БӨлінбеген пайда есебі

Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «бөлінбекен пайдасы (жабылмаған зияны)» болып табылады. Ұйымдарда «бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның)» есебі:

- «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)»;

- «Өткен жылдардағы бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)»

- деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Бөлінбеген пайда көбейгенде (келіп кірістелгенде) «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)»шотты кредиттелінеді. Ал керісінше бөлінбеген пайданың жұмсалуы немесе осы жылғы шекккен зиян «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотының дебитінде жазылады.

Мысылы:

- есеп беретін жылғы шаруашылық субьектісінің шеккен қорытынды зиянның сомасына:

Д – т: «Есепті жылдың бөліндеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты,

К – т: «Жинақтық кіріс(зиян)» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

- ұйым өзінің кіріс есебінен резервтік қор құрған уақытта оған тиісті сомаға:

Д – т: «Есепті жылдың бөліндеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты,

К – т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе «Басқадай резервтік капитал» шоттарының тиістісі, түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

- Акционерлік қоғамның (кәсіпорынның) акционерлерге (серіктестіктерге) дивиденд ретінде төлейтін немесе төлекен сомасына:

Д – т: «Есепті жылдың бөліндеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты,

К – т: «Артықшылығы бар акциялар бойнша есеп айырысу»,

«Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванс» және тағы да басқа щоттарының тиісті түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

- Акционерлерге (серіктестерге, қатысушыларға) девиденттерді төлегеннен қалған есеп беретін жылдың бөлінбеген кірісі сомасына:

Д – т: «Есепті жылдың бөліндеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты,

К – т: «Өткен жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Жалпы акционерлік қоғамның немесе қандайда бір кәсіпорынның құрылғаннан бастап жұмаслмаған (бөлінбеген) таза пайдасы оның капиталы болып саналады. Кез келген кәсіпорынның меншікті капиталының жалпы сомасы, яғни барлық активтерінің сомаларының қосындысынан алып тастағандағы қалған сомасы кәсіпорынның немесе акционерлік қоғамның жарғысынада белгіленген жарғылық қордан кем болған жағдайда ұйымның қызметінің рентабельділігінің төмен екендігін көрсетеді. Бұндай жағдайда кәсіпорынның жарғылық қорының мөлшері қайта қаралуға тиісті.

Есепті жылдың соңында барлық кәсіпорындардың бухгалтериясында жетінші «кірістер» және сегізінші «шығыстар» деп аталатын бөлім шоттары «жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шотпен жабылуы тиіс, яғни бұл шоттарда қалдық қалмайды. Жоғарыда аталған жетінші бөлім шоттары жабу барысында бухгалтерлік есепте жетінші «кірістер» деп аталатын бөлім шоттары дебиттелініп, «жиынтық кіріс(зиян) » деп аталатын шот кредиттелінеді. Ал сегізінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте «жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шот дебиттелініп, сегізінші «шығыстар» деп аталатын бөлім шоттары кредиттелінеді. Осы операциялардың қорытындысы бойынша «жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шоттың дебиті мен кредитіндегі сомалар салыстырылып, егер дебитіндегі сома артық болған жағдайда кәсіпорынның ағымдағы жылы өзінің істеген жұмысының қорытындысы бойынша пайда тапқандығы болып табылады.

Егер кәсіпорын зиян шексе жылдың аяғында

«Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» деп аталатын шот дебиттелініп,

«Жиынтық кіріс (зиян)» - деп аталатын шот кредиттеледі.

Ал егер кәсіпорын пайда тапқан болса:

«Жиынтық кіріс (зиян)» - деп аталатын шот дебиттелініп,

«Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» деп аталатын шот кредитінде.

Наши рекомендации