Азақстан Республиканың еңбек кодексінің негізгі шарттары
Еңбек шарты, жұмыс және демалыс уақыттары, әйелдер мен 18 жасқа дейінгі жұмысшылардың еңбек қорғауы.Льгота мен өтемақылары:
Жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында еңбек шарты жасалынады. Ол бойынша белгілі бір мамандыққа сәйкес жұмыс жасалу тәртібі талқыланады.
Екі жақтың арасындағы еңбек шарты жасалу барысында, жұмысшы 3 ай (36 бап) тексеру уақытынан өтеді.
Өндірістік қажеттілікке (43 бап) немесе бос қалу (44 бап) жағдайларына байланысты аумақ басшысы жұмысшыны шарта көрсетілмесе де ескертусіз басқа жұмысқа 1 ай мерзімге ауыстыра алады.
Егер жұмысшыға берілген жұмыс ұнамаса, екі жақ арасындағы еңбек шарты ҚР Еңбек кодексінің 59 бабының 1 пункты 2 подпунктіне сәйкес бұзылады.
Жұмыс берушінің қалауы бойынша еңбек шарты 54 бапқа сәйкес келесі жағдайда бұзылады:
- егер жұмысшы ішімдік ішкен, есірткі қолданған т.б. жағдайда келсе;
- тексеру мерзімі кезіндегі кері нәтиже берсе;
- еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай, апат пен қисынсыз оқиғаларда бей көрсетсе.
Жалпы жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспау керек (77 бап). Кәсіпорындағы жұмыс уақыты: басталуы – 8.00 сағ, аяқталуы – 17.00 сағ.
Ауысымды жұмыс болса, 1 ауысымнан екінші ауысымға дейін өту кестесі, жұмыс беруші мен жұмысшы арасында (84 бап) келісіліп жасалынады. Жұмысшыға екі ауысымда қатарынан жұмыс жасауға тыйым салынады.
Қосымша уақыт жұмыс жасауға жіберілмейді:
- аяғы ауыр әйелдер;
- 18 жасқа толмаған жұмысшылар.
Қосымша жұмыс уақыты 2 сағаттан, ал ауыр жұмыс болса 1 сағаттан (89 бап) аспауы керек.
Демалу уақыт түрлері:
- жұмыс барысындағы үзіліс – демалу уақыты мен тамақтану уақыты;
- ауысым аралық демалыс;
- демалыс күндері;
- мейрам күндері;
- кезекті демалыс;
Ауысым аралық демалыс (1 ауысым мен 2 ауысым арасы) он екі сағаттан кем болмауы керек (95 бап).
Алдын ала ескерілмеген, кейінге қалдыра алмайтын жағдай болса, әкімшілік жұмысшыларды демалыс күндері де шақыртылады.
Жұмысшыларды демалыс күндері мен мейрам күндері шақыртулар акт жасау арқылы (99 бап) жүзеге асады.
Өндіріс орны жұмысшыға жұмысын уақытысында жасап бітуі үшін барлық жағдайды жасауы керек. Өндіріс ережелерін сәйкес жалақылар мен т.б. өтемақылар уақытымен төленуі керек. Жұмысшы 12 ай үздіксіз жұмыс жасаған соң 24 күнтізбелік күн есебінде (101 бап) кезекті демалысқа шығуға хақысы бар.
Қосымша кезекті демалыс тізімге сәйкес, цех жұмысының ауырлығына, зиянды заттармен жұмыс істегендігіне, еңбек жағдайына байланысты беріледі. Мұндай демалыс түрі еңбек бойынша және денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік мекемелердің келісілуімен (203 бап) беріледі.
Егер жұмысшы қауіпті заттармен жұмысістесе, ауыр жұмыс істесе, оның жұмыс уақыты аптасына 36 сағаттан (202 бап) аспауы керек.
Жасы он сегізге толмағандарды ауыр және қауіпті заттармен жұмыс істеуге жұмсауға (179 бап) болмайды.
Жұмыс беруші жүкті әйелдерді түнгі уақытта, демалыс және мейрам күндері, қосымша жұмысқа, командировкаға және кезекті еңбек демалысынан шақыртып ала алмайды (187 бап).
Жұмыс беруші медициналық бекіту негізінде жүкті әйелді орта жалақыны сақтай отырып, қауіпті және ауыр жұмыс орнынан басқасына ауыстыруға міндетті (191 бап).
Жүкті әйелдерге жүктілік демалыс пен босану демалысы ретінде 70 күн демалыс, босануға дейін 56 күн ( жүктілік ауыр болса 70 күн) берілуі тиіс (193 бап).
Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмысшыларға уақытша жұмысқа шыға алмау жағдайында әлеуметтік көмек көрсетуге, жаңа туылған баланы асырап алса, соның демалыс уақытына төлеуі керек (159 бап).
Өндіріс жұмысшыларына жұмыс беруші есебінен арнайы киім, арнайы аяқ киім, қорғану құралдары, тазалау заттары, сүт, емдік-сауықтыру тағамдары (205 бап) берілуі керек.
Қауіпсіздік және еңбек қорғау сұрақтары бойынша жұмысшыларды оқыту, білімін тексеру жұмыс берушінің өз есебінен жүргізіледі (313 бап).
ҚР-ң заңнамасын.а сәйкес (312 бап) жұмыс беруші қауіпті жағдайда жұмыс істегендерді өз есебінен медициналық тексерулерден өткізуі керек. Ал жұмысшы еңбек кодексіне сәйкес міндетті түрде тексерілуі керек.
Егер адам өмірі мен денсаулығына жұмыс уақытында қауіп төнсе жұмыс беруші ҚР-ң азамат заңнамасында қаралғандай өтемақы төлеуге міндетті.
Өндірістік ішкі еңбек ережелері, ережелерді бұзу кезіндегі жауап-кершіліктер:
ҚР-ң заңнамасының 50 бабына сәйкес жұмыс беруші акт құру арқылы төмендегі жағдайда жұмысшыны жұмыстан босата алады:
- қауіпсіз және еңбек қорғау ережелері бойынша сынақтан өте алмаса;
- жеке бастан қорғау құралдарын қолданбаған жағдайда;
- кезекті медициналық тексерулерден өтпесе;
- егер оның іс-әрекеті өндірісте авариялық оқиғалар туғызса, еңбек қорғау ережелерін бұзса; Жұмыстан босатылған уақытында жалақы төленбейді.
Жұмысшы оқиға себебі мен жағдайы анықталғанға дейін бос жүреді.
Еңбек диссиплинасын бұзған уақытында, 72 бапқа сәйкес жұмысберуші келесідей диссиплиналық жазалау қолдана алады:
- ескерту;
- сөгіс;
- қатаң сөгіс;
- жеке еңбек шартын бұзу.
Жұмысшының міндеті:
- өз қалауымен еңбек шартарын орындауға;
- еңбек диссиплинасын сақтауға:
- жұмыс уақытында мүліктік зиян келтірмеуге;
- еңбек қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігі, өндірістік тазалық сақтауға міндетті.
Өндірістегі еңбек қорғау бойынша жұмыс ұйымдастыру. Ведомствалық, мемлекеттік және жалпы бақылау:
ҚР-ң еңбек заңнамасының ережелеріне сәйкес мемлекеттік бақылаумен еңбек инспекторы айналысады.Белгіленген тәртіп бұзушылыққа байланысты ҚР-ң еңбек инспекторы төмендегідей акт шығарады:
- алдын ала жазба;
- әкімшілік тәртіп бұзу туралы хаттама
- әкімшілік тәртіп бұзуға байланысты өндірісті тоқтату туралы бұйрық;
Мемлекеттік еңбек инспекторының актылары физикалық және мемлекеттік адамдар үшін (133 бап) жасалынады.
Актылардың формалары еңбек бойынша мемлекеттік жауапты адаммен бекітіледі.
Еңбек қорғау жағдайын бақылау, жұмысшылардың еңбек қорғау ережелеріне сәйкес орындалу фактілерін анықтаумен жүргізіледі. Олар:
-І саты – ауысым басшысы, аймақ мастері, механик, энергетик күнделікті жүргізеді.
-ІІ саты – цех басшысы еңбек қорғау бойынша инженермен бірге апта сайын жүргізеді.
- ІІІ саты – бас инженер бастаған комиссия квартал сайын жүргізеді.
Әр айдың соңғы бейсенбісі еңбекті қорғау күні болып есептеледі. Бөлім басшысы еңбек қауіпсіздігі, ауру себептерінің нәтижесі туралы анықтама жасап отырады.