Бөкей ордасындағы көтеріліс
ХІХ ғасырдың басында патша өкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Бұрынғы рулық бөлініс, бағынушылықтың орнына аумақтық құрылымдар құрмақ болды. Сол себептен 1801 жылы Кіші жүзге қарайтын Еділ мен Жайық арасындағы жерлерді бөліп, Ішкі немесе Бөкей ордасын құрды.
Қарапайым халық жер мен жайылымдар әділетті, біркелкі бөлінеді ғй деп үміттенді. Бірақ мәселе олай болмай шықты. Бөкей ордасы казак станицаларының желісімен және Жайық өзенін бойлай салынған қамалдармен кіші жүз жерінен бөлініп тасталды. Соның салдарынан Еділ мен Жайықтың арасында көшіп жүрген қазақтар жан-жақтан орыс ауылдарымен, қамалдармен қоршалып қалды. Каспий жағалауындағы шұрайлы қоныстардан қазақтар ығыстырылып, орыс помещиктері граф безбордко мен князь Юсуповтар және Орал казак әскерлері иелік етті. Олар қазақтарды бұл жерлерге жолатпады. Қыс болса қазақтардан от ауызы, жаз шықса тұяқ аты деген сияқты неше түрлі салықтар алынды.
Орыстардан қалған тәуір жерлерге хан мен оның туыстары, сұлтандар иелік жасады. Мысалы, Жәңгір ханның меншігінде 400 мың десятина, оның туысы Нұралыхановтардың меншігінде 750 мың десятина, Жәңгірдің қайын атасы Қарауылқожа Бабажановтың қарамағында 700 сың десятина жерлері бар еді. Бұрын жерге меншікті білмейтін, кім бұрын келіп орналасса, сол жайлай беретін елде енді таршылық туды, көшпелі елдің шаруашылығы қатты күйзелді. Мәселен, Қарауылқожа қазақтарға жерді жалға беру дегенді шығарды. Жалға жер алғаны үшін қазақ малшылары өте ауыр салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Сонымен қоса қарауылқожаның отбасы үшін әрбір шаңырақ 2 сомнан төлеуге, ал ауыл старшыны бір бие беруге міндеттенді. Қыста Каспий теңізінің жағалауынан қазақтар Қарауылқожа Бабажановқа қамыс дайындауға тиіс болды. Қамысты қыста дайындаттырып, сол қамыстан үй немесе малға қора салдырған. Сонымен бірге патша үкіметі Ішкі Орда мен Кіші жүзді басқаруды өздерінің мүдделеріне сай бейімдегісі келді. Сондықтан бұл жерлерде дистанциялар (бекініс аралық басқару жүйесі) құрылды. Осындай экономикалық, әкімшілік қысымдармен қатар елдің ар-намысына тиерлік рухани қысымшылықтар да көбейді. Қит етсе айып алып, дүре ссоғу және т.б. жәйттер халықтың зығырданын қайнатты. Осындай патша үкіметі мен хан тарапынан жасалған шаруашылық, әкімшілік, рухани қысымшылық, жан түршігерлік әділетсіздік халық көтерілісіне алып келді. Көтеріліс Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басқарды.
Исатай 1791 жылы туған. Ол Ішкі ордадағы халқы ең көп рулардың бірі беріш руынан болатын. 1812 жылы ол Бөкей хандығының Жайық бөлімінің ағамандығына (старшындығына) тағайындалды. Кейінірек ол бүкіл беріш руын басқарды. Өзі басқарып отырған жерде тұратын қара халыққа істелген зорлық-зомбылыққа талай рет ара түскендігі үшін оны екі-үш рет жазалап, түрмеге де түсірген. Исатайдың әділдігі мен еңбекші халыққа жасаған қамқорлығы оның атын шығарып, беделін күшейтті. Исатайдың бай, феодалдар озбырлығына қарсы жүргізген күресі кейін қазақ еңбекшілерінің феодализм мен отаршылдыққа қарсы күресіне әкелді.
Исатай Тайманұлының ең жақын жауынгер серігі, көтерілістің екінші басшысы және жалынды жыршысы махамбет Өтемісұлы болды. Ол 1804 жылы Батыс Қазақстанның бұрынғы Орда ауданы нарындағы Бекетай құмында туған. Ол беріш руының ағаманы болатын.
Жәңгір ханның Зұлқарнайын деген баласы Орынборда оқығанда соның қасында болсын деп махамбетті де бірге жібереді. Сондықтан ол мұсылманша да, орысша да оқып, жаза білген. Жасынан асқан шешендігімен көзге түскен махамбетті Жәңгір хан өзінің сөзін сөйлететін, мадақтайтын «сарайақыны» етпек болды. Бірақ ондағы әділетсіздікті, халыққа жасалып отырған жауыздықты көп көрген махамбет ол жолға түспейді. Халықтың екі жақты езіліп отырғанын, оның басында ерік, қолында билік жоғын білген болашақ жалынды жыршы өз өмірін халқын азат ету жолына арнайды. Дегеніне көнбей, үстем тап өкілдеріне қарсы шыққаны үшін Жәңгір хан оны қуғындай бастайды.
Ішкі ордадағы қозғалыстың алғашқы толқындары 1827-1829 жылдары басталған. Бұл көтерілістердің де ең баста адамдарының бірі махамбет Өтемісұлы еді. Ол 1829 жылдан 1831 жылға дейін Калмыков түрмесіне жабылған, кейін одан қашып шыққан.
Көтерілістің негізгі мақсаты – патша өкіметінің жерді тартып алып жатқан отарлық саясатын тоқтату, ханның өктемдігін, өзбырлығын шектеу, қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсарту болды.
Алғашында жәңгір хан исатай мен махамбетті өз жағына тартпақ болды. Бұдан ештеңе шықпаған соң ол оларды ашықтан-ашық қуғындауға шықты. Жәңгірдің сенімді деген билеріне жазған хатында былай делінген: «Исатай мен махамбет басқаларды маған бағынбауға шақырады. Олар старшина қарабөкен мен Жоланға шабуыл жасап, жарақаттады...барлығыңызға жоғарыда аталған бойұсынбаушыларды ұстап маған әкелуді бұйырамын».
1836 жылдың ақпанында Жәңгір хан Исатай мен Махамбетті алдап қолға түсіріп, айдатпақ болады. Сол оймен оларды өз ордасына шақыртады. Мұны іштен сезген Исатай мен Махамбет бармайды. Оларды оңайлықпен қолға түсіре алмайтындығын білген хан сол жылдың 17 наурызында қараылқожаны басқартып 522 адамнан тұратын жасақты жібереді. Мұны естіген Исатай мен Махамбет өз қаруластарымен Қарауылқожаға қарсы щығады. Олар 1936 жылы 4 сәуірде манаш қыстауында кездеседі. Исатай қантөгіс болмасын деген оймен бұрынғы қазақ салты бойынша Қарауылқожаны жекпе-жекке шақырады. Істі сонымен шешпек болады. Бірақ Қарауылқожа да, оның қасындағылар да жекпе-жекке шығуға қорқады, соғыспен басып алуға да сескенеді. Сөйтіп кері қайтуға мәжбүр болады. Исатай да қантөгіске барғысы келмей, өз қосынына кетеді. Сөйтіп екі жағы да қан төкпестен тарасады. Күз айларында Исатай мен Махамбет ауыл-ауылды аралап, халықты Жайық жағасына келуге, Орал казак-орыс әскерлерінің алған жерлерін қайтаруға, байлардың жерлерін қайтадан бөлуге шықырып, үгіт жүргізеді.
1838 жылдың басында Исатай мен Махамбет даңқы қазақ даласына кең тарайды, оларға жан-жақтан шаруалар, кейбіпр ағамандар келіп қосыла бастайды. Сол жылдың жазы мен күзінде олар біраз ірі бай ауылдарына шабады. 16 қыркүйекте көтерілісшілер Қарауылқожаның ауылына қарулы шабуыл жасап, талқандады, 50 адамын, 41 түйесін, 441 жылқысын айдап әкетті, мұның алдында шаруалардан жиналып алынған 3000 сом ақшаны тартып алды. Қарауылқожа әрең дегенде қашып құтылды. К.Арсланов, С.Ақмурзин сияқты сұлтандарды, көптеген алыпсатарлар мен ру старшиналарын тұтқынға алды.
1837 жылы көтерілісшілер саны өткен дылмен салыстырғанда 3-5 есе көбейіп, барлық топтарды есептегенде 4-5 мың адамға жетті.
Көтерілісшілер хан ордасын шаппақ болды. Жол-жөнекей олар адай ағаманы Н.Шонтиевтің, ыстының ағаманы В.Анфугузиннің, сұлтан Шәкі Нұралыхановтың және т.б. шенеуніктері ақсүйектерінің, есентемір, адай, тама, кердері руларының ағамандарының ауылдарына шабуыл жасап, өртеп, малдарын айдап, жайылымдарын тартып алды.
Қазан айының аяғына қарай исатай мен махамбет өздерінің дамылдау қостарынан Хан ордасынан 4-8 шақырым жерге әкеліп тікті. Хан ордасы қоршауға алынды. Бұл кезде ханның әскер күші аз болды. Оны Исатай сарбаздары бір шабуылдың өзінде-ақ талқандап кететін еді. Жәңгір хан келіссөз сұрап бәйек болды. Исатай, біріншіден, оған сеніп, екіншіден, ханға қантөгіссіз дегенін істетпек болып, бірнеше күнді босқа өткізді.
Жәңгір хан Исатай мен Махамбеттің сарбаздары келе жатқанын естігенде патша үкіметінен скөмек сұраған. Сол көмекті асыға күтуде еді. Ал Орынбор губернаторы бұл кезде көтерілісшілерді қоршап алып, олардың көздерін жоюды жоспарлап жатқан болатын. Хан ордасына Кулагин, Горск қамалдарынан, Зеленов форпостынан, Орал мен Астраханнан жақсы қаруланған тұрақты және казак әскерлерінің бөлімдері мен жекелеген әскери бөлімшелер аттандырылды. Орынбордан көтерілісшілерге қарсы бүкіл операцияны үйлестіріп, басқару үшін полковник Геке шықты. Ханның жанында босқындар мен төлеігіттерден 600-700 адамнан тұратын қарулы отряд жасақталды. Көтерілісшілердің шегінетін жолын кесіп тастау үшін бүкіл Өзен мен Жайық бойы шептеріндегі постылар күшейтілді.
Бұл жерде ерекше атап өтетін мәселе – патша өкіметінің қарулы күші Ішкі орданың феодалдарын жақтап шаруаларға қарсы күреске қатысқаннан кейін Исатай мен Махамбет басқарған қазақ шаруаларының көтерілісі тек феодалдарға ғана есем, сонымен бірге Ресей отаршыларына да қарсы бағытталған, көтеріліс деп саналған. Демек, көтерілісшілер бірден екі майданда – біріншіден, өз елінің қанаушыларына қарсы күрес жүргізсе, екіншіден, патша үкіметінің қарулы әскеріне қарсы күрес жүргізуіне тура келді.
Қоршаудағы хан ордасына жақын келген соң Геке қосымша күш келгенше уақыт ұту үшін Исатаймен күресті тоқтату жайында келіссөз жүргізе бастады. Ол ұзаққа созылды. Бұл кезде подполковник Меркулов басқарған патша әскерлері Теректіқұм алқабында орналасқан Исатай ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, батырдың отбасы мүшелерін тұтқынға алады. Мұны естігеннен кейін Исатай Хан ордасын қоршауды қойып, жедел ауылына көмекке кетеді.
1837 жылы 8 қарашада Исатай жасақтары Меркулов отрядын қоршап, олардың қолға түсірген адамдарын босатуды босатуды талап етеді. Күшінің тең еместігін біліп, жеңілетіндігін сезген Меркулов исатайдың қойған талаптарын тапжылтпай орындап, өзі отрядымен тезірек Гекеге қосылуға асығады.
Патша үкіметінің екі мың солдаты және хан жасақтары бар Геке әскерлерімен Исатай – Махамбет басқарған көтерілісшілер арасындағы шешуші шайқас 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе мекені маңында болды. Исатайдың айбынды атты жауынгерлері лап қойғанда патша әскерлерін еңсеріп әкеткен еді. Бірақ алдын ала дайындалып қойған зеңбіректер іске қосылып, атқылай бастағанда аттар үркіп, көтерілісшілер арасында абыржу басталып, тұс-тұсқа бытырап кетті. Исатай мен Махамбеттің оларды қайтадан жинап, ұрысқа кірістірмек болған ұмтылыстарынан ештеңе шықпады. Бұл шайқастағы Исатай жігіттерінің ерлік күресі туралы Геке былай деп жазды: «мен мұндай ерлікті бұрын-соңды кездестірмеген едім, қазақтар қардай бораған оққа қарсытайсалмай шайқасты, оларды зеңбіректің оғы да тоқтата алмады, тек қарсы жақтың күші басым екенін көргеннен кейін ғана олар шегінуге мәжбүр болды».
1837 жылдың желтоқсанында Исатай өзінің қасында қалған сенімді жасақтарымен Кіші жүзге кетті. 1838 жылдың көктемінде қазақ даласының әр жерінде қозғалыстар, толқулар туып жатты. Елек өзенінің алқабында Жоламан батыр басқарған, Арал-Каспий аралығы Сұм құмдарында Жүсіп батыр астаған, Орта жүзде Кенесары бастаған көтерілістер болды. Бұл кезде Кіші жүзді Ресейден қайта бөліп алмақ болған сұлтан Қайыпғали Есімов көтерілісшілерді ұйымдастырып, қимыл жасап жатқан болатын. Исатай отряды Ойыл сағасында соларға келіп қосылды.
Исатай мен Махамбет жаңа шайқастарға дайындалды. Жайықтың бергі бетіндегі Адай, Әлім және т.б. елдерге кісі жіберіп, өздері барып қару-жарақ, әскер жинады. Олардың бұл қимылдарына Орынбор губернаторы мен Жәңгір хан қарсы шаралар ұйымдастырды. Ресей әскерінің полковнигі Геке басқарған үш полк әскер Баймағамбет сұлтанныңғ бастауымен Исатай, Махамбеттің жауынгерлерін жоймақ болып аттанды. Исатай мен махамбет жасақтарын кейін қалдырып, өздері шағын серіктерімен алдағы шепті барлап қайтуға шығады. Сөйтіп, олар 1838 жылдың 12 шілдесінде ойламаған жерде Ақбұлақ пен Қиыл өзендерінің аралығында Геке басқарған біріккен ірі жазалаушы отрядпен кездесіп қалады. Ұлын-асыр шайқас болады. Сан жағынан бірнеше есе басым Геке әскерлер бұларды қоршап алады. Сол күнгі кескілескен соғыста Исатай қаза табады. Махамбет бірнеше серіктерімен соғыс шебін бұзып шығады. Бірақ ол қалған жасақтарымен жақсы қаруланған Геке әскерлеріне қарсы бұл жолы табан тіреп соғыса алмады. Көмектесемін деп келген Қайыпғали ұрысқа кірмей кетіп қалды. Көтерілісшілер шегінуге мәжбүр болды.
Исатай қаза болғаннан кейін күрес жалыны кеміп, қол тарай бастайды. Махамбет Хиуа ханының беремін деген әскерін алып, еліне оралып, көтерілісті қайта бастамақ болады. Бірақ Хиуы ханы әскер бере алмайды. Олар қайтып еліне оралады. Жәңгір хан бұл жөнінде сетіп, отряд қүрып, Махамбетті ұстап әкелуге жібереді. Отряд оны Тілекеев деген қазақтың үйінде отырған жерінде ұстап, Калмыков түрмесіне жеткізеді. Екі жұмадан кейін оны Орынборға жөнелтеді. Онда Махамбеттің ісі генерал-губернатордың бұйырығымен әскери сотқа беріледі. Сот істі қарап, егер келешекте Махамбет тағы да «бүлікшілікке» араласатын болса, қатаң жазалатынын ескеріп, босатады. Бірақ Жәңгір хан өлгеннен кейін аға сұлтан болған Баймағамбет айшуақов махамбеттің соңына қайта түседі. Оның басына 1000 сом бәйге тігіледі. Кейін хорунжий шенін алған Ықылас Төлеев деген сатқан Махамбетті қапылыста өлтіреді.
Көтеріліс басылды. Оған қатынасқандар қатаң жазаланды. Әскери соттың шешімі бойынша оларды екі топқа бөлді. Бірінші топқа Исатай мен Махамбеттің жақын көмекшілері, көтерілістің белсенді басшылары жатқызылды. Олардың тағдырын Орынбор генерал-губернаторы мен полковник Геке шешті. Мысалы, Исатайдың жақын серіктері Р.Жәнібекұлы мен Ұ.Төлегенұлына 1000 реттен тұзға салынған шыбықпен дүре соғып, сібірге жер аударылды. Қожахмет Өтемісұлы, Бекен Сарыұлы, таңрық Нұржанұлы, Балабек Нұржанұлы сияқты және т.б. көтерілістің белді басшылары 500 адамдық қатардан өткізіліп, шпицрутенмен дүре соғылып, Ригаға 8 жылға қара жұмысқа айәдалды. Егер кейін ауырып, денсаулығы көтермесе Иркутск губерниясына жер аударылатын болып шешілді. Смайыл Өтемісұлы, Смайыл Қалдыбайұлы сияқтылар дүре соғылып, солдатқа жіберілді. Ал көтерілісшілердің екінші тобына жатқызылғандарға 20-дан 50-ге дейін шпицрутеннен дүре соғылып, басқа да жазалар қолданылды. Көтерілісті басып-жаншуда ерен «ерлігімен» көзге түсіп, белсенділік танытқандар орыс болсын, қазақ болсын шен-шекпен, әскери атақ алды.
Көтерілістің сыр-сипатын тереңірек түсіну үшін сол көтерілістің жалынды жыршысы болған махамбет Өтемісұлының өлеңдеріне аз ғана тоқтала кеткен жөн. Ол – қазақ халқын патша өкіметіне және оның Қазақстандағы өкілдері – хан-сұлтандарға қарсы қарулы көтеріліске бірінші болып шақырған ақын. Ол бостандыққа, тәуелсіздікке күрес арқылы ғана жетуге болатындығын жете түсінді. Көтерілістің басты мақсаты – патша үкіметі мен хан-сұлтандар артып алған жерлерді еңбекші халыққа қайтарып беру, елдің жағдайын жақсартып, тоқшылыққа жеткізу, халықты жеген хандарды талқандап, оның орнына әділ адамды басшалыққа қою.
Сонымен, Исатай Тайманұлы мен махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс жеңіліске ұшырады. Оның басты себептерінің бірі – ұлт-азаттың көтеріліс өршіп кетер деп қорыққан Рсей өкіметінің жергілікті хан билігімен одақтасуы болды. Жәңгір ханның озбырлығына қарсы болған топ өкілдері көтеріліс жеңіле бастаған кезде хан жағына шығып кетті. Көтеріліс стихиялы, нақты бағдарламасы жоқ, жақсы ұйымдаспаған еді. Соынмен қатар оның қазақ елінің басқа аймақтарындағы азаттық қозғалыстармен байланысының болмауында. Дегенмен, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының басшылығымен болған бұл көтерілістің қазақ халқының тарихында маңызы зор. Хан тарапынан алым-салықтың онын әрмен өршітілуі біршама азайды, патша үкіметі жергілікті халықтың мақсат-мүддесімен де белгілі мөлшерде санасуына тура келді. Көтерілісшілер Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы, саяси-әлеуметтік бостандық үшін, әлеуметтік езгіге қарсы күрес туын кейінгі ұрпаққа беріп кетті.