Тарих танымының әдістері.

Азақстанның қазіргі заман тарихы пәні және курстің мақсаты.

Қазақстан тарихы пәні, мақсаты және міндеттері. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы жҽне осыған байланысты жаңа тарихи үрдістер азаматтардың сана сезімінде елеулі өзгерістер туғызды. Әлемге, халыққа және оның тарихына деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Егер бұрын Қазақстан тарихы – Кеңес Одағының бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырылса, енді оны әлемдік тарих, Еуразия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтарының; Орта Азия халықтарының тарихы тұрғысында қарастыру сезімі туып отыр. Сондықтан да бүгін Қазақстан тарихын зерделеуде біз жалпы өркениеттік тұрғыны пайдаланамыз, себебі, Қазақстан тарихы – бүкіл әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылады. Оның еуразия мәдениеті мен тарихына жататындығына көңіл аударуымыз маңызды. Еуропа мен Азияның тоғысуында жатқан Қазақстан аймағы Әрқилы халықтар, өркениеттер, мәдениеттерді байланыстыратын ―көпір болды.

Қазақ қоғамындағы әлеуметтік-таптық қатынастарын сипатталау, жұрттын әр түрлі әлеуметтік топтардын рөлін көрсету тарихи ғылымының зор мәселелеріне жатады. Тарихи ғылымында көшпенділердін рухани әлемінің эволюциясы, олардын әлемдік өркениетіне қосқан улесі, көшпелі дала мәдениеттін егіншілік-отырылықшық мәдениетімен, көрші Ресей, Қытай, Орталық Азия халықтарының мәдениеттерімен өзара байланысы және өзара ықпалы жаңа өркениеттік тұрғысынан көрсетіледі. Қазақстан тарихы пҽн ретінде студенттердін дүниетанымдарын, азаматтық позицияларының қалыптасуына зор ықпал етеді, яғни өз елінің, өз халқының тарихын білу патриоттық сезімдерді туғызады.

Курстың мақсаты: Қазақстан территориясындағы ХХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихи үдерістің негізгі кезеңдері және ерекшеліктері туралы толық түсініктер беру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:

-Қазақстанның қазіргі тарих ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып хронологиялық тұрғыдан білім алушыларды тың деректермен таныстыру;

-Қазақстандағы ортағасырлардағы тарихи-этномәдени процестердің негізгі кезеңдерін және өзіндік сипатын айқындау;

-ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени үдерісіне түсінік беру;

- Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихының мәні мен қайшылықтарын айқындауы;

-Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан, соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан;

-Тәуелсіз Қазақстанның тұрақтануы мен дамуының ерекшеліктерін жан-жақты түсіндіру;

2. Тарих ғылымының методологиясы. (2,3-сұрақ жауабы)

Тарих танымының әдістері.

Қазақ халқының төл тарихын XV ғасырдың орта тұсында өз алдына дербес хандық құрып, мемлекеттілігін қалыптастырған кезден бастасақ, оның тарихнамасы қалай тізілді деген заңды сұрақ туындайды. Әрине, қазақ хандарының, ірі сұлтандарының әрқайсысының үйінде олардың арғы-бергі тарихын баяндайтын шежірелердің болғаны, қазақ тарихнамасының шежірелік сипаты туралы жоғарыдағы тараушаларда айтылды. Алайда қалыптасқан дәстүр бойынша, әдетте қазіргі келбетіндегі классикалық ғылымның дамуы Еуропада Жаңа заманда ғана басталады. Қазақ халқы тарихының ғылыми-тарихи тұрғыда зерттелуі, егер біз шежіре мен тарихи ауызекі дәстүрді есепке алмасақ, XVIII- XIX ғасырлардан бастау алады. Батыс Еуропаның Шығыс елдерін жаппай отарлауынан кейін бұл бодан елдердің өткені мен салт- дәстүрін зерттеу мақсатында метрополия ғылымның шығыстану немесе ориенталистика деген салаларын қалыптастырды. Ориенталистика саласының саяси астарлы мақсаты болғанымен, оның ғылымға қосқан үлесі де болды. Бүкіл Шығыстың жан- жақты ерекшеліктерін зерттеумен айналысқан ориенталистиканың қазақстандық шығыстану құрамдас бір бөлігі болды. Шығыстың елдері, оның ішінде ислам елдері ғылыми және технологиялық даму жағынан Батыстан анағұрлым артта қалғандықтан, өзінің та- рихи өткені мен рухани-мәдени мұрасынан да көз жаза бастаған еді. Осы тұрғыдан алғанда шығыстанудың осы мұраны қағазға түсіріп сақтап қалудағы маңызын жоққа шығаруға болмайды.

Н.Н. Мингулов, М.С. Мұқанов, К.А. Пищулина, Т.И. Сұлтанов, В.П. Юдин жҽне т.б. Осы ғалымдар өз зерттеулерінде шығыстық жазба ескерткіштердің үзінділерін мейлінше көбірек пайдаланып, оларды ғылыми айналымға енгізе отырып, отандық деректану ғылымының қалыптасуына елеулі үлестерін қосты. Тарих философиясымен және тарихи зерттеулердің методологиясымен, деректанумен айналысты.

Жергілікті тарихи өлкетанудың ғылыми-танымдық мақсаттар мен міндеттерге жауап бергенімен, отаршылдық саясаттың праг- матикалық мүдделерін орындап, күшті саяси конъюнктураның да ізін қалдырып отырды. Қазақстанды тереңірек зерттеу үшін осы аймақтың материалдық және адами ресурстарын анықтау, ба- сып алынған территорияның өндіргіш күштерін зерттеу сияқты прагматикалық мақсаттарға сәйкес академиялық экспедициялар жіберіліп отырды. Сол кездері бұл академиялық экспедицияның материалдары сияқты, жергілікті тарихнамалық шығармалар да тіземдіктердің өмірінің барлық алуан қырын қамтығандықтан кешенді сипатқа ие болды. Шеткері аймақтарды ғылыми зерттеудің тақырып ауқымы кеңейген сайын ғылыми әдебиетте саяхаттың беллетристикалық жанры да терең тарала бастады.

4. Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері (4,5 бірге)

Наши рекомендации