Аржы саясатының міндеттері мен қағидалары
Мемлекеттің қаржы саясатының міндеттеріне келесілер жатады:
- Қаржы ресурстарының максималды түрде қалыптасуын қамтамасыз ету
- Мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын мақсатты бөлістіру мен пайдалануды қамтамасыз ету
- Қаржы әдістерінің негізінде экономикалық және әлеуметтік ресурстарды реттеу мен ынталандыруды ұйымдастыру
- Стратегияның мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруіне сәйкес қаржы механизмін дайындау мен дамыту
қаржыларды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру.
Мемлекеттің қаржы саясаты қалыптастырудың негізгі қағидаларына келесілер жатады:
- Қаржы ресурстарын бөлістіруде қоғамдық өндірістің барлық мүшелері қатынасуы тиіс (әлеуметтік, ұлттық, мамандандырылған топтар).
- Мемлекет пен субъектілер арасында қаржы тиімді түрде бөлістірілуі тиіс
- қаржы ресурстарының кіріс бөлігі шығыс бөлігін жабуы тиіс.
- Қаржы ресурстарының түсімдерінің жоспарын ұйымдастыру қажет.
Қаржы тәуекелдерін басқару әдістері. Тәуекелдерді талдаудан кейін осы тәуекелдерді басқару әдістерін талдау қажет. Әрине бұл процестің ажырамас бөлігі болып сақтандыру табылады. Сақтандырудан басқа тәуекелден қашу немесе оны өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау, тәуекелдерді бөлу, қаражаттарды резервтеу, тәуекелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және т.б. сияқты тәуекелдерді басқару әдістері қолданылады.
Тәуекел деңгейін төмендету - шығындар көлемі мен ықтималдылығын азайту. Оны жүзеге асыратын шаралар:диверсификация, таңдау және нәтижелер бойынша қосымша ақпаратты алу, шектеу(лимиттеу), өзің-өзі сақтандыру, сақтандыру, қаржылық жобалар бойынша тәуекелді есепке алу, хеджирлеу, аумақтағы қызметтер бойынша тексеруді қолға алу, жалпы қордағы компанияның арнайы қорларын қолдану көлемін бағалау, есеп жүргізу, және тағы басқа әдістер.
Диверсификация — бір-бірімен байланыспаған әртүрлі объектілерге капитал салымын бөлу процесі. Мысалы, егер инвестор бір акционерлік қоғамның орнына әртүрлі бес акционерлік қоғамның акцияларын сатып алса, онда ол тәуекел деңгейін төмендетеді және орташа табысты алу мүмкіндігін ұлғайтады. Диверсификация - бұл инвестициялық тәуекелді төмендетуші болып табылады. Бірақ оған сыртқы факторлар әсер етеді, оларға: экономикалық жағдайлар, әскери іс-әрекеттер, азаматтық толқулар, инфляция, дефляция, ¥лттық Банктің есептік ставканың өзгеруі, депозиттер мен несиелер бойынша проценттік ставканың өзгеруі, бұл процестер бойынша тәуекелді диверсификация арқылы төмендетуге болмайды. Соған сәйкес, тәуекел 2 бөліктен тұрады: диверсификацияланатын және диверсификацияланбайтын тәуекел. (3-сурет.)
Диверсификацияланатын тәуекел - ол диверсификация арқылы тәуекелді өзгерту мүмкіндігі.
Диверсификацияланбайтын тәуекел, оны тағы жүйелік деп атайды, ол диверсификация арқылы төмендетіле алмайтын тәуекел.
Шектеу - бұл шектеуді орнату, яғни несиелер, сатулар және тағы басқалар бойынша шығындар сомасының шекті нормасын белгілеу. Көбінесе бұл банктермен қарыз беру жағдайында және овердрафт бойынша келісімге отырған кезде тәуекел деңгейін төмендетумен байланысты қолданылады. Шаруашылық субъектілер тауарды несиеге сатқан кезде, қарыздарды бергенде және капитал салымның сомасын анықтаған кезде қолданады.
Өзің-өзі сақтандыру - сақтандыру компаниясында сақтандырылмай, яғни сақтандыруға кететін капитал шығындарын үнемдеу арқылы өзін-өзі сақтандыру болып табылады. Бұл орталықтандырылмаған натуралды түрде сақтандыру (резервтік) қорларды құру формасы болып келеді. Бұл қорлар натуралды немесе ақшалай түрде құрылуы мүмкін.
Акционерлік қоғамдар акцияны сатқан кезде оның номиналдық құнынан асып кеткен түсім сомасын осы резервтік қорға аударуы мүмкін. Бұл қор көзделмеген шығындарды жабу үшін қолданылады, сонымен қатар егер пайда жеткіліксіз болып және артықшылықты бар акциялар бойынша дивиденттер мен облигациялар бойынша пайыздарды төлеуге жетпеген кезде қолданылады.
Тәуекелді сақтандыру кезінде инвестор өзінің табысының бір бөлігінен бас тартып, тәуекел деңгейін төмендетуге ұмтылады. Мысалы, кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру - бұл кезде сақтандыру сомасы кәсіпкерлік тәуекелдің бағалану сомасынан асып кетпеуі тиіс.
Кәсіпкерлік тәуекелдің сацтандыру багасы - бұл сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтанушы өзінің кәсіпкерлік қызметінен мүмкін болатын шығынға ұшырау сомасы.
Хеджирлеу — (ағыл. heaging - қорғау) банктік, биржалық және коммерциялық практикада қолданылып, валюталық тәуекелді сақтандырудың әртүрлі әдістерін анықтайды.
Хеджирлеудің 2 операциясы бар: өсу бойынша хеджирлеу және төмендету бойынша хеджирлеу.
Өсу бойынша хеджирлеу - немесе сатып алу бойынша хеджирлеу, шұғыл келісімдер мен опциондарды сатып алудағы биржалық операция болып келеді. Келешектегі бағамның көтерілуін сақтандыру үшін хедж қолданылады. Нақты тауарды сатып алуға дейінгі сатып алу бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, 3 айдан кейін керек тауардың бағасы нақты кезендегі бағасынан өсуі мүмкін. Соған сәйкес бүгінгі бағамен осы тауарға қатысты шуғыл келісімді сатып алып, ал 3 айдан кейін тауар алынған кезде оны сатып жіберуге болады. Тауар бағасы мен шұғыл келісімнің бағасы бірдей пропорционалды түрде өзгереді, егер бұрын сатып алынған келісім қазіргі кездегі сатып алынатын тауардың бағасымен бірдей қымбат болуы мүмкін.
Төмендету бойынша хеджирлеу немесе сату бойынша хеджирлеу - бұл шұғыл келісімді сату кезіндегі биржалық операция. Бұл керісінше келешекте тауарды сатқан кезде бағаның төмендеп қалуына байланысты биржада шұғыл келісімді немесе опционды нақты уақытта сату болып табылады.
Форвардтық операция көмегімен хеджирлеу - белгіленген күнде тұрақты бағам бойынша валюталық конверсияны жүргізу үшін екі жақтың бірлескен міндеттемелері. Яғни сатушы сату керек, ал сатып алушы белгіленген бағам бойынша белгілі валюта көлемін сатып алуы тиіс.
Опциондар көмегімен хеджирлеу - сатып алушы сатып алу құқығына ие, ал сатушы белгіленген көлемде валютаны басқа белгіленген бағам бойынша валютаға айырбастауға немесе сатуға міндетті.