Аржылық жағдайды талдау әдістері.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікалей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтер үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезендермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады. Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреу бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынас ретінде көрсетеді.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың керсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.
Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда керсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстыр-малы шама, графиктік және иңдекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты - бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.
Экспресс-талдаудың үш кезеңде жүргізілуі орынды:
1) дайындық;
2) қаржылық есепке алдын ала шолу жасау;
3) экономикалық оқу және есеп беруді талдау.
Бірінші кезеңнің мақсаты- қаржылық есеп беруді талдаудың мақсатқа сәйкестілігі туралы шешім қабылдау және оның оқуға дайындығына көз жеткізу.
Бірінші міндет, аудиторлық есепте берілген ақпараттардың дәлдігі және олардың қолданылып жүрген нормативтік құжаттарға сәйкестігі туралы баға берілген бағасынан тұратын аудиторлық қорытындымен танысу арқылы шешіледі.
Екінші кезеңнің мақсаты - балансқа қосымша түсіндірме хатпен танысу.
Бұл есепті кезеңдегі жұмыс жағдайларын ббағалау қызметтегі негізгі көрсеткіштердің тенденцияларын анықтау, сондай-ақ шаруашылық субъектісінің мүліктік және қаржылық жағдайындағы сапалы өзгерістерді анықтау үшін қажет.
Түсіндірме хатпен танысқаннан кейін, экспресс- талдаудың негізгі, үшінші кезеңіне - яғни экономикалық оқу және есепті талдауға көшу керек. Оның мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін жалпылама бағалау болып табылады.
Экспресс – талдаудың негізгі элементтерінің бірі, жылдық есеппен жұмыс істей алу болып табылады, соның ішінде, кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалау мен талдау үшін оның негізгі ақпараттық үлгісі болып табылатын бухгалтерлік баланспен жұмыс істеу.
Балансты оқи білу дегеніміз – бұл оның әрбір бабының мазмұнын, оны бағалау тәсілін, кәсіпорын қызметіндегі рөлін, басқа да баптармен байланысын білу.
Балансты оқуға мыналар жатады:
· зерттеу кезеңіндегі баланс валютасының өзгерісін бағалау;
· баланс валютасының өсу қарқынын өндіру көлемінің өсу қарқынымен, өнімді өткізу, жиынтық және таза табыстың өсу қарқынымен салыстыру;
· баланс бөлімдерінің, топтарының және жекелеген баптарының негізгі өзара байланысын зерттеу;
· баланстың жеке белімдері мен баптарының өзгеру сипатын талдау.
Баланста жекелеген баптар арасында байланыс болады. Олардың кейбіреуін атап керсетейік.
1. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қалдық құны олардың бастапқы құнынан асып кетпейді, себебі ол бастапқы құнынан тозу сомасын алып тастағанда шығады.
2. Тауарлардың сатып алу бағасы, егер де жеңілдік болмаса, онда сату бағасынан төмен болады, себебі сату бағасына саудалық үстеме баға қосылады.
3. Мемлекетгік кәсіпорындағы "жарғылық капитал" бабының сомасы қалдық құнымен көрсетілген "негізгі құлдар" және "материалдық емес активтер" баптарынын жалпы сомасынан көп болады.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің экономикалық диагностикасының әдістерінің бірі болып табылатын талдаушының балансты оқу барысындағы маңызды әрекеттерінің бірі - бұл осы баланстың "осал" баптарын анықтау болып табылады, яғни бұл ерекше көңіл аударуды қажет ететін баптар. Бұл баптар, сондай ақ баланс баптарының арасындағы кейбір арақатынастар не кәсіпорын жұмысының нашарлығын, не болмаса жеке белгілі бір кемшіліктерді көрсетеді. Талдаушының шаруашылық субъектісіндегі қалыптасқан қаржылық жағдайды жақсартудың мүмкін жолдарын жалпылама түрде белгілеп қоюы қажет.
Кәсіпорнның қаржы жағдайын экспресс-талдау түрліше дайындалуы (толтыру, безендіру) мүмкін: жиынтық көрсеткіштер, қысқаша тестік есебі түрінде, аналитикалық кесте түрінде және ол осы кәсіпорынның қаржы жағдайын әлдеқайда терең әрі нақтылы талдау
қажетті немесе талдаудың мақсатқа сай екендігі туралы және осы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы қорытындымен аяқталады.
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты - шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңде қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорының болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады.