Табыстарды Қалыптастыру

Бөлу – бұл қоғамдағы, кәсіпорындағы өнім шығаруға қатысатын шаруашылық жүргізуші субъектінің, яғни, өндіріс факторының немесе қоғамның осы, не басқа мүшесінің үлесін, санын, үйлесімін анықтайтын үдеріс. Жиынтықты қоғамдық өнімді немесе ұлттық табысты өндіріс факторының (еңбекпен, капиталмен, жермен) арасында бөлу қызметтік бөлу (немесе алынған табыстың тұрпатына сәйкес бөлу) деп аталады.

Бөлуді экономикалық және әлеуметтік қызметтер деп ажыратады. Экономикалық қызмет тұтыну, мүдделер, ынталандыру жүйесі арқылы ұлттық экономиканы бөлуге ықпал жасауда көрінеді. Бөлудің әлеуметтік қызметі әлеуметтік тұтынушыларды дамытумен қанағаттандыруға бағытталған.

Бөлу баға арқылы жүргізіледі. Сондықтан, табыстың пайда болуының экономикалық тетіктерін түсіну үшін, өндіріс факторына экономикалық рынокта баға қалай қойылатынын анықтау қажет. Мұнда екі өте маңызды: біріншіден, барлық өндіріс факторы өзара байланысты, оларды бөлек пайдалану мүмкін емес. Тауар өндіріу үшін, белгілі бір өзара қатынастағы барлық үш фактор да болуы қажет. Әр факторға мөлшер сұранысы басқа фактордың бағасының деңгейіне байланысты: мысалы, жұмыс күшіне сұраныс еңбекақы мөлшерлемесіне ғана емес, қанша машина, шикізат сатып алынды және олардың бағасына да байланысты. Екіншіден, өндіріс факторына сұраныс пен олардың бағасының деңгейі тұтынушы сұранысынан туынды болып саналады, өйткені, өндіріс құралы мен жұмыс күші ең аяғында адамға қажетті тауар өндіру үшін керек. Яғни өндіріс факторына сұраныс осы факторлардың көмегімен шығарылатын тауарларға сұранысқа байланысты: мәселен, бидай өсіруге жарамды жерге сұраныс бидайға сұраныспен анықталады.

Өндіріс факторына баға сұраныс пен ұсыныс қатынастарына байланысты. Өз кезегінде, бағаның деңгейі мен өзгерістеріне сұраныс пен ұсыныстың серпіні әсер ететін. Бәсекелестік күрес жағдайында сұраныс пен ұсыныс арқылы тауар бағасында өзгерістер және өндіріс факторының меншік иелері арасында табысты бөлу болады. Рыноктағы өндіріс факторының теңдесуі осындай басқа рыноктағы тәрізді, сұраныс пен ұсыныс бір-біріне сәйкес келгенде болады.

Басқа ресурстардың өзгермейтін көлемінде қандай да бір ресурстардың әрбір қосымша бірлігін пайдалану, өндіріс факторының шектеулі өнімі деп аталатын, өнімнің жалпы санының үстемеленуін береді. Бұл туралы 10-шы тақырыпта айтқанбыз.

Өндіріс факторлары өзара айырбасталуға ие. Ол өнімнің әр түрлі тұтынушылық ерекшеліктерімен шарттасылған. Нәтижесінде, түрлі факторлардың әр түрлі ұштастырылуы мен үйлесімділігі арқылы пайдалану кезінде игіліктерді немесе кез келген өнімдерді шығару мүмкін. Факторлардың өзара айырбасталымдылығы ресурстар мен тиімділікпен пайдаланудың шектелуімен шарттасылған. Кәсіпкер салыстырмалы қымбат өндіріс факторы аз деңгейде пайдаланылатын немесе тапшы кезіндегі сондай өндіріс технологиясын таңдайды.

Табыс – бұл белгілі бір уақыт өткенде шаруашылық қызметі нәтижесінде алынатын қаржы қоры. Меншік иелері үшін өндіріс факторы табыс болатын болса, ал сатып алушылар үшін бұл факторлар шығын болады.

Табыстарды жіктелімдеу әр түрлі критерийлер бойынша жүргізіледі.

Субъектінің иеленуіне байланысты табыстарды бөледі:

- тұрғындар;

- кәсіпорындар (фирмалар);

- мемлекет;

- қоғам (ұлттық табыс).

Алынған және нақты бар табыс көлеміне байланысты тұрғындардың табысын бөледі:

- атаулы құнды табыс – бұл алынған ақшаның жалпы сомасы;

- қолда бар немесе таза табыс – бұл салық төлегеннен кейін қалған қалдық.

- нақты табыс – бағаның өзгеруіне түзетілетін таза табыс;

Кәсіпорын табысы мыналарға бөлінеді:

- барлық өнімдерді өткізгеннен түскен түсімге тең, жалпы табыс;

- жалпы табысты өткізілген өнімдердің санына бөлу жлымен сатылған өнімдердің бірлігіне есептелген, орташа табыс;

- шектелген табыс - өнімдердің қосымша бірлігін сатудан түскен жалпы табыстың өсуін көрсетеді.

Кәсіпорынмен алынғын шығарылған өнімнен түскен табыс белгілі бір жағдайда өндіріс факторына байланысты бөлінеді. Еңбекақы жасалған еңбекке байланысты, рента – пайдаланылатын жер бөлігінің құнына, пайда – пайдалынылған капиталдың мөлшеріне байланысты пайда болады. Факторлы табыстардың бұл барлық нысандары рыноктық экономикада өндіріс факторының бағасы ретінде көрінеді.

Тұрғындардың табысты барлық уақытта сараланған. Табыстың тең еместігінің себептері: қабілеттерінің әртүрлілігі, білімі мен оқуы, кәсіптік талғамы және тәуекелі, меншікке ие болуы, рыноктағы басымдылығы, жолы болуы, байланыстары, бақытсыздығы және кемсітушілігі және т.б. Табысты саралау дәрежесін мөлшерлеу үшін Лоренцтің қисығы (графикадағы төмен иілген сызық) деп аталған, графикалық көрсеткіш пайдаланылады (13.1.-сурет).

Е

табыстарды Қалыптастыру - student2.ru Табыстар

М

100%

А

9.1.-сурет. Лоренц қиысығы

АЕ қимасы елдегі абсолюттік теңдікті көрсетеді. Бірақ тәжірибеде табыстар ешуақытта тең бөлінбейді. Шынайы суретті Лоренцтің қисығы көрсетеді. Биссектрисадан қисық сызықтың ауытқу мөлшері табысты бөлудегі теңсіздікті көрсетеді. Бұл дәрежені Джини коэффиценті деп сиппаттау қабылданған – ол орналасқан графикадағы М бөлігіне алаңының үшбұрыш алаңына қатынасы:

Кдж = SM/SAEF.

Табыстарды бөлудегі теңсіздік жоғары болған сайын, коэффицентінің мәні соншалық бірлікке жақын.

Наши рекомендации