Жоспарлаудың түрлері

4. Кәсіпорынның жылдық жоспары.

1. Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына: кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік бағдарлама, кәсіпорынның даму жоспары жатады. Ағындық және перспективті жоспарлау жүзеге асатын, өмір сүруге қабілетті және ішкі, сыртқы орта өзгерістеріне бейім болуы тиіс. Нарықтық экономикада жоспарлау бұл - әртүрлі экономикалық ұйымдастырушылық, басқарушылық, әлеуметтік және қазіргі заманғы өндірістің даму дәрежесін сипаттайтын көптеген қызметтерді жүзеге асыру негізі болып саналады. Олардың өзара әрекет ету механизмі бір кешенді жоспар немесе оған жетуге сәйкес мақсаттар мен құралдың біртұтас жоспарлы жүйесін талап етеді. Кәсіпорынның перспективті қызмет етуінің әртүрлі экономикалық көрсеткіштерін жоспарлауда прогрессивті нормативтер, алдыңғы қатарлы стандарттар, ғылыми ережелер және экономикалық мақсаттар жүйесін толық пайдалану қажет. Бұл мақсаттарды келесі түрлерге бөлуге болады:

1) экономикалық өсім

2) толық жұмыс бастылық

3) экономикалық тиімділік

4) бағаның тұрақты деңгейі

5) экономикалық еркіндік

6) табыстардың әділ бөлінуі

2. Жоспарлы шешімдерді қабылдау процесінде пайдаланылатын кең таралған әдістер:

1) нормативті – нормалар мен технологиялық экономикалық нормативтер негізінде шаруашылық субъектінің ресурстарға қажеттіліктері есептелінеді.

2) Есептік – аналитикалық – база ретінде қабылданған көрсеткіштердің шамаларын және жоспарлы кезендегі өзгерістерінің индексін талдау негізінде осы көрсеткіштердің жоспарлы шамалары есептелінеді. (эксперттік бағалау әдісі)

3) Баланстық әдіс – балансты құру жолымен қолда бар қаржылық ресурстар және оған фактілік қажеттіліктер арасындағы байланыстың қамтамасыз етуін білдіреді.

4) Жоспарлы шешімдерді оптимизациялау әдісі – шешімдердің ішінен оптималдысын таңдау үшін жоспарлы есептеулердің бірнеше нұсқасын құруды білдіреді.

5) Экономикалық математикалық модельдеу – экономикалық процесті дәл математикалық сипаттау, яғни математикалық символдар мен амалдар (теңдеу, теңсіздік) көлемімен берілген экономикалық құбылыстардың өзгерістерін заңдылықтары мен құрылымын сипаттайтын факторды бағалау.

6) Жоспарлаудың жүйелілік әдісі – бұл өзара байланысты жұмыстар кешенін жүргізуді жоспарлау.

7) Бағдарламалық мақсаттық әдіс – бұл бағдарламаны жоспарлау мен басқару әдістерінің жиыны.

Кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуындағы перспектив-тік жоспар келесі бөлімдерден тұрады:

- қызмет көрсету мен өнім өндіру;

- өндірісті жетілдіру мен басқару, ғылыми-техникалық дамыту;

- өндіріс тиімділігі жоғарлату;

- күрделі құрылыс;

- материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

- еңбек пен мамандар (кадрлар);

- өзіндік құн, пайда және өндіріс рентабельдігі;

- экономикалық ынталандыру қоры;

- қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді қолдану;

- ұжымдық әлеуметтік дамуы;

- қаржылық жоспар.

Перспективті жоспар қорытынды кесте өндірістік бірлестіктің (кәсіпорынның) әлеуметтік және экономикалық дамуындағы негізгі техника-экономикалық көрсеткіштердің бес жылдық жоспар құру бойынша аяқталады. Онда, кәсіпорынның орталықтандыруымен бекітілген экономикалық мөлшер-мен лимиттер, елдің салалық территориялық бөліктерінде әлеуметтік және экономикалық дамуды мемлекеттік жоспар құру бойынша есептеу көрсет-кіштерін қолдану қарастырылады.

Перспективті жоспар ұзақ мерзімге жасалады, бірақ тапсырмалар әрбір нақтылы жылға анықталады және олар нақтылы жылдар ағымдық жоспар құруға негіз болады.

Оперативті жоспарлау барлық өндірістік бағдарламаны орындау мақ-сатында барлық өндірістік бөлімшелер іс-әрекеті келісімін күнделікті қам-тамасыз етуде, техника-экономикалық жоспарлауды ұйымдастырудың жалғасы болып табылады. Оперативті жоспарлау өндіріс қай кезде және қай жерде, не өндіру керек деген сұрақтарға жауап береді. Жылдың ағымдық мемлекеттік жоспарды орындаудағы директивті мерзімге берілген өнім шығаруды ырғақты қамтамасыз етеді.

Наши рекомендации