Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Саяси режим түсінігі
Негізгі бөлім
1) Авторитаризм
2) Тоталитаризм
Орытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Саяси режим - саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым. Отандық және шетелдік құқықтық және саяси әдебиетерде саяси режим түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Олардың қатарына саяси режимді Қазақстанда зерттеген заңгерлер С.Н. Сәбікенов, С.Зиманов, Сапарғалиев, А.С. Ибраева, С. Табанов, Г.Сапаргалиев, Баймаханов М.Т., Д.А.Булгакова және басқалардың теорияларын жатқызуға болады.
- Демократия
- Авторитаризм
- Тоталитаризм
Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.
Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), сондай-ақ төңкерістер мен соғыстар авторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін. Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар мен идеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға жаңа құндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді.
Ал экономикалық (жекеменшік түрлерінің көптігі, еркін нарық, кәсіпкерліктің қолдау табуы және т.б.), саяси (кәбіне партиялық одақ немесе қозғалысқа сүйенеді), әлеуметтік (бір-біріне жау таптарды, жіктерді жоюды көздемейді), идеологиялық (дәстүрліден басқа да құндылықтар жүйесінің шектеулі және жасырын өмір сүруіне жол береді) салаларда билігі едәуір шектеулі.
Дәстүрлер - авторитаризм билігінің негізгі шектеушісі. Дегенмен, оның тоталитаризммен ортақ белгілері де бар: мемлекеттік биліктің мирасқорлық жайы заңдастырылмайды; азаматтардың демократиялық құқықтары мен бостандықтары шектеледі; оппозициядағы партиялар мен қозғалыстардың біразына немесе барлығына тыйым салынады; мемлекеттік органдарға сайлану шектеледі және парламентті екінші дәрежелі, арзан қол органға айналдырады; басқарушы партия мемлекеттік органмен ұласып, тұтасып кетеді;жергілікті өзін-өзі басқару және билік органдарының өкілеттілігі шектеулі әрі іс-әрекеті ресми түрде болады; оппозициялық бағыттағы баспасөзге қатаң тыйым салынады; қарсыластарымен күресте лаңкестік әдісті пайдаланады. Басқаруда мемлекеттік билікті қатаң орталықтандырып, әміршіл әдісті қолданады.
Барлық мемлекеттік билікті бір адамның немесе адамдар тобының қолына шоғырландыру арқылы, саяси бостандықтарды барынша жоғары немесе аз деңгейде шектеуді білдіретін саяси режим түрінің бірі.
Авторитарлы саяси жүйе -[лат. autoritas - билік, ықпал ету] - демократиялық және авторитарлық саяси жүйелер бір-біріне қарама-қайшы. Авторитарлы саяси жүйелерде басқарушы топтың билігін қалың бұқара заңды түрде мойындамайды; басқарушы топтың құрамына халық қатыспайды; саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда бұқараның үлесі жоқ; басқарушы топ өз билігін әлеуметтік топтар мен жіктердің тарапынан еш бақылаусыз жүзеге асырады. Мұның барлығы авторитарлы сипаттағы саяси жүйелердің саяси өміріне бұқараның қатысуы өте шектеулі екендігін дәлелдейді. Авторитарлы билік заңдылығының негізі - дәстүр немесе билеушінің харизмалық тұлғасы. Дегенмен, авторитарлы саяси жүйелерге біржақты теріс баға беруге болмайды. Адамзат тарихи даму жолының басым бөлігінде осындай саяси жүйелер аясында өмір сүрді. Авторитаризм индустриалды қоғамға дейінгі билікті ұйымдастыру түрі болды. Бірқатар Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде бүгінгі күнге дейін авторитарлық саяси жүйелер орныққан. Олар бүл тәртіптің орнығуын ұлт азаттығы мен қайта дәуірлеуі үшін қажет деп бүркемелейді. Мұнда авторитарлы басқарушылар халықтың мойындауына тек күшпен ғана емес, заңдастырудың харизмалық әдісін қолдану арқылы қол жеткізеді. Авторитарлы билік шын мәнінде қоғамдық тәртіп орнатуда, қоғамдық құрылымдарды қайта құруда, аса маңызды мәселелерді шешуге қажет ресурстар мен күшті жұмылдыруда тиімді. Алайда, қазіргі таңда авторитарлы саяси жүйелер өтпелі кезеңге тән құбылыс ретінде сипатталады. Одан әрі не демократизмге, не тоталитаризмге ұласады.
Ол айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел — билік пен билік құрудың қажетті құрылымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы субъект өз беделінің сақгалуы мен өсуіне әрдайым қамқорлық жасап отырады. Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағынушының келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарай тын және олардың тіршілік әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады.
Билік жеке бағынушылардың шамасы келмейтін ерекше құндылықтарды жоспарлап, жүзеге асыратындықтан беделді. Сондықтан бедел адамдардың ассоциативтік бірлестігінің бастапқы кезендерінен бастап адамдар қауымдастығының барлығында қызмет етті. Бедел биліктің әлеуметтік, мораль дық-психологиялық негізі болып саналады. Авторитет, авторитаризм, авторитарлық — тек бір түбірлі сөздер ғана емес, олар мемлекеттік биліктің жүргізілуінің өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Авторитаризм, авторитарлық саяси режим — билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауым дастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағдайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер анық талынған, саяси жинақылық төмен. Адамзаттың тарихи тәжірибесінде авторитарлық режимнің дамуының әр түрлі формалары көрініс тапқан. Бұл формалардың ерекшелігі қауымдастықтың дамуының әлеуметтік-мәдени деңгейімен анықталынады.
Тоталитаризм(лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.
Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар: бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік жүргізуі; саясиланған иерархиялық әлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, әскери және идеололгиялық билік шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын-сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау органы; әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери-өндірістік кешенге тәуелділігі; мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады. Кеңестер Одағында Тоталитаризм орныққан 1920 – 1930 ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары және ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүзеге асырылып, қазақ халқы алапат ашаршылық пен босқыншылықты бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризм ұлттық зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігін өзіндік саяси ұстанымдарына орай “тап жаулары”, “жат пікірдегілер” және “әлеуметтік қауіпті элементтер” ретінде қудалады. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әбілов, М.Тынышбаев, Т.Рысқұлов, т.б. қазақ қайраткерлері кеңестік Тоталитаризмнің құрбаны болды (қ. Саяси қуғын-сүргін). 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде де Тоталитаризм қысымшылығын Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, Б.Кенжебаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Қ.Сәтбаев сияқты қазақ зиялылары бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризмге қарсы наразылық 1960 жылдан қарқын ала бастады. Бұған Мәскеуде қазақстандық жастардың “Жас тұлпар” ұйымын құруы және 1979 ж. Целиноградта болған оқиғаның бой көрсетуі дәлел бола алады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кеңестік Тоталитаризмге қарсылықтың айқын көрінісі болып табылады.
Тоталитарлы саясаттық жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқа партиялардың және ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялық доктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007
Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь,