Шығындар және олардың жіктелуінің жалпы түсінігі.

Шығындар - шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, «шығындар» ұғымы «өндіріске шыққан шығындар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген -қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі. Шығындарды жіктеудің негізгі мақсаты – жалпы массадан тек релевантты шығындарды бөліп көрсету. Сондықтан жіктеудің әдістері басшының алдында тұрған нақты мәселелерден тәуелді болып келеді. Басқару есебінің осындай негізгі мәселелеріне мыналар жатады:

1. Бірінші бағыт – жай өндірістік есеп, оның негізгі міндеті: өнімді сатудан күтілетін табыс және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін жұмсалған шығындар туралы есептік мәліметтерді алу болып табылады;

2. Екінші бағыт – өзіндік құн туралы есеп берулер мен нақты шығындар туралы алынған ақпараттарды болашақ өндірістік шығындар мақсатында пайдалану және дұрыс шешімдер қабылдау үшін барлық деңгейдегі басшыларды осы ақпараттармен қамтамасыз ету;

3. Үшінші бағыт – шығу орындары бойынша шығындарды бақылау мен реттеу мақсатында шығындар орталықтары бойынша да, жауапкершілік орталықтары бойынша да есепті ұйымдастыру.

Осы келтірілген мәселенің әрқайсысын шешуде шығындардың өзіндік жіктелуі жасалады.

Шығындар түсінігі, шығындар есебінің объектілері, калькуляциялау объектілері.

Шығындар-басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн. 7 "Тауарлы-материалдық қорлардың есебі" атты Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес (2003 ж. 28 қантардағы №27 өзгерістермен бірге) шығындар былайша жіктеледі:

• пайда болу орны бойынша - өндіріс, цехтар учаскелер,құрылымдық бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру мен өнімнің (жұмыстың, көрсетелген қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет;

• шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері (Жұмыс, көрсетілетін қызмет) бойынша - өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;

өнімнің өзіңдік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері бойынша экономикалық мәлеметтер мен калькуляция баптары бойынша. . Калькуляциялау объектілері болып – шығындарды тасымалдаушлар саналады. Өндірілетін өнімнің технологиясы мен сипатына байланысты калькуляциялау объектілері болып – жеке өнімдер немесе толықтай немесе жартылай аяқталған өнімнің топтары, жартылай фабрикаттар, біртипті өнімдердің партиясы, тапсырыстар, құрылыс объектілер, құрылыстың аяқталған сатысы, жұмыстар мен қызметтердің түрлері болады. Әрбір объектінің калькуляциялық бірліктері болады. (тн, метр, ц, кг, дана, шартты бірліктер м2, м3 және т.б.)

Шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшен - костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау: өнімнің өзіндік құн құрамындағы тікелей және жанама шығындар есебі.

Шығындар-басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн. 7 "Тауарлы-материалдық қорлардың есебі" атты Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес (2003 ж. 28 қантардағы №27 өзгерістермен бірге) шығындар былайша жіктеледі:

• пайда болу орны бойынша - өндіріс, цехтар учаскелер,құрылымдық бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру мен өнімнің (жұмыстың, көрсетелген қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет;

• шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері (Жұмыс, көрсетілетін қызмет) бойынша - өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;

• өнімнің өзіңдік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері бойынша экономикалық мәлеметтер мен калькуляция баптары бойынша.

Өндіріс шығындарын жіктеу.Негізгілер - өндірістің технологиялық процусімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадан шығындар.Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.Тіклейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, аударымдар (ақша аударулар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары).

Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығыңдар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады.

Наши рекомендации