Түсіндірме беретін жазба
Заң факультеті
Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік
және студенттік сұрақтар бойынша
проректор
_____________ М.Ж. Мальтекбасов
«___»_______________ 2015 ж.
Қазақстан Республикасының салық құқығы пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандық: 5В030100 «Құқықтану»
Оқу формасы: күндізгі
Талдықорған 2015 ж.
Оқу-әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В030100 «Құқықтану» мамандығына аға оқытушы А.М. Байжуманова құрастырған
__________________________
(оқытушының қолы)
Мемлекеттік,азаматтық- құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды
«____»__________2015 ж. № ____ хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________ з.ғ.к. доцент Г.К. Копбасарова
«____»__________ 2015 ж. №____ хаттама
Заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған
Әдістемелік бюроның төрайымы _____________ А.Б. Жүніспаева
Заң факультеті
Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
С И Л Л А Б У С
Қазақстан Республикасының салық құқығы пәні
Мамандық: 5В 030100 «Құқықтану»
Оқыту түрі: күндізгі
курс: 1
семестр: 3
кредит саны: 2
барлық сағат саны: 90
барлық дәрісханалық сағат: 45
дәріс: 15
практикалық сабақтар: 15
СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ): 60
Аралық бақылау 2
Емтихан: 3 - семестр
Талдықорған 2015 ж.
Түсіндірме беретін жазба
Бүгінде салыктардын және олардың жұмыс істсуінің кұкықтық камтамасыз етілуі біздің коғамдағы атышулы мәселелер қатарына жатады. Салықтар мемлекет кірісінің негізгі түрі болып табылады және коғам мүдделі әлеуметтік бағдарламаларды каржыландыру көзі ретінде қызмет етеді. Осы орайда мемлекет алдында салық жүйесінің тиімді жұмыс істеуін құкықтык камтамасыз ету механизмін құру міндеті туындайды.
Қазіргі уақытта салықтық құқықты білу және игеру заңгерлерді кәсіби дайындау барысында маңызды рөл атқаруда. Өйткені салык заңнамасы коғам өмірінің нақтылы аясындағы қатысушылар арасында курылатын тиісті құқықтық қатынас моделін қалыптастырады. Салыктық құқықтық мемлекеттік органдарға да, салық төлеушілер заңды және жеке тұлғаларға да тікелей қатысы бар. Осы орайда әрбір азаматтың салык заңнамасын білгені де дұрыс әрі қажет болады.
Осы бағдарлама салықтық құқық саласындагы теориялық және әдістемелік проблемаларды зерделеуге арналады.
Жоғарғы оку орындарыңда «Қазақстан Республикасының салықтық кұқығы» курсын зерделеу мақсаты салықтық құқықтың теориялық негіздерін, салық салу практикасын және казіргі кезде мемлекеттік бюджетке төленетін салықтар мен баска да міндетті төлемдер туралы заңнаманың негізгі проблемаларын танып-білу болып табылады.
Осы курсты зерделеудің негізгі міндеттеріне: 1) салық жүйесінің, мемлекеттік салықтық қызметінің ұғымын жүйелік жағынан қарастыру және меңгеру; 2) колданыстағы салық заңнамасы нормаларын салық салу практикасында қолдануға орай туындайтын проблемаларды талдау; 3) курсты зерделеу барысында алынған теориялық білімді жадында бекіту үшін өз бетімен жұмыс істеуге машықтануды дамыту жатады.
«ҚР салықтық құқығы» курсын зерделеу кезінде Қазакстан Республикасы Конституциясының, салык заңнамасы мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің салық салуға қатысты ережелеріи ескерген жөн. Сонымен бірге салык заннамасын салық салу практикасында қолдану туралы арнаулы акпараттық - талдамалы шығарылымдар ерекше орын алуға тиіс кезеңдік басылымдарға мұқият назар аудару кажет.
Салык заңнамасының баска құкық салаларымен аралық қатынасын есепке ала отырып салық құқық курсын зерделеу студенттердің «Мемлекет және құқық теориясының негіздері», «Экономикалық теория», «Конституциялық кұқық», «Әкімшілік құқыгы», «Қаржылык құкық», «Азаматтык кұқық» сияқты пәндерді білуіне негізделеді. Мемлекет және құкық теориясы салалық және басқа да заң пәндері жөніндегі нактылы білімді игеруге мүмкіндік беретін мемлекет пен құкықтын негізгі ұғымдары мен категориялары туралы алғашкы түсіндірмелер береді.
Мемлекеттің салыктарды белгілеу және қолданыска енгізу жөніидегі қызметі конституциялық - құқықтық реттеу пәні болыптабылатындықтан конституциялық құқықты білген жөн. Салықтыққұқықтың процессуалдық нормаларының салық салу саласындағы мемлекеттік басқаруды және осыған байланысты басқарушы қатынастарды регламенттейтінін, сондай-ақ мемлекеттің салықтық қызметін жүзеге асырудың заң нысаны ретінде көрініс табатынын есепке ала отырып әкімшілік құқықты да білген дұрыс болады. Азаматтық заңнама нормалары салықтық құқықта кеңінен қолданылатын тұлғапардың құқықтық мәртебесі, меншік құқығы ұғымдарын және өзге де ұғымдарды белгілейді.
Бюджеттік және салықтық құқық қаржылық құқық жүйесіиің өзара байланысқан маңызды институттары болып табылады. Қаржылық құқықтың негізгі бөлімі және ерекше құқықтық құралым болып саналатын осындай салалық бөліктер мемлекеттік билік кірістерін қалыптастыру мәселелерін реттейді. Салықтық құқық салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеу жөніндегі қатынастарды, ал бюджеттік құқық бюджет кірісін салыктық тәсілдер негізінде қалыптастыруға және қайта белуге байланысты қатынастарды реттейді. Осындай ерекшеліктерді білу салықтық құқық нормаларын кешенді және жүйелі тұргыдан қолдану кезінде қажет болады.
Осы курсты зерделеу нәтижесінде студенттер:
салықтық құқықтың, салықтық құқықтық нормалардың және салықтық құқықтық қатынастардың негізгі ұғымдарын білуге әрі жадына түюге;
қолданыстағы салық салу жүйесінің сипаттамасын, мемлекеттік бюджетке төленетін салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің айырмашылығы мен аралық қатынастарын әрі олардың өзіне тән белгілерін танып - білуге;
салық салуға және салықтық қызметке, сондай-ақ мемлекеттің салык, жүйесін құру проблемаларына қатысты нормативтік құқықтық материалды меңгеруге;
ықшамды салық салу, салықтық юрисдикция мәселелерімен танысуға, салық заңнамасының негізгі принциптері мен ережелерін білуге;
салықтық құқықтық қатынастар субъектілерінің шеңберін белгілей білуге, салықтың құқықтық қатынастың мәндет жүктелген тарапы салық төлеушінің мәртебесін және салықтық құқықтық қатынастың құқық берілген тарапы мемлекеттік өкілдері уәкілетті органдардың мәртебесін айқындай алуға;
салықтық құқықтық қатынас субъектілерінІң жеке құқықтары мен заңды міндеггерінің мәнін, олардың өзара іс-әрекетгерінің механизімін түсінуге;
салықтық құқықтық қатынастар субъектілерінің заңдылық жауапкершілігін, оны салық заңнамасын бұзғаны үшін іске асыруды (қолдануды) білуге тиіс.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
«Салықтык кұкық» оқу курсының зерделеу обьектісі:
1) кұқықтық ғылым ретіндегі сапықтық құқық;
2) құкықтық құралым ретіндегі салықтык құқық:
3)салықтар және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер
туралы заңнама;
4)колданыстағы салық заңнамасы нормалары мен практикалық
кызметте қолдану болып табылады.
Салықтық кұқық ғылым ретінде және құқықтық құралым ретінде көрініс табады.
Салыктық кұқык мемлекеттік салықтық кұрылымын айқындайтын, салық жүйесін белгілейтін. сондай-ак салык салу аясында туындайтын катынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтыгын білдіреді. Мысалы, салыктық кұқыктық нормалары мемлекетте кандай салыктардын алынатынын, оларды кімдер төлейтінін, оларды қандай органдардың алатынын және салықтар мен бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдердің уақтылы және толығымен төленуіне кандай органдар бакылау жүргізетінін нақтылы көрсетеді. Салыктық құқықты салыктық құкықтық нормаларды іске асыру иәтижесінде құрылатын салыктық құқықтық тәртіп ретінде де түсінуге болады.
Салықтық құқык проблемаларын ғылыми зерттеудін теориялық және практикалық маңызы өте зор. Салықтык құкық ғылымы салықтық құкықтық нормаларды талдайды, оларды толтастырады және жүйелендіреді. Салыктық кұкық ғылымы қоғамдық катынастарды реттемейді және субъектілердін мінез-кұлықтары мен іс—кимылдарың айқындамайды. Ол негізгі салықтық құқықтық категорияларды және салықтық құқықтық нормаларды зерделейді, ұсыныс – тұжырымдамаларды әзірлеу және ұсыну жолымен салык заңнамасын әзірлеуге және жетілдіруге септігін тигізеді. Осы мән-жай мемлекетік салык салу аясындағы қызметінің экономикалық тиімділігін жоғарылатуға және салықтық қызмет барысында заңдықты күшейтуге мүмкіндік береді.
Осы орайда бастапқы кездерде салыктык кұкық ғылымын меңгеру кажет. Салықтык құқықты ғылыми зерделеу нәтижесінін негізінде салыктык кұқык саласындагы білімді игеру негізі жатады. Мәселен, қолданыстағы қандай болмасын салықка қатысты салық салу ережелерін сауатты пайдалану үшін осы салықтың теориялык маңызы-мәнін жете түсіне-білу кажет.
Салықтық кұқық ғылымы тисті мақалаларда, монографияларда, оқу құралдарында және салықык құкық жөніндегі оқулықтарда көрініс табады. Салықтык кұкық - мемлекеттегі белгілі бір тәртіпті белгілейтін заң нормалары жүйесі. Салыктык құкык ғылымы - салыктык кұкык саласынлағы білім жүйесі, мамандар карастырып, дайындайтын және университеттер мен заң ииституттарында дәріс беруге арналған пән.
Салықтық құқық ғылымы өзінің арнаулы болмысы мен өзінің зерттеу объектісі бар заң ғылымының бөлігі. Осы зерттеу объектісіне орай салыктық құқық басқа заң ғылымдарынан өзгешеленеді. Салықтық құқық ғылымының пәніне салықтық құқық және салық салу туралы білім жүйесі жатады.
Салықтық құқық ғылымының объектісі мен мазмұны оның танымдық әдісімен тығыз байланысқан. Егер қылымның пәиі қай объектіні зерделеу қажеттілігі жөнінде айтса, ал әдісі осы объектіні қандай амалдардың және тәсілдердің көмегімен зерделеуге, зерттеуге болатынын мәлімдейді.
Құқтық ғылым әдісі - бұл нақты заң қылымдарында пайдаланылатын, сондай-ақ олардың әдіснамалык негізін құрайтын танымдық әдістер жүйесі. Салықтық құкық ғылымы: формальды -догматтық әдісті; басқа ғылымдарға шолу жасау әдісін; салыстырмалы -құқықтық зерттеу әдісін; нақтылы - социологиялық зерттеу әдісін; салыстырмалы - тарихи әдісті; бейнелі таным әдісін; жүйелі, логикалық, статистикалық әдістерді қолданады.
Салықтық құқык ғылымы Қазақстан заң ғылымдарының ішіндегі ең жас ғылым қатарына жатады. Оның қарқынды дамуының негізін тоталитарлық режимнен азаматтық қоғамға көшу жолын жаңа кезең бастауында саралаған нарықтық қатынастарға көшу процесі құрады. Осы орайда қоғам өмірінің экономикалық - шаруашылық, саяси - құқытық және әлеуметтік - мәдени аялары басты өзгерістерге ұшырады. Салықтық құқық ғылымы тиімді салық жүйесін құруға мүдделі мемлекет таранынан да және салық төлеушілер, ғалымдар мен мамандар тарапынан да сұранысқа ие болды.
Қоғамның жаңадан туындайтын қажеттіліктері мен мүдделері, салық заңнамасына жиі енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар салык салу саласында және салықтық қатынастарда қолданылатын заңнаманы ұдайы ұғыну-түсіну, сондай-ақ оның тиімділігін зерделеу қажеттілігін мәлімдейді. Сондықтан қазіргі жағдайда салықтык құқық ғылымнын заңдылықтары мен даму тенденцияларын, сондай-ақ іс-әрекет механизмі мен көрінісін анықтау үшін оны одан әрі зерделеу қажет.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1-такырып. Қазіргі заманғы мемлекет өміріндегі салықтардың
Ымы және рөлі.
Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының коғамдык -экономикалық және саяси себептері, бастаулары мен жағдайлары.
Салық каржылык құқықтық категория ретінде. Салықтык төлемдердің белгілері. Салыктың басқа міндетті төлемдер түрлерінен айырмашылығы.
Салыктардың функциялары: ұғымы, түрлері, аралық катынастары. Фискальдық, реттеуші, әлеуметтік, бақылаушы функциялар.
Салықтық төлемдерді топтастыру. Салыктардың негізгі топтастыру белгілері мен топтастыру топтары.
Салықтардың қоғам өміріндегі әлеуметтік - экономикалык рөлі.