Экономикалық өсудің көздері. Өсудің факторлық моделі. Факторлардың жалпы өнімділігі
Экономикалық өсу дегеніміз белгілі кезең аралығында нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы. Бұл ұзақ мерзімді құбылыс. ЖҰӨ немесе ЖІӨ елдің тұтасында экономикалық өсу деңгейін сипаттайды. Эк-қ өсу көздері келесідей:
- қолданылатын ресурстар (еңбек,капитал,шикізат,жер) мөлшерін арттыру
- жаңа тиімдірек өндіріс тәсілдерін шығару.
Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі 6 факторға тәуелді. Олар:
1) табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі
2) еңбек ресурстарының сапасы мен саны
3) негізгі капитал қорының көлемі
4) технология
Экономиканың өсуіне әсер ететін осы 4 факторды ұсыныс факторлары деп атайды. Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және технологиялық әлеует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне ісер ететін тағы 2 фактор бар:
1) сұраныс факторы
2) бөлу, тарату факторы
Өндіріс әлеуетін дұрыс пайдалану үшін,өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сату да маңызды. Экономиканың өсуіне әсер ететін cұраныс және ұсыныс факторлары бір-бірімен тығыз байланысты.
Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады.
Экономикада нақты пайданың өсуі «экономикалық өсу» деп түсіндіріледі және әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу себебі болып табылады. Сонд.экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер қолд. Мыс: немесе
Е.Домар үлгісі бұл кейнс өсу үлгісінің қарапайым түрі, капиталдың шекті өндірісі Леонтьев функц.ретінде қараст-ды. Бұл үлгі еңб.нарығында ұсыныс артықшылығынан шығады,бағаның тұрақтылығын ескереді.өнім тек 1 ресурсқа тәуелді,ол капитал.
ΔYAD=ΔI*m=ΔI(1/1-b)= ΔI*1/s , ΔYAS= α*I
ΔI/s=α*I , ΔI/I=α*s , I=S , S=sY , s=const , ΔY/Y=ΔI/I= α*s
Сонд,Домар теориясына сай экономикадағы нақты табыстың тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы қолданылады. Ол капиталдың шекті өнімділігіне және қор жинағының нормаларына тура пропорционал немесе ΔY/ ΔK – капиталдың қайтарылуының өсімшесіне тура пропорционал. Инвестиция мен табыс бірдей қарқында өседі.
Р.Ф.Харрод инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады. It=v(Yt-Yt-1) , егер эк-када сұр.көлемі ұсөтан көп болса,онда өнд.көлемін кеңейтеді және керісінше. Yt-Yt-1/Yt-Yt-1=a(Yt-1-Yt-2)/Yt-2. I=S , Yt=It/s= v(Yt-Yt-1)/s
v(Yt-Yt-1)/s= Yt-1(a(Yt-1-Yt-2)/ Yt-2)+1) , v/s(Yt-Yt-1/Yt-1)=a(Yt-1-Yt-2/ Yt-2)+1
Yt-Yt-1/Yt-Yt-1= Yt-1-Yt-2/ Yt-2= ΔYt/ Yt-1 , v/s(ΔYt /Yt-1)=(ΔYt/ Yt-1)+1
Осыдан тепе-теңдік өсу қарқыны келесідей болады: (ΔYt/ Yt-1)=s/v-s. Харрод s/v-s формуласын «кепілдік» өсу қарқыны д.а. бұндай эк-қ өсу толық өндірістік қуаттың қолданылуын қамт-з етеді, бірақ жұмыссыздықты жою әрқашанда жүзеге аса бермейді.
Солоудың неоклассикалық өсу үлгісі. Р.Солоу өзінің үлгісінде Кобб-Дуглас өндіріс функц.қолданды. Бұл функцияда өнд.факторларының бірін-бірі алмастыратындығы белгілі. Солоу үлгісінің алғышарттары:
- капиталдың кемімелі шекті өнімділігі
- масштаб әсерінің тұрақтылығы
- ығысудың тұрақты нормасы
- инвестициялық лагтардың болмауы.
Y=F(K,L) , z>0 , zF(K,L)=F(zK,zL) , z=1/L , Y/L=F(K/L,1) , Y/L=y , K/L=k , y=f(k)
Y=i+с , c=(1-s)y , y=c+i=(1-s)y+i , i=s*y мұнда с-1жұмысбастылының басына шаққандағы тұтыну, i-жұмысталы адам басына шаққандағы инвестиция, s-қор жинағы.
f(k)=c+i , f(k)=i/s , y=f(k) , i=sf(k)
d-ығыстру немесе амортизация нормасы
Δk=i-dk , Δk=sf(k)-dk бұл Солоу моделінің басты теңдеуі.