ISO 9001 стандартының ерекшеліктері неде?

СМЖ енгізуге байланысты іс-шаралар кешенін және элементтерін әзірлеу

ISO 9001 халықаралық стандартқа сәйкес менеджмент сапасының жүйесі

Әрбір кәсіпорын үшін ISO 9001 негізгі халықаралық сапа стандарттары болып табылады. Оның көмегімен менеджмент сапасының жүйесі құрылады, қысқаша МСЖ.

ISO 9001 стандартының ерекшеліктері неде?

- Сапа жеке өнім үшін ғана емес, бүкіл кәсіпорынның жұмыс шегінде қарастырылады.

- Стандартты қолдану үшін аймақтық немесе басқа шектеулер жоқ, оны кәсіпорынның әрбір меншік түріне, әрбір көлемде және әрбір елде пайдалануға болады.

- Стандарт халықаралық сертификаттауға өтуге рұқсат береді. ISO 9001 халықаралық сертификат әлемнің әрбір нүктесінде танылады.

Сонымен бірге стандарт ISO 9001 қолданылуы бойынша нақты техникалық немесе басқа нұсқауларды қамтымайды, сондықтан ол түсініктемені (яғни зерттеуді) және әрбір кәсіпорынға жеке бейімделуді (яғни қолдануды) талап етеді [10].

Кесте 11- ҚР СТ ИСО 9001-2009 құрылымы

Қолданылу саласы  
1.1 Жалпы ережелер
1.2 Қолдану
Нормативтік сілтемелер
11-Кестенің жалғасы
Терминдер мен анықтамалар
Сапа менеджменті жүйесі
4.1 Жалпы талаптар
4.2 Құжаттамаға қойылатын талаптар
Басшылық жауаптылығы
5.1 Басшылықтың міндеттері
5.2 Тұтынушыға қарай бейімделу
5.3 Сапа саласындағы саясат
5.4 Жоспарлау
5.5 Жауаптылық, уəкілеттік жəне ақпарат алмасу
5.6 Басшылық тарапынан талдау
Ресурстар менеджменті
6.1 Ресурстармен қамтамасыз ету
6.2 Адам ресурстары
6.2 Инфрақұрылым
6.3 Өндірістік орта
Өнімнің өмірлік циклінің процестері
7.1 Өнімнің өмірлік циклінің процестерін жоспарлау
7.2 Тұтынушылармен байланысты процестер
7.3 Жобалау жəне əзірлеу
7.4 Сатып алулар
7.5 Өндіру жəне қызмет көрсету
7.6 Мониторинг жəне өлшеулер үшін жабдықтарды басқару
Өлшеу, талдау жəне жақсарту
8.1 Жалпы ережелер
8.2 Мониторинг жəне өлшеу
8.3 Сəйкеспейтін өнімді басқару
8.4 Деректерді талдау
8.5 Жақсарту

Сапа саласындағы саясат – жүйенің негізгі құжаты. Ол СМЖ-ның қалыптасуын және қызметінің мақсатын, сонымен қатар қойылған мақсаттарға жету бойынша жоғары басшылықтың міндеттерін белгілейді [11].

Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясаттың:

a) ұйым мақсаттарына сəйкес болуын;

b) сапа менеджменті жүйесінің талаптарға сəйкес болуын жəне нəтижелігін ұдайы жақсартуға арналған міндеттердің болуын;

c) сапа саласында мақсаттарды белгілеу жəне талдауға арналған негіздерді құруын;

d) ұйым қызметкерлеріне жеткізілуі жəне оған түсінікті болуын;

e) жарамдылыққа ұдайы талдануын қамтамасыз етуі қажет.

Стратегия - Қазақстан Республикасының Заңнамалық талаптарын орындау. Қазақстан Республикасындағы қолда бар ресурстарын пайдалана отырып, өндірістік міндеттеріне сәйкес стратегиялық басымдықтарды дамытуын қамтамасыз ету. Қызметкерлердің өндірістегі құқықтық, экономикалық, әкімшілік-ұйымдастыру жағдайларын және моральдық-психолгоиялық климатын сақтау үшін жағдай туғызу, шығармашылық- кәсіби бағытта өзін-өзі жетілдіру, бизнес бағыттары бойынша әріптестерімен ашық және өзара сенімдік орнату арқылы жұмыстарын ұйымдастыру.

Кесте 12- СМЖ кәсіпорынға енгізу кезеңдері

Мазмұны Мақсаты Нәтижесі
1.1 Жобаны өткізуге дайындық
  СМЖ құру және оның жұмыс атқаруы барысында қолданылатын технологиялар және құралдар Кәсіпорында СМЖ жобасын өткізу жоспары жайында үшін жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру міндеттер құрамы мен тәсілдерін түсінетін әлеуетті қатысушылары  
1.2 Жұмыс тобына қатысушыларды Шебер 2.0 бағдармаласымен жұмыс істеу әдістеріне оқытып-үйрету Сапа жөніндегі құжаттар жүйесін алдағы уақытта қолдайтын мамандарды оқытып-үйрету Оқудан өткен қызметкерлер
1.3 Жобаны жоспарлау. Жұмыстардың нақтыланған құрамын,СМЖ жасаудың жоспар-кестесін құру және оларды кәсіпорын басшылығының бекітуі Жобаның жоспар-кестесін келісуі СМЖ құру жоспары
Жобаны іс жүзінде асыру
    12-Кестенің жалғасы
2.1 Кәсіпорынның бастапқы ұйымдық-қызметтік үлгісін құру. кәсіпорын, үдерістер жүйесін сәйкестендіру және бастапқы паспорттау оны ISO 9000 стандарты талаптарымен салыстыру. Атқарылатын қызметтердің,үдерістердің, құжаттардың тапшылыын анықтау Үдерістердің бастапқы ерекшеліктері. Оларды оңтайландыруа қойылатын талаптар
2.2 Кәсіпорынның стратегиялық үлгісін құру. Сапа, мақсаттар өзегі, үдерістер сапасы көрсеткіштерінің және оларды бағалау әдістерінің қосымша жүйесі саясатын әзірлеу Басқарудың стратегиялық және үдерістік деңгейлері байланысының тетігін құру Кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарының үдерістер көрсеткіштерінің қалыпқа келтірілген жүйесі
2.3 Кәсіпорынның үдерістік үлгісін құру. Кемеліне келу деңгейін бағалау және үдерістер үлгілерін жасау: мақсаттар мен көрсеткіштерді,ақпараттық қолдау тетіктерін айқындау, СМЖ үдерустерін паспорттау және құжаттау Толық сәйкестік және үдерістер жүйесін тиісті дәрежеде дамыту ISO 9000 стандарты талаптарына сай келетін кәсіпорынның әкімшілік үлгісі
2.4 Электрондық үлгіні пайдалана отырып, СМЖ құжаттамасының толық жинағын жасау және іске қосу, Құжаттарды порталды меңгеру жүйесін орнату және жұмысқа қосу ISO 9000 стандарты талаптары бойынша кәсіпорын қызметіне СМЖ құжаттарының жүйесін енгізу Кәсіпорын регламанттерінің толық жүйесі. Қуаттау және пайдалану үшін қолжетімді СМЖ құжаттамасы
3. Сертификаттауа дайындық бойынша қорытынды іс-шаралар
3.1 Сапа және ішкі аудиторлар жөніндегі уәкілетті түланы даярлау Сапа менеджменті саласында мамандардың болуы. Ішкі аудит үдерістерін іске қому үшін     аудиторлар тобын құру СМЖ әзірлеу,қолдау және жақсарту бойынша сертификат алған     маман. Қызметкерлердің оқудан өткен табы
3.2 СМЖ-ні тәжірбиеде пайдалану, ISO9001:2009 стандарты талаптарын орындау жөніндегі ішкі аудит және олардың нәтижелері бойынша түзету шаралары:СМЖ-ні іс-тәжірбиеде пайдалану барысында анықталан ауытқушылықтарды жою Кәсіпорында СМЖ-нің жұмыс атқаруын тексеру және реттеу Тиімді жұмыс атқаратын СМЖ
3.3 СМЖ құжаттмасының қорытынды аудиті және сертификаттауа дайындық.Сертификацияның тәуелсіз органын таңдау. Құрыған СМЖ-ның сертификацияға жарамдылығына қол жеткізу СМЖ-ні сертификаттауға өтінім

Наши рекомендации