Ытай Халық Республикасының экономикалық реформалары мен жетістіктеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
Аграрлық реформа. Қытай ауылдарындағы шаруашылық жүйесінің реформасы ең бірінші жарияланып, басқа сектор реформаларынан ерте басталып, ерте аяқталған болатын. Сондай-ақ бұл реформа ҚХР-ң басқа да әлеуметтік-экономикалық салаларындағы реформаға бағыт бағдар берген.
Аграрлық жүйедегі реформа ұғымын экономистер социалистік өндірістің даму қажеттіліктеріне сәйкес жүргізілетін халық шаруашылығының негізгі түрлерін қайта құру деп түсіндіреді. Шаруашылық жүйедегі реформаны қарастырғанда Қытай ғалымдары шетелдің тәжірибесін пайдалануға тырысты. Нәтижесінде Қытайдағы аграрлық реформа шетел үлгілерінің пайдалы және пайдасыз жақтарын ескере отырып, Қытай ерекшеліктерімен жаңа шаруашылық үлгісін жасады. ҚХР-дағы аграрлық реформаның теориялық негізі социалистік ел экономикасының қоғамдық жеке меншікке негізделген жоспарлы тауар шаруашылығы болып табылады, ал мақсаты біртіндеп тауар шаруашылығы негізінде ауылдық жүйеге көшіп экономиканың барлық салаларын қамтамасыз ету.
1990 жж. өнеркәсіпке құйылған инвестиция көлемі шамамен 7 есеге өсіп, 17 трлн. юаньді құрады. Реформа жылдары кезінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 19 есеге өсті. Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіптің үлесі ауыр өнеркәсіппен теңесті. Реформа басынан бастап жеңіл өнеркәсіптің өнім көлемі 25 есеге өсті, ал ауырдікі 15 есете өсті. Көмір өндірісі 627-ден 1100 млн т-ға өсті(әлемде тұрақты бірінші орын). 1960 жылға дейін тұрақты лидер КСРО болатын.
Нарықтық экономикаға біртіндеп көшу. Қаржы жүйесін реформалау Қытайда 80-жылдардың ортасында жүргізілді. Оның нәтижелерін толық елестету үшін Қытайдың бұрынғы және қазіргі қаржы жүйесін салыстырған жөн. Басты қаржыны жинақтаушы және бөлуші мемлекеттік бюджет болып табылады, басты қайнар көз кәсіпорындардың таза табысы (соңғы жылдары сыртқы сауда ролі жоғарлауда). Алайда қаржыны басқару жүйесі оның реформасынан кейін мемлекеттік бюджет инструментінен басқа жаңа механизм пайда болды – кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу қызметі.
Көптеген Қытай ғалымдары 1976 жыл мен 1985 жыл арасында ҚХР-да болған қаржы реформасын 3 кезеңге бөледі.
Бастапқы 3 жыл Қытай қаржы жүйесін реформалаудың эксперименталды-дайындық кезеңі болып табылады.
Екінші кезең орталық пен шалғай аймақтар арасындағы қаржылық қатынас формасының жасақталуымен ерекшеленеді. Бұл жүйе сәтті болып 1984 жылға дейін өмір сүрді. Ал 1984 жылы пайдадан аудару жүйесі бірегей салық механизмімен ауыстырылды. Бұл ҚХР-дағы қаржы реформасының 3-кезеңі болып келеді. Бұл кезеңге қытайлықтар 1978 жылдан бері дайындық жүргізген. Пайда үлесінен өзіндік қорларды қалыптастырумен бірге осы пайданы кәсіпорындар, жергілікті және орталық бюджет арасында бөлу принципін анықтау қажеттілігі туды. Сол кезден бөлудің жасақталған нұсқалары салықтық заңның негізіне енді.
Өнеркәсіпті басқаруды реформалау. Өзінің өнеркәсібі бар кез келген мемлекетте оны басқарудың екі деңгейі бар: өндірісті кәсіпорын деңгейінде және бүкіл ұлттық өнеркәсіп өндірісінің басшылығы деңгейінде. Бұның әсер ету дәрежесі түрлі факторлармен анықталады – ұлттық өнеркәсіптің мамандануы, оның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу формасы, басты идеология (дамудың демократиялық концепциясына жақын болуы нарықтық механизмнің кең қолданылуы мен кәсіпорынның шаруашылығын басқарудың еркіндігімен тұспа-тұс келеді), уақыт жағдайы. Осы және басқа да факторлар өнеркәсіпті басқаруды қалыптастыруда тең дәрежеде әсер етеді, кейбір жағдайда кейбір факторлар басымды түрде әсер етуі мүмкін.
Өндірістік компаниялар құру кәсіпорындар арасындағы кооперацияны күшейтті.
49.Әлемдік экономикадағы трансұлттық компаниялардың орны мен рөліне сипаттама беріңіз.
Қазіргі әлемдік экономикада трансұлттық корпорациялардың (ТҰК-дың) санының, экономикалық қуатының және іс-әрекеті масштабының өсуі, олардың ӘЭ-ның маңызды бір субьектілеріне айналуы үдерісі байқалып жатыр. Олардың саны әсіресе ХХ ғ II жартысында көбейді. Информациялық қоғамның қалыптасуы және постиндустриальды модернизация халықаралық қатынастарда көптеген өзгерістер мем шешімі көп сұрақтарды туындатты. Яғни бұл әлемдік экономиканың трансұлттануының бастауы болды.
Әлемдік экономиканың трансұлттанудың мәні. Өндірістің үлкен көлеміне қолжеткізу және капиталдардың келуі үшін көптеген корпорациялар өз ұлттық шегінен шығып басқа өндірушілермен бірігуге тура келді. 80-ші жылдары, трансұлттық компаниялар әлемдік шаруашылықтың 45%-н бақылап отырды. Трансұлттық компаниялардың қызметінің негізгі эффективти факторы мемлекеттердегі саяси тұрақтылық болып табылады.
Әлемдік экономиканың трансұлттануы процесстері пошлиндық емес сауда зоносын, мемлекеттер арасындағы серіптестік қатынастарды, интеграцияны қалыптастырады. Əлемдiк экономикада шын мəнiсiнде дамыған елдердiң ұлттық компаниялары болып табылатын трансұлттық компаниялардың (ТҰК) мүдделерi үстемдiк етiп отыр. Қазiргi кезде ТҰК əлемдiк өнеркəсiп өндiрiсiнiң жартысына дерлiгiн бақылайды.
Әсіресе әлемдік нарықты жаулап алудың белсенді әрекетерін трансұлттық компаниялар 1950-жылдардың басынан жүзеге асыра бастады, бұған халықаралық экономикалық байланыстарды либерализациялау саясаты, отаршылдықтан босаған жаңа мемлекеттердің пайда болуы, тұтынушы сұраныстың өсуі және өзге де факторлар оңтайлы әсер етті. Трансұлттық компаниялардың саны, масштабы және көлемі жөнінен қарқынды дамуы олардың халықаралық экономикада маңызды рөл ойнауына жол ашты.
Әлемдік экономиканың интернационализация және ғаламдану үрдістері, қаржылық саладағы ұшқыр бәсекелестік трансұлттық банктердің қалыптасуы мен өрістеуіне жағдай жасады. Халықаралық деңгейде компаниялардың бірігуі, лизинг, несиелеу және инвестиция құю операцияларын жүргізетін күшті қаржылық институттардың ТҰК-дың негізгі элементіне айналуы қалыпты жағдай санала бастады.
Соңғы онжылдықта бірігу есебінен ТҰК іріленуі күшейді. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, осы жолмен ТҰК оларды қызықтырушы нарық көздеріне оперативті және эффективті қол жеткізуге мүмкіндік алады. Екіншіден, бірнеше нарықта бір мезгілде болу олардың бір немесе бірнешеуінде конъюктураның нашарлануы жағдайында үлкен тұрақтылықтықамтамасыз етеді. Үшіншіден, өндірістің қазіргі технологиялық деңгейін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалатын қаржыны қамтамасыз ету мақсатында ірі трансұлттық компаниялар үшін олар тартатын қаржылық ресурстар қол жетімді болып табылады.
Әлемдік экономиканың трансұлттанудың ерекше белгiлерi: нарықтарға ғаламдық тұрғыдан көз жiберу жəне бəсекенi əлемдiк ауқымда жүзеге асыру; əлемдiк нарықтарды бөлiсу; өз елдерiнiң мемлекеттiк аппаратын компаниялардың мүдделерiн iлгерiлету үшiн пайдалану; ТҰК жұмыс жүргiзiп отырған мемлекеттерге экономикалық жəне саяси ықпалды жүзеге асыру болып табылады.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, қазір әлемде экономиканы «ұстап тұрған » ірі 147 ТҰК бар. Олардың қолындағы ақша кейбір мемлекеттің ЖІӨ жоғары болып табылады.
Трансұлттық компанияларлың құрылымдық ерекшеліктері мен стратегиялық ұстанымдарының қабылдануының елге тигізетін әсерін көрсетеңіз.
ТҰК ұйымдастырушылық құрылымы көпсалалы концерн формасында болады. Бас компания корпорацияның оперативті штабы болып табылады. Кең ауқымды мамандану мен кооперация негізінде ол шетелдік компаниялары мен еншілес кәсіпорындарының іс-әрекетіне техникалық-экономикалық саясат пен бақылауды жүзеге асырады. ТҰК комбинаттық құрылымға және өзінді қаржы-несие, зерттеу мекемелеріне ие.
Барлық ТҰК кең сыртқыэкономикалық экспансия жүргізеді. ТҰК сыртқыэкономикалық операциялары олардың шетел компанияларының кең желісінде жүзеге асырылады. Филиалдар мен еншілес компаниялардың сатылымдары әлемдік экспорт көлемінен артық. Олардың халықаралық сауда операцияларының нәтижесінде әлемдік сауданың үштен бір бөлігі трансүлттық кешендердің шеңберінде жүргізіледі.
ТҰК қабылдаушы елдің экономикасына әсер етудің үлкен мүмкіндіктеріне ие. Олардың тікелей инвестицияларының ағымы негізгі капиталға әлемдік салымдарының 5 пайызын құрайды. ТҰК-ның әр түрлі елдерде орналасқан бөлімшелері арасындағы операциялар сыртқысаудалық айналымның ірі бөлігін құрайды.
ТҰК шеңберінде сауда мен тәуелсіз компаниялар арасындағы саудаға әлемдік тауар айналымының 2/3 бөлігі сай келеді. Кейбір мемлекеттердің( Венгрия, Малайзия) өндірістік тауарларының экспортындағы ТҰК үлесі 50 пайыздан асады.
Капиталдың еркін қозғалысы тәртібі ТҰК-ға елден елге өз мүдделеріне сай капиталдың ірі көлемдерін тасымалдауға мүмкіндік береді.
ТҰК стратегиясы және мемлекеттің елдің гүлденуіне бағытталған стратегиясы бір-біріне сай келе бермейді. Олардың іс-әрекеттерінің саласы бір-бірімен тоғыспайды деуге болады. Өз қызметінде ТҰК ұлттық мемлекеттер шекарасынан асып кетеді. Көптеген мемлекеттер табысты өз бетінше қайта бөлудің шектеулі мүмкіндіктеріне ие. Мемлекет пен ТҰК арасында құрылымдық қарбаластық байқалуда.
51.Тікелей шетелдік инвестициялардың қабылаушы елдердің экономикасына оң және кері әсерлерін талдаңыз.Тікелей шетелдік инвестициялардың қабылдаушы елдердің экономикасына тигізетін әсері оң және теріс болуы мүмкін. Бір жағынан, тікелей шетелдік инвсетициялар елдегі инвестициялық ресурстардың тапшылығы проблемасын шешуге көмектеседі. Олар бәсекелестіктің өсуіне жағдай жасайды, яғни ұлттық компанияларды бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын іздестіруге итермелейді, тауар мен қызметтердің сапасы артады, бұл тұтынушыларға да тиімді болады. Тікелей шетелдік инвестициялар елге жаңа технологтяларды, жетілдірілген техниканы, бизнес-практиканы әкеледі, бұл тек қана технологиялық даму мен бизнес-процестерді ұйымдастыру механизмінің жетіллуін ғана емес, жоғары жалақысы бар тиісті сапалы жұмыс орындарын құруды білдіреді. Яғни еңбек нарығында оң өзгерістерді туғызады.Екінші жағынан, шетелдік компаниялар инвестициялары ішкі инвестициялар үшін мүмкіндіктерді азайтады. Бұл ішкі капиталдың ағып кетуіне, елдің инвестициялық потенциалының азаюына әкеледі. Шетелдік компанияның келуі бәсекелестікті төмендетеді, себебі кейбір ұлтық фирмалар бәсекеге шыдамай, нарықтан кетуге мәжбүр болады. Шетелдік компания жетілген тезниканы пайдаланғандықтан, ол аз еңбек күшін қолдана алады, олар көбінесе жоғары маманданған еңбек күші болып табылады, және болашақта шетелдік компанияның бұл елден кетуіне байланысты мамандар елден кетуі мүмкін, яғни ел бағалы еңбек кадрларынан айырылады. Немесе шетелдік компания дамушы елдердің арзан еңбек ресурстарын пайдаланып, өндіріс инновацияларын енгізуге қызығуышылық танытпауы мүмкін.
Сонымен қатар, шетелдік инвестор келуінің теріс жақтарына әкелетін экономикалық емес себептер де бар. Тікелей шетелдік инвестицияны жүзеге асыратын компаниялар ішінде қаржылық ресурстары белгілі бір елдердің ЖІӨ-не тең немес жоғары компаниялар жеткілікті, сол себепті олардың кейбір жағдайларда олардың қызмет етіп жатқан елдің саяси шешімдеріне әсер ету мүмкіндігі бар. Осылайша, шетелдік компаниялар өздеріне қабылдаушы экономиканың адами және табииғи ресурстарын максималды тиімді пайдалану шарттарын қамтамасыз ете алады, бірақ орнын толтырмау фактілері байқалады.
Трансұлттық компаниялардың қазіргі әлемдік экономикадағы үлгісін, экономиканың жаһандануындағы рөлін сипаттаңыз.
Трансұлттық компаниялар – жаһанданудың себебі де, сонымен қатар нәтижесі де болып табылады. Себебі жаһандану жағдайында әлемдік экономиканың дамуы қарама-қайшы үрдістермен сипатталады: бір жағынан өндірістің материалдық емес факторларын жалпы ұлттық өнім (ЖІӨ) жасауға енгізу, екінші жағынан – елдер мен аймақтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық дифференциацияның артуы. Негізінен бұл жағдай әлемдік экономикадағы трансұлттық капиталдың артуы үдерісімен байланысты. Трансұлттық капиталдың артуы – бұл бір елден екінші елге тікелей шетел инвестициялары арқылы өндіріс үдерістерінің бөлігін ауыстыру үрдісі. Мәселен, он жетінші ғасырдағы голландықтар мен Үндістандағы ағылшын компанияларын қарастыруға болады. Мұнда трансұлттық компаниялардың сипатына тән қасиеттер орын алуда. Алайда трансұлттық компаниялардың таралуы тек Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Джон Стопфорд өз еңбегінде бұл үрдістің себептеріне түсінік береді: «Бүкіл әлемдегі мемлекеттік бақылаудың тоқтатылуы мен нарықтың либерализациялануымен қатар ақпараттық технологиялардағы аванстар трансұлттық корпорациялардың өсуіне себеп болды» .
Соғыстың аяғына қарай трансұлттық корпорациялардың саны шамамен 7,000 болатын болса, жүзжылдықтың аяғына қарай олар 63,000 астам шамаға ие болады. Олардың активтерінің өтімділігі соншалықты, мәселен, Мобильдік Exxon шамамен ең төмен 70 елдердегі (шамамен 192 елдерді ішінен) ЖІӨ-нен жоғары құндылыққа ие . Ақпараттық революцияның көрсеткіші ретінде Apple компаниясының өте жылдам қарқынмен өсуін айтуға болады. Ол 2012 жылдың ақпан айында трансұлттық корпорациялардың арасында алдыңғы қатарға ие болды. Трансұлттық корпорациялардың тек экономикалық күшке емес, сонымен қатар саяси, әлеуметтік күшке ие болуын көруге болады. Бұған мысал ретінде Мобильдік Exxon экономикалық күшпен қатар (өз елінде лоббиге ие болуымен қоса) экстраординарлық саяси әсерге ие, әсіресе Таяу Шығыста. Бұл корпорациялар жеке мемлекеттер ретінде жылдан жылға ірі державаға айналуда. Алайда біз трансұлттық корпорациялардың саяси күшіне қарап олардың экономикалық күшін назардан тыс қалдырмауымыз тиіс. Мәселен, трансұлттық корпорациялардың АҚШ-тың жұмысбастылығына әсері таң қаларлықтай. Өндірісті елден тыс өндіру шешімі тез арада елдің жұмыссыздық көрсеткішінде көрінді. Бұл үрдіс ұлттық сипатқа ие болса да, АҚШ-та текстильдік өнеркәсіп қымбат Шығыстан төлем қабілеттілігі төмен және бірікпеген Оңтүстікке ауысты. Бұл өнеркәсіптің басқа да салаларына әсер етті. Бұл корпорациялар тек қана өз капиталын және өндірістің бір бөлігін тікелей инвестициялар арқылы басқа аймаққа ауыстырды . Алайда бұл жаһандану үдерісінің пайда болуына әсер етті. 1990 жылдары трансұлттық корпорациялардың экспансиясы күшейді. Бұл келесідей жағдайларға байланысты:
1. Шаруашылықтың социалистік жүйесінің құлдырауы мен КСРО-ның күйреуі, бұрынғы социалистік мемлекеттердің нарықтық реформаларға өтуі, олардың шетел капиталы үшін өз нарықтарын ашу трансұлттық корпорациялардың қызмет аясын ұлғайтты.
2. Қаржылық сектордың интеграциялану үрдістері жылдам өсті. Жаһандық қаржылық ағымдар халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінің анағұрлым маңызды факторына айналды. Нәтижесінде трансұлттық компаниялардың жалпы валюттық резервтері әлемдегі орталық банктердің бірге алғандағы резервтерінен бірнеше есе асады.
3. Барлық дамыған және дамушы елдердегі мемлекеттік секторды жекешелендіру бойынша кампания трансұлттық корпорациялардың меншігінің артуына әкелді және оларға жаңа салалар мен нарықтар ашты.
4. Технологиялық жаңалықтардың кең таралуы, жақсартылған қасиетке ие тауарлардың көптеп шығуы, өндірістің көптеген салаларының технологиялық мүмкіндіктерінің конвергенциясы нәтижесінде, сонымен қатар бірігу мен жұтылу нәтижесінде бәсекелестік күшейді.
5. Ақпараттық революция, заманауи техникалық жаңалықтар және оларды қолдану технологиялары кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктер әкелді.
6. Жекелеген нарықтар мен ұлттық экономикалар анағұрлым өзара тәуелді болды.
7. Өз бәсекеге қабілеттілігін қолдау үшін трансұлттық корпорациялар шығындарды төмендетуге, тұтыну сапаларын және өнімді жақсартуға, өндірісті жандандыру үшін үздіксіз күресуде.
8. Жаңа технологиялық және басқарушылық технологияларды дамыту арқасында трансұлттық корпорациялар ресурстарды пайдалануды, басқа елдерде жекелеген өндірістік звенолар мен өндіріс сатыларын оперативті ауыстыруды, анағұрлым арзан немесе анағұрлым білікті жұмыс күшін пайдалануды, жағымды инвестициялық климатты қалыптастыруды тиімді жүзеге асырады.
ТҰК-дың әлемдік экономикадағы«дуализм» жағдайындағы– капитал бойынша ұлттық, бірақ компанияның қызмет ету сипаты бойынша халықаралық. ТҰК – бизнеске халықаралық әдіспен келетін компаниялар. ТҰК-терді басқалай жаһандық фабрикалар деп атайды. Олардың санының кенеттен өсуі соғыстан кейінгі жылдардан басталады. [1969 жылы-7 мың ТҰК, 1998 жылы-63 мың ТҰК, 2005 жылы-70 мың ТҰК және 700 мың шетелдік филиалдар, 2009 жылы-82 мың ТҰК және 810 мың шетелдік филиалдар]. Бір жағынан, ТҰК орналасқан елдің ұлттық бәсекеге қабілеттілігін анықтайды және жалпы ұлттық экономиканың дамуы соларға байланысты. Екінші жағынан, ТҰК бас компанияның стратегиясына сәйкес бірыңғай механизм ретінде қызмет атқарады. ТҰК мақсаты – жеке бөлімшелерінен ғана емес, барлық компаниялардың қызметінен пайда табу. Сонымен, әлемдік шаруашылықтағы ТҰК-ның дуализм жағдайы осыған байланысты. Жаһанданудың екі негізгі салдары бар. Біріншісі, жаһандануға белсенді қатысушылардың экономикалық өсуінің үдеуі. Екіншісі, әлемдік шаруашылықтың барлық қатысушыларының өзара тәуелділігінің күшеюі. Жаһандануға белсенді қатысушы елдердің экономикалық өсуінің үдеуінің себебі, елдердің тауар, қызмет көрсету, капитал, білім және жұмыс күшінің әлемдік нарықтарыда өз артықшылықтарын белсенді қолданатындықтан. Бұл салыстырмалы артықшылық теориясы (елдерге тауарлар мен қызмет көрсетудің тек ең тиімдісін өндіруге ұсынады) мен өндіріс факторының арасалмағы теорияларына (елдерге өзінде жеткілікті көп экономикалық ресурстарды экспорттауға, ал жетіспейтін ресурстарды импорттауын айтады) сәйкес. Екі теорияның қорытындыларына сәйкес жаһанданудан экономикасы неғұрлым ашық ел жеңеді.