Йымдастырушылық мінез-құлықтың теориялық аспектілері
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Л- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және саясаттану факультеті
Леуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы
CӨЖ
Тақырыбы: Ұйымдастырушылық мінез-құлық және ұйым басшысының мінез-құлқы
Абылдаған: Жаназарова З.Ж
Орындаған: Қалдыбек С.Т
Курс: 3 курс
Алматы-2017
Жоспар
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. «Ұйымдастырушылық мінез-құлық» түсінігі
2. Ұйымдық мінез-құлық ғылымының даму тарихы
3. Ұйым басшыларының мінез-құлқы
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда кез келген ұйымда ұйымдастырушылық мінез құлықты басқару маңызды болып табылады. Ол— бұл ұйымдағы адамдардың, яғни жеке адам мен топтардың мінез- құлқын зерттеу және оны тәжірибеде қолдану болып табылады.
Ұйымдық мінез-құлық - бұл өз циклдерін, қарым-қатынас құрылымын, жұмысшыға деген талабын иеленетін белгілі басқарушылық процеске тартылған жұмысшының мінез-құлқы.
Субординациялық күштер басшы мен бағынушының ресми мінез- құлықтарында. Ол олардың бейресми қызмет байланыстарында көрінеді. Форманы басқарудың ұйымдық жүйесінде негізгі болып субординациялық және нуроренациялық күштердің уакыт және кеңістікте оңтайлы үйлесімін табу қажеттілігі табылады.
Жұмысшының қатыстырылған типтері көптеген фирмалар үшін өзара келісімдердің жоғары деңгейі тән. Ал жұмысшылардың бөлектеген типтері басым фирмаларда келіспеушіліктің жоғары деңгейі көрінеді.
Бірінші жағдайда жұмысшылардың жұмыстың барлық алаңын панарамалық көрініс қалыптастырады. Бұл ашық байланыстың қосымша алаңын қалыптастырады. Олардың нәтижесі болып ортақ тапсырмаларды шешудегі өзара әрекет қолдаудың рең спектрі табылады.
Екінші жағдайда жұмысшыларда жұмысты тар функционалдық көру қалыптасады. Бұл шектелген байланысы бар алаң қалыптастырады. Мұның нәтижесі болып келіспеушіліктің өсуі табылады. Осы екі ор түрлі - мінез-құлық модельдеріне белгілі әлеуметтік мәдени қарым-қатынастар сәйкес келеді.
йымдастырушылық мінез-құлықтың теориялық аспектілері
Қазіргі замандағы менеджмент теориясында ұйымдарды басқару бюрократиялық және органикалық болып екі түрге бөлінеді. Олар келешектегі дамуды және репертуарды рационалды пайдалануды анықтауға мүмкіншілік беретін түрлі принципиалды және ерекше белгілері бар негіздерден құрылған.
Тарихи жағынан бірінші болып бюрократиялық үлгі қалыптасты. Ұйымдастырушылық құрылым концепциясына сәйкес көзқарасты XX ғасырдың басында неміс социологы Макс Вебер дамытты. Ол осы уақытқа дейін өндірісте пайдаланылып жүрген коммуникация, есеп беру, еңбекақы, жұмыс құрылымы, қатынастар жүйелерін ұтымды өзгертетін нормативтік модельді ұсынды. Бұл модельдің негізінде өздерінің әрекеттері шеңберінде адамдарға, сол сияқты құрылымдарға қатаң талап қоятын кәсіпорындар туралы "ұйымдасқан ұйымдар" деген ұғым жатыр. Веберлік "ұйымдасқан ұйымдардың" басты үлгілері мен оларға қойылатын талаптары төмендегідей:
• ұйым — ең алдымен тәртіп, ал оның бастапқы сәті белгілі бір арнаға бұруға қажетті ұйым мүшелерінің еңбекке мінез-құлқы;
• еңбекке қажетті мінез-құлық міндет бөлісін, ақпарат таратуды, қызмет бабын айқындап, ажыратуды жөнге салу арқылы орнатылады;
• реттеудің жалпы тәртібі иерархиялық байланыстың барлық деңгейін құру барысында пайда болады;
• иерархиялық ұйымның артықшылығы басқарудың барлық нышандары үшін бірдей және ұзақ уақыт еңбектің тиімділігін пайдалану мүмкіншілігіне, сыртқы әріптестер мен ұйым мүшелерінің өзара іштей араласу тәртібін алдын ала болжай алуға байланысты;
• қолданылып жүрген ереже қызметкерлердің мінез-құлқының
• шеңберін тежейді және бұл түрлі өндірістік бөлімшелердің мінез-құлық моделін байланыстыруға негіз болады;
ең соңында, ұйымдастырушылық мінез-құлықты пайдалану кәсіпорнының сәйкестендірушілік тиімділігін күрт жоғарылатады.
Ұйымдастырушылық мінез құлық—бұл ұйымдағы адамдардың (жеке адам мен топтардың) мінез- құлқын зерттеу және оны тәжірибеде қолдану.
Ұйымдастырушылық мінез-құлықтың мақсаттары:
ü Еңбек үдерісінде пайда болған әр түрлі жағдайлардағы адамдардың мінез – құлқын жүйеге келтіріп сипаттау.
ü Белгілі жағдайлардағы жеке адам қылық себептерін түсіндіру.
ü Жұмысшының болашақтағы мінез- құлқын болжамдау.
ü Еңбек үдерісінде адамдардың мінез- құлқын басқару дағдыларын игеру және жетілдіру.
Ұйымдастырушылық мінез құлықты зерттеу әдістері:
• сұрақтар – интервью, анкета жүргізу, тестілеу
• тіркелген ақпаратты жинау
• байқаулар
• эксперименттер
• интернетті қолдану.
Ұйымдастырушылық мінез-құлық бизнес мектептерінде екі дәстүрлі ғылымдардың комбинациясы болып саналады.
1 Менеджменттің классикалық мектебі:
Ø ғылыми менеджмент
Ø әкімшілік менеджмент
Ø бюрократиялық менеджмент