Сабақтың тақырыбы: салауатты өмір салты
Cабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сызбала, оқушылардың газеттері, магнитафон, қолшатыр.
Сабақтың мақсаты:
1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;
2. ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Мағынаны табу: Сұрақ –жауап түрінде әңгімелеу.
-Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.
Біздің хажлқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.
Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап көрейік.
Магнитофоннан тыңдау:
1. денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында.
2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады.
3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар.
-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.
1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу.
1- топ «Денсаулық»
Ұраны: «Денсаулық –зор байлық».
2- топ «Салауат»
Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі»
2. Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру:
І Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды.
ІІ Кластер құру.
ІІІ «Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою.
1- топ: Денсаулықты нығайту жолдары.
2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер.
1- топ: 1. Д…… і (дәрі)
2. в…та…н (витамин)
3. ….ны…..у (шынығу)
4. с….ау……т (салауат)
2- топ: 1. Г…и…на (гигиена)
2.ту…ку….ез (туберкулез)
3. тұ……у (тұмау)
4. д… ау…. қ (денсаулық)
IV. «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып оқиды.
V. Шығармашылық тапсырма:
1- топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.
2- топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.
Сайысты қорытындылау барысында оқушылар өнерін көрсетеді.
1-оқушы:
Жымысқы жау- арақ мынау.
Аңқылдаған жалпылдаған.
Аңқау жұртым қазағым.
Сенгіштіктің көнбістіктің,
Тарттың әдбен азабын.
VIБекіту: Тренинг «Қолшатыр…»
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
Тренинг «Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.
VIIҚорытынды:
Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№43 орта мектеп
Тақырыбы:Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі.
Сыныбы: 9 «А»
Тараз 2013
Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі.
Категориясы: Тәрбие сағаты
Барысы:
Топ жетекшісінің кіріспе сөзі
1. Бірінші бөлім:
а/ «Адам құқығы» дегеніміз не?;
б/ «Сенің құқығың» - баптарды еске түсіру.
2. Екінші бөлім:
а/ «Жастар арасындағы қылмыстар»;
б/Ситуациялық жағдайларды шешу.
3. Үшінші бөлім:
а/«Заңды консультация» - сұрақ – жауаптар;
б/ Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза
түрлері.
Орытынды.
Тақырыбы: Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі.
Мақсаты: студенттердің құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.
1. Топ жетекшісінің кіріспе сөзі.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Бүгін бізде қонақта қалалық кәмелетке толмаған жасөспірімдер инспекторы Тойғанбаев Нұрхат Нұрахметоллаұлы, колледж директорының орынбасары Бозщина Құндыз Жұмабекқызы, колледждің «Фемида» клубының жетекшісі Исакова Гулнар Тәңірқұлқызы, ата – аналар. Бүгінгі іс-шарамызда біз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері мен жазалар туралы сөз қозғаймыз.
I. Сабағымыздың бірінші бөлімінде құқық туралы жалпы түсінік беріледі.
1.1. Елдар
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз. Әлеуметтік норма құқық пен мораль деген ұғымдар кіреді. Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды.
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығын да. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады. Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар - нормативтік шешімдер қабылдайды. 1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді: табиғи құқық, азаматтық құқық, экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық. Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.
1.2. «Сенің құқығың!»
Сағат: 14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.
Батырлан: 15-бап
1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
Еламан: 16-бап
1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.
Ерлан: 17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
Аңсар: 19-бап
1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.
Олжас: 22-бап
1. Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
Ердос: 25-бап
1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол берiледi.
2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға берiледi.
1.3. Данияр
Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жасөспірімдердің және жастардың қылмысы туралы мәселе құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар басқа да мемлекеттік ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының үнемі қадағалауын талап ететін басты мәселенің бірі. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қашанда ұлттық тұтастығымызға, ел болашағына қауіп төндірері сөзсіз. Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын таңдауы - дәуір қасіреті. Сотталған жас өспірімдердің көбеюі – қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады. Қоғамда не құрылым дені сау, еңбекке жарамды азаматтар көбейген сайын, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да жедел дами бастайды. Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар. Сабақтың екінші бөлімінде жасөспірімдерге қолданылатын қылмыстық жауапкершіліктер туралы анықтама беріледі.
2.1.Нұрболат
Сотталушылар қатарында кәмелеттік жасқа толмағандардың көбеюі біздің қоғамды алаңдатпауы мүмкін емес. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі. Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлататын мән-жайларда көлікті айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қаруды ұрлау немесе қорқытып алу, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен басқа да құрылғылар, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық, тағылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды ұрлау немесе қорқытып алу, ауырлатылған мән-жайларда мәйітті немесе олардың көмілген жерлерін қорлау, көлік құралын немесе теміржолдарын қасақана жарамсыздық жағдайға келтіргені үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сот тәжірибесі көрсеткендей, кәмелетке толмағандар көбінесе ұрлық, тонау секілді қылмыстар жасайды. Соңғы кезде аталған қылмыстар ішінде ұялы телефондарды ұрлау жиі орын алуда. Мұндай қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер құқық бұзушылардан жасы кіші, әлсіздеу, кәмелеттік жасқа толмағандар болып табылады.
Нұрқанат
Мысалы, кәмелетке толмаған Омар теміржол көпірінің астындағы жаяу жолаушылар жолымен келе жатып, 11-ші мөлтек ауданындағы үйіне бара жатқан Расулды жолықтырып, оны тоқтатқан. Омар Расулдың қалтасындағы ұялы телефонын көріп, одан телефон шалу үшін сұрады. Расул бұған көңіл бөлмей, әрі қарай жүре берді. Омар артынан ілесіп, жанар-жағармай станциясының жанында күш қолдану арқылы Расулдан ұялы телефонды тартып алған. Осы ұрлықты жасағаны үшін кінәлі деп танылған Омар шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылды. 2010 жылы 17 қаңтарда 14 жастағы Виталий мен Станислав Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов көшесінде орналасқан № 58 үйдің ауласында кәмелетке толмаған Мирасты көрді, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейтіндей зорлық көрсету қаупімен ұялы телефонын талап етті. Мирас өзіне қолданылмақ болған зорлық қаупінен қорқып өзінің ұялы телефонын оларға беруге мәжбүр болды. Аталмыш қылмыс үшін Виталий мен Станислав қылмыстық жауапкершілікке тартылып, шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Өкінішке орай мұндай мысалдарды одан әрі ұзақ жалғастыруға болады.
Нұржан
Кәмелетке толмағандардың басқа бір қылмысының түрі ол – ұрлық жасау. Кәмелетке толмаған Валера мас күйінде, топтағы басқа да адамдармен Ақтөбе қаласындағы Трудовая көшесінде орналасқан азық-түлік дүкеніне келіп, күртешесін қолына орап аталмыш дүкеннің терезесін сындырып, ішіне кірген. Ол жерден қылмысты топ құны 36 925 теңге құрайтын азық-түлік пен спирттік ішімдіктерді қолды қылған. Осы қылмыстары үшін ол жауапкершілікке тартылып, сотталды. Сот тәжірибесі көрсеткендей, жасөспірімдер өз әрекеттерімен қауіп төндіретіндерін түсінеді. Жасалатын іс-әрекеттің қауіптілігі жасөспірімге «өзгенің өмірі мен мүлкіне тиіспе», - деп бала кезінен ата-анасы немесе тәрбиелеушілерінің үйретуіне байланысты. Кішкентай кезден бастап пайдалы ақыл-кеңес, дұрыс бағыт беру нәтижесінде қылмыстық әрекеттердің қауіптілігін сездіруге болады. Өсе келе жасөспірім жасалатын әрекеттерді өзі бағалап, таңдау жасай алады. Кәмелеттік жасқа толмағандардың істерін қарау барысында, олардың жеке басы, тәрбиелену мен өмір сүру жағдайлары, қылмысты жасау себептері, қылмысты жасауға себеп болған жағдайлары, оған деген ересектердің әсері - мұның бәрі тәрбиелеу бағытындағы шара қолдану мен жаза тағайындауда ескеріледі. Көп жағдайда ата - аналардың жасөспірімге дұрыс тәрбие бермеуі мен қылмыстық әрекеттерге бармауы туралы ескертуінің кемшілігі – құқық бұзушылық себебі болады.
2.2. Ситуациялық жағдайларды шешу.
Көшедегі көрініс
Асқар: Шыңғыс бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Шыңғыс: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?
Асқар: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Шыңғыс: Кеттік, жолшыбай Ердосқа соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Асқар: Ердос, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Ердос: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Асқар: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң, жібермей қалады.
Ердос: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.
Асқар: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме!
Шыңғыс: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?
Топ жетекшісі:
Құрметті ата-аналар, осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.
1. Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?
2. Учаскелік полиция инспекторына: - Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке тартылады?
Сағат:
«Көршінің «көмегі»»
Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Бейсенкүл есіктің алдына шығып: «Сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт. Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген», - деді.
Оқушыларға сұрақтар қойылады:
1. Азаматша Бейсенкүл дұрыс жасады ма?
2. Мұндай жағдайда Бейсенкүл не істеуі керек еді
3. Бейсенкүл біреуге жала жапқан сөзі үшін жауап бере ме? – сұрақ инспекторға қойылады.
Еламан:
Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар арақ ішкен үш жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын ол жақсы түсінді. Арақ ішіп алғандар Маратқа бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Жігіттер Маратты ұруға келе жатады. Сонда Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан бірінші жігітті басынан ұрып құлатады.
Сұрақ:
- Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма?
Сабақтың үшінші бөлімінде «Заңды консультация» өткізіледі.
а/ студенттер инспектор мен «Фемида» тобының жетекшісіне сұрақтар қояды.1. Балқаш қаласы бойынша жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?
2. Сонымен қылмыс жасағаны үшін жасөспірімдерге қандай жазалар қолданылады?
3. Қазіргі уақытта жас балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?
4. Бір немесе екіден көп кәмелетке толмаған жасөспірімдер төбелескен кезде біреуі абайсызда суық қару қолданады. Бұл жағдайда қандай
«Фемида» клубының жетекшісіне қойылатын сұрақтар:
1. Профилактикалық кеңес отырысы шешімінің заңдылық күші бар ма?
б/ «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы»
Сағат: Қылмыстық Кодексінің 39 бабында қарастырылған он екі жазаның ішінде кәмелетке толмағандарға мына жеті жаза түрлері ғана тағайындалады: Айыппұл 79-шы баптың 2-ші тарауына сәйкес кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда 10-нан 500 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде тағайындалады.
Батырлан: белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Еламан: қоғамдық жұмыстарға тарту кәмелетке толмаған адамға қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады.
Ерлан: түзеу жұмыстары кәмелетке толмай сотталған жасөспірімдерге бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Аңсар: бас бостандығын шектеу жазасы кәмелетке толмағандарға бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Бұл жаза мамандандырылған органның қадағалауымен сотталғанның тұрғылықты жері бойынша өтеледі.
Олжас: қамау бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады.Сотталған жасөспірімді жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстайды.
Ердос: бас бостандығынан айыру он жылдан он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады.
Қорытынды. Сонымен, құрметті студенттер, ұзын сөздің қысқасы, бүгінгі сабақтың негізгі ойын мына мақал – мәтелдермен аяқтайық.
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ұрлық түбі ... (қорлық)
4. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
5. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
6. Әділ істің...(арты игі)
7. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)
8. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)
9. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді).
Топ жетекшісі: Осымен біздің сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі сабақтан алған мәліметтер студенттерге өте керекті деп ойлаймын. Келген қонақтарымызға рахмет айтамыз.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.
Нияз
Мен жігіт 15-30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аларымда.
Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба,
Топ жетекшісі:
- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№43 орта мектеп
Тақырыбы:«Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
Сыныбы: 9 «А»
Тараз 2013
Сабақтың тақырыбы: «Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру,нақыл сөздер.
Мұғалім: Ана тілі- адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Мейрам: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл.Қалай исең, солай иіле береді.Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалаңсаң,бұл тілмен сурет салуға, тас қашап,ағаш, текемет оюға болады-ау.Бұл тілден май тамады десе де сыяр.Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа-шекер балдай татитын нәріне,әріне әсте тоймайсың.Ғашықпын қазақ тіліне...Осындай майса , сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
Рауан: Ана тілім- тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе , мен де бірге өшемін.
Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген- халқын сүйіп жарытпас.
Айбек: Туған тілім- бабам тілім- өз тілім,
Туған тілім- анам тілім- өз тілім,
Туған тілім- далам тілім- өз тілім,
Туған тілім- адам тілім- өз тілім.
Раймбек: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
«Ана тілім» әні . Орындайтын хор.
Алпамыс: Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы , ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
«Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көрініс.
(Абай- Мейрам, Әбіш- Рауан)
-Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.
Рауан: Халық бар жерде тіл бар.Тіл бар жерде өнер бар.Өнер бар жерде жанкүйер бар.Әр халықтың ана тілі- оның бақыты, оның қуанышы.
Алпамыс: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- әрбір қазақ отбасының жүрегі.
Айбек: Халықтың қуаты- тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
-Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?
1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.
Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Осымен біздің тіл мерекесіне арналған сабағымыз аяқталды.
Рауан: Ана тілім- тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе , мен де бірге өшемін.
Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген- халқын сүйіп жарытпас.
Айбек: Туған тілім- бабам тілім- өз тілім,
Туған тілім- анам тілім- өз тілім,
Туған тілім- далам тілім- өз тілім,
Туған тілім- адам тілім- өз тілім.
Раймбек: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
«Ана тілім» әні . Орындайтын хор.
Аманжан: Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы , ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
«Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көрініс.
(Абай- Мейрам, Әбіш- Рауан)
-Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.
Рауан: Халық бар жерде тіл бар.Тіл бар жерде өнер бар.Өнер бар жерде жанкүйер бар.Әр халықтың ана тілі- оның бақыты, оның қуанышы.
Аманжан: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- әрбір қазақ отбасының жүрегі.
Айбек: Халықтың қуаты- тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
-Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?
1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.
Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Осымен біздің тіл мерекесіне арналған сабағымыз аяқталды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№43 орта мектеп
Тақырыбы:Қазақстан рәміздері
Сыныбы: 9 «А»
Тараз 2013
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан рәміздері
Дайындық кезеңі: Шараны өткізу үшін ҚР елтаңбасы, әртүрлі елдердің елтаңбалары, Қазақстан қалаларының ертедегі елтаңбалалары, алғашқы этностық-мәдени нышандар, Кеңестер Одағының елтаңбасы, тулардың суреттері дайындалады. Бұл шараны өткізу үшін Е.Шаймерденовтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері атты рәмізтану саласына байланысты жарық көрген кітабының пайдасы зор болады. Ондағы түрлі-түсті рәміздік белгілердің суреттерін жұмыс барысында пайдалануға болады. Жоғары сынып оқушылары арасында Қазақстан рәміздеріне байланысты шығарма, өлең жазып келу тапсырылады. Шара барысында осы шығармалардан үзінділер оқылады.
Турнирдің шарты: Қатысушылар үш топқа бөлінеді. Жарыс үш турдан тұрады:
І.Елтаңба ІІ. Жалау. ІІІ. Әнұран
Әрбір қатысушы білімінің жетіктігімен өз тобымен де, сондай-ақ жеке дара да жеңіске жете алады. Әрбір топ ойынның ережесін бұзбаса, көрермендер көмегін пайдаланбаса және шығармашылық жұмыстарды ұйымшылдықпен, ынтымақпен орындаса жеңіске жетеді. Жүргізуші : «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз! Әрине, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, қасиеттеу үшін, алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуға тиісті. Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Сонымен, бүгін өмір сүріп отырған үшінші мыңжылдық ғасырынан, сонау алғашқы адамзат пайда болған ерте кездерге ауысамыз да, мемлекеттік рәміздер туралы білімімізді сарапқа саламыз.
І тур
- Елтаңба дегеніміз не?
Негізі «Герб» сөзі неміс тілінен аударғанда «ербо» –мұра деген мағынаны білдіреді. Ал дәл осы ұғымды тіліміздегі «таңба» деген сөз анық жеткізеді. Бұл әрбір елдің, қаланың, әрбір рудың, жеке адамның бейнесі белгіленген шартты және ерекшелік белгісі. Елтаңба иесінің тарихымен тығыз байланысты болады. Елтаңба сол елдің заңына байланысты анықталады және заң бойынша бекітіледі. Геральдика (елтаңбатану) және вексилология (тутану) атты ғылым салалары өмірге келгелі бірнеше ғасыр өтті. Бұл жөнінде алғашқы кітаптар ХVІ ғасырда-ақ белгілі болған. Француз тарихшысы Менестрэ 1650 жылы осы мәселені үңгіп жазған үлкен еңбегі үшін елтаңбатану ілімінің атасы атанды.
- Алғашқы елтаңбалар қашан пайда болған?
Алғашқы нышандарға жататын тотемдік белгілер әлемнің барлық халықтары арасында кең тараған. Негізінен жануарлар бейнесі кескінделген бұл тұмаршалар белгілі бір рулар мен тайпалардың ортақ рәмізіне айналды. Олардың қай қоғамдастыққа жататынын сол тұмаршаларға қарап ажырататын болды. Кейінірек көсемдер мен рубасыларының билік белгілері ретінде бір уыс шөп, жапырақ, құстың қауырсын қанаты, айрықша әшекейлеп жасалған бас киім және басқа нышандар пайдаланылды. Олардың орнын найза, әшекейлі бақандар мен түрлі темір салпыншақтар басты.
- Геральдика сөзі нені білдіреді?
Геральдика латын сөзінен аударғанда елтаңбатану дегенді білдіреді.
- Ең алғашқы геральдикалық белгілер қайда бейнеленген?
Ұлы Гомер әйгілі Троя шайқасына қатысқан әскерлердің қалқандарындағы белгілер туралы баяндаса, Эсхил жауға қарсы соғыс ашқан жауынгерлердің қалқандарындағы нышандарды талдап жырлайды. Келе-келе, алғашқы әскери байрақтар пайда болды. Темір бақан басына, найзаның ұшына немесе ағаш таяқтарға өздері сиынатын құдайларының немесе әулие тұтатын жануарлардың бейнесін іліп шығатын болған. Оларда қанатты Пегас, Минотавр, тасбақа мен үкі бейнелері кездеседі. Кир (ХІІ ғ.) алтын қанатты қыран бүркіт бейнесін жеке таңбасы ретінде пайдаланған деседі. Дегенмен, қазіргі жалаулар мен тулардың түп атасы дерлік алғашқы байрақ көне Азия топырағында, бұрын көшпелі ата-бабаларымыз аралас –құралас өмір сүрген ежелгі Қытай жерінде дүниеге келген деседі. Чжоу әулеті билік жүргізген б.з.д. ХІІ ғасырда желбіреген тұңғыш байрақтар түсі де бізге таныс-ала болған. Кейіннен ежелгі Үнді жерінде көтерілген қызыл, жасыл түсті әскери байрақтардың ұшы үшкілденіп келетін де, ортасына сары бояумен әр түрлі киелі жануарлардың бейнесі салынатын.
- Қазақ елінің геральдикасының тарихы қашаннан бастау алды?
Өз тіліміздегі «таңба» сөзі Түркі қағанатында дүниеге келген. Білімпаз Махмұд Қашқари өзінің әлемге әйгілі сөздігінде «таңба-ел билеушілердің ерекше белгілері» деген мағына береді.Бұл сөзді бергі он жетінші ғасырға дейін орыс князьдары да пайдаланған. Түркі халықтарының таңбалары туралы деректер V ғасырдан белгілі екендігі көрсетілген. Қазақ руларының таңбалары осы күнге дейін сақталған. Таңба белгілер көне ақшаларымызда да көрініс тапқан. Сонау VІ-VІІІ ғасырларда-ақ ру-ұлыс нышандары айшықталған металл теңгелер шығарылған. Отырар, Тараз қалаларындағы металл теңгелер шығарған ұстаханалар туралы деректер өте мол. Тік сыңар сызық-қаңлылардың, тік қос сызық немесе қос әліп-қыпшақтардың, сүйір немесе тік қосылған сызықтар-керейлердің, бұрыш бейнелі белгі-наймандардың, дөңгелек-дулаттардың, қос дөңгелек көз-арғындардың, босаға бейнесі-қоңыраттардың, садақ бейнесі-адайлардың, құлақты дөңгелек-албандардың т.б. ру-тайпалық белгілері болған.
- Қазақстан жерінде қолданылған қандай елтаңбалардың түрлерін білесің?
Елтаңбалардың дамуы, жетілуі, әртүрлілігі кезеңдерге байланысты. Елтаңбалар 6 түрге, яғни 6 деңгейге бөлінеді. Алғашқы әлеуметтік, рәміздік (рулық таңбалар), мөрлер, әулеттік, қалалар мен аумақтық және ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбалар.
- Кеңес Үкіметі тұсындағы Қазақстан елтаңбасы туралы не білесің?
Жетпіс жылдан астам уақыт бойы желбіреген қызыл тудың мемлекеттік нышанға айналуы ресми түрде 1918 жылдары қабылданған. Бидай масақтарымен көмкерілген орақ-балғалы қызыл жұлдызды Қазақстанның елтаңбасы пайда болған. Онда қазақша жазылып, орыс тіліндегі нұсқаларын қайталаған «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!». «ҚКСР» деген қазақша қарыптардан басқа, республика ерекшелігіне мегзейтін ешқандай белгі болмаған.
- Елтаңба құрылымы неден тұрады?
Елтаңба негізінен жайма тақта (қалқан) және оның айналасындағы кескін, бейнелеулерден тұрады.Елтаңбаның негізі батырлардың қалқандарының көшірмесі ретінде ашылған.
- Геральдика тарихында бұрын-соңды болмаған Қазақстан елтаңбасындағы қандай бейне ?
Шаңырақ тектес елтаңба бұрын-соңды әлемдік геральдика тарихында болмаған. Қазақтың қасиетті қара шаңырағының бейнесі бүтін қазақ елінің символы іспеттес. Қара шаңырақ-біздің ұлттың алтын бесігі. Асыл діңгек аман болса, алтын бесік мәңгілік өмір жырымен тербеле береді деген ұғым бар.
- Қазақстан елтаңбасындағы бесбұрышты жұлдыз нені білдіреді?
Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар дегенге мегзейтін бесбұрышты жұлдыз. Бесбұрыш формасы Күлтегін ескерткішінде де қолданылған. Аспан денелерін, әсіресе, Күн мен Айды, одан кейін жұлдыздарды кие тұтатын халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын да арқалап тұр ол.
Жүргізуші: Бірінші турдың шығармашылық тапсырмасы төмендегідей: өздерің ойларыңнан кез-келген елтаңбаның суретін салыңдар. Негізгі шарт- бұл елтаңба ерекше, таңқаларлық болу керек.
(Екі топ өздерінің шығармашылық жұмыстарымен таныстырады)
(Шығармалардан үзінділер орындалады)
ІІ тур
- Ту деген не?
Ту («флаг» нидерл.) ағаш сапқа немесе бауға ілінген белгілі бір түсі, көбіне эмблемасы бар мата.
- Мемлекеттік ту дегеніміз не?
Мемлекеттік ту- елдің Тәуелсіздігін білдіретін ресми билік нышан.
- Тудың сипаттамасы қайда тіркеледі?
Мемлекеттік тудың негізгі сипаттамасы Конституция бойынша бекітіліп, тіркеледі.
Мұрағатшы: Мемлекеттік тудың негізгі элементі оның түсі екендігі де дау тудырмаса керек. Ең көп тараған деректер бойынша, мысалы, қызыл ту ерлік таныту, күрес, қауіп төндіру, бас көтеру және шу шығару деген ұғымдарды береді. Ақ ту-бейбіт ниет, жауға қарсыласпай берілу, қара ту-қайғы, жоқтау және қарсылық білдіру белгісі деп саналады. Түстердің діни мағыналары да бар. Ақты-христиандар, жасылды мұсылмандар, сарғыш қызылды буддаға табынушылар қасиет тұтады. Әр халықтың, әр ұлттың жанына жақын, айрықша қастерлейтін өз баяуы, өз түсі де болады. Осыған орай ұлттық бояу деген ұғым кең тараған. Оның терең танымдық мәні, қолдану үрдісі және әріден бастау алатын төл тарихы болады. Әдетте, ұлттық бояу ұлттық өнер туындыларында, ою-өрнектерде, киім-кешектерде, тұрмыстық заттарда жиі қолданылады. Ол сол себепті халықтың табиғи болмыс-бітімі мен мінез-құлқынан да хабар беріп тұрады деп есептеледі. Мысалы, Испания туларындағы өрекпіген қызыл-сары бояулар испан халқының қызу қанды мінезіне үйлесер болса, Финляндия туларындағы ақшыл, көгілдір түс фин халқының бойындағы салқын қандылық пен сабырлылықты сездіретін көрінеді.
- Қазақстан туының көк түске боялу себебі?
Танымдық тұрғыдан алғанда, қызыл-оттың, жылу мен қанның, жасыл-шөптің, өсімдіктің, қара-жердің, суықтың, қараңғылықтың, ақ-судың белгісі болып саналса, зеңгір көк-аспанның, ауа мен құрлықтың белгісіне баланады. Алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кесте бойынша, ол-адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны, әрі осы реңдес ту көтерген елдің саясатына ерекше сенім көрсетуге болады деген ойға жетелейді.
- Қазақ жерінде ту қашан пайда болды?
Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда жартаста сызылған суреттерде айқын бейнеленген. Көне ұғымдарды былай қойғанда, аттары бүгінге дейін жеткен Мөде, Бумын және Елтеріс, Жәнібек пен Керей, Қасым мен Есім хан, Тәуекел мен Тәуке, Әбілқайыр мен Абылай сынды ел билеушілеріміздің, қол бастаған баһадүрлеріміздің қай-қайсысының да өз байрағы болғаны мәлім. Байрақтың түсіне келер болсақ, «Көк асаба» аталған көне байрақ түсі исі түркі халықтарының түп атасы кие тұтқан Көк аспан әміршісінің белгісіне баланса, түркілердің тағы бір табынары-көк бөрі бейнесі де тудағы таңбаға айналған. Қазақ даласында көтерілген байрақ, тулар да бір тектес болмаған, әрине. Ұзақ уақыт бойы арнайы сөз етіліп, қасиетті жәдігер ретінде құнтталмағандықтан да, ел ішінде көбіне Абылайдың ақ туы ғана ауызға алынады. Дегенмен, тек төрелер ұстаған тулардың өзі әр алуан болған. Мысалы, араб, парсы, түркі және қытай жазбаларына сүйене отырып, олардың қызыл, көк, ақ, ала тулы болғанын білеміз.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының ресми анықтамасы? Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек-сондай айтары мол астарлы айшықтар. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата. Оған қоса, Туды сабының тұсынан ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнелері алтын түсті болуы керек. Тудың ені мен ұзындығының бір-біріне қатынасы ½ бөлшегімен өрнектеледі. Яғни, ені-1,5 метр болса, ұзындығы 3 метр болады.
(Шығармалардан үзінділер оқылады)
ІІІ тур
- Әнұран дегеніміз не?
Қытайлар гимнді «гоге»-мемлекет өлеңі, мемлекет әні десе, арабтар оған отан өлеңі, отан әні деген мағына береді.
- Қазақ халқының сөзі жоқ мемлекеттік әнұран міндетін атқарып келе жатқан музыкалық шығарма?
Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйі ғасырдан астам уақыт бойы халқымыз үшін сөзі жоқ, тек әуеннен тұратын ұлттық рәміз міндетін атқарып келеді
- Қазақ халқының басына түскен қасіретті баяндайтын әлемдегі болмыс бітімі бөлек ұлттық әнұран?
Қазақтың «Елім-ай әні -әлемде теңдесі жоқ болмыс –бітімі бөлек ұлттық әнұран. Әдеттегі әнұрандарда, негізінен, мадақтау сарыны басым жататын болса, бұл ел әнінің қуаты бүкіл халық басына түскен қасіретті боямасыз баяндай отырып, рухты жасытпай, қайта елдік пен ерлікке шақыратын оптимистік сезім оятатын қасиетінде жатыр. Жоңғар шапқыншылығындағы әйгілі «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» қырғыны кезінде 1723 жылы дүниеге келген бұл екрекше ел әнінің авторы –Қожаберген Толыбайұлы. Ол Үргеніш, Бұхар, Самарқан медреселерінде оқып, білім алған.
- Кеңес Үкіметі кезінде, қазіргі Тәуелсіз Қазақстанда дажастарды, халықты отаншылдыққа шақыратын еліміздің ресми емес әнұраны болып кеткен ән? Осы әнді жазған кім? Әннің бір шумағын айтып бер. Бұл ән 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында «Елім-ай» әнімен қатар шырқалған болатын. Сөзі Н.Нәжімеденовтікі, әні Ш.Қалдаяқовтікі «Менің Қазақстаным әні»
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Думанды бастады,
Далама қарашы.
Кең екен жер деген,
Жерге дән шықты ғой.
Дән егіп, терлеген,
Қазағым мықты ғой.
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін елім,
Туған жерім менің-Қазақстаным!
Шығармашылық тапсырма: Әрбір топ өздерінің рәміздерін ойлап табулары керек. Негізгі шарты: Ол ерекше, таңқаларлық болуы керек. Жәнеде міндетті түрде Қазақстанмен байланысуы шарт.Жүргізуші турнирдің қорытындысын шығарады, жеңімпаздар марапатталады)
Құрметті, балалар. Бүгінгі турниріміз сәтті аяқталды. Бұл шараға барлығымыз белсенді қатысып, өзіміздің білімімізді ортаға салып, білмегендерімізді көңілге түйдік деп ойлаймын. Енді Елбасымыз Н.Назарбаев пен дарынды әнші, композитор Б.Тілеуханның «Елім менің» әнінің клипін тыңдауларыңды ұсынамын. Бұл музыкалық шығарма қазақ елінің бар перзентінің еліне, жеріне, Отанына деген мақтаныш сезім оятатын ән. Бұл әнді қазіргі кездегі қазақ халқының ресми емес әнұраны десек қателеспейміз.
Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса, қазағым менің.
Қазақстаным – жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
Аңсаған бабам, аңсаған елім!
Бостандық еді – ау асыл арманың.
Қайырмасы:
Елім менің аңсаған,
Тас бұғаудан босаған.
Құтты болсын отауың- оу,
Берік болсын –ау босағаң.
Бабамның қаны, анамның жасы,
Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.
Береке –бірлік қамалдың басы,
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.
Күйінсін жауың, сүйсінсін досың,
Жиылсын қауым, құйылсын көшің.
Ертеңің үшін аянба, ерім,
Ояншы, елім, жиылсын есің.
Қайырмасы:
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін.
Берекең мен бірлігің – оу,
Таси берсін – оу өрісің.
Қосымша
Мемлекеттік рәміздерге байланысты қызықты ақпарат пен деректер
Қызыл түс- әлем мемлекеттері туларында ең көп кездесетін рең. Ол барлық тулардың үштен екісінде бар. Одан кейін көп пайдаланылғаны ақ, көк, сары және қара бояулар екен.
Ені мен ұзындығы бірдей жалғыз шаршы ту- Швейцариянікі