Автордың мүліктік құқықтарының түсінігі,қолдану аясы
Автордың мүліктік емес жеке құқықтарының арасындағы бірінші және негізгісі ол туындының авторы болып танылу құқығы. Авторлық құқық туындының белгілі бір тұлғаға тиістілігін объективті факт ретінде белгілейді және туынды мен оның жасаушысы арасындағы ақиқатты байланысты қорғайды.
Берндік конвенцияның 6-шы бабында авторлық құқықты туындыға өзінің авторлығын тануды талап ету құқығы» деп көрсеткен.
1991 жылға дейін әрекет еткен заңда, авторлық құқық тікелей бекітілмеген. Бірақ заңи әдебиеттерде автордың бұл құқығының бар болуы бұрыннан көрсетілген болатын, тек оны бегілеуге қатысты ортақ пікір болмаған еді.
Заң авторлық құқықты тікелей көрсетпей ақ, авторға туындысын өз атынан жариялау және пайдалану құқығын бекіткен, осыған байланысты кейбір заңгерлер авторлық атқа құқық авторлыққа құқықтың құрамына кіреді деп санаған. Басқалары тек авторлық атқа құқық бар, ол кейде авторлық құқықты білдіреді деп санаған.
Кейбіреулер, авторлық құқық – ол дербес, авторлық атқа құқықтан бөлінген, ал заңда авторлық құқықтың жоқ болуы «авторлыққа құқық және авторлық атқа құқық дербес жеке құқық емес деп айтуға негіз бермейді, оның бар болуы және ол бұзылған жағдайда қорғау шарасы жоққа шығармайды» деп дәлелденген\8,с.33\.
Уақыт өте келе көптеген ғалым заңгерлер авторлық құқықтың дербес және негізгі мағынасы, ол тұлға өзі жасаған туындының жасаушысы ретінде саналу және танылу құқығы екендігін мойындаған және оның айналасындағы
басқа барлық құқықтар оған бірігеді, топтасады (және О.С.Иофеннің айтуынша «бір бірімен құрасып жабысады») деп танылған\10,с.124-124\.
Бірақ әдебиетте басқа пікір де айтылған, онда, авторлық құқық туындының авторында жоқ және оны дербес құқық ретінде тану толық негізделмеген өйткені, «туынды жасаған тұлға авторлық құқыққа ие болғандықтан емес, оның жасаушысы болғандықтан, туындыға белгілі бір шығармашылық күшін салғандықтан автор болып саналуға құқылы», ал егер «үшінші тұлға басқа біреудің туындысын иемденген жағдайда, соңғысы өз мүддесін қорғауды талап етуге құқық авторлық құқық болғандықтан емес, үшінші тұлға туындыны жасауға қатыспағандықтан» деген.
Авторлық құқықтың дербес құқық ретінде мойындамау себебі авторға «авторлық құқықты беру, ол жеке меншік құқығының үш түрінен басқа (иелену, пайдалану, басқару) тағы да төртінші жеке меншікті тану, яғни, «ол сол заттың қожайыны ретінде саналу құқығын» тану сияқты болатын еді деп дәлелдеген.
Осыған байланысты қорытындыда авторлық құқық жоқ және атор мен авторлық құқық түсініктерін біріктіру іс жүзінде өз құндылығынан айырылған \10,с.134-125\.
Осыған қоса З.В.Ромовская субъективтік авторлық құқық деп аталатын, барлық кешенді белгілеу үшін жинаушы ретінде бұл түсініктің қолданылын жоққа шығарған жоқ.
Ондағы келтірілген дәлелдермен келісуге болмайды. Туындының авторында авторлық құқытың болуы ол авторлық құқық өзіне мүліктік емес жеке құқықты қосқандықтан ол авторлық құқықты толығымен бөлектетпейтіндей қылады. «Авторлық құқықтың жеке меншік құқығынан айырмашылығы ол туынды мен автордың арасындағы ажырамас байланыста, туындыны автордың жасуы және оның авторлық құқықта орын алуы ақиқатына негізделген байланыста». «Сондықтан да авторлық құқықта авторлыққа құқық-
байланыс жоқ, иесінің затына ерекше құқығы жоқ». М.Я.Кириловтың пікірі бойынша авторлық құқықпен жеке меншік құқығын салыстыру «З.М.Ромовскаяның дәлелдерін толығымен жоққа шығарады, өйткені меншікке қатысты дау туындаған жағдайда оның меншік иесі берілген құқықтың осылайша дәлелденуіне байланысты, өзінің бөлек құқықтарын емес, жеке меншігін қорғауды талап етеді». З.М.Ромовскаяның өзі де авторлық құқықты бөлек құқық ретінде жоққа шығара отырып, «авторлық» түсінігін «туындыны жасаудағы фактілік нәтиже» деп таниды және авторлықты «уақыт ағымына тәуелді емес» дейді.
Авторлық құқық алғаш рет, заңды түрде 1991 жылы 135-ші бапта бекітілген болатын, ол авторға тиісті құқықтың біріншісі деп айтылған.
Сондай-ақ авторлық атқа құқық та бекітілген яғни ол, бұл екі құқықтың дербес екндігін куәландырады. Бірақ бұл заң актісінде, аталған құқықтарға түсініктеме берілмеген, оның мазмұнын ашып көрсеткен жоқ.
1993 жылы қабылданған Ресей Федерациясының заңында авторлық құқық пен авторлық атқа құқық екі дербес құқықтар ретінде қарастырылған. Туындыға қатысты авторлық мүліктік емес жеке құқықтары бекітілген 15-ші бапта:
«туындының авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық)» және «автордың шын атымен, бүркеншек атпен немесе атын көрсетпей, яғни жасырындықпен туындыны пайдалануға рұқсат ету – немесе туындыны пайдалану құқығы (авторлық атқа құқық)».
Осындай авторлық құқықтың түсінігі және оның есімге құқықпен арақатынасы авторлық құқық ғылымында танылған.
Бірақ Ресей Федерациясының заңына ұқсас болып келген Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының 15-ші бабы, 1-ші тармағындағы 1-2 тармақшаларында бұл құқық басқа үлгіде берілген:
1. «Туындының авторы деп танылу құқығы және оны тануды, соның ішінде, егер іс жүзінде мүмкін болса, туынды кез-келген жария пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың есімін тиісті түрде көрсету арқылы тануды талап ету құқығы (авторлық құқық)»,
2. «туынды пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың шын есімінің орнына лақап есімін (бүркеншік есімін) көрсету және соны талап ету немесе есімін көрсе,туден бас тарту құқығы, яғни жасырынды (есімі аталу құқығы)».