Атқарушы билік органдарының жүйесі

Атқарушы билік органдары жоғары, орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.

Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.

Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесі болып табылады. Барлық министрліктердің жалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік саясатты жасап, оны іске асыру; заң шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, т. б. министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.

Агенттік — Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады.

Ведомство — өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың бағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады.

Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны — министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар — әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар — жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді.

31.Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымы.

Жалпыфилософиялық мағынада функция (латынның function– іске асыру, орындау дегенді білдіреді). Қандай да бір объектінің аталған қатынастар жүйесінде көрінетін сыртқы қасиеттер болып қарастырылады. Мемлекеттану ғылымында бұл ұғым өзінің мазмұнымен толықтырылады және әртүрлі мағыналы түстерге ие. Мемлекет функциясы оның мәнін білдіреді және әлеуметтік жүйеде көрініс табады. Басқару функциялары мемлекет функцияларынан ажырамас болады және соңғыларын жүзеге асыруда ұйымдастырушылық нысанын білдіреді; мемлекеттік органдардың функциялары ведомствалық объектілерге басқарушылық әсер етудің нақты түрлерімен байланысты.

Қамтылған және қамтылмаған көзқарастардың анализі басқару функцияларының проблемасын шешуге белсеніс ізденіс жақтары туралы куә болады, жалпы теоретикалық ізденістерге негізделе отырып, келесі қағидаларды анықтауға болады:

а) функцияны қоғамдық процесстерді басқару бойынша қызметтің мазмұнындағы элементі ретінде қарастыру;

б) басқару функциясының басқару саласы ерекшеліктерінің қасиетімен өзара байланысы;

в) функцияларды іске асыру механизмі, яғни функцияның, оның қамтамасыз ету құралдарымен байланысын нығайту.

Мемлекеттік басқару функциясына келетін болсақ, олар мемлекет функциясымен тығыз байланысқан және әдістерін айқындайды, сондай-ақ соңғыларын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық нысанын бейнелейді. Басқару функциясы объективті категория болып табылады және нақты органдарға әрекет етеді, олардың жалпылығы басқарушылық қызметтің мәнінен келіп шығады, олар әлеуметтік басқару жүйесінің барлық звеноларына тән болып келеді. Мемлекеттік басқару функциясы басқарушылық қызмет мазмұнында типтік бағыт болады, мемлекеттік әлеуметтік жүйеге басқарушылық әсерінің белгілі бір түрі ретінде әрекет етеді. Олар бүкіл мемлекеттік аппарат құрылымында өндіріледі және нақты мазмұнымен толықтырылады.

Ұйымдастыру – мемлекеттік басқару субъектілерінің құқықтық мәртебесін және құрылымдық нұсқауларды қамтиды; қоғамдық жүйеде басқарылатын объектілердің құрылуы мен құқықтық мәртебесін анықтауды; мемлекеттік басқарудың субъектілері мен объектілері арасындағы өзара байланысты бекітуді қамтиды.

Жоспарлау – жұмысты орындау мерзімі мен аяқтау нысанын; нәтижесін, тәртібін көздейтін іс-шаралар жүйесінің алдын-ала ескерілуін қамтиды. Осыған орай жеке іс-шаралардың орындалуына жауаптылар көрсетіледі. Американдық ғалымдар “жоспарлау – бұл не істеу керек, қашан және кім жасау керектігі туралы алдын-ала қабылданған шешімдер; жоспарлау біздің өткен жағдайларымызбен және біздің болашақтағы жететін көпір арасына жол салады”. Болжамдау арнайы ғылыми ізденістер негізінде қоғам дамуының болжамын жасап шығаруын өзінің құрамына алады. Болжау (гректің prognosis – алдын-ала көру, пайымдау дегенді білдіреді, әлеуметтік жүйенің нақты жағдайын, олардың болашақтағы жеке звеноларын пайымдау, жобалы қарастыруды білдіреді (жаратылыстағы жағдаяттар), сондай-ақ олардың белгілі бір уақытта пайда болуын болжамдау және олардың мақсатты және тәжірибелі қызмет процесіндегі жағдайын алдын-ала ескеру.

Бағдарламалау (проектирование) – бір немесе бірнеше мемлекеттік басқару мақсатын іске асыру бойынша іс-шаралар жүйесін құрастыру процесі болады. Бағдарлама (гректің Programma – нұсқау, хабарландыру) белгілі бір жұмыстарды орындаудың тәжірибелік әрекеттерінің жоспары мен мазмұнын қамтиды.

Кадрлық қамтамасыз ету – мемлекеттік басқару жүйесіндегі мамандарды бөлу мен тиімді пайдаланумен байланысты сұрақтар жиынтығындағы шешімдерді қамтиды, мемлекеттік органдарға және ведомствалық ұйымдарға кадрлерді іріктеуге қойылатын арнайы талаптар туралы айтылып отыр.

Реттеу –қоғамдық қатынастарды тәртіптендіруге бағытталған адамдар мен олардың ұжымдарын қажетті алып жүру шекараларын анықтайды.

Бақылау – басқару функциясы ретінде мемлекеттік аппараттың барлық звеноларының аппаратының қызметіне бекітіледі. Бақылау ведомстволық объектілердің жағдайы туралы, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалардың жұмысы туралы объективті ақпараттарды алумен байланысты.

32.Заң шығарушы орган

Заң шығарушы орган – Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган. Кейбір елдерде заң шығарушы органға өзінің негізгі міндетіне қоса мемл. бюджетті бекіту және атқарушы билік органдарының (үкіметтің, президенттің, т.б.) қызметін бақылау құқығы берілген, сондай-ақ, кейбір өзге де өкілеттіктер: жоғары лауазымды адамдардың белгілі бір тобын (судьяларды, есеп палаталарының аудиторларын, омбудсмандарды, т.б.) сайлау (тағайындау, орнынан алу), халықар. шарттарды бекіту, рақымшылық жариялау міндеттері жүктелген.

Федерациялық принцип бойынша құрылған мемлекеттерде және бір орталықтан басқарылмайтын кейбір унитарлық мемлекеттерде заң шығарушы органжалпы ұлттық заң шығарушы органжәне аймақтық (респ., облысы, т.б.) заң шығарушы орган болып бөлінеді. Мысалы, Ресей Федерациясында Федералдық жиналыс және Федерация субъектілерінің өкілетті органдары (Татарстанда Жоғарғы Кеңес, Пенза облысында заң шығарушы жиналыс, Мәскеуде қалалық Дума) заң шығарушы орган болып табылады. Кейбір парламенттік монархияларда (Ұлыбритания, Канада) мемлекет басшысы (королева, президент) жалпы ұлттық заң шығарушы органның құрамдас бөлігі саналады.

Қазақстанда заң шығарушы билікті жүзеге асыратын жоғары өкілдікті орган – қос палаталы Қазақстан Республикасының Парламенті

33.Сенат

Сенат (латынша senatus, senex — кәрі, қария сөзінен) — 1) Ежелгі Римдегі жоғарғы мемлекеттік кеңес. Сенат басында ең көрнекті, еңбегі сіңген сенатор (prіnces senatus) тұрды. Сенат сайлау заңдары мен нәтижесін бекітті, магистраттар қызметін бақылады, оларға кеңес берді, сыртқы саясатпен айналысты, қаржыны және діни жоралғылардың орындалуын қадағалады. Яғни іс жүзінде мемлекетті Сенат биледі. Сенат қаулылары — сенатус-консульттер халық жиналысы мен плебейлер жиналысы шығарған қаулылармен бірдей заң күшіне ие болды. Рим империясы кезеңінде Сенаттың маңызы, саяси ықпалы төмендеп, жай ғана дәулетті әулеттер өкілдерінің жиналысына айналды; 2) көптеген елдерде парламенттің жоғарғы палатасы. Сенат түрлі жолмен: тікелей сайлау, жанама сайлау, сирек жағдайда төменгі палатаның өз құрамынан сайлауы (Норвегия, Исландия) арқылы құрылады. Кейбір елде Сенат мүшелері түгел тағайындалады (Германия, Канада). Федералды мемлекеттерде Сенатқа әрбір федерация субъектілерінен 1 — 2 өкілден сайланады. Сенат төменгі палатадан келген заң жобаларын бекітіп, мемлекет басшысына жібереді, келіспеген жағдайда төменгі палата қабылдаған заңдарға вето қоюға құқылы. Сенаттың заң шығару ісіне араласудан бөлек бірқатар маңызды өкілеттіктері болады, мысалы, халықаралық шарттарды мақұлдау, кейбір жоғары лауазымдарды тағайындау, т.б

34.Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.


Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.

Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады. Украинаның, Молдованың, Грузияның, Өзбекстанның қолданыстағы Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды. Болгарияның, Румынияның, Камбоджаның, Бразилияның, Колумбияның Конституциялары Құрылтай жиналысында қабылданды. Қазақстанның (1995 жылғы), Ресейдің Конституциялары, сондай-ақ Беларусьтің Негізгі Заңының қазіргі редакциясы мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Арменияның, Әзірбайжанның, Литваның, Тәжікстанның Конституцияларын парламент қабылдап, кейін референдумда бекітілді.

Ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады.

Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.


Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.

Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады. Украинаның, Молдованың, Грузияның, Өзбекстанның қолданыстағы Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды. Болгарияның, Румынияның, Камбоджаның, Бразилияның, Колумбияның Конституциялары Құрылтай жиналысында қабылданды. Қазақстанның (1995 жылғы), Ресейдің Конституциялары, сондай-ақ Беларусьтің Негізгі Заңының қазіргі редакциясы мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Арменияның, Әзірбайжанның, Литваның, Тәжікстанның Конституцияларын парламент қабылдап, кейін референдумда бекітілді.

Наши рекомендации