Ндірісті ұйымдастыру тәсілдері мен нысандары
Өндiрiстi ұйымдастыру, оны белгiлi бiр әдiстермен, нысандар арқылы жүргiзудi сипаттайды.
Өндiрiстi ұйымдастыруының негiзгi әдiстерiне:
· көпшiлiк /потокты/;
· сериялық /группалық/;
· жеке дара жүргiзу әдiстерi жатады.
Өндiрiстi ұйымдастырудың ағындық әдiсі бiрыңғай, бiркелкi өнiмдi көп көлемде үздiксiз шығарумен мiнезделедi.
Өндiрiстi ұйымдастырудың сериялы әдiсi өндiрiстiң өнiмнiң бiр түрiнен екiншi түрiне жеңiл ауысуын қамтамасыз ететiн өнiмдi сериялармен /кiшкене-кiшкене бөлiктермен/ шығарумен мiнезделедi. Потокты әдiспен ұйымдастырылған кәсiпорындардың жеке учаскiлерiнде қолдануға болады.
Өндiрiстi ұйымдастырудың жеке дара әдiсi өнiмнiң майда сериялармен және бөлек бiрлiктермен /жеке дара жоба бойынша/ шығарылуын мiнездейдi. Жеке дара өндiрiс жаңа, неғұрлым жетiлген өнiмдi шығаратын, тәжiрибелi өндiрiспен байланысты.
Өндiрiстi ұйымдастыру әдiстерiмен қатар оның нысандары да болады. Бұл:
· мамандандыру /специализация/;
· бiрлестiру /кооперация/;
· қиыстыру/комбинирлеу/;
· шоғырландыру /концентрация/.
Мамандандыру формасы кәсiпорын артынан өнiмнiң белгiлi бiр түрiн, номенклатурасын бекiту, яғни өнiмнiң белгiлi бiр түрiне мамандандыру.
Кәсiпорындардың мамандандырылуы олардың өндiрiстерiн бiрлестiруқажет етедi, яғни өнiмнiң белгiлi түрiн өндiру, шығару бағытында бiрлесе /бiрiгiп/ жұмыс iстеу.
Кәсiпорындардың мамандандырылуымен бiрлестiрiлуi өндiрiс iшiнде, яғни цех, учаскi, жұмыс орындарында еңбек бөлiнуiмен /мамандандырылуымен/ толықтырылады.
Өнеркәсiпте келесiдей мамандандыру түрлерi бар:
· технологиялық – дайын өнiмнiң жеке түрлерiн атқару;
· заттық - дайын өнiмнiң жеке түрлерiн шығару;
· бөлшектiк – жеке бөлшектердi дайындау;
Өндiрiс ұйымдастырудың негiзгi формаларының бiрi – қиыстыру.
Ұйымдастырудың бұл формасында бiр-бiрiне көмекшi роль ойнайтын салалар бiр кәсiпорында бiрiгедi. Шикiзат /мұнай/ мұнай өндеу зауытта немесе мұнай химиялық зауытта, әртүрлi сатыда бiрiнен соң бiрi, яғни кезекпен өнделедi.
Ұйымдастырудың тағы бiр формасы – шоғырландыру. Бұл ұйымдастырудың формасы өнiм өндiрiсiн неғурлым iрi кәсiпорындарында топтаумен мiнезделедi.
Шоғырландырудың артықшылығы:
· орнатылған қуаттын бiр өлшемiнiң азаюы;
· күрделi қаржылар үлесiнiң қысқаруы;
· құрал-жабдықты пайдаланудың жақсаруы;
· өндiрудiң технологиясын ұйымдастыруды жетiлдiру;
· материалдарды, шикiзатты және отынды тиiмдi пайдалануы;
· өндiрiстi басқаруға және оған қызмет етуге байланысты шығындар-дың қысқартылуы;
· ұжымның әлеуметтiк даму мәселелерiн табысты шешудiң мүмкiндiгi.
Ндiрiстi ұйымдастыру типтерiнiң ерекшелiктерi
Өндiрiс-тiң типi | Технологиялық ерекшелiктерi | Шығару-дың сипаты | Қайталануы | Процессті басқару мәселелерi | |
Көпшiлiк | Бұйым толық техноло-гиялық циклын өтедi, құрал-жабдықтың өзгеруi (ауысуы) аз болады, жоғары мамандандырылған еңбектi талап етпейдi. | Тұрақты және үздiк-сiз өнiм шығару | Қатаң белгiлен-ген но-менкла-тура (өнiмнiң түрi) | Өндiрiстік циклда тәртiп сақталады, ұсақ кемшiлiк-терi тез жойы-лады, ӨП тал-дау, тепе-теңдiгiнiң жолын оңай есептеуi | |
Сериялық | Әртүрлi бұйымдарға технологияның айыр-машылығы, өнiмнiң жылдам өзгеруi, әмбе-баптылық және өзге-рiстiлiк | Бұйымның көп номен-клатурасы-ның шыға-рудың тұ-рақтылығы | Шығару-дың бекi-тiлген реттелген партия-лары | Тапсырыс бойынша жос-парлау, тұты-нушыға және сұранысқа не-гiзделуi, бұйым шыға-руға минимум уақыт кетiру, өзiндiк құнын төмендету | |
Жеке даралық | Өнiм өте ерекше және күрделi, сұраныс аз, жобалық тапсырыс жасауға бағытталған өндiрiс, негiзгi шы-ғындарды жоғары ма-мандандырылған ең-бек және қымбат материалдарды талап етедi | Даналық, жобалан-ған бұйым дайын бол-ған соң | Сирек | Негiзгi мақсаты-өнiм шығару про-цесс уақытын қысқарту, өндiрiс ке-зеңдiлiктерiң келiстiру |
Дәріс 5. Еңбек ақыны ұйымдастыру
Еңбек ақы және оның түрлері
Тарифтік жүйе
Тарифсіздік жүйесі
1.Еңбек ақы құрылымы 3 бөліктен тұрады:
1. Жалпы жалақы;
2. Әлеуметтік сақтандыруға жасалатын нақты аударымдар;
3. Әлеуметтік сақтандыруға жасалатын шартты аударымдар.
Еңбек ақысың ұйымдастырудың принциптерi:
· әрбiр жұмыскердiң еңбек шығының мөлшерiн дәл есептеуiн қамта-масыз ету;
· өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру;
· еңбек өнiмдiлiгiнiң еңбек ақысымен салыстырғанда озық өсуiн қамтамасыз ету;
· жоғарғы мамандықтың, күрделi еңбектiң өтеуi, жәй, шала маманданған еңбекке қарағанда, жоғары болуы қажет;
· жұмыскерлердiң түрлi топтағы және категориялардағы жұмыс ақысының деңгейiн бөлудi және реттеудi мемлекет жүргiзедi.
Кесімді еңбек ақы – шығарылған өнімнің есебі бойынша анықталады. Ол кезде өнімді шығаруға кеткен уақыт, шыққан өнімді уақытқа байланысты мөлшерлеу, тапсырыстың уақытпен орындалуы есепке алынады. Табыс мына формула бойынша есептелінеді:
ЕА = КБ * ӨМ,(1)
мұндағы: ЕА – еңбек ақы;
КБ – өнім бірлігінің кесімді бағаламасы;
ӨМ – дайындалған өнімнің мөлшері.
Еңбек ақы төлеудің кесімді нысаны бірнеше жүйелерге бөлінеді:тікелей кесімді;кесімді-сыйлықақы;үдемелі кесімді;жанама кесімді;акакордтық.
Тікелей кесімді жүйе кезінде еңбекке ақы өндірілген өнімнің бірлігіне қарай төленеді.
Кесімді сыйлықақы төлеу жүйесі кезінде жұмысшыға тікелей кесімді бағалама бойынша табыстан тыс, жұмыстың алдын ала беллгіленген, нақты сапалық және сандық көрсеткіштерін орындағанын және асыра орындағаны үшін сыйлықтар төленеді. Бұл кезде мына формула қолданылады:
ЕА = P*Q(1+(p+k*n)/100) (2)
мұндағы: ЕА – еңбек ақы;
P - әрбір өнімнің кесісді бағасы;
Q - шығарылған өнім көлемі;
р - белгіленген көрсеткіштерді орындағаны және сыйақылау шарты үшін сыйақының тарифтік ставкаға проценттік көлемі;
k - әрбір белгіленген көрсеткіштің процентіне мөлшерден асыра орындағаны үшін сыйақы;
n - белгіленген көрсеткіштерді мөлшерден асыра орындау проценті.
Үдемелі кесімді еңбек ақы төлеу жүйесі мөлшерді орындағаны үшін, тікелей кесімді бағаламалар бойынша төлемдерді қамтиды, ал мөлшерден тыс өндірулер кезінде жоғарғы бағалама бойынша төлемдерді қамтиды.
Еңбек ақы төлеудің кесімді түрін ұжымдық түрде немесе әрбір нақты қызметкерге жеке қолдануға болады..
Жанама кесімді еңбек ақы төлеу көбінесе қосалқы және қызмет көрсететін өндірістерді (көлік құралдарының жүргізушілері, реттеушілері, жөндеушілері және т.б.) жұмыс жасайтын жұмысшыларға қолданылады.
Аккордтық кесімді жүйе жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған мөлшерлер мен бағаламаларды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтаймыз.