Шығындар түсінігі, түрлері және олардың құрамы

Шығындар - нақты уақыт ішінде өнім өндірісі мен оны өткізудің материалдық, еңбек, қаржы, табиғи, ақпараттық және басқа да ресурстар құнының ақшалай бағасы.

Анықтамаға сәйкес шығындардың 4 сипатын атап өтуге болады:

· ресурстардың ақшалай бағасы – барлық ресурс түрлерін бір өлшемге келтіру;

· мақсатқа бағыттылығы - өнім өндіруге немесе өнімді өткізуге толықтай кәсіпорын немесе құрылымдық бөлімшелері бойынша, толықтай үрдіс немесе оның белгілі бір кезеңдеріндегі мақсаттарға бағыттылығы;

· нақты уақыт кезеңінде болуы керек;

· қор сіңіргіштік қасиеті – егер шығындар өндіріске жұмылдырылмаса, немесе тізімнен шығарылып тасталмаса, шығындар қорларға айналады, шикізат қорына, материалдар қорына, аяқталмаған өндіріс қорына, дайын өнім қорына айналады - бұл жағдайда шығындар кәсіпорын активтеріне жатқызылады.

Кесте 16 - Өндірістік шығындардың жіктелуі

Сыныпталу белгілері Шығындардың бөлшектенуі
1. Экономикалық элементтер 2. Өндірістік құнның тараптары 3.Технологиялық процестерге қатыстылығы 4. Құрамы 5.Өнімнің өзіндік құнына қатысуының тәсілі 6.Өндірістік процестегі ролі 7.Мақсаттарға сәйкес жұмсау 8.Жоспарға қатысу мүмкіншілігі 9.Өнімнің көлеміне қатысы 10. Шығу мерзімділігі 11.Дайын өнімге қатысы Шығындардың экономикалық элементтері Өзіндік құнның калькуляция тараптары Негзізгі, қосымша Бір элеменнттік, кешенді Тікелей, жанама Өндірістік, өндірістен тыс Өндірістік, өндірістік емес Жоспарлы, жоспарсыз Тұрақты, ауыспалы Күнделікті, бір жолғы Аяқталмаған өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің шығындары

Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып табылады.

Шығындар – бұл кәсіпорынның өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады.

Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай үш түрге бөлінеді:

- өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;

- өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Бұл жаңа немесе ерекше өндірілетін өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;

- өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждықтарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

Шығындар практикалық маңызы жағынан тұрақты және ауыспалы болып бөлінеді.

Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығыдарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары т.б.

Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болатын шығындар. Олар: еңбек ақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия т.б.

Тұрақты шығындар өндірілмеген өнімге де төленуі тиіс, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.

Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады.

Экономикалық шығындар кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады.

Олар екі түрге бөлінеді: сыртқы және ішкі.

Сыртқы шығындар бұл ресурстарды жеткізішілерге ақшалай түріндегі төлемдері, шикізаттар төлемдері, материалдар т.б. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады.

Кәсіпорынның ішкі шығындары кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстары өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді, жерді, ғимараттарды, еңбектері үшін кәсіпорын ресми төлемейі.

Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады.

Наши рекомендации