Мемлекеттік қызмет реформасын құқықпен қамтамасыз ету

Мемлекеттік қызмет реформасының дамуы мен оның бөлімшелерін құқықпен қамтамасыз ету құқықтық саясаттың концепциясында негізге алынып, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26-қыркүйектегі N949 Жарлығымен мақұлданған. Концепция мемлекеттік бағдарламаның орындалу қорытындысын көрсетеді, сонымен бірге жаңа мемлекеттік қызметтің пайда болуы мен оның құқықтық базасын көрсетеді. Ең үлкен жетістік деп мемлекеттің конституциясының қабылдағанын айтуға болады, ол қоғам мен мемлекеттің стратегиялық дамуын анықтады, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын орнықтырды, сонымен бірге жаңа мемлекеттік институттардың жүйесін қалыптастырды.

Бұл бағытта толыққанды мынадай негізгі принциптер бекітілуі тиіс:

- Заңдылық. Конституция мен заң нормаларына сәйкес қолданылуы мен сақталуы, сонымен бірге нормативтік-құқықтық актілерге заңды негіздер;

- Адамның құқығы мен бостандығының басымдығы. Адам мен азаматтың мемлекет мүддесінің алдында құқығы мен бостандығының жоғары деңгейде болуы. Бұл орайда адамның құқығының басымдылығы мемлекет пен қоғамның мүддесімен бірдей ескерілуі қажет.

- Гуманизмдік. Бұл орайда тұлғаның жоғары қажеттілікті ескеруі, оның еркін даму құқығы және іскерлігін көрсету қоғамдық қатынастағы индивид ретінде жоғары сапалы баға ретінде бекітілуі;

- Қазақстандық патриотизм. Бұл қазақстандықтардың Отанға деген сүйіспеншілігін, берілгендігін әр уақытта көтеріп отыру;

Мемлекетік қызмет түрі заңда кадрлар саясатының негізгі түрі болып келеді, ол қазіргі жаңа бастамалар, қағидалар және басымдықтар, ол мемлекеттік қызметтің нақты элементтері ретінде ашық құқық институттары ретінде іріктеледі (кадрларды іріктеу, қызметтен өту). Мемлекеттік қызметтің түрі заңды кадрлар мүмкіндігі, жоғары кәсіпқойлық деңгейде мемлекеттік басқару саласында міндеттері мен функцияларды орындауды қамтамасыз ету керек.

Мемлекеттік басқару мен республикадағы мемлекеттік қызметті ұйымдастыруда құқықтық негіздерді жетілдіру, қабылданған шешімдердің сапасын жақсарту келесі іс-шаралар арқылы шешіледі:

- қоғамдық қатынастар саласында жіберілетін құқықтық жетіспеушіліктерді реттеу және толықтыру;

- халықтық қауіпсіздік мүдделеріне сай жаңа ғылыми заң жобаларын өткізуде тәжірибені жалғастыру және кеңейту;

- заңды қалыптандыру мақсатында пайдаланатын бірыңғай тізбе терминдері мемлекеттік және орыс тілінде болуы;

- барлық қабылданған заңдардың тиімді қолдануына жағдай жасау және қаржымен толық қамтамасыз етілу принципін сақтау;

- әкімшілік құқық бұзушылық, коррупциялық қылмыс жасаудың алдын-алу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына криминологиялық экспертиза тәжірибесін ендіру;

- заң жобалау іс-әрекетінің жоспарлауын жақсарту және перспективті жоспарлау (3 жылға) тәжірибесін ендіру.

Халықтың заңның барлық массивті жүйелерін жоспарлау жұмысын болашақта жедел орынға қою ұсынылады. Бұл орайда құқықтық реттеу талабы бар қоғамдық қатынастарға ғылыми талдау жүргізілуі қажет. Бұндай ғылыми талдау мемлекеттік органдардың нормашығарушылық іс-әрекетіне өзінің үлкен әсерін тигізеді, себебі ол қоғамдық қатынастың қоғамға қажеттілігі мен құрылымын анықтайды, заңмен реттелмеген және әр түрлі деңгейдегі реттеуді талап етеді.

Басқару қатынастарын дайындау және шешу кезіндегі әкімшілік құқықтық процедураларды жетілдіру ол жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің қабылдау сатысына да байланысты. Сонымен бірге заңның нормаларын қолдануда қосымша жағдайлар қарастырылған. Ол жергілікті мемлекеттік органдардың актісі міндетті тіркеуден өтуі, оның жалпыға бірдей мағынасы бар ведомствааралық сипаттамасы немесе азаматтардың құқығы, бостандығы мен міндеттері жайлы.

Қызметті ұйымдастыру проблемасы қорытындылауды қажет етеді және мемлекеттік секторда оның толық құқықпен қамтамасыз етілуі қажет. Бұл орайда әңгімен тек мемлекеттік қана емес, сонымен бірге азаматтың қызметі туралы болып отыр, ол бюджет саласындағы қызметкерлерді қамтиды. Бұл қызметкерлердің мемлекеттік функцияларын орындауы әлеуметтік салада азаматтың қызметтік кадрларды жалпы басқару жүйесін мемлекет көлемінде кіруін қамтамасыз етеді. Бұл мәселелердің заң деңгейінде шешілуі азаматтардың конституциялық құқығын мемлекет ісінде жүзеге асыруға көмегін тигізер еді және үміткерді мемлекеттік қызметке қойылған барлық талаптарына кәсіпқойлық дайындығы мен жақсы мамандарды іріктеуде көп септігін тигізеді.

Глоссарий

1. ҚР мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік –мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын ҚР Президентіне тікелей бағынышты және есепті мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі уәкілетті орган. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы № 453-I 23 шілде 1999 жыл, 5 бап,1тармақ.

2. Әкімшілік мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда қызметтік өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын саяси мемлекеттік қызметшілер қатарына кірмейтін мемлекеттік қызметші

«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы № 453-I 23 шілде 1999 жыл, 1бап.

3. Әкімшілік құқықсубъектілік – мемлекеттік қызметшінің лауазымдық құқықтарды иеленіп, құқықтық міндеттер атқаруына мүмкіндігі, яғни мемлекеттік қызметтік қатынастардың қатысушысы болу қабілеттілігі (мүмкіндігі).Уваров В.Н. Государственная служба.- Алматы. 1996. 121 б.

4. Әкімшілік жауапкершілік – әкімшілік заңнамамен қарастырылған тәртіпте әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін құқықбұзушыға қатысты (жеке немесе заңды тұлғаға) өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) әкімшілік жаза қолдану арқылы көрініс табатын құқықтық жауапкершіліктің түрі. Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан. Алматы. 2002. 130 б.

5. Әкімшілік рәсімдер дегеніміз – 1. Мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың мемлекеттік функцияларды және қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезіндегі шешімдер қабылдау, орындау және оларды рәсімдеу тәртібі; 2. Мемлекеттік аппарат жұмысын ұйымдастыру рәсімі; 3. Олардың құқықтарын жүзеге асыру бойынша азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін әкімшілік қорғау рәсімдері; 4. Экономика саласында шешімдер қабылдау рәсімдерінің негізгі бастаулары. «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңы № 107-II 27 қараша 2000 жыл,1 б. 1 т.

6. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық (немесе ұсақ көлемде пара алу) биліктік өкілеттіктер қолында шоғырланған төмен жалақы алатын қызметшілерге тән әрекет. Тұрысбеков З.Қ. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет. Астана. 2003. 15 б.

7. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы – ол мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығын, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілеттігін анықтау бойынша бекітілген рәсім. Таранов А.А. Административное право. Алматы. 2002. 87 б.

8. Мемлекеттік қызмет дегеніміз бағыныштылыққа негізделген және мазмұны бойынша мемлекеттің атынан атқарылатын және мемлекеттің нақты міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған қызметшінің мемлекетке бұқаралық құқықтық қатынасы. Брокгауза және Ефрон энциклопедиясы: XXX том. – СПб., 1900. – 437 б.

9. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін атқару бойынша қызметі. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы № 453-I 23 шілде 1999 жыл, 1бап.

10. Мемлекеттік (муниципалдық) қызмет – бұқаралық билік органдарындағы бұқаралық қызмет, әртүрлі құқық салаларының нормаларынан тұратын және көптеген ішкі институттарды қамтитын кешенді құқықтық институт. Старилов Ю.Н. Государственная служба в Российской Федерации. – Воронеж, 1996. – 9 б.

11. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік билік органдарының, сонымен қатар олармен құрылатын басқа да мемлекеттік органдар мен бұқаралық сипаттағы мекемелердің өкілеттіктерін жүзеге асыру бойынша қызметкерлердің тұрақты кәсіби қызметін ұйымдастыру. Тихомиров Ю.А. Курс административного права и процесса. – М.,1998 – 309 б.

12. Жұмыс орны – қызметкердің (немесе қызметкерлер тобының) өндірістік функцияларды орындауына икемделген кеңістіктің бөлігі. Сухарёв А.Я., Зорькина В.Д., Крутских В.Е. Большой юридический словарь - М.: ИНФРА-М, 1999.- VI.574 б.

13. Реформа – қоғамдық өмірдің қандай-да бір жағының (тәртіптің, институттардың, құрылымдардың) қайта құрылуы, өзгертілуі, қайта қарастырылуы; шартты түрде – кез-келген мазмұндағы жаңалық, бірақ реформа деп әдетте прогрессивті қайта құруды атайды. Сухарёв А.Я., Зорькина В.Д., Крутских В.Е. Большой юридический словарь.- М.: ИНФРА-М, 1999.- VI.597 б.

14. Мемлекеттік қызмет қағидаларының жүйесі – мазмұны мемлекеттік органдарға, азаматтарға, лауазымды тұлғаларға бағытталған және мемлекеттік билік жүйесінде, оның ішінде мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекеттік органдардың міндеттері мен функцияларын, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға арналған нормативті идеялардан тұратын және мемлекеттік органдардың конституциялық (жалпы), ұйымдастырушылық-функционалдық, салалық, арнайы және басқа да қағидалардың түрлерін қамтитын мемлекеттік қызмет қағидаларының жиынтығы.

Сапарғалиев Ғ.С. Правовые проблемы реформирования государственной службы суверенного Казахстана. Астана. 2003.29 б.

15. Қызметтік тергеу – қызметшінің теріс әрекет жасау жағдайларын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында ол туралы материалдар жинау және тексеру бойынша қызмет деятельность. «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы. 31 желтоқсан 1999 жыл № 321, 1б.

16. Кандидаттармен әңгімелесу – кандидаттардың кәсіби және жеке қаситеттерін бағалау мақсатында жүргізіледі. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін конкурс өткізу ережелері. № А-202 24 қараша 1999 жыл ,8 б.

17. Кандидаттарды тестілеу – бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін кандидаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және мүмкіндіктерін, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін объективті бағалау. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін конкурс өткізу ережелері. № А-202 24 қараша 1999 жыл ,7 б.

18. Қылмыстық жауапкершілік –қылмыстық құқық нормаларымен белгіленген лауазымдық қылмыстар үшін мемлекеттік қызметшілерге келеңсіз салдардың орын алуы арқылы көрініс табады.

Уваров В.Н. Государственная служба. Алматы. 1996. 160 б.

19. Мемлекеттік қызметшінің этикасы – мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерімен жалпы танылған этика нормаларынан туындайтын жүріс-тұрыс ережелері

20. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi - мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;

21. Мемлекеттiк лауазым - мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгі;

22. Мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi;

23. Мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;

24. Лауазымды адам - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүйеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындайтын адам

25. Лауазымдық өкiлеттiк - заңдарда белгіленген құқықтары мен негiзгi мiндеттерi бар мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiнін, нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген өкiлеттiк;

26. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын, лауазымдық өкілеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы;

27. Бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтi атқаруға үмiткер азаматтарға оның кәсiби даярлығының, деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты әкiмшiлiк қызметке сәйкес келуiн анықтау мақсатында қойылатын талаптар;

28. Мемлекеттiк саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi.

29. Ротация - мемлекеттiк саяси қызметшiлердi мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнің арасында лауазымдық ауыстыру.

Наши рекомендации