Оғамдық өндірістің құрылымы

Материалдық өндіріс Материалдық емес өндіріс
Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б. Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары.

Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.

оғамдық өндірістің құрылымы - student2.ru

Сурет 2.1. Ұдайы өндірістің типтері

Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.

Ұлғаймалы өндірістің түрлері:

1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

Тиімділік проблемасы экономикалық теорияның негізгі проблемасы. Ол қоғамның шексіз қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды мейілінше дұрыс пайдалануы жолдарын зерттейді.

Экономикалық тиімділік өндіріс процесінде пайдаланылатын шектелген ресурстар көлемі мен өндіріс нәтижесінде алынған өнім көлемі арасындағы байланысты сипаттайды. Жұмсалған шығындардан өнім көлемінің көп болуы тиімділіктін жоғары екенін көрсетеді және керісінше.

Экономикалық теорияда әрбір шаруашылық субъектісі өз мүддесін көздейді:

- тұтынушы - қажеттілігін максималды қанағаттандыруды;

- фирмалар - пайданы максималдауды;

- мемлекет - халықтың әл-ауқатын максималдауды жақсартуы көздейді.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру экономикалық субъектілердің тиімді іс-әрекетін сипаттайды. Өндіріс қоғамның қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтерді барынша мол өндіру үшін ұйымдастырылады. Бірақ та ресурстардың шектеулігінен тауар мен қызметтерді таңдау проблемасы туады, яғни қандай тауарларды өндіру керек, қандайдан бас тарту қажет. Таңдау проблемасын графикте өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы арқылы көруге болады.

оғамдық өндірістің құрылымы - student2.ru оғамдық өндірістің құрылымы - student2.ru Y А F B C E D X Мысалы экономикада екі ғана тауар өндіріледі: Хжәне У - А - барлық ресурстар У- тауарын өндіруге бағытталған - D - барлық ресурстар Х тауарын өндіруге пайдаланылады - В және С – ресурстарды тиімді пайдалану - Е – тиімсіз өндіріс - F - осы берілген технологияның даму деңгейінде мүмкіншілігі жоқ өндіріс.
Cурет 2.2 Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы.  

Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы –ресурстарды толық пайдаланудағы баламалы нұсқаларды көрсетеді. Ол әртүрлі тауарлардың арасынан таңдау қажеттілігін көрсетіп, экономикалық мәселенің мәнін бейнелейді. Егер біз бір тауарды көп мөлшерде өндіргіміз келсе, онда басқа бір тауарды өндіруден бас тартамыз. Қисық сызықтың ішіндегі әрбір нүкте ресурстардың толық пайдаланылмауын білдіреді. Қисық сызықтан тыс жатқан нүкте мүмкін емес өндірісті, яғни қолма-қол ресурстардың жоқтығын білдіреді. Қисық сызықтың бойындағы нүкте бір тауардың екінші бір тауар өндірумен алмастырылғанын көрсетеді. Мұның бәрінде өспелі баламалы шығындар заңы(жүктелген шығындар, пайдаланылмаған мүмкіндіктер, қосымша шығындар) байқалады. Бұл заңның мәні мыныда: қандай да бір тауардың қосымша мөлшерін алу үшін, қоғам артылып жатқан басқа бір тауар мөлшерінен, яғни пайдаланылмаған мүмкіндіктердің артуынан бас тартуы керек.

Орытынды

Осы бөлімді қорытындылай келсек, дәріс өндіріс және оның құрылымын ашуға арналған. Дәріс нәтижесінде өндірістің негізгі категорияларын студенттерге жетік түсіндірілді, оның экономикалық факторларының маңыздылығы ашылды. Сонымен қатар еңбек бөлінісі мағынасы толық ашылып түсіндірілді және дәріске қорытынды жасалды.

Наши рекомендации