Дәріске арналған тест тапсырмасы. 1. Қазақ қауымының жердің шынайы иесі кімдер болды?

1. Қазақ қауымының жердің шынайы иесі кімдер болды?

1. қауым мүшелері

2. жерге иелік болмады

3. үстем тап өкілдері

4. дін басылары

5. сатып алғандар

2.Шайбани хан Қазақ хандығын әлсірету үшін не істеді?

1. Жоңғарлармен бірігіп қазақтарға соғыс ашты.

2. Ресейді жауластырды

3. Түркімендерді айдап салды

4. Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алды

5. Қытаймен астыртын келіссөздер жүргізді.

3. Басқақ деген терминді қалай түсінесіз?

1. қолөнер цехының иесі

2. орта деңгейдегі әскери адам

3. көшпелі аудандардан қалаларға апарып сататын, малды

айдайтындардың басқарушысы

4. алым-салық жинаушы

6. монета құюшы маман

4. Қазақ хандығына келіп біраз жемісті келіссөздер жүргізген алғашқы орыс елшісін атаңыз?

1. Веньямин Степанов

2. Третьяк Чебуков

3. Василий Кобяков

4. Андрей Неприпасов

5. Александр Тевкелев

5. Кедейлердің үстем тап өкілдеріне қарсы көрсеткен

қарсылығының ең көп тараған түрі?

1. көтеріліске шығу

2. ұрып-соғу

3. малын ұрлап алу

4. басқа жаққа көшіп кету

5. жұмысқа шықпай қою

6. Көшудің айнала көші түрі Қазақстанның қай табиғи аудандарында

кеңірек дамыды?

1. шөл, шөлейт

2. далалық бөктерлер

3. тау бөктерлері

4. орманды-далалы алқаптар

5. қала маңы

7.ХVІІ ғ. екінші жартысы мен ХVІІІ ғ. басында қазақ қоғамында дағдарыстық жағдайдың белең алуы неден?

1. жұт, эпизоотияның тез қайталануы

2. демографиялық өсімнің болмауы

3. сыртқы факторлардың әсері

4. халықтың тез өсуі

5. ішкі феодалдық тартыстар

8. Отырықшы-егіншілікті аудандарға көшпелілердің қажеттігі болды ма?

1. жоқ. Олар жиі-жиі шабулы жасап, зардап шектірді

2. бұлар кездейсоқ қатар орналасып қалғандар

3. көшпелілер тарихи дамудың ең соңғы сатысында болғандықтан, қажетті болмады

4. көшпелілер бір орнында тұрмады, қатынас өте сирек болды

5. көшпелілердің өнімі керек болды

9. Көшпелі шаруашылыққа ғылыми баға беріп, оны алғаш түрге, топқа бөлген ғалымдарды атаңыз.

1. Бартольд, Бернштам

2. Греков, Бромлей

3. Руденко, Кауфман

4. Златкин, Кляшторный

5. Покровский, Дахшлейгер

10. Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» бойынша өлім жазасы қандай жазамен алмастырылды?

1. құн төледі

2. Сібірге өмірік жер аударылды

3. терең зынданда ұстады

4. құлға айналды

5. дүние-мүлкі, бала-шағасы талан-таражға түсті

11. Алғашқы қазақ елшісі Құл-Мұхаммед Мәскеуге қандай тапсырмамен барды.

1. Ресей қол астына бодандыққа кіру

2. Сауданы дамыту, экономикалық байланысқа жол ашу

3. Жоңғарларға қарсы әскери одақ құру

4. Еуропалық елдерге шығу

5. Иранға қарсы соғыс ашу

Дәріс. Қазақ жерлерінің Ресей қамқорына өте бастауы

Мақсаты мен міндеттері:

-Ресейқамқорынакіруінің себептерін, кезендерін, нәтижелерін анықтау. Отарлау кезендерін жан жақты талқылау, Қазақстандағы патшалық билігінің жүргізген саясатының қиыншылықтары мен зардаптары.

Жоспар:

Қазақстанның жаңа кезеңге өтуі, XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандығының ішкі саяси әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Қазақ-жоңғар соғыстары.

Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы

Қазақстанның территориясын Ресей отарлауы (XVIIIғ.- XIXғ.б.)

Абылайханның ішкі және сыртқы саясаты.

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98

2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.

4. Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

5. Басин В.В. Россия и казахское ханство в ХVI-ХVIIвв. Алма-Ата, 1978.

6. Бартольд В. В. Очерки истории Семиречья. Соч. т. 11., ч.1. М.,1963.

7. Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98

Азақстанның жаңа кезеңге өтуі, XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандығының ішкі саяси әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Қазақ мемлекеттігінің нығаюына қарамастан, ХҮІІ ғасырдың аяғында ХҮІІІ ғасырдың басында жағдай күрт өзгерді. Жоңғарлармен соғыс сұрапыл сипат алды. Ойраттар өте үлкен қауіп туғызды. Олардың батыл сарбаздары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, қорғаушыларды өлтіріп, тұтқынға алып, малдарын айдап кетіп отырды.

Қазақтар да батыл қарсылық көрсетіп бақты, дегенмен қазақтар арасында бірліктің жоқтығы, жоңғарларды жеңіске жеткізді.

ХҮІІІ ғасырдың басындағы қазақтардың жағдайын Ш.Уәлиханов былай суреттейді: “ХҮІІІ ғасырдың бірінші он жылдығында қазақтар үшін қайғылы болды. Жоңғарлар, еділ қалмақтары, жайық қазақтары және башқұрттар жан жақтан олардың ұлыстарын жаншып, тұтқынға тобымен әкетіп жатты”. “Барлық қырғыз қайсақ ордалары – деп жазды, орыс чиновнигі И.Кириллов - бірігіп кетсе, қалмықтарды жеңуші еді. Ал оларда бір хан соғысса, басқасы қалмақты қолдайды”. 1710-1711 жоңғар шапқыншылығына тойтарыс берілсе, тартып алған жерлерін қайтарса, ал 1717 ж қазақтың 30 мың әскері, Қаип және Әбілқайыр хан бастаған, жеңіліске ұшырады, Аягөз өзені бойында. 1718 жылдың көктемінде жоңғар әскерлері қазақтарды Түркістан маңында соққыға жықты.

Жоңғарлар бұл кезде өте күшті болды, сондықтан олар Ресеймен Қытаймен әскери қақтығысқа кірісті. 1715 жылы Петр І патшаның бұйрығымен 3 мың орыс әскері Тобылдан 60 салмен Ертістің бойымен Жаркент қаласына жорыққа аттанды. Олардың мақсаты алтын кендерін жаулап алу еді. Патша елшілері жоңғар билеушілерін тосқауылдап, бұл экспедицияны қорғай шараларын қабылдады.

Олардың ресейдің кейбір шекараларының жоңғар хандығына жататынына дау туғызып, хұнтайшыға қысым көрсетті, сөйтіп оны Ресейге бас ұруға мәжбүр қылғысы келді. Бірақ, бұл шаралар оң нәтиже бермеді.

Ресейдің әскери экспедициясы, 1500 жылы атты әскермен нығайттырып, 1716 ж жоңғардың 10 мың әскерінің соққысына ұшырады. 700 адам ғана қайтып, қалғандары соғыс даласында қалды. Осы аман қалған әскер шығыс Қазақстанға келіп Омск қамалының негізін салды. 1723 жылы жоңғарлар Маньчжур династиясы Қытайды басқарған Циньмен мәмілеге келіп, өзінің шығыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Қазақстан аумағына бет бұрды. Ол жыл “Ұлы жұт”-тың басы болды. Қазақ аңыздарында ол “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деп аталған. Қазақтар төтеннен кейін жауға қарсылық көрсете алмай, малын, мүлкін тастап, қашуға мәжбүр болды. Жоңғар әскерінің қолынан көптеген халық қаза болды. Көпшілігі Талас, Борындай, Арыс өзендері арқылы өтіп бара жатып қаза болды. Қазақ рулары Сырдарияға қарай қашты, соның ар жағында өздерін қауіпсіз санады.

Жоңғар әскерлерінің қару-жарағы, жасақтарының күштілігі, санының көптігі қазақ әскерлерінен асып түсті. Сөйтіп, оларды жеңіске жеткізді және жоңғар қолбасшылары шабуыл жасаудың қолайлы кезеңін, яғни қазақ ауылдары қыстаққа көшкен мезгілін пайдаланды. Ол кезеңде ауылдар бір бірінен алшақ орналасқандықтан, байланыс нашар еді. Шабуыл ең алдымен соғысқа әзір қазақ жасақтарына бағытталды, сөйтіп, созылмалы соғысқа жол бермей, бірден талқандап отырды. Жоңғарларға бағынбағандарды олар бірден жойып отырды.

Орта және Ұлы Жүз қазақтары «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аштықпен, әлсіздіктен жерге құлап Алқакөл көлінің бойында қалғандықтарын білдірген. 1723 ж жоңғарлар қазақ жүздер 10 қала орталықтары мен базарлардан кесіп тастады. Оның ішінде Ташкент, Түркістан, Сайрам бар.

Батысқа қашқандардың жаңа толқыны леп берді. Қазақтар Ембі өзеніне қарай қоныс аударды. Одан кейін қазақтар Жайыққа жақындады. Қазақтардың батысқа қарай жаппай қоныс аударуы Еділ мен Жайық арасын жайлаған қалмақ тайшыларын алаңдатты. Жайыққа келген қазақтардың көптігі сонша болғандықтан, қалмық хандығының тағдырына қауіп төнді. Бұл туралы қалмақ хандығының орыс үкіметіне көмек сұрағандығы куә болады.

Орыстардың әскерінің көмегімен қалмақтар өздерінің Еділ мен Жайық арасындағы көші қондарын сақтап қалды. ХҮІІІ ғасырдың ортасында Жайық қазақ пен қалмақтардың шекарасы болды.

Жоңғар басқыншылығы кезінде “Ұлы Жұт” кезеңінде қазақтардың Бұхара мен Хиуамен қатынасы шиеленісті. Самарқанд, Бұхара, Хиуа, Ферғананы, Орта Азияның басқа да аймақтарын басып кеткен босқындар тұрғылықты халықты да аштыққа ұшыратты. Қазақтардың жағдайын сонымен бірге, жоңғарлардың тысқыруымен батысқа қозғалысы олардың түркмендермен қақтығысына әкелді, қарақалпақтармен қарым-қатынасының бұзылуы шиеленістірді.

Жоңғар шапқыншылығының кесірі, мал шығы шаруашылық дағдарысына әкелді, сөйтіп қазақ жүздерінің билеушілерінің арасында кикілжің туғызды. Бұл қиын жағдайдай шығудың бірден бір жолы – жауға ұйымдасқан түрде тойтарыс беру еді, сөйтіп, қазақ жүздеріндегі экономикалық саяси ыдырауды тоқтату.

Бірақ қазақтын ақсүйектері - хандар мен сұлтандар, жоңғарларға қарсы азаттық күрестің бірінші кезеңінде ұйымдасқан тойтарыс беруге дайын емес еді. Тәуелсіздік үшін күресті “Қарапайым адалдардың ақсүйектері”, яғни батырлар бастады. Сөйтіп халық жасақшыларының бірігуіне жол салынды.

Деректерге сүйенсек, қазақтар жоңғарларға қарсы күресті 1724 ж бастамақшы болған. Бірақ, ұйымдасқан шабуылды, қазақтың үш жүзі бірігіп 1726 ж бастады. Торғайдың Оңтүстік шығысында Бұлақты және Белеуті өзендері жағалауында “Қара сиыр” деген жерде – кейіннен ол “қалмақ қырылған” деп аталған. Осы жер жоңғарлардың қырылған жері, осы жерде қазақ пен жоңғар арасында қантөгіс шайқас болды. Аңыздарда “Бұлантыдан жоңғар әскерлері толық талқандалып, кейін қашты. Ең керемет қақтығыс осы “қара сиырда” болды. Бұл жоңғар шапқыншылықтарына қарсы күрестегі қазақтардың ең ірі жеңісі еді. Ол халықтың көңіл күйін көтеріп, әрі қарайғы күреске бастады. Бірақ, ең басты міндет қазақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат ету еді. Орта жүздің ханы Семеке 1728 жылы қарашады Еділ қалмықтарының елшілігіне бейбітшілік келісім жүргізуге жіберіледі. Қазақ билеушілері өздерінің тылдарын қауіпсіздендіріп, ең басты соққыны жоңғарларға бағыттау еді. Шығыс шекарадағы жағдай күрделене түсті, сондықтан үш жүздің бірігуін талап етті. Халық жиынында әскери қолбасшы болып, кіші жүздің ханы Әбілқайыр сайланады.

Бұл оқиғаның тура уақыты белгісіз, жобамен 1728 жылдан кейін. Үш жүздің күшін біріктірген, басқарған Әбілқайыр ханның ролі өте зор болды. Ол қазақ қоғамының шамалы көш бастаушыларының бірі болды. Ол халықтың қайғы қасіретке толы кезеңінде, күш қайратын сақтай білді. Өжет, сабырлы, әскери және елшілік қасиеттері бар Әбілқайыр, өзінің бет әлпетімен де халық сеніміне ие болды. Сұңғақ бойлы, сымбатты, әдемі, батыл – оның дене күші де зор болды. Дене жаттығуларын шебер меңгерген. Батырлардың ешқайсысы оны арқан тарту немесе садақ атудан одан аса алмаған. Бөгенбай, Қабанбай, Тайлақ, Наурызбай, Малайсары батырларды Әбілқайыр өз маңайына тартты. Олардың ерлігі, ел үшін жаңқиярлығы осы шайқаста жеңіске әкелді. Әсіресе, Бөгенбай батырдың ерлігі үлгі боларлық Бөгенбай батыр – қазақ әскерінің тубегі. Замандастарының айтуынша ол барлық жауынгерлерді “бір бірін қорғау үшін қасық қаны қалғанша бар күшті салуға шақырған. Әбілхаир ханды бас қолбасшы етіп сайлау Ордабасы тауының етегінде өткен. Ордабасы – Шымкенттен батысқа қарай. Сол жерде барлық қазақ қолы жиналған. Әбілқайыр сарбаздары жүріп өткен жерлер белгісін қазір де көруге болады. Мысалы: “Үлкен Орда қонған, Кіші Орда қонған” үңгірлері, Боролдай өзені далабында Әбілқайыр атауы. Қазақ халық аңыздарында Аңырақай шайқасы, ол Балқаш көлінен 120 шақырым жерде Аңырақай деп аталатын жерде (жоңғарлардың зарлаған жері) өткен шайқас туралы сақталған.

Аңырақай шайқасындағы жеңіс – қазақтың үш жүзінің бірігуінің нәтижесі, бұл 1729 немесе 1730 жылдың көктемі еді. Жоңғарлар жеңілістен кейін шығысқа өз иеліктеріне – Жоңғар хандығына кетті. Бірақ, олар әлі де қауіп туғызды.

Аңырақай шайқасынан кейін қазақ иеліктері арасында ыдырау басталды. Себебі белгісіз. Осы шайқастан кейін Әбілқайыр батысқа, Ресей шекарасына қарай шегінді, ал Әбілмәмбет – орта жүздің ханы, қазақ хандарының ордасы – Түркістан қаласына қоныс аударды. Ыдыраудың себебі – жоғарғы билікке хандар мен сұлтандар арасындағы тартыс деген жорамал бар. Ханның орнына үміткер Орта жүзден Семеке, Кіші жүзден Әбілқайыр еді, ал хан қылып Әбілмәмбетті сайлаған соң, Семеке мен Әбілқайыр өкпелеп, өз иеліктеріне кетіп қалды. Бұл оқиға қазақтардың жоңғарға қарсы әскери күшіне кері әсерін тигізді. Бұл жылдар қазақ тарихына “Ақтабан шұбырынды” жылдары болып кірді және қазақ қоғамында терең із қалдырды.

Жетісудағы бай жайылымдардан айрылып, қазақтар көп құндылықтар мен адамдарын жоғалтты. Ғасырлар бойғы Қазақстан аумағындағы көш бағыттары бұзылды. Жоңғарлар ығыстырған қазақ рулары батыс және солтүстік батыс Қазақстан шекарасында; Жайық пен Еділ аралығында қоныс аударуды қиындатып, Орал казактары мен қалмақтармен қақтығысқа әкелді. Олардың сыртында Ұлы Ресей империясы тұр еді.

Жоңғар шапқыншылығы жүздер арасындағы шаруашылық саяси байланыстарды әлсіретті. Сөйтіп, Қазақстанды одан сайын ыдырауға әкелді.

Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына терең із қалдырды. Елдің тарап таражға түсуі кедейлерді көбейтті. Олардың көбі Қазақстанның батысы мен солтүстігіне қашты. Қазақтардың ресеймен, қалмақтармен, орал казак әскерімен қарым қатынасы шиеленісті. Батыс шекарада бейбітшілікке қол жеткізу – қазақ хандарының басты сыртқы саяси міндеті болды. Ол өте қажет еді – ең басты жау – Жоңғар хандығын тойтару үшін. ХҮІІІ ғасырдың келесі оқиғаларының себеп салдары осындай. Нәтижесінде әуелі Кіші жүз, кейін басқа жүздер де тәуелсіздігін жоғалтып, Қазақстан Ресей империясының отарына айнауына әкелді. Тек жоңғар шапқыншылығы емес, қазақ жүздерінің қорғанысын, оның Ресей көңіліне бағытталуы да әсер етті. Әскери іс дамуының жаңа кезеңі туды, Еуропаның өндірістік өркениетінің әсері келе бастады. ХҮ-ХҮІІІ ғас. Артиллерия пайда болып, ол атты әскерді – көшпелі елдің негізгі күшін ығыстырды. Оның ішінде қазақтар – садақ, найза ғана пайдаланатын.

Наши рекомендации