Ауруға қарсы күрес шаралары
Мақта шаруашылығында қозаның неғұрлым көп тараған әрі қауіпті аурулары солма (вилт), гоммоз және тамырдың шіруі болыптабылады.Тамырдың шіруін топырақта тіршілік ететін әртүрлісаңырауқұлақтар мен бактериялар туғызады.
Гоммозды бактериялар туғызады. Солманьң (вилттің) қоздырушысы- топырақта тіршілік ететін саңырауқұлағы.
Тамыр шіруі(8-сурет).Бұл аурумен зақымданған өскіннің тамыры мойын жағънан қоңырқайланьп, жіңішкеріп кетеді, саңырауқұлақтүтікшелері қадалған тіндер ыдырайды. Өскін шитіжарнағынан ажырап үлгермей-ақ солып құлайды да, құрғап қалады. Ауру өсімдіктердің қолайлы жағдай туғанда бойы көтеріліп, түзеліп кететін кезі де аз болмайды, алайда олар дамуы жағынан сау өсімдіктерден қалып қояды. Кей жылдары тамыр шіруі қоза өскіндерін тым қатты зақымдағандықтан, алқаптың едәуір бөлігіне қосымша шит себуге, ал жекелеген қозалықтарды мүлде қайта себуге тура келеді.
Сурет 8. Тамыр шірігі
Тамыр шіруі ауруының өріс алуы көктемгі ауа райына байланысты. Көктем суық, жаңбыр көп жауған жылдарда тамыр шіруі де мақта өскіндерін көбірек зақымдайды. Өйткені мұндай жылдарда қоза да әлжуаз болып, саңырауқұлақтар мен бактериялардың жегісіне оңай ұрынады. Әсіресе, өніп-шығу қуаты аз, сапасыз шиттің өскіндерітамыр шіруі ауруына көп ұшырайды. Сондай-ақ топырақты егіске дұрыс дайындамау, топырақтың қабыршақтануы, ондағы ауаның аздығы, шитті тым терең сіңіріп қою да бұл аурудың белең алуына себепболады.
Ауруғақарсы күресу шаралары - егістік жерді тегістеу, өйткенітамыр шіруі су жайылатын тұстарда көбірек белең алады; өніп-шығуқуаты мол сапалы шит себу; қозаны дер кезінде жегенелеу, топырақтъң қабыршаққыртысын деркезінде қопсыту; минералдытыңайтқыштармен ерте қоректендіру; тұқымдық шитті мыстрихлорфенолятының 80%-тік ұнтақ суспензиясымен өндеу (8,0-10,0
кг/га).
Гоммоз(9-сурет). Бұл - мақтаның кең тараған ауруы. Ол қозаны бүкіл өсіп-жетілу кезеңінде зақымдай береді.
Сурет 9. Гоммоз
Аурудың қаншалықты зиян әкелетіні жылдың, белгілі бір аймақтың ауа райына, агротехниканың жағдайына байланысты.
Гоммоздың белең алуына әсіресе көктемнің суық әріжаңбырлы болуы, мезгілсіз жаздағы жаңбырлар колайлы жағдайжасайды.
Гоммоз өсімдіктің барлық органдарын — шиттің жарғақтарын, жапырақтарын, сабақтарын, гүл жапырақшаларын жәнежаскөсектерін зақымдайды.
Шит жарғақтарында әртүрлі көлемдегі дөңгелек, майлы жарық дақтар пайда болады. Жарғақтар көбінесе кеуіп қалады.
Нағыз жапырақтарда гоммоз талшьгқтардың арасына дақ түсіреді, ол бұрыш түрінде болады.
Гоммоз жапырақтьң талшық жіптері арқылы сабақтарына таралып, сонда сопақтау келген майлы дақтар түрінде жайылады. Катты меңдеген кезінде гоммоз дағы сабақты сақинадай орап алады. Мұндай жағдайда сабақтың зақымданған жері жіңішкеріп, көбінесе бұралып кетеді, өсімдік дұрыс дамымайды немесе қурап қалады.
Тамыр шіруінің қоздырушыларына керісінше гоммоз бактерияларытікелей топырақтың өзінде ұзақ тіршілік ете алмайды. Олардың көпшілігі 12-30 сағаттың ішінде қырылып қалады. Бактерияларықозаның ірі, шірімеген қалдықтарында — сабақтарында, көсектерініңжармаларында, т.б. жерлерінде қыстап шыға алады. Бұл бактериялармақтаның шитінде (тұқымьнда) жылдан-жылға сақталып қала береді.
Тұқымдық шиттің сыртқы қабықшасы алқапта ғана емес, оны түгін түксіздендіру кезінде мақта тазартатын зауыттарда да гоммозға ұшырай береді. Ауру мақтаның талшығън тазартқан кезде бактериялар ғимараттың ішіне тарап кетеді де, сау мақтаны тазарту үстінде гоммоздың бактериялары соның тұқымына жұғады. Ауру негізінен шиттің сырт қабыршығына жұғады, кейде ішіне де еніп кетеді.
Күресудің агротехникалық шаралары:
• тұқымдық шитті аурумен зақымданбаған телімдерден ғанадайыңдау;
• жаңа өнімді қабылдар алдында қойма үйлері мән құрал-жабдықтарды мұқият дәрілеп, залалсыздандыру;
• сүдігерді терең жырту керек, сонда қозапая қалдықтары шіріп, аурудың бактериялары да жойылады;
• гоммоздық қоздырушы бактериялар тез қырылу үшін егіс алқаптарын қыста суару;
• қозаның өсіпжетілуі кезеңінде ауру өсімдіктерді жұлып отыру, оларды алқаптан шығарып көміп тастау керек, өйткені кепкен бактериялар желмен ұшып, сау өсімдіктерге жұғады;
• өсімдіктің ауруға төзімділігін арттыру үшін алқапты минералдытыңайтқыштармен ерте бастан қоректендіру;
• ауруға төзімді сорттар енгізу.
Күресудің химиялық шарасы тұқымдық шитті 12%-тік бронотак (6,0-7,0 кг/г) ұнтағымен және «Сұнқар-3» препаратымен дәрілеу.
Солма (вилт),(10-сурет). Вертициллиоздық солу — әртүрлі дәрежеде болғанымен мақталы аудандардың бәріне де тараған. Бұл — өте қауіпті ауру, қатты белең алса, өнімнің 50%-іне дейін жойып жібереді.
Сурет 10. Солма (вилт) ауруы
Солманың қоздырушысы қозаны шитжарғағы ашылуынан бастап, өсіп-жетілу кезеңінің аяғына дейін зақымдай береді. Вилт әсіресе ересек өсімдіктерде, гүлдің түйнектеу кезінде және кейінірек - алдымен төменгі, содан соң үстіңгі жапырақтарда ашық жасыл, біраздан кейін сары дақтар түрінде анық байқалады. Дақтар дөңгеленген немесе бұрыштылау больш келеді, жапырақтардың шетінде және оның талшық жіптерінің арасыңда орналасады, бір-біріне жете жайылып, жапырақтыңбүкіл бетін жауып кететін кезі де аз болмайды. Жапырақтар құрғап, төменнен жоғарыға қарай біртіндеп түсе бастайды, өсімдік сабақтары жалаңаштанып қалады. Ауру өсімдік дамудың бастапқы кезеңінде-ақ жапырақтарынан айрылады, өсуін тоқтатып, кеуіп қалады. Кейбір сабақтары қайтадан жапырақтайды, алайда бұл өсімдіктің жағдайын бұрынғысынан да нашарлатып жібереді.
Аурудың бірте-бірте белең алатын созылмалы түрімен қатар, бірден тез күшейетін өткінші түрі де бар. Бұл түрі әдетте тамыз-қыркүйек аралығында белең алады. Ауырған өсімдікгер 2-3 күннің ішінде солады, жапырақтары сарғайып, салбырайды да қурап қалады.
Солманың белгісі - ауруға шалдыққан қозаның тіні қарайып кетеді, бұл оны ұзынынан және көлденеңінен кесіп көргенде байқалады.
Өсімдік бұл ауруға негізінен тамыр жүйесі арқылы шалдығады. Бұған тамырдың кез-келген жерінің зақымдануы себеп болады. Өсімдіктің бойына еніп алған саңырауқұлақ бактериясы, сабақтардың бұтақтардың, сабақшалардың, жапырақтардың су жүретін жолдары арқылы тарайды. Алқаптағы немесе топырақтағы өсімдік қалдықтарында сақталып қалған ауру қоздырушы саңырауқұлақ бактериясы ауру таратудың тұрақтыкөзіболып табылады. Мақтаны бірнеше жыл бойы бір алқапқа егу аурудың ошағын тез әрі кең ауқымда ұлғайтып жібереді.
Саңырауқұлақ бактериясының дамуына қажетті ең төменгі температура Целъсий бойынша 5-7 градус, оңтайлысы - 23-26 градус, жоғарғы шегі - 31-32 градус.
Топырақтың ылғалдылығы 20% болса санырауқұлақ бактериясының, өсіп-дамуына жетіп жатыр, оңтайлы ылғалдылық — 60-70%. Ылғалдылық мұнан жоғары болған жағдайда саңырауқұлақтың бактериясының көбеюі тежеледі. 30 см-ден терең топырақта саңырауқүлақ бактериясы жоқ десек те де болады. Жоңышқа, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктердің тамырлары топырақты солма ауруын қоздырушыларға қарсы элементтермен байытады. Азотты тыңайтқьштар және көп суару аурудың белең алуына жағдай жасайды.
Ауруға қарсы күресудің агротехникалық шаралары:
Ауыспалы егіс жүйесін сақтау;
Мақтаның төзімділігі жоғары сорттарын өсіру;
Өсімдік қалдықтарын қозапаяны жойып отыру;
Жоңышқа, жүгері егу, ескі жерлерді жырту;
Түқымдық шитгі тек сау өсімдіктен жинау;
Ауруға шалдыққан телімдердешит себудің нормасьн арттыру..
Күресудің химиялық шаралары:
Шитті себер алдында химикаттармен дәрілеу:
ТМТД, 80% Ұ.С. (ұнтақ суспензиясы), (8,0-10,0 кг/г);
Броноток, 12% Ұ. (ұнтақ), (6,0-7,0 кг/г);
Күздік жерді жыртқанда топыраққа мыналарды еңдіру:
Бенклат, 50% Ұ.С. (75,0-150,0 кг/га);
Фундазол, 50% Ұ.С.(75,0-150,0 кг/га).