Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Зат есімнің лексика – грамматикалық сипаты
2. Адамзат есімдері, ғаламзат есімдері
3. Зат есімдердің құрылымы
4. Зат есімдердің жасалу тәсілдері
5. Зат есімнің түрлену жүйесі
Тапсырма.
1. Етістіктерден зат есім тудыратын өнімді, өнімсіз жұрнақтарды бөліп жазып мысалмен дәлелдеңіз.
- ма, - ме, - ым, -м, - мақ, -ым, -уым, -ынды, -у, -қ, - ыс, -қы, -сы, - ман, -р, - ыр, -ыш, - уыл, - қын, - асы.
Етістіктен зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар | Мысалдар | Етістіктен зат есім тудыратын өніміз жұрнақтар | мысалдар |
2. Төмендегі берілген зат есімдерді жасалу тәсілдеріне қарай топтастырыңыз. (Ысқақовтың жіктелуі негізінде). Абысын-ажын, бәйшешек, көкпар, қайнаға, ҚазМУ, АқМУ, кәсіп одағы, күн тәртібі, егінші, атшылық, басшылық, пединститут, жігіт –желең, жауын-шашын, әл –қуат, қолбасы, сауын, жұртшылық, оқыған, керуерт, әкей, шешей, мыңқыл, екілік, балалар бақшасы, жақсылық, ізеттілік, белбеу, сарымай.
3. Кестелі мысалдармен толықтырыңыз.
Түбір зат есімдер | Туынды зат есімдер | Күрделі зат есімдер | ||||
біріккен | Қосарланған | құрама | қысқарған | |||
4. Морфологиялық талдау жасаңыз
Алатаудың қарағай орманды көп жықпылдарында ұйып тұрған көкшіл мұнар сұйылып, күлгін тарта бастады. Кешкі күннің қиғаш сәулесі тау жоталарын қызғылт-сарғыш ерекше бір нәзік нұрға малған. Асқар шыңдардағы аппақ қардың да реңі жұқарып, өңіне қан тепсігендей сәл ғана қызғылт тартқан (Т.Ахт.).
Бақылау сұрақтары:
1. Зат есімдерден көмекші сөздің айырмашылығы неде?
2. Көмекші есімдер негізгі сөздерге қандай мағына үстейді?
3. Көмекші сөздердің қолданылу ерекшелігі?
4. Идиомаланған көмекші сөздерге мысал келтіріңіз.
5. Көптік мәнді есімдер?
Глоссарий .
Жалпы есімдер – тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдар.
Жалқы есімдер – дара зат атаулары.
Блиц – тест
1. Көптік мәнді зат есімді көрсетіңіз,
а) тұздық, азон, айла. б) АқМУ, ҚазМУ ә) тау, тас, в) бәйшешек, таңқурай, г) аға –іні, туыс.
2. жеке дара заттарға берілген атау, -
а) дара б) жалқы г) көмекші ә) көптік мән в) жалым
3. Эмоциялы экспрессивті рең тудырушы жұрнақтар
а) – ым, - ім, б) – қар, - ғой г) –еке, -шы, - й. ә) – шық, - тай, - жан. в) паз, - тай.
4. Көмекші сөзден туған жаңа формасы
Зеңбірек снарядтары суға үсті-устіне түсіп, аспанға шапшыған судан күміс бағаналар орната бастады.
а) шылау б) зат есім г) үстеу ә) көмекші сөз в) сын есім
5. Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімнің қатарын көрсетіңіз.
а) ауыл шаруашылығы кг,га ә) педколледж, минфин
б) оқушы, тасбақа в) ұрыс – керіс, тиын-тебе г) сауыншы, егінші, балықшы
Әдебиеттер
А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996
Практикалық сабақ тақырыбы: Зат есімнің грамматикалық категориялары және түрлену жүйесі. Зат есімнің тәуелдік категориясы. Зат есімнің жіктелуі.
Сабақ жоспары:
1. Зат есімнің көптік мағынасы, оның заттың нақтылы көптік мағынасынан айырмасы. Көптік мағынаның берілу жолдары, көрсеткіштері, олардың қолданылу ерекшеліктері.
2. Тәуелдік категориясының мағынасы тәуелдік жалғаулары арқылы берілуі, тәуелдік жалғаудың меншіктелуін зат атауына жалғануы. Оңаша, ортақ тәуелдену, олардың айырмасы. Тәуелдік мағынаның жұрнақ арқылы берілуі.
3. Зат есімнің жіктік жалғауын түбір сөзге тікелей қабылдау қабілеті, оның етістіктің жіктелуінен ерекшелігі.
Тапсырмалар:
1.Сабақ жоспары бойынша хабарлама жасаңыз.
2. Грамматикалық категорияларына қарай зат есім сөздерге жалпы талдау жасаңыздар.
Жастар жиыны тарқағанда, Абай Шүкіманға қайта-қайта бір сөзбен алғыс айта берді. Демі дірілдеп, жүзі өзгеріп жігіттің ауызына басқа сөз түспей тұр. Шүкіманның көңілі жүйрік, сезімтал еді. Ол сыпайы сызылып, қызара күліп тұрып, Абайға соңғы рет көзін салды. Қазір ол бағанағы жігіт емес. Алғаш көргендей паң, суық танылған Абай емес. Жүзі жылы, мінезі майда жан секілді. Барын ішікпей жабыса тартар, жақсы адамдай сезілді. Шүкіманның көрмеген, күтпеген жақсысы (М.Ә.).
Ахметшені тез тауып алып, оның жүк тиейтінін де, қаладан қашып шығатынын да Хакім оп-оңай-ақ білді. Үйден көшеге шыққанда, оның өн бойын қуанышты сезім билеп кетті. Ол кителінің жағасын ағытып, тершіген денесін желге қақтыра түсті, бойын еркіндеп жазды. Тергеуші сияқты жұмбақ сөздермен алдап, орап сыр тартпақшы болған Ақметшінің алдынан ілдірмей кету жас Жакімге жеңіл де тиген жоқ (Х.Е.).
3. Сөйлемдегі зат есімдерді мағынасына қарай кесте бойынша топтап жазыңыздар.
Заттың аты | құбылыс | мезгіл | заттық ұғым |
жанды | жансыз | ||
жекеше, көпше | жекеше, көпше |
Қазақ поэзиясының жазба әдебиетінің түп тамыры қадым замандарға барып тіркеледі. Дәуіріне сай дамыған мәдениеті, төл жазуы болған бабаларымыз ілкі орта ғасырлардың өзінде (5-8 ғ.) мәңгі өлмес мұралар жасады. Ғылымда «Орхон – Енисей жазулары» аталатын түркі тайпаларының байырғы қоныс-мекендерінде көне түркі жазуымен тасқа қашалып қалдырылған бұл тамаша ескерткіштер қазір адамзат мәдениетінің даму тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі саналады. Орхон – Енесей жәдігерлерінің мазмұн байлығы, ой тереңдігі және таза көркемдік қасиеттері көне түркі тайпаларының арасында сөз өнерінің жоғары өреге жеткендігін айғақтайды. Ержүрек қолбасы Күлтегіннің, білікті мемлекет қайраткерлері Төнүкүктің құлпытасына қашалған жазулардағы көптеген көркем бейнелер, қанатты сөздер ұтқыр тіркестер қазақ тілінде күні бүгінге дейін қолданылады.
Түркі қағанаттары құлағаннан (V-VIII ғ.) соңғы жерде түркі әлеміндегі әдеби жазба орталығы тікелей қазіргі Қазақстан жеріне – Жетісу мен Сыр бойына ауысады. Өзіндік сипатқа ие дала мәдениетімен қоса қала мәдениеті де өркендеді. Осы кезеңде бірталай түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауына байланысты, бұған дейін кеңінен қолданылып келген руна жазуын және ғылымда қолданылып келген ұйғыр жазуы деп аталатын екінші бір көне түркі жазуын араб жазуы алмастыра бастады. (Бес ғасыр белестері).
Бақылау сұрақтары:
1. Зат есімнің грамматикалық категориялары дегенді қалай түсінесіз?
2. Зат есімнің түрлену жүйесі деген не? Мысал келтіріңіз.
3. Зат есімнің тәуелдік категориясы деен не? Бір сөзді тәуелдеңіз
4. Зат есімнің жіктелу ерекшеліге неде? Жіктелуіне мысал келтіріңіз.
Глоссарий:
Көптік мәнді есімдер – жиын тобымен айтылатын зат есімдер, мысалы айран, шай, тұздық
Зат есімнің тәуелдік категориясы – түркі тілдерінің ерекшелігін білдіретін категория.
Зат есімнің септік категориясы – сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен қарым-қатфынасын, байланысын қамтамасыз ететін категория.
Блиц-тест.
1. Жіктелген зат есімді табыңыз:
А) табуым в) табушымын С) табушыдаймыз д) табылды е) табылғансыңдар
2.Көптік мәнді зат есімді көрсетіңіз,
а) тұздық, азон, айла. в) АқМУ, ҚазМУ с) тау, тас, д) бәйшешек, таңқурай, е) аға –іні, туыс.
3. жеке дара заттарға берілген атау, -
а) дара в) жалқы с) көмекші д) көптік мән е) жалым
4. Эмоциялы экспрессивті рең тудырушы жұрнақтар
а) – ым, - ім, в) – қар, - ғой с) –еке, -шы, - й. д) – шық, - тай, - жан. е) паз, - тай.
5. Көмекші сөзден туған жаңа формасы
Зеңбірек снарядтары суға үсті-устіне түсіп, аспанға шапшыған судан күміс бағаналар орната бастады.
а) шылау б) зат есім г) үстеу ә) көмекші сөз в) сын есім
6. Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімнің қатарын көрсетіңіз.
а) ауыл шаруашылығы кг,га в) педколледж, минфин
с) оқушы, тасбақа д) ұрыс – керіс, тиын-тебе е) сауыншы, егінші, балықшы
Әдебиеттер
А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996