ФармакоэпидемиологиялыҚ зерттеулер жҤзінде науҚастардыҢ Өмір сапасын оҚып білу

Медицинада өмір сапасын (ӨС) зерттеу – ауру мен науқастың мәселесінің негізінде дәстҥрлік көзқарасты өзгертуге рұқсат еткен бірден-бір әдіс-амал. Денсаулықпен байланысты ӨС зерттеу денсаулықтың барлық құрамдастарын – физикалық, психологиялық және әлеуметтік қызмет етуін – бағалай отырып, аурудың және емнің ӨС көрсеткіштеріне әсерін зерттеуге рұқсат етеді. ӨС бағалау – қазіргі уақытта фармакоэпидемиологияда қолданылатын зерттеулер типтерінің біреуі болып табылатын адамның жалпы амандығын бағалаудың сенімді және қарапайым әдіс болып табылады. ӨС зерттеу халықаралық тәжірибеде жалпымен қабылданған, халықтың бҥтіндей және жеке әлеуметтік топтарының денсаулық жағдайын бағалаудың жоғары ақпаратты, сезімтал және ҥнемді әдісі болып табылады. Бұл әдіс адамның ӛмір әрекетінің кӛпкомпонентті сипаттамаларына сандық баға беруге рҧқсат етеді. ӨС туралы ғылымның тарихы 1947 жылдан басталған, сол кезде АҚШ- ның Колумбиялық университетінің профессоры D.A. Karnovsky «Обыр кезінде химиотерапияны қолдануға клиникалық баға беру» жұмысын жариялаған, онда ол соматикалық аурулармен ауыратын адамды жан-жақты зерттеген. Бұл бағыттың дамуына, сонымен қатар, 1980 жылы Engel докторы ұсынған медицинаның биопсихологиялық моделі әсер еткен, оның мәні аурудың психоәлеуметтік аспектілерін есептеуге негізделген.

ХХI ғасырдың басында «өмір сапасы» түсінігі ғылыми зерттеулердің пәніне айналды және дәл анықтамасына ие болды – «денсаулықпен байланысты өмірдің сапасы» (HRQL - Health Related Quality of Life). ӨС ғылыми зерттеуді дайындауға ӛмір сапасының келесі негізгі критерийлерін дайындаған ДДҰ едәуір ҥлесін қосқан: •Физикалық (кҥш, энергия, шаршау, ауырсыну, дискомфорт, ұйқы, демалыс) •Психологиялық (оң эмоциялар, ойлау, оқып білу, концентрация, өзін- өзі бағалау, сыртқы тҥрі, кҥйзелістер) •Тәуелсіздік деңгейі (кҥнделікті белсенділігі, жұмысқа қабілеттілігі, дәрілер мен емге тәуелділік) •Қоғамдық өмір (жеке қарым-қатынастар, субъекттің қоғамдық қҧндылығы, сексуалдық белсенділік) •Айналадағы орта (төрмыс, амандық, қауіпсіздік, медициналық және әлеуметтік көмектің қолжетерлігі және сапасы, ауқаттылық, экология, оқу мҥмкіндігі, ақпараттың қолжетерлігі) •Рухтандырушылық (діні, жеке көзқарастары). 1995 жылдан бастап, Францияда МАРI Research Institute - өмір сапасын зерттейтін халықаралық коммерциялық емес ұйым - ӨС саласындағы барлық зерттеулердің негізгі ҥйлестірушісі (координаторы) қызмет етеді. Қазіргі уақытта науқастың ӨС параметрлері тәуелсіз болжам беретін маңызға ие және жалпы соматикалық статусына қарағанда емдеу уақытында науқастың ӛміршеңдігіне және жағдайына болжам жасаудың едәуір дәл факторлары болып табылады. Ем жҥргізуге дейін алынған ӨС туралы мәліметтер дәрігерге терапияның бҧл әдісін қолдануда аурудың мҥмкін ақыр-соңы туралы құнды ақпаратты бере алады және осылайша емнің дұрыс стратегиясын таңдауға кӛмектеседі. Медициналық тәжірибеде ӨС зерттеу тҥрлі мақсаттармен қолданылады: қазіргі кездегі клиникалық медицинаның әдістерінің нәтижелілігін және тҥрлі сауықтыру технологияларды бағалау үшін, науқастың ауырлық дәрежесін бағалау үшін, аурудың болжамын, емінің нәтижелілігін анықтау ҥшін. ӨС жеке терапияны таңдауға және еңбекке қабілеттілігіне сараптама жасауға, медициналық аудитте, медициналық кӛмектің шығындары мен нәтижелілігінің арақатынасына анализ жҥргізуге, психологиялық мәселелерді анықтауға және оларды жалпы тәжірибе жҥйесіндегі науқастарда бақылауға, емді жекешелендіруге (нақты науқас үшін ең қолайлы препаратты таңдауға) қосымша критерий болып табылады. Кез келген кезеңде, соның ішінде дәрілік заттарды зерттеудің II-IV фазаларында, дәрілік заттарды, жаңа медициналық технологияларды және емдеу әдістерін зерттеу кезінде ӚС бағалау міндетті шарт болуы мҥмкін. ӨС критерийлерін емнің әр тҥрлі әдіс- амалдарымен салыстырғанда алмастыруға келмейді:

· егер ем нәтижелі, бірақ уытты болған жағдайда;

· егер ем ұзақ, асқынулардың мҥмкіндігі төмен болған, науқастар 55 аурудың симптомдарын сезбеген жағдайында.

Өмірдің сапасын бағалауда стандарттық сұрақнамалар қолданылады, олар арнамалы (спецификалық), яғни белгілі бір ауруы бар, және жалпы бола алады. АҚШ-та және Еуропада ӨС бағалауға арналған сұрақнамаларын дайындауда мамандырылатын орталықтар бар. Халықаралық тәжірибеде клиникалық зерттеулер жҥзінде апробацияланған стандартқа келтірілген сұрақнамаларды қолданады.

ОРЫТЫНДЫ.

Фармакоэпидемиологияның потенциалдық үлесі тек жаңа ғана жҥзеге асырыла бастады, ӛйткені бҧл сала жаңа болып табылады. Отандық денсаулық сақтау ҥшін фармакоэпидемиологияның сферасындағы барлық бағыттар, бірақ шынайы клиникалық тәжірибеде дәрілік заттарды қолданудың нәтижелілігін, қауіпсіздігін және экономикалық негізделуін оқып білу ең маңызды болып табылады. Бұл отандық фармацевтикалық нарықтың екпінді дамуы және жаңа инновациялық ДЗ-дың көп санының, сонымен қатар генериктердің одан кӛп санының пайда болуы сияқты қағидалық тҥрде маңызды жағдайлармен шарттанған. Дәрілердің 4%- ға жуығы оларды қауіпсіз пайдалану мәселесімен байланысты сатылудан алып тасталады, бҧл мәселе жиі фармакоэпидемиологиялық әдістердің көмегімен анықталады. Дәрілік заттардың нәтижелері және дәрілерге жұмсалатын шығындар туралы фармакоэпидемиологиялық және фармакоэкономикалық зерттеулерді жҥргізу нәтижесінде алынған жаңа ақпаратқа едәуір қызығушылығын танытатын ғалым немесе дәрігер болып табылады. Бҧл мәліметтер өзіне едәуір қоғамдық және саяси назар аударады, бірақ жиі, әсіресе дәрілік заттардың жаңа жанама әсерлері туралы алынбауы мҥмкін. Бҧл теріс нәтиже емес, фармакоэпидемиологиялық зерттеулер жасайтын едәуір маңызды ҥлестердің біреуі болуы мҥмкін, дәрілік заттың қауіпсіздігін дәлелдейтін, өте сенімді және маңызды нәтиже болып табылады. Осылайша, медициналық көмек көрсетудің сапасын жоғарылату ҥшін шынайы клиникалық тәжірибенің айнымас бөлігі болуға тиісті клиникалық- фармакологиялық және фармакоэпидемиологиялық зерттеулерді жҥргізу керек.

Наши рекомендации