Азақстандағы тікелей шетелдік инвестициялар, экономикады олардың рөлі мен орны

Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Қазақстан экономикасы мембюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін елеулі, ауқымды ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқы байланыстарды өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тарту экспортқа бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат өндіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде валюта қорын толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның айырбастылығын күшейтуге мүмкіндік берді. Осылайша импорттық тауарлар үшін, шетелдік инвесторлар үшін қызықтырғыш ішкі рыноктың тартымдылығы артты, экономиканы тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалды. Шетелдік инвесторлар мен біздің мемлекеттің мүдделерін ұштастыру оңай міндет емес. Негізінен олар өнеркәсіптің барынша тартымды салалары бойынша үйлеседі. Мақсатты шаралардың нәтижесінде шетелдік күрделі қаржыны тарту жөнінде қолайлы ахуал қалыптастыру мүмкін болды. Шикі мұнай және ілеспе газ өндіру, қара және түсті металлургия секілді салаларға тікелей шетелдік инвестициялар 2009 жылы 2,7 млрд. доллардан астам болды. [2].
Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі нәтижесінде қорлар ескіруінің келеңсіз үрдісін еңсеру мүмкін болды. Жаңару коэффициенті мұнай-газ өндіруде — 10,9 пайызға, металлургиялық, рудалар өндіруде, металлургияда 6,6 пайызға жетті. Отын саласының, түсті және қара металлургияның үлесі үстем бола түсті. Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді:
1. Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1999 жылдан 2009 жылға дейінгі кезенде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1-ші орынды алады.
2. Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді.
3. Әлемдік рынокка шығу және әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді. Алдағы он жылда Қазақстан еліміздегі ең ірі көмірсутекті кеніштерді игеруге жалпы көлемі 30 миллиард доллар инвестиция тартатын болады. [3]. Аталған мерзім аралығында ел экономикасы 3,5 есе өседі. Лондонда өткен «Қазақстан – болашаққа жол» атты халықаралық конференцияда Қазақстан Президенті осындай мәлімдеме жасады. Қазір Қазақстан экономикасына тікелей тартылған шетелдік инвестиция көлемі 50 миллиард шамасында болып отыр. Бұл Орталық Азия аймағына келіп жатқан инвестицияның 80 пайыздан астамы. Алдағы он жылда мұнай, газ, басқа да табиғат байлығы салаларын игеруге тағы 30 миллиард доллар жұмсалмақ. Ал өндірісті дамытуға арналған ішкі инвестиция көлемі 20 миллиард доллар шамасында болып отыр. Қазақстан өз кезегінде мұнай, газ және басқа шикізат ресурстарына баламалы экономика саласын барынша дамытуды көздеп отыр. Бұл – нақты айтқанда, бірқатар көрсеткіштерге жетудің көзі ғана емес, экономиканы жүйелі дамыту үшін өндірістік құндылықтарды арттыру деген сөз. Біздің жаңа стратегиялық мақсатымыз – өндірісті, аграрлық саланы және экономиканың ғылыми-техникалық саласын дамытуға арналады. Қазір Қазақстан өзінің инвестициялық жағдайын жақсарту жолында жұмыс істеуде.

Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті”. Біз үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әрбір қадамнан қорытынды шығаратын, сол арқылы алдағы міндеттерді нақтылайтын кез келді. Бұл тұрғыда елдің ішкі өмірінде инвестиция салуға қолайлы ахуал, яғни саяси тұрақтылық қалыптастыру қажеттігін, шетелдік инвестициялар салу үшін құқықтық нормативтік базаның болуын, инвесторларға жеңілдіктер берілуін, олардың жұмыс істеуі үшін мүмкіндік туғызуды атауға болады. Геосаяси тұрғыдан Орталық Азия өңірі сілкіністер мен жарылыстарға жақын тұрған өңір ретінде сипатталатыны белгілі. Солай болса-дағы Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялар көлемі соңғы уақытта екі есеге дейін ұлғайған. Мұның өзі әлемдік қоғамдастықтың Қазақстандағы тұрақтылық пен оның инвестициялық әлеуетін жоғары бағалайтынын көрсетеді. Соңғы он жылда республика экономикасына 30 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылған. Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен жаңа арналарының ашылуы халықаралық инвесторларды біздің елмен белсенді ынтымақтасуға ынталандырып отыр. Шетелдік инвестицияны тартудың проблемалары мыналар: елімізге қосымша инвестициялар тартуда, жаңа технологиялар мен сапаның жаңа стандарттарына жету жолында Қазақстанға әлі де көмек, қолдау қажет екені анық. Бізде экономикалық белсенді халық саны әлі де болса шектеулі екені белгілі. Екінші жағынан, бүгінде елде өндірістің өсу қарқыны жоғары. Мұның өзі мемлекетке оның әр түрлі салалары бойынша кәсіби шеберлігі жоғары кадрлар әзірлеуді күн тәртібінен түсірмеуді жүктейді. Бұл ретте шетелдің озық тәжірибелерінен үйренгеннің ешқандай жаттығы болмаса керек. Елбасы ойы бізге осы қағиданы меңзейді. Республикамызда қолға алынған индустриялық-инновациялық жүйе де бірінші кезекте білікті кадрларға деген сұранысты туғызады.

Бюджеттік жіктеліну

Бюджеттерді құрастыру мен атқару олардың нысанды та-ғайындауына сәйкес болуы үшін кірістердің қайнар көздерін регламентациялауы және бюджеттік қаражаттарды бюджетте қарастырылған шығындар көлемі мен бағыттарына сәйкес жұм-салуы тиіс. Кірістердің қайнар көздері мен бюджеттік ақша бөлу бағыттарын регламенттеу - ол бюджет құрастыру мен атқарудың міндетті шарты. Бұл шарт кірістер мен шығындарды топтау арқы-лы, яғни кірістерді формалар мен түрлері бойынша, ал шығындар-ды шаралар мен нысанды тағайындары бойынша біріктіру жолы-мен іске асырылады. Мұндай кірістер мен шығындарды топтасты-ру бюджеттік жіктеу деп аталады. Бюджеттік жіктеу бюджеттен нысанды қаржыландыру, бюджеттік қаражаттар пайдалануына қаржылық бақылау және бюджеттік тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге мумкіншілік береді.
Бюджеттік жіктеудің негізі болып әлеуметті-экономикалық, ведомствалық және аумақтық белгілері бойынша кірістердің қа-лыптастыру мен құжаттардың жұмсалатын бағыттары және олар-дың құрамы мен құрылымын көрсететін көрсеткіштер топтауы табылады. Бюджеттің кірістері мен шығьгадарының, оның тапшы-
лығын өтейтін кайнар көздерінің мұндай топтастыруы бюджетті құрастыру мен атқаруда пайдаланады, барлық деңгейдегі бюджет-тер көрсеткіштерінің салыстырмалығын қамтамасыз етеді және бюджеттік процеске ақпараттық технологиялар енгізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс бюджеттер-дің барлық деңгейлеріне бірдей және міндетті бірыңғай бюджет-тік жіктеу негізінде іске асырылады. Бюджеттік кодексте берілген анықтамаға сәйкес бірыңғай бюджеттік жіктеу - ол бюджеттің кірістері мен шығындарының функционалды, ведомствалық және экономикалық сипаттамалар бойынша және бюджеттің жіктеу объ-ектілеріне анықтамалық атаулар мен топтастырулық код бекітіл-ген міндеттілік топтастыру. Бірыңғай бюджеттік жіктеу бюджет түсімдерінің жіктеуі мен бюджет шығындарының функционалдық және экономикалық жіктеуінен түрады.
Бюджет жіктеуін құру принциптері бюджеттің кірістері мен шығындарының экономикалық мазмұны, ұлттық экономиканың құрылымы мен басқару жүйемен дәлелденеді. Кірістердің қайнар көздерін топтастыру мен бюджет шығындарының мақсаттарын анықтаудың негізгі мәні ең алдымен мұндай реттемел^ барлық бюджеттік процестің әрекеті мен тиімділігінің және қаржылық бақылаудың міндетті шарты арқылы қорытылады. Осыған байла-нысты бюджеттік жіктеу айқын және анық болуға және де кіріс-тердің экономикалық, ведомствалық, аумақтық қалыптасуы мен бюджеттік құжаттарды пайдалану бағыттары, олардың құрамы мен құрылымы жөнінде толық түсінік беруге тиісті.
Бюджеттің кірістері мен шығындарын детализациялау бюд-жетке кіретін мәліметтерді тексеру мен салыстыруын, ведомство-лар мен мекемелер бойынша түсімдер мен шығындардың динами-касы мен құрылымын анықтауын қамтамасыз етеді. Жіктеу бюд-жеттердің жалпы жиынтығын құруға, оларды талдауға, бюджетті атқаруы мен нысанды пайдалануын және қаржылық тәртіпті сақ-тауды бақылауға мүмкіншілік береді. Түтас айтқанда бюджеттік жіктеу бюджеттердің барлық түрлерін құру мен атқарудың бірік-кен әдістемелік негізі болып табылады.
Басқарудың жүйесі мен әдістерінің дамуына байланысты бюд-жеттік жіктеу де өзгереді және жетілдіріледі. Мысалы, Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап бюджет ағымдағы бюджет (ағымдағы шығындар) және даму бюджетіне (күрделі шығындар) бөлінеді. Бюджеттің мұндай формаларда болуы заңнамалармен мемлекетке жүктелген функциялардың орындауының нақты құнын бағалауға, елдің әлеуметті-экономикалық дамуына жұмсалған инвестиция көлемін анықтауға және бюджеттік бағдарламалар-ды бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, осы бюджеттер түрлері бойынша анықталған мәліметтерді басқару жүйесінде пайдалану бюджеттік ақша қаражаттарының нақты қозғалысын бағалауға және әлеуметті-экономикалық процестерді іске асыруға уақытымен әсер етуге, бюджеттік ресурстарды қалыптастыру мен жүмсау жөнінде дәлелді қорытындылар мен үсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

Билет

Проблемалық несиелер қоры» АҚ-ның мақсаттары, міндеттері, қағидалары және оның Қазақстан Республикасындағы қызметінің ерекшеліктері

.«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ (бұдан әрі – «ПКҚ» АҚ) әділет органдарында 2012 жылғы 11 қаңтарда тіркелді. «ПКҚ» АҚ-ның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.

«ПКҚ» АҚ қызметінің негізгі мақсаты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталған шараларды іске асыру болып табылады.

«ПКҚ» АҚ қызметінің негізгі түрлері мыналар болып табылады:

– екінші деңгейдегі банктердің проблемалық кредиттерін сатып алу;

– екінші деңгейдегі банктерден сатып алынған активтерді басқару;

– өз қызметін қаржыландыру үшін борыштық бағалы қағаздар эмиссиясы.

Наши рекомендации