Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің жұмысы

Мазмұны

1.Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің жұмысы

Шет мемлекеттеріндегі стандарттау

3.Халықаралық және аймақтық стандарттау

4.Жалпы еуропалық стандарттау ұйымдары

5.Тәуелсізмемлекеттер достығының (ТМД) стандарттауы

Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің жұмысы

1992 жылдың 13 наурызында стандарттау саласында «Келісілген саясатты жүргізу туралы» ТМД елдерінің Келісіміне қол қойылып, мемлекетаралық стандарттау жүйесінің негізі қаланды. Бұл құжат бойынша мыналар танылды: қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттар мемлекетаралық стандарттар ретінде, бұрынғы КСРОэталондың базасы ортақ мүлік ретінде, стандарттау, сертификаттау және метрология жүйелерін өзара тану үшін екі жақты келісімдердің қажеттілігі. Мемлекетаралық деңгейде стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша мемлекетаралық кеңес құрылды. Оның негізгі функциялары: стандарттау саласындағы қызметтің басты бағыттарын айқындау; мемлекетаралық стандарттардың жобаларын бекіту, стан- дарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын және оларға қажетті шығынның сметасын талқылау және қабылдау. Кеңестің қабылдаған шешімдері оған өкілдері кірген мемлекеттерге міндетті. Келісімге қатысқан ТМД елдерінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың басшылары мемлекетаралық кеңестің мүшелері болып табылады. Мемлекетаралық жұмыстың негізгі органы - стандарттың, метрология және сертификаттау жөніндегі Минск қаласында орналасқан бюросы. Қалыптасқан дәстүр бойынша кеңестің жиналыстары Келісімге енген елдердің әрқайсысында кезектесіп өткізіліп отырады. Мемлекетаралық кеңестің жұмысы арқасында КСРО- да қолданылған нормативтік құжаттар қоры мен эталондық база (шамамен 25 мың мемлекеттік, 40 мың салалық стандарттар, 35 техникалық-экономикалық ақпаратты жіктегіштер, 140 физикалық шамалар өлшемдерінің метрологиялық эталондары) сақталып қалды. Қазіргі уақытта ТМД елдерінің ұлттың сертификаттау жүйелерін өзара тану үдерісі толығымен аяқталды. Мемлекетаралық кеңестің жұмыс органы - мемлекетаралық техникалық комитеттер. Олар мемлекетаралық стандарттарды әзірлейді және мемлекетаралық стандарттау саласындағы басқа да нақтылы жұмыстарды жүргізеді. Мемлекетаралық стандарттар және оларға енгізілетін өзгерістер кеңес шешімімен қабылданады, ал кеңес жиналыстары жылына екі рет өткізіледі. Бес жылда (1992-1997 жж.) Кеңестің шешімімен 2500 нормативтік құжаттар қабылданды. Олар негізінде міндетті сертификаттауға жататын өнімдерге техникалық талаптарды белгілеу бағытталған. Қабылданған стандарттар халықаралық стандарттармен үйлестірілген, яғни ТМД елдерінің дүниежүзілік нарыққа шығуына мүмкіндік туғызады. Мемлекетаралық кеңестің атқарып отырған нәтижелі жұмыстарын бағалай отырып, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) оны стандарттаудың халықаралық аймақтық мекемесі ретінде таныды.

Стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мәселелері

Халықаралық байланыстың даму жағдайында стандарттау саласындағы жұмыстарды тек қана бір ел шеңберінде жүргізу мүмкін емес. Барлық елдердің арасында сауда, экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастығын құру үшін халықаралық стандарттаудың маңызы өте зор. Халықаралық стандарттардың қажеттілігі уақыт өткен сайын айқындалып келе жатыр, өйткені, халықаралық нарыққа шығарылатын өнімдер түрлеріне тағайындалған ұлттық және халықаралық стандарттардың арасындағы айырмашылықтар халықаралық сауданы дамытуға кедергі жасауда. Халықаралық сауданы дамытудың проблемаларын шешуде стандарттардың арақатынастық функциясы анық көріне бастады. Халықаралық стандарттау адамдардың, энергияның және ақпараттық алмасуына жәрдемдеседі. Осыған байланысты халықаралық стандарттар рыноктарды ашатын құлып деген ұғым қалыптасқан. Стандарттау саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың негізгі мәселесі - үйлестіру, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесін басқа елдердің халықаралық, аймақтың, ұлттық жүйелерімен қиыстыру. Мұның мақсаты отандық өнімдердің сапасын және әлемдік нарықта оның бәсекеге жарамдылығын жоғарылату. Стандарттау жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты халықаралық, аймақтық мекемелер жүзеге асырады.

Стандарттау саласындағы халықаралық мекемелер

Халықаралық стандарттау саласында стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО), Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК), Халықаралық электр байланыстары одағы (ХЭО) жұмыс атқарады. Стандарттау жөніндегі халықаральщ үйым (ИСО) 1947 жылы құрылған. ИСО-ның қызметі электроника мен электротехникада басқа стандарттау салаларының барлығын қамтиды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан ИСО жұмысына 178 ел қатысты. ИСО-ның органдары - Бас ассамблея, ИСО кеңесі, Кеңес комитеттері, техникалық комитеттер және орталық секретариат, Жоғарғы органы - Бас ассамблея .

Бас ассамблея сессияларының арасында ұйым жұмысын ИСО-ның Кеңесі басқарады. Кеңеске стандарттаудың үлттық мемлекеттік өкілдері кіреді. Кеңес жанынан техникалық комитеттердің жұмысын басқаратын атқарушы бюро құрылған. Халықаралық стандарттардың жобасын техникалық комитеттер шеңберінде жұмыс атқаратын жұмыс топтары дайындайды. Техникалық комитеттер жалпытехникалық және техниканың нақтылы саласына қатысты болып екіге бөлінеді. Жалпытехникалық топқа жататын техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны 26) жалпытехникалық және салааралық мәселелермен шүғылданады. Оларға жататындардың ішінде «Өлшем бірліктері» (ТК 12), «Ерекше сандар» (ТК 19) ж.б. бар. Қалған техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны шамамен 140) техниканың нақты салаларына қатысты. Мысалы, «Автомобильдер» (ТК 22), «Станоктар» (ТК 39) ж.б. ТК күрделі салаларға қатысты болған жағдайда (химия, космостың техника ж.б.) олардың құрамында комитет бөлімдері және жұмыс топтары құрылады. Халықаралық стандарттың жобасын қабылдау үшін ТК мүшелерінің 75%-ның келісімі болуы керек. 2000 жылдың басында шамамен 12 мың халықаралық стандарттар қолданыста болған. Халықаралық стандарттарды қолдану міндетті емес, яғни әрбір ел оны толығымен, тек қана кейбір бөлімдерін қолдануына болады немесе жалпы қолданбауы да мүмкін. Бірақ та халықаралық нарықтағы бәсекелестіктің артуы жағдайында өндірушілер өз өнімдерінің бәсекелесу деңгейін көтеру мақсатында халықаралық стандарттарды қолдануға мәжбүр. Шетел мамандарының бағалауларына қарағанда кейбір өндірістері дамыған елдерде ИСО-ның стандарттар қорының 80%-ына дейін қолданылады. Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) электротехника, радиоэлектроника және байланыс салаларында қолданылатын стандарттарды дайындайды. Ол 1906 жылы, яғни ИСО-дан көптеген жылдар бұрын құрылған. Әр уақытта құрылғандықтан және жұмыс бағыттары әр түрлі болғандықтан, осы халықаралық мекемелердің екеуі де бүгінгі күнде жұмыстарын жалғастыруда. ИСО мен ХЭК алдындағы мәселелердің тұтастығын ескере отырып және жекелеген техникалық органдардың жұмыстарында жарыса жүргізуді болдырмау үшін мекемелер арасында өзара келісім жасалған. Келісім, біріншіден, іс-қимылдар шеңберін шектеуге, екіншіден, техникалық қимылдарды үйлестіруге бағытталған. Біраз елдерде электротехника, электроника және байланыс салаларының дамуы деңгейінің төмендігіне байланысты ХЭК мүшелерінің саны (шамамен 60) ИСО мүшелерінің санынан аз.ХЭК жоғарғы органы - барлық ұлттық комитеттер өкілдерін қамтитын Кеңес. ХЭК бюджеті ИСО бюджеті сияқты үйым мүшелерінің жарна төлемінен және халық- аралық стандарттарды сатудан түскен қаржылардан құрылады. ХЭК техникалық органдарының құрылымы ИСО құрылымына ұқсас - техникалық комитеттер (шамамен 80), комитеттер бөлімі және жұмыс топтары. Осы органдар қазіргі кезде 3000-нан астам стандарттар дайындаған. Халықаралық стандарттау саласында ИСО, ХЭК-тен басқа да ұйымдар бар. Олар - Біріккен Ұлттар Үйымының (БҮҮ) Еуропалық экономикалық комиссиясы, Халықаралық сауда палатасы. Стандарттау жұмыстарына БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО, МАГАТЭ ж.б. ұйымдар да қатысады. Дүние жүзіндегі стандарттау саласында жеті аймақтың ұйымдар жұмыс істейді. Скандинавияда, Латын Америкасында, Арабияаймағында, Африкада, Еуропалық Одақ (Е.О). Бұлардың ішінде ЕО жұмыс тәжірибесін ерекше атауға болады.

Стандарттау жұмыстарын Еуропалық Одақ (ЕО) шеңберінде ұйымдастыру

Қазіргі кезде экономиканы интеграциялауға, аймақтық біріккен нарықтар құруға бетбұрыс айқын байқалады. Интеграцияның кең дамыған аймағы - Еуропалық Одақшеңбері (ЕО). 1993 жылы Еуропаның 15 елі бірігіп құрған нарық осы елдердің шамамен 400 млн. тұрғындарын қамтиды. Осыған байланысты ұлттық кедергілерді жою мақсатында аймақтық стандарттарға басты назар аударылып отыр. 1961 жылы стандарттау жөніндегі Еуропалық коми- тет (СЕН ЭЛЕК) құрылды. Бұл комитеттердің құрамын- да 239 техникалық комитеттер бар. Біріккен нарық жағдайына сәйкес ЕО «Еуропаның жасыл кітабы» деп аталған (Еуропада техникалық интеграцияныжеделдету үшін еуропалық стандарттарды дамыту) бағдарлама жасалды. Бұл бағдарламада Еуропада стандарттауды ңайтадан құру және дамыту жоспа- ры қарастырылған. «Жасыл кітапта» көрсетілгендей, еуростандарттар техника мен технологияның ең соңғы жетістіктерін қамтуы керек, ал директивалар - тұрғындар мен қоршаған ортаға қауіпсіз емес немесе зиянды өнімдерді Қоғамдастыққа енгізбеу үшін тиімді шараларды қарастыру қажет. Осындай шаралар негізінде стандарттау жұмыстарында көптеген ілгерілеу жасалды. Мысалы, 1991 жылы ЕО 200 директива және 1200 еуростандарттар болған болса, 1993 жылы директивалар саны екі есе үлғайтылып, еуростандарттар саны бірнеше мыңға жеткізілді. Қазіргі жағдайда СЕН жәнө СЕНЭЛЕК-тің басты саясаты - ИСО/МЭК халықаралық стандарттарын аймақтық ретінде кеңінен қолдану. Осының нәтижесінде ЕО шеңберінде қолданылатын нормативтік құжаттардың 45% -ын ИСО/МЭК шығарған халықаралық стандарттар.

Шет мемлекеттеріндегі стандарттау

Америкадағы стандарттау және технологиялардың ұлттық институты

АҚШ-тағы стандарттау жөніндегі ұлттық орган Америкалық стандарттау және технологиялар ұлттық институты (NIST) болып табылады. NIST - үкіметке жатпайтын және коммерция мен айналыспайтын ұйым, экономиканың жеке секторында ерікті стандарттау жұмыстарын үйлестіреді және әзірленген стандарттардың ұлттық статусын беру туралы шешім қабылдайтын ұйымдардың жұмыстарын басқарады. АҚШ-та тек қана бір мекеме, яғни NIST ұлттық стандарттарды бекітеді, бірақ өзі стандарттарды әзірлемейді. NIST-тің негізгі мақсаты – жалпы мемлекеттік проблемаларды шешу, соның ішінде энергетикалық қорын экономдау, қоршаған ортаны қорғау, адамдардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қазіргі кезде NIST-тің мүшесі ретінде 1200 фирма, 250-ден астам өндірістік және сауда компаниялары, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар кіреді. Институттың қаржы кұрылымы мемлекеттік бюджетке тәуелсіздігін көрсетеді, мысалы 37% мекемелердің жарнасы болып келеді, 15% - мүдделес ұйымдарының мәлімдемесі бойынша арнайы бағдарламаларды құрудан, 4% - әр түрлі баспаларды сатудан түскен және 1% - басқа табыстар.

Британия стандарттар институты

Британия стандарттар институты (BSI) инженер-механик, инженер-кеме жасау, инженер-электрик және инженер-металлург қоғамдарының ұсынысы бойынша 1901ж. құрылған. Бұл тәуелсіз ұйым, 1929 жылы қабалданған және 1981 жылы қайта қаралған Жарғы бойынша өз жұмыстарын атқарады.

BSI-ның негізгі функциялары – стандарттарды әзірлеу жұмыс-тарын үйлестіру және стандарттарды бекіту. Жоғарғы заңдылық органы – жылына бір рет жиналатын Генералдық конференция болып табылады. Бұл Генералдық конференцияда BSI-ның есептері тыңда-лады және президент пен оның орынбасарлары сайланып финанс ревизорлары тағайындалады. Жоғарғы атқару органы – Генералдық конференцияға бағынатын, институт жұмыстарын басқаратын және барлық жұмыс бағыттарын бақылайтын Басқару Кеңесі. Жоғарғы Кеңесті BSI-ның президенті басқарады. BSI құрамына жеке және ұжым мүшелері кіреді, барлығы 15000-нан астам фирмалар, мекемелер және жеке тұлғалар.

Стандарттау жөніндегі француз қауымдастығы

Францияда стандарттау жөніндегі ұлттық мекеме – стандарттау жөніндегі француз қауымдастығы (AFNOR) болып табылады. AFNOR-дың негізгі функциялары:

- стандарттау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру, басқару және үйлестіру;

- стандарттарды әзірлеуге түскен мәлімдемелерді талдау және жаңа стандарттардың қажеттілігін анықтау;

- ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту;

- стандарттардың енгізу жұмыстарын бақылау;

- стандарттарды насихаттау және сату;

- ұлттық экономиканың даму приоритетін есепке алып стандарттаудың жылдық бағдарламасын құрастыру;

- өнімді ұлттық NF стандартқа сәйкестікті білдіретін белгімен белгілеу жұмыстарын басқару;

- мамандарды оқыту, дайындау және қайта дайындау;

- Франция мемлекетін халықаралық стандарттау ұйымдарына өкілдеу.

Неміс стандарттар институты

Неміс стандарттар институты (DIN) 1975 жылы құрылған.

Негізге алынатын стандарты DIN820 Неміс ұлттық ұйымының стандарттау жұмыс принциптерін анықтайды:

- еркінділік, кез келген тұлғаның стандарттарды әзірлеу жұмыстарына қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ал қабылдаған нормативтік құжаттар ұсыныс ретінде пайдаланылады;

- жариялылық, барлық стандарт жобалары жариялауға жатады;

- барлық мүдделі жақтардың қатысуы – барлық қатысушы заңгерлік тұлғалардың тең құқықтылығы;

- бірлік және қайшылықсыз, барлық стандарттау жүйесінің бірлігін қамтамасыз етеді және жаңадан қабылдаған стандарттардың күші бар нормативтік құжаттарымен сыйысушылығын тексереді;

- нақтылық, стандарттардың қазіргі ғылыми-техникалық деңгейіне сәйкес болуы;

- жалпы пайдаға бағытталу;

- экономикалық нақтылыққа бағытталу;

- стандарттаудың халықаралыққа бейімделу, DIN-ның қызметі саудадағы техникалық тосқауылдардың жоюына және Еуропада бірлік сауда құру.

Өнеркәсіпті стандарттардың жапон комитеті

Жапон стандарттау ұлттық ұйымы – 1949 жылы құрылған Өнеркәсіпті стандарттардың жапон комитеті (JISC) болып табылады. Бұл комитет Ғылыми және техника бірлестігінің басшылығымен жұмыс атқаратын Сыртқы сауда және өндіріс министрлігінің консультативті органы.

JISC құрамына кіреді: Стандарттау жөніндегі кеңес, салалар бойынша кеңестер, техникалық комитеттер. Стандарттау жөніндегі кеңес - Комитеттің генералдық конференцияларын ұйымдастырып жүргізеді және жұмыстарын жоспарлап орындалуын қадағалайды. Салалық кеңестер және техникалық комитеттер өндірістің негізгі салалардың және құрылыстың стандарттарын әзірлейді.

Халықаралық және аймақтық стандарттау

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымы (ISO)

Стандарттау жөнінде халықаралық ұйымы (СЖХҰ) 25 ұлттық ұйымдары ұсынысы бойынша 1946 жылы құрылған. СЖХҰ электротехника және электроника саладан басқа барлық аймақтардың стандарттау жұмыстарын жүргізу, ұйымдастыру және басқару мәселелерімен айналысады, сонымен қатар сертификаттау проблемаларын қарастырады.

ISO құрамына 120 мемлекеттердің стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдары кіреді. ISO-ң басқару органдары: генералдық ассамблея, Кеңес, Техникалық басқару бюросы. Жұмыс органдары: техникалық комитеттер (ТК), комитетішілік, техникалық консультативті топтар.

ISO кеңестің қарамағында жеті комитеттер бар ПЛАКО (техникалық бюро), СТАКО (стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу комитеті), КАСКО (сәйкестікті бағалау комитеті), ИНФКО (ғылыми техникалық ақпарат жүргізу комитеті), ДЕВКО (дамушы мемлекеттерге көмек көрсету комитеті), КОПОЛКО (тұтынушылар мүддесін қорғау комитеті), РЕМКО (стандарттық үлгілер жөніндегі комитет). ISO-ң ұйымдастыру құрылымы 1 суретте көрсетілген.

Халықаралық электр техникалық комиссия (МЭК)

1906 жылы өткен 13 мемлекет уәкілдері қатысқан халықарарлық конференцияда Халықаралық электр техникалық комиссия (ХЭК) құрылды.

МЭК электротехника, электроника, радиобайланыс прибор жасау салаларында стандарт жөніндегі жұмыстарымен айналысады. Көптеген мемлекеттер МЭК-тің мүшесі ретінде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйыдарымен кіреді. Кейбір мемлекеттерде, мысалы Францияда, Германияда, Италияда, Бельгияда және т.б. МЭК жұмыстарына қатысу үшін арнайы комитеттер құрылған.

МЭК-тың мүшелері ретінде 40-тан астам ұлттық комитеттер кіреді, бұл бүкіл әлем халықтың 80% құрайды. МЭК-тың ресми тілдері – ағылшын, француз және орыс болып қабылданған.

МЭК-тың әзірлеп шығарылған халықаралық стандарттары екі түрлі болып келеді:

- жалпы техникалық, салааралық деңгейінде қолданылады;

- техникалық талаптары тек қана бір өнімге арналған стандарттар.

Бірінші топқа терминология, стандарттық кернеу және жиілік, әр түрлі сынау және т.б. жөніндегі нормативтік құжаттар кіреді. Екінші топқа көптеген тұрмыстық электр приборлардан бастап спутник байланыстарға дейін арналған стандарттар кіреді.

МЭК-тың негізгі стандарттау объектілері:

- электротехникалық өнімдерге арналған материалдар (сұйық, қатты, газдалған диэлектриктер, мыс, алюминий, олардың қорытпа-лары, магниттік материалдар);

- электротехникалық жабдықтар (қозғалтқыштар, жарық-техника-лық жабдықтар, релле, кабель және т.б.);

- электроэнергетикалық жабдықтар (буылы және гидравликалық турбиналар, электрөткізгіш тізбектер, генераторлар, трансформа-торлар);

- элктротехникалық өндірістің өнімдері (интегралдық схемалар, микропроцессорлар, платалар және т.б.);

- электрондық жабдықтар;

- электр құралдар;

- спутник байланыстардың жабдықтары;

- терминология.

Халықаралық стандарттауға қатысатын халықаралық ұйымдар

ООН-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) – бұл ООН-ның экономикалық және әлеуметтік Кеңесінің органы (ЭКОСОС ООН).

Стандарттау саласында ЕЭК-тың негізгі міндеті - стандарттау саясаттың негізгі бағытын әзірлеу және осы аймағындағы негізгі проблемаларды анықтау.

ЕЭК ISO, МЭК және басқа халықаралық ұйымдарымен бірге “ЕЭК-тың стандарттау жөніндегі тізімі” деген құжатты дайындалып жарияланды. Бұл құжаттың мақсаты – ЕЭК-қа кірген мемлекет үкіметтеріне ұлттық проблемаларын шешуге көмек беру, халықаралық стандартаудың приоритеттік аймағында тез арада дамыту және барлық әлемдегі елдердің стандарттау туралы жұмыстарын үйлестіру.

ООН-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы 1945 жылы үкіметаралық арнайы ұйымы ретінде құрылған. Оның ішіне мүше ретінде 160 мемлекет кіреді. Бұл ұйымның Жарғыға сай мақсаты – жалпыға бірдей жақсы жағдай жасау және азық–түлік пен ауылшаруашылық тағамдарын шығару өндірісін және тарату жұмыстарын тиімділігін жоғарылату және ауыл халқының тұрмыс жағдайын өркендету болып табылады.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ) ООН-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңестің ұсынысы бойынша 1948 жылы құрылды.

БДСҰ-ның мақсаты – барлық дүние жүзіндегі халықтардың денсаулығын ең жоғары деңгейге жеткізу. БДСҰ-ның мүшелері болып 180 мемлекет кіреді олардың ішінде Қазақстанда бар.

Көптеген проблемалармен айналысатын БДСҰ келесі қызметтерді дамытуды көздейді: денсаулық сақтау қызметтерін дамыту; аурулардың алдын алу және емдеу; денсаулық сақтау кадрларын көбейту және олардың сапасын жоғарылату; қоршаған ортаны жақсарту; денсаулық сақтау бөлімдерін; фармакология және токсика-логия бөлімдерін нығайту.

БДСҰ ISO-да консультативті беделі бар және 40-тан аса техникалық комитеттердің жұмыстарына қатысады.

“Алиментариус Кодексі” деген комиссия азық-түлік өнімдерге қатысты халықаралық стандарттарды әзірлейді. Бұл комиссия БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының ұсынысы бойынша құрылған және олардың құрамында 130-дан астам мүше мемлекеттері бар. Комиссияның негізгі міндеттерінің бірі – негізгі тағам жөніндегі стандарттар туралы халықаралық келісім жасау және осы стандарттарды ұлттық стандарттау жүйелерге енгізу.

Жалпы еуропалық стандарттау ұйымдары

Еуропалық стандарттау ұйымы (ЕСҰ) 1961 жылы құрылған. ЕСҰ-ның мүшелері ретінде 17 еуропалық мемлекеттерінің стандарттау ұлттық ұйымдары кіреді, олар: Австрия, Белгия, Ұлыбритания, Грекия, Дания, Германия, Испания, Исландия, Италия, Люксембург, Норвегия, Нидерланды, Португалия, Финляндия, Франция, Швеция, Швейцария. Бұл жабық ұйым. Еуропалық деңгейде ЕСҰ үшін стандарттау процесі мына жұмыстардан тұрады: барлық мүдделі жақтардың консенсус негізінде стандарттарды жоспарлау, әзірлеу және қабылдау.

ЕСҰ-ның негізгі мақсаты – еуропалық стандарттарды әзірлеу арқылы тауарлардың және қызмет жасау саудасын дамыту.

ЕСҰ еуропалық стандарттарды мына салаларға әзірлейді: авиация жабдықтары, суды ысыту газ приборлары, газ боллондары, көтеру механизмдердің бөлшектері, газ плиталары, пісіру және кесу, құбырлар және құбыр жолдары, сорғы станциялар және т.б.

Скандинавия аралық стандарттау ұйымдары (ССҰ) 1952 жылы құрылды. Оның мүшелері – Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдарымен кіреді.

ССҰ-ның басқа ұқсас ұйымдардан ерекшелігі ол аймақтық жалпы скандинавиялық стандарттарды әзірлемейді. Оның себебі көптеген жасап шығарылған өнімдері шет мемлекеттерге сатылады, сондықтан халықаралық стандарттар кеңінен пайдаланылады. Мысалы, Дания 1970 жылдардан бастап ұлттық стандарттардан түгел халықаралық және аймақтық стандарттарға көшкен.

ССҰ-ның негізгі міндеттері:

- скандинавия мемлекеттердің стандарттарын өзара сәйкестендіру және ұлттық нормативтік құжаттарының техникалық талаптарын бірыңғайландыру;

- стандарттау жұмыстарының ақпаратын ұйымдастыру;

- стандарттарды әзірлеу тәжірибесін тарату және ISO, МЭК, ЕСҰ және т.б. ұйымдарына кіретін мемлекеттерімен келісім бағытымен жұмыс істеу.

Тәуелсіз мемлекеттер достығының (ТМД) стандарттауы

Стандарттау жөніндегі жұмыстар 1992 жылы қабылданған келісім шарт «Стандарттау, метрология және сертификаттау аймағындағы саясатын жүргізу келісімі» бойынша жүргізіледі. ТМД мемлекеттердің барлық стандарттау ұлттық ұйымдары құрылған Мемлекетаралық кеңесінің (МАК) мүшесі ретінде кіреді. Бұл Кеңес мемлекетаралық стандарттарды әзірлеп қабылдайды.

Стандарттау жөніндегі барлық жұмыстар МАК қабылдаған бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады. 1996 жылға дейін 2000-нан астам жаңа мемлекетаралық стандарттар әзірленіп қабылданды.

Барлық ұйымдастыру жұмыстары ГОСТ 1.0-92 «Мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын жүргізу ережелері. Негізгі қағидалар.» бойынша жүргізілуі керек. Сонымен қатар, қосымша «Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі ережелер», «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды тексеру және баспаға дайындау тәртібі» және басқа негізге алынған нормативтік құжаттар қабылданған.

МАК–тың шешімі бойынша еуропалық стандарттарды мемлекетаралық ретінде қолдануға болады егер мына ережелер сақталынса:

- ТМД стандарты қандай еуропалық стандартқа сәйкес келетіндігі туралы нұсқау болу керек;

- нормативтік құжатты жаңғыртуға ЕСҰ–ның рұқсаты бар деген деректер ескерілуі тиіс;

- еуропалық стандарттарына қайшылы келетін ТМД-ның барлық ұлттық стандарттары қолданудан алынуы тиіс;

- еуропалық нормаларды тікелей қолдануға алынған стандарт-тардың барлық көшірмесі ЕСҰ-ға міндетті түрде жіберілуі керек.

Мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық деңгейдегі стандарттау, метрология және сертификаттау жүйелері.

Бүгінгі таңда экономиканың қарқындап дамуының басты шарты бәсекелестікті өнімдерді шығару болып табылады. Бәсекелестіктің негізі сапаға байланысты. Бәсекелестік көрсеткіштерінің (баға, жеткізу мерзімі, сервис т.б.) арасында сапа көрсеткіші 70% тұтынушымен өнімді таңдап алу шешіміне негіз болады.

Сондықтан да, дамып келе жатқан елдер ( Турция, Қытай, Оңтүстік Корея т.б.) өнімдері өздерінің сапасына байланысты тұтынушылар арасында әрқашанда үлкен сұраныста.

Әлем нарығының ашықтығы бәскелестікке жол ашты, сондықтан олар арасында тұтынушыға деген күрес жоғары дәрежеде өтеді. Бүгінгі таңда әрбір тұтынушы бүкіл әлем өндірушілері тауарларын таңдап алуына мүмкіндігі бар. Өнім дайындаушылар әлемдік ңарықтағы өткір бәсекелестік жағдайына байланысты өз бұйымдарының жоғары бәсекеге қабілеттілігін жоғалтпауға тырысу қажет. Бұл жағдайда тек қана жоғары сапалы және төмен бағалы өнім шығарған өндіруші алға басады.

ТМД елдерінде машинажасау саласындағы өнім сапасына көніл бөліп қарастыруы 1990 жылдарының аяғында басталды. Кәсіпорындарда өнім сапасының менеджменті жүйелері еңгізілді, бірақ нәтиже айтарлықтай жақсармады. Оның себептері көп, бірақ оның ішіндегі маңыздысы, ол жан-жақты білімді мамандарды даярлау. Әрбір маман өз жұмыс орнында сапа деген ұғымға көңіл бөліп, барлық технологиялық ережелерді, талаптарды орындаған жағдайда нәтиже болады.

Әрбір өндіріс саласының жұмыс орындарында жаңа ғылыми-техникалық және тәжіребелік жетістіктерге сүйене отырып, стандарттау жүйелерін еңгізіп дамыту негізінде, жоғары әлемдік деңгейіне сәйкес талаптар орнатып, өнімдер өнделуі қажетті.

Өнімдерге, жұмыстарға және қызметтерге стандарттау өзара ауыстырымдылық, метрология, техникалық өлшеу және сертификаттау талаптарын орнату, орындау, сапаны қамтамасыз ету құралдары болып табылады.

1952 жылы стандарттау халықаралық ұйымы (ИСО) стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу комитететін (СТАКО) ұйымдастырды. Комитет алдында стандарттауға қатысты негізгі терминдердің анықталу түсінігін беру туралы міндет қойылды.

СТАКО жұмыс атқару негізінде келесі маңызды ұғымдарға: стандарттау, стандарт, мамандану, унификация, функционалдық және өлшемдік өзара ауыстырымдылық сияқты терминдерге анықтамалар берілді.

СТАКО ұсынған осы терминдердің анықтамасы ИСО Кеңесімен қабылданып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізіне алынды.

«Стандарттау» термині Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының стандарттаудың Мемлекеттік жүйесінде төмендегідей анықталған: Стандарттау - бұл белгілі бір салада нақты әрекет ететін және потенциалдық міндеттерге қатысты жалпы және бірнеше рет пайдалануға арналған реттеудің оптималды деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Стандарттау жұмыстары атқарылатын деңгейіне байланысты: халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және ұлттық болады.

Халықаралық стандарттау- бұл кез-келген елдің құзыретті органының қатысуына жол берілетін стандарттау бойынша жұмыстар.

Халықаралық стандарттау бойынша жұмыстардың нәтижесі қатысушы елдер халықаралық стандарттарды тікелей немесе дайындау кезінде немесе қайта қарау кезінде қолдануы болып табылады.

Мемлекетаралық стандарттау - бұл мемлекетаралық мүдделерді көрсететін нысандары бойынша стандарттау жұмыстары.

Аймақтық стандарттау - бұл әлемнің географиялық, саясаттық немесе экономикалық жеке аймағы көлеміндегі, елдерінің қатысуына мүмкіндік беретін стандарттау жұмыстары.

Аймақтық және халықаралық стандарттау, халықаралық ұйымдар мен соған сәйкес аймақтарда ұсынылған ел мамандары өкілеттілігімен жүзеге асырылады.

Ұлттық стандарттау - нақты бір мемлекеттегі стандарттау. Ұлттық стандарттау келесі: мемлекеттік, салалық, ассоциациялық, өндірістік фирмалар және кәсіпорындар мен мекемелер деңгейлерінде жүзеге асырыла алады.

Стандарт. Стандарттау халықаралық ұйымы (ИСО) келесі анықтаманы қабылдады: Стандарт- бұл белгілі бір салада реттеудің оптималды деңгейіне жетуге бағытталған, сондай-ақ мойындалған орган тарапынан бекітілген, консенсус негізінде жасалған нормативті құжат (ИСО/МЭК, 1991).

Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңына сәйкес: стандарт - қызмет әрбір түріне немесе олардың нәтижелеріне байланысты,екі жақты келісім негізінде, жалпы және бірнеше рет қолдануға арналған ережелері, жалпы принциптері немесе сипаттамалары орнатылған құжат.

Стандарттау нормативтік құжаты - бүл стандарттау әр түрлі қызмет түрлеріне немесе оның нәтижелеріне қатысты мөлшерлер, ережелер, сипаттамалар, принциптер белгілейтін құжат.

Стандарттаудың мақсаттары, міндеттері, принциптері және

қызметтері

Өнім, қызмет, процесс және жұмыстар қызметтік міндеттеріне сәйкестігі дәрежесін жоғарылату, халықаралық тауар айналымындағы техникалық кедергілерді жою, ғылыми -техникалық прогресске және әрбір салалардағы қызметтестікке ықпал беру стандарттау жұмыстарының басты нәтижесі болып табылады .

Стандарттаужалпы мақсаттары «стандарттау» түсінігінен туындайды, олар:

· өнімнің, процесстердің, (жұмыстардың), адамдарға қызмет көрсетудің өмірі мен денсаулығына, мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны сақтау;

· саудадағы техникалық кедергілерді жою, ішкі және сыртқы нарықтағы өнім және қызмет бәсекелестігін қамтамасыз ету;

· өнімнің техникалық және ақпараттық сәйкестігін және өзара ауыстырымдылығын қамтамасыз ету;

· өнім, процесс, жұмыс және қызмет сапасын ғылыми - техникалық прогресс дамуының деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету;

· өнім, процесс, жұмыс және қызмет сапасы және қауіпсіздігі тұрғысынан тұтынушылар мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;

· өлшем бірлігін қамтамасыз ету;

· қордың барлық түрлерін тиімді пайдалану және сақтау;

· табиғи және техногенді сипаттағы және басқа түрлі төтенше
жағдайдағы апаттардың пайда болу мүмкіндігімен байланысты, шаруашылық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

· елдің қорғаныс қабілеттілігі мен мобильдік дайындығын қамтамасыз ету.

· Стандарттаудың негізгі міндеттері:

· әзірлеуші, дайындаушы, сатушы және тұтынушы (тапсырыс беруші) арасындағы өзара түсінушілікті қамтамасыз ету;

· өнім номенклатурасына және сапасына, процесстерге (жұмысқа), мемлекет және тұтынушы мүдделеріне қатысты қызметтерге, соның ішінде, адамдардың өміріне, денсаулығына және мүлігіне қауіпсіздікті қамтамасыз етуші, қоршаған ортаны сақтауына оптималды талаптарды орнату;

· өнім өзара ауыстырымдылығын және сәйкестігін қамтамасыз етуші талаптарды (құрылымдық, электрлік, электромагниттік, ақпараттық, бағдарламалық, т.б.) орнату;

· материал және шикізат, жинақтаушы бұйымдар, өнімдер және олардың элементтерінің сипаттамаларын және көрсеткіштерін байланыстыру және ұйқастыру;

· параметрлік және типтік қатарлар, базалық құрылымдар,
бұйымның жинақталған және унификацияланған блокты- модульдік құрама бұйымдарын қолдану мен орнату негізіндегі унификациялау;

· метрологиялық мөлшерлер, ережелер, қағидалар және талаптар белгілеу;

· бақылауды (сынақтан өткізу, сараптау, өлшеу) және өнім, процесс (жұмыс), қызмет сапасының бағасын және сертификаттауын нормативті-техникалық қамтамасыз ету;

· материал сыймдылығын, қуат сыймдылығын және еңбек сиымдылығын төмендетуге бағытталған, аз қалдықты технологияларды қолдануды қамтамасыз етуші техникалық процестерге талаптарды орнату;

· техникалы-экономикалық және әлеуметтік ақпараттарды жіктеу және кодтау жүйесін орнату мен жүргізу;

· мемлекетаралық және мемлекеттік әлеуметтік - экономикалық және ғылыми - техникалық бағдарламалардың (жобалардың), және инфрақұрылымдық кешендердің (көлік, байланыс, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, тіршілік ету ортаны бақылау, халықтың қауіпсіздігі және т.б.) нормативті қамтамасыз ету;

· түтынушыларды өнімнің номенклатурасы және негізгі көрсеткіштері туралы мәліметпен қамтамасыз ету үшін каталогизация жүйесін орнату;

· стандарттау әдістерімен және құралдарымен Қазақстан Республикасының заңламаларын орындалуын қамтамасыз ету.

· Стандарттаудың негізгі принциптері:

· келісім;

· ашықтық;

· еріктілік;

· стандарттау саласындағы отандық және шетелдік өндірушілер мен жеткізушілер үшін бірдей талаптар;

· экономикалық мақсатқа лайықтылық.

· Тағы басқа стандарттау принциптері:

· стандарттау дамуының жүйелілігі және кешенділігі;

· стандарттардың динамикалығы және озық дамуы;

· өнімнің (қызметтің) қауіпсіздігіне, бірлігіне және өзара ауыстырымдылығына жағдай жасайтын стандарттардың дайындалубасымдылығы;

· үйлесімділік;

стандарттар ережелерінің нақтылығы.

Келісім принципі бойынша барлық мүдделі жақтар өнім, процесс (жұмыс), қызмет сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету келісіміне жетуге талпынуымен айқындалады.

Халықаралық стандарттауда жалпы көптеген мүдделі жақтар басты мәселелер бойынша келіспеушіліктердің болмауын, барлық тұлғаларойларын ескеруге деген талпынысты және сәйкес келмейтін көзқарастардың жақындастырылуын сипаттайтын, келісім мағынасын беретінконсенсус термині қоданылады. Консенсус толық ынтымақ болуы талабын орнатпайды.

Стандарттарға кез-келген субъект қол жеткізуіне мүмкіндігі болуы тиіс, олар авторлық құжат болып саналмайды. Стандарттар саудаға техникалық тосқауыл болмауы тиіс.

Оларды жасау кезінде халықаралық стандарттарды, ережелерді, халықаралық ұйымдардың нормалары мен басқа елдердің ұлттық стандарттарын ескеру қажет; олар халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттармен, нормалармен, талаптармен бірге үйлесуі тиіс.

Қайта құрылған стандарттың моральдық тұрғыдан ескірмеуі үшін, стандартқа болашағы бар талаптардың және халықаралық, аймақтықстандарттардың, өзге елдердің озық ұлттық стандарттарының енуімен қамтамасыз етілетін озық дамудың принциптері міндетті түрде сақталуы тиіс.

Стандартқа деген басты талап - оның сертификаттау мақсаттары үшін
жарамдылығы болып табылады. Мәтін бойынша нақты ажыратылған міндетті талаптар мен олардың нысанды түрде тексерілуінің әдістерінмазмұндайтын стандарттар, көрсетілген талаптарға жауап береді.

Жүйелілік принципі стандарттаудың әрбір нысанын күрделі жүйенің бөлігі, кешенділік принципі - күрделі жүйенің барлық элементтерінің сиымдылығы ретінде қарастыруын болжайды.

Динамикалық стандарттадың кезеңділікпен тексерілуін, оларға өзгеріс пен кейінге қалдырудың енгізілуін қамтамасыз етеді.

Стандарттар талаптары түсініктерінің нақтылығын қамтамасыз ету үшін олар нақты және анық болуы тиіс.

Стандарттаудың мемлекетаралық жүйесі.

ТМД шеңберіндегі мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын басталуы, 1992 жылдың наурызында Үкімет басшыларымен қол қойылған «Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясатты өткізу туралы келісім», болып табылады.

Стандарттау, метрология және сертификаттаудың халықаралық сипатына байланысты, стандарттау арқылы шешілетін Келісімнің негізгімақсаттары:

· өнім сапасы және қызметіне байланысты Келісімге қатысушы әрбір мемлекет пен тұтынушы мүдделерін қорғау, халықтың өмірін, денсаулығын және мүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны сақтау;

· мемлекетаралық мүдделерді көрсетін өнімдермен және басқа талаптардың сәйкестігін және өзара ауыстырымдылығын қамтамасыз ету;

· әлемдік тауар нарығындағы Келісімге қатысушы мемлекеттердің өнім бәсекелестігін күшейту әрекетін көтеру, өндірістегі және саудадағы техникалық кедергілерді жою;

· Келісімге қатысушы мемлекеттердегі табиғи және техногенді апаттар және басқа төтенше жағдайлар туындаған кездегі шаруашылық нысандарының қауіпсіздігін күшейту.

Мемлекетаралық стандарттау жүмыстары төмендегі принциптер негізінде жүргізіледі:

· Келісімге қатысушы барлық мүддделі мемлекеттердің, өзара алмасатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайына, ортақ жетістікке ұмтылыс;

· Келісімге қатысушы барлық мемлекеттерде қолдануына ғылым, техника, озық тәжіребе жетістіктеріне сәйкес және әлеуметтік, экономикалық, техникалық қажеттілікті және лайықты мемлекетаралық стандарттарды жасау үйлестігі;

· халықаралық және аймақтық стандартпен мемлекетаралық стандарттардың өзара үйлесімділігін және оларды өнім, процесс (жұмыс),қызмет түрлерін сертификаттау үшін қажеттілік мақсатында қамтамасыз ету;

Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат және осы саладағы негізгі қызмет бағыттарын анықтап жүргізуі үшін Мемлекетаралық стандарттау, метрология және сертификаттау Кеңесі құрылды. Оның құрамына Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД)елдерінің Ұлттық стандарттау, метрология және сертификаттау органдарының басшылары кірді.

Кеңес негізгі қызметтері:

· стандарттау, метрология, сертификация және аккредитация саласындағы қызметтің басымдылығын ендіру;

· стандартау, метрология, сертификаттау және аккредитация саласындағы жұмыстың негізгі бағытын қарастыру және қабылдау;

· мемлекетаралық стандарттарды және т.б. жобаларды бекіту;

2001 жылы қараша айында стандартизация, метрология және сертификация бойынша, халықаралық Кеңестің аббревиатурасы мен стандартизациясының келесі атаулары халықаралық, аймақтық және ұлттық ұйымдармен қайта жазуда, нормативті құжаттарды қолдану туралы МАС шешім (№20-2001 хаттамасы) қабылдады:

орыс тілінде - «Евразийский совет по стандартизации, метрологии и сертификации» (ЕАСС);

ағылшын тілінде - «Euro-Asian Council for Standardizion, Metrology and Certification» (ЕАSС).

Стандарттау халықаралық ұйымы ISO (ИСО)

Ұлттық стандарттар, өздері даярлаған және қолданып жүрген елдердің, ғылыми және техникалық даму деңгейін және ерекшеліктерін көрсетеді.

Осы жағдайға байланысты, әрбір елдердегі стандарттарындағы біртектес бұйымдарына орнатылған талаптары бір - бірінен ерекшеленеді. Сондықтан, сол бұйымдарды сатып алатын ел және сатушы ел өнімнің сипаттамаларын келісімдейді, ал ол болса халықаралық сауда үшін кедергі болады.

Адамзат әрекетінің барлық саласында халықаралық сауда мен халықаралық қызметтестіктің дамуы, халықаралық (аймақтық) стандарттардың жасалуын және кең түрдіне қолданылуын, ал ұлттық стандартар келісілу (үйлесімдік) қажеттілігін талап етті.

Елдердіің стандарттау саласындағы тікелей қызметтестігі басталуы 1921 жылында, стандарттау бойынша жеті ұлттық комитеттің алғашқы конференциясы өткізілген жылға сай келеді. Бұл конференция шешімі бойынша, 1926 жылы стандарттау ұлттық ассоциацияның халықаралық федерациясы (ИСА) құрылды. Оның құрамына стандарттау 20 ұлттық ұйымы болды. ИСА стандартау бойынша 180-ге жуық халықаралық кеңес даярлады, бірақ екінші дүниежүзілік соғыс басталуымен, оның қызметі тоқтатылды.

Стандарттау саласында ұлттық органдардың бүкіләлемдік федерациясы болып табылатын Стандарттау Халықаралық Ұйымы ISO (ИСО), 1947 жылы Лондонда БҰҰ шешімімен, стандарттау бойынша 25 ұлттық үйымдарын біріктіріп құрылды.

Бұл үкіметтік емес ұйымның қызмет саласы стандарттаудағы барлық салаларды қамтиды, тек қана электротехника және электроника салаларын қамтымайды. Бұл сала, тек қана Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) құзыретіне қатысты. ИСО сертификаттау мәселелеріменде айналысады.

Бүкіл әлемде ғылыми-техникалық, технологиялық, экономикалық қызметтердегі және интелектуалды меншіктік саласындағытауарлармен, қызметпен алмасу және қызметтестікті дамыту процесіндегі бірлестікті қамтамасыз ету мақсатында, стандарттаудын дамуын және шектес қызмет түрлерін стимулдауы, ИСО-ның басты міндеті болып табылады.

Сонымен, ИСО халықаралық стандарттарының пайдаланылуының ерекшелігі, ол саудадағы елдер өз-ара тауарға деген нақты техникалық талаптарды келісім-шарттарда белгіленуін талап етеді.

ИСО-ның халықаралық стандарттары қатысушы елдерге міндетті түрде қажет болу дәрежеге ие емес, яғни әрбір ел оларды тұтас қолдануға, тарауларын бөліп қолдануға немесе мүлдем қолданбауына құқылы. Оларды қолдану туралы мәселенің шешімі көбінесе еңбектің халықаралық бөлінуінде қатысу деңгейімен және оның сыртқы сауда жағдайымен байланысты. Алайда, өнім дайындаушылар әлемдік ңарықтағы өткір бәсекелестік жағдайына өз бұйымдарының жоғары бәсекеге қабілеттілігін жоғалтпауға тырыса отырып, халықаралық стандарттарды пайдалануға мәжбүр болып отыр. Шетел мамандарының бағалаулары бойынша өндіріс жағынан дамыған елдер (мысалы, Нидерланды, Швеция, Бельгия, Австрия, Дания) ИСО стандарттарының барлық қорының 80% қолданады. Бұл елдер халықаралық стандарттар әрекет ететін салаларда ұлттық стандарттарды құрмауға талпынады.

ИСО мемлекет-мүшелері үшін, ұлттық стандарттың негізінде халықаралық стандарт қабылдап қолдануы, үлкен жетістік болып табылады.

ИСО сонғы жылдары қызметті және сапаны камтамасыз ету жуйесі саласындағы халыкаралық стандарттауға көп көңіл бөліп жүр. Сапа мәселесін шешуге бірдей кұрал табу мақсатымен «Сапаны басқару және сапамен камтамасыз ету» 176 ТК кұрылды. Оның міндеті сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің негізін салушы үстанымдардың стандартталуы мен үйлесімділігін табу болып табылады. АҚШ, Франция, Ұлыбритания және т.б. елдердің ұлттық тәжірибелерінің қарастыру негізінде 1987 жылы ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттар жасалып жарыққа шықты, кейін ИСО І4000 және ИСО 17025 сериялы стандарттар әзірленді.

ИСО ВТО мен стратегиялық серіктестікті белгіледі. ВТО мүшелері болып табылатын немесе мүшесі болуға мүдделі барлық елдер, халықаралық стандарттау мәселелерімен таныс болып, халықаралық саудаға өз үлестерін қосуы керек.

Наши рекомендации