Ші модуль. басҚарушылыҚ талдау

[gl] 5 ТАҚЫРЫП. БАСҚАРУШЫЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ [:]

Сабақ мақсаты: Басқарушылық талдаудың әдістерін студенттерге үйрету және тәжрибе жүзінде қолдануды жасау

Түйінді сөздер:

Дәріс жоспары(1 сағат)

1. Басқарушылық талдаудыңмәні, міндеттері, ролі және маңызы

2. Қаржы және басқарушылық талдау арасындағы өзара байланыс

3. Басқарушылық талдаудың мазмұны және негізгі кезеңдері, ақпарат көздері

Басқарушылық талдаудың пәні болып объективті (сыртқы) және субъективті (ішкі) факторлардың әсері нәтижесінде туындайтын шаруашылық процесстер табылады. Сыртқы факторлар экономикалық заңдардың іс - әрекетін кӛрсетеді. Субъективті факторлар тұтастай және толығымен адамнан тәуелді болатын оның нақты қызметімен байланысты. Табысты шаруашылық ету ӛндірістік ұжыммен шебер жетекшілік етумен, қаржыларды, экономиканы, ӛндірісті дұрыс ұйымдастырумен анықталады. Басқарушылық талдаудың кешенді сипаты бар, ӛйткені шаруашылық қызметін талдау процесінде нақты пайда болған ӛзара байланыс пен ӛзара тәуелділік және белгілі бір ӛндірістік және қаржылық факторлардың ықпалынан кәсіпорын қызметінің ақырғы қорытындылары зерттеледі. Осыдан басқарушылық талдаудың мақсатын бӛліп кӛрсетуге болады - жеткен нәтиженің бағасы және кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру резервтерін айқындау.

Талдауға ғана қатысты объектінің бӛлігін атап кӛрсету үшін шаруашылық қызмет процесінің мән маңызын нәтижелеу қажет. Процесс - бұл себепті шартталған жағдайдың ағымы, құбылыстың ауысымы, кӛзделген мақсат немесе нәтиженің объект жағдайымен сәйкестігі. Дегенмен, басқарушылық талдаудың пәні болып нәтиже емес, шаруашылық қызмет нәтижесінің қалыптасуы мен ӛзгерісінің себептері табылады. Қызметтің әр түрлі жақтарының себеп - салдарлық байланыстарын ашқаннан кейін ғана шаруашылық қызметтің негізгі нәтижесінің қандай да бір фактор арқылы қалай ӛзгеретінін кӛруге және кез-келген басқарушылық нәтижені дәлелдеуге болады. Сонымен, басқарушылық талдаудың пәні болып кәсіпорын, экономикалық сектор, т.б. ішіндегі экономикалық құбылыстар мен процесстердің себеп - салдарлық байланысы табылады. Басқарушылық талдаудағы «басқарушылық талдау объектісі» және «басқарушылық талдау субектісі» ұғымдарын атап кетейік. Басқарушылық талдау объектісі болып шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижесі табылады. Мәселен, ӛнеркәсіп кәсіпорнындағы талдау объектілеріне келесілер жатады: - ӛндіріс және ӛнімді ӛткізу; - ӛнімнің ӛзіндік құны; - материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды қолдану; - ӛндірістің қаржылық нәтижесі; - кәсіпорынның қаржылық жағдайы. Аналитикалық тексеру, оның нәтижесі мен оларды қолдану келесідей принциптерге негізделеді: - экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясатқа және заңдылықтарға сәкес келу; - ғылыми сипат, яғни диалектикалық таным теориясының жағдайлары бойынша негізделу; - кешенділік, яғни субъект қызметінің барлық жақтары мен звеноларын қамту, субъект экономикасындағы себепті тәуелділіктерді жан-жақты зерттеу; - жүйелі кӛзқарас, яғни әрбір объект ӛзара ішкі және сыртқы байланыстары бар бірқатар элементтерден құралған жүйе ретінде қаралады; - әрекеттілік, яғни ӛндіріс пен оның элементтеріне ықпал ету, қате есептеулер мен кемшіліктерін дер кезінде тауып, кәсіпорын менеджерлеріне хабарлау; - талдау жүйелі түрде жүргізілуі қажет; - шапшандық, яғни талдауды жылдам және нақты ӛткізу, басқарушылық шешімдерді қабылдау және оларды жүзеге асыру - демократиялылық, яғни кең кӛлемдегі кәсіпорын жұмысшыларының қатысуы; - тиімділік, яғни оны ӛткізуге кеткен шығындар жоғары әсер беруі қажет.

Басқарушылық талдаудың жіктелуі оның мазмұны мен міндетін түсіну үшін мәні ӛте маңызды. Салалық ( қоғамдық еңбекті бӛлісуде негізделеді) - экономиканың бӛлек секторларының ӛзгешелігін ескереді. Салааралық - экономиканың барлық секторларында талдаудың теориялық және методологиялық негізі болып табылады.

Басқарушылық талдау әдісінің сипаттамалық ерекшеліктері болып келесілер табылады: - экономикалық құбылыстарды ӛлшеу үшін кӛрсеткіштер жүйесін қолдану; - талдау объектісінің ерекшеліктері тәуелділігінен бағалау ӛлшеуіштерін таңдау; - факторларды анықтау және ӛлшеу, математикалық, статистикалық және есептеу әдістерін қолдану арқылы олардың қорытынды кӛрсеткішке әсерінің ӛзара байланысы. Талдау әдісінің әдістемелік сипаты: - салыстыру әдісін қолдану; - талдау тек қана себеп - салдарлық байланысты орнатуды ғана емес, сонымен қатар оларға сандық сипат беруге бейім болып келеді, яғни қызмет нәтижесіне әсер ететін факторларды ӛлшеуді қамтамасыз етеді; - ішкі қарама-қарсылықтарды, әр құбылыстың жағымды және жағымсыз жақтарын зерттеу қажеттілігі; - жалпы әдістемелік зерттеу тәсілдерін қолдану: индукция мен дедукцияны; - талдау объектілерін зерттеудегі жүйелі және кешенді кӛзқарас; - экономикалық құбылыстарды құрамдас бӛліктерге бӛлшектеу. Ол зерттелетін объектідегі ең маңыздылары мен негізгілерін анықтау үшін қажет; - элементтердің жүйелілігі олардың ӛзара байланыстылығын, әрекеттестігін, ӛзара тәуелділігін және ӛзара бағынушылығын зерттеу негізінде жүргізіледі. Бұл зерттелетін объектінің үлгісін құруға, зерттелетін кӛрсеткіштің ішкі байланыстарын зерттеу үшін талдаудың логико - әдістемелік схемасын ашып кӛрсетуге мүмкіндік береді; - қорыту (синтез) - зерттелетін факторлардың ішінен типтіктерді кездейсоқтардан бӛлуге және негізгілері мен шешімділерін атап кӛрсетуге мүмкіндік береді. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелі кӛзқарасын атап кету қажет. Жҥйелі кӛзқарас - бұл талдау позициясынан экономиканы бір бүтін ретінде кешенді зерттеу. Ол объектіні тереңірек зерттеуге, ол туралы одан да толығырақ білуге, осы объектінің бӛлек бӛлімдері арасындағы себеп - салдарлық байланысты бӛліп кӛрсетуге мүмкіндік береді.

Жҥйелі кӛзқарастың негізгі ерекшеліктері болып табылады: - динамикалылық; - әрекеттестік; - жүйе элементтерінің ӛзара тәуелділігі мен ӛзара байланысы; - кешенділік; - тұтастылық; - бағыныштылық; - жетекші буынды бӛліп кӛрсету. Жҥйелі кӛзқарас айқын артықшылықтарға ие: шаруашылық міндеттерді ғылыми дәлелді шешу нұсқаларын ӛңдеуге , нұсқалардың тиімділігін анықтауға, нағыз мақсатқа сәйкес басқарушылық шешімдерді таңдауға, резервтерді іздеу схемасын, шаруашылықтану нәтижелерінің объективті бағасын, оперативтілік, әрекеттілік, талдау мен оның тұжырымдарының дәлдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жҥйелі кӛзқарасты қолдану келесідей кезеңдерден тҧрады: 1 - кезең: жүйенің функцияландыру мақсаттарын анықтау, басқа жүйелермен ӛзара байланысы; 2 - кезең: барлық элементтерге, ӛзара байланыстарға толық және сапалы баға беретін кӛрсеткіштерді таңдау; 3 - кезең: жүйенің негізгі компоненттерін, ӛзара байланысын және олардың арасындағы бағынушылықты орнату; 4 - кезең: жүйенің экономика - математикалық үлгісін құру; 5 - кезең: шаруашылық қызметтің нәтижесін объективті бағалау, ӛндірістің тиімділігін арттыру үшін резервтерді анықтау. Сонымен, шаруашылық қызметті талдаудағы жүйелі кӛзқарастың негізгі құндылығы оның кӛрсеткіштер мен факторлардың арасындағы ішкі байланыстары кӛрсетілген логико - әдістемелік схеманы құруға мүмкіндік беретіндігінде. Талдау әдісі аналитикалық зерттеулердің нақты әдістемелерінің ішінен байқалады. Әдістеме негізінде қандай да бір жұмыстың мақсатқа сай орындалған тәсілдер мен ережелердің жиынтығы түсіндіріледі. Басқарушылық талдаудағы әдістеме талдаудың мақсатына жету үшін бағынышты шаруашылық қызметіндегі экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттеуде аналитикалық ережелерінің жиынтығы ретінде кӛрсетіледі. Талдау әдістемесінің жалпы және жеке түрлері айқындалады. Жалпы әдістеме - экономикалық талдаудың түрлі объектілерін ұлттық экономиканың әр түрлі секторларында зерттеуде бірдей қолданылатын зерттеу жүйесі. Жеке әдістеме - экономиканың айқын секторларын, ӛндіріс түрлерін, зерттеу объектілерін, талдау түрлерін салыстыру негізінде жалпыны нақтыландырады. [kgl]

Наши рекомендации