдаланылады – су қоймалары-ның биологиялық ресурстарын басқару).
Тауар өнімін ұйымдастыру міндеттері мен сипаты бойынша су дақылына зоофермаларда қымбат терілі аңдарды өсіру жақын болады.
Экономикалық маңызды түрлер санын бақылау
Берілген проблема көп уақытта ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күреске қатысты болады. Олармен күрес басым көпшілігінде химиялық әдістермен жүргізіледі. Жалпы нәтижелілігі 90…95% құрайды және шегіне жетті деуге болады. Жалпы бақылау нәтижесі айтарлықтай төмен; жойған соң біршама ұзақ емес мерзімнен кейін зиянкестердің саны қалпына келтіріледі де, үлкен қаржылар жұмсап, бұл шараларды үнемі қайталауға тура келеді.
Зиянкестермен күрестің тиімділігін арттыру үшін препараттарды – еркектердің өсіру қабілетін бәсеңдететін стерилянттарды пайдалану арқылы әдістер әзірленеді.
Экономикалық маңызды түрдегі популяцияларды пайдалану кезінде адам жоғары саны мен өнімділігін тұрақты қолдауда мүдделі. Нормада бұл екі параметр үйлеспейді: сан жоғарғы үстіртке шыққанда өнімділік төмендейді; барлық популяциялық автореттеу жүйесі санның оңтайлы деңгейін ұстап тұруға жұмыс істейді. Сондықтан пайдаланылатын түрлердің санын бақылағанда зерттеулердің басты бағыты – алу нормаларын анықтау, ол кезде ұрпақтану принциптік популяциялық құрылымдардың бұзылуынсыз барынша ынталандырылады.
Экономикалық маңызды түрлер санын бақылау дегеніміз биологиялық ресурстарды белсенді басқару түрі. Бұл саладағы негізгі перспективаларды автореттегіш популяциялық механизмдерді зерделеу және керекті экономика-лық нәтижеге қол жеткізу үшін ашылған заңдылықтарды пайдалану ретінде анықтауға болады.